17-4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;
17-5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
17-6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
17-7) жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;»;
5) 25-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6) және 18-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-2) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс объектілері бойынша міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
18-3) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
18-4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;
18-5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
18-6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
18-7) жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;»;
1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қазіргі бар ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, оның ішінде тұрғын үйлерде мансардалық және типтік қабаттар салу процесін реттеу қағидаларын бекіту;».
6) 27-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелері болып табылады және:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың құзыреті осы Заңның 24, 25 және 26-баптарына сәйкес белгіленеді.»;
7) 31-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құрылыс объектілеріне бару, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) объектілердің құрылысына инспекциялау жүргізу арқылы орындалатын бақылау функциялары шегінде жергілікті атқарушы органдар;»;
8) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды лицензиялауды облыстардың, республикалық маңызы қалалардың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.»;
9) 33-баптың 2 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:
1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінен;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органынан тұрады.»;
«7. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары және лауазымдық міндеттеріне бақылауды жүзеге асыру кіретін штат қызметкерлері тиісінше Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ведомстволық бағынысты аумақтардағы объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарының басшылары, олардың орынбасарлары және лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін штат қызметкерлері тиісінше облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану құқығы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы мен оның орынбасарларына, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторларына беріледі.»;
10) 35-баптың 1-тармағында:
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары;»;
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ведомстволық бағынысты аумақтағы объектілердің құрылысына бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторлары;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмыс істеген уақытында сол комиссиялардың құрамына кірген жергілікті атқарушы органдардың штат қызметкерлері;»;
11) 38-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.»;
12) 64-баптың 11-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді;»;
13) 68-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Көзделіп отырған құрылыс ауданында инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiнде қызмет көрсетушiлер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сұрауы бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен объектiнiң құрылысы және кейiннен пайдалануға берiлгенде оның тұрақты жұмыс iстеуi үшiн талап етiлетiн, сұратылып отырған (есептемелік) параметрлерінде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға техникалық шарттарды ұсынады.»;
14) 74-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау тәртібін, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.»;
15) 78-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттiк қабылдау комиссиясының салынған объектiнi пайдалануға қабылдау фактiсi сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгiлеген бiрыңғай нысандағы актiмен ресiмделедi.».
55. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат):
1) 3-бапта:
6-тармақ және 7-тармақтың бірінші бөлігі алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, елді мекендердің көшелері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік есепке алынуға жатады. Есепке алу деректері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша жарияланатын Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының карталары мен атластарын жасау үшін пайдаланылады.»;
2) 4-баптың 2 және 3-тармақтары алып тасталсын;
3) 4-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен үлгі шарттың негізінде ресімделеді.»;
4) 5-бапта:
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және мөлшерлеме бойынша алынады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы алудан түскен ақша, концессия шарты негізінде алынатын ақшаны қоспағанда, Ұлттық оператордың жеке шотында есепке алынады және мынадай кезектілікпен:
1) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) жөндеуге және күтіп-ұстауға, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауға;
2) автомобиль жолдарында (жол учаскелерінде) ақылы қозғалысты ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталады.»;
5) 5-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімді автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қабылдайды.»;
6) 5-3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтата тұру туралы шешімді автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап қабылдайды.».
7) 6-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
8) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жол қызметi объектiлерi мен жол сервисi объектiлерiн қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының бойындағы белдеуде ғимараттар мен құрылыстар салуға тыйым салынады. Жол сервисі объектілерін салу Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартына сәйкес жүзеге асырылады.»;
9) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін ақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес алынады.»;
10) 11-баптың 3), 5), 5-1), 6-1), 8), 8-1) және 8-3) тармақшалары алып тасталсын;
11) 12-баптың 2-тармағында:
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
27) тармақшадағы «үйлестіру жатады.» деген сөздер «үйлестіру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37) және 38) тармақшалармен толықтырылсын:
«28) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
29) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;
30) автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
31) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін әзірлеу және бекіту;
32) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарымен жүріп өту үшін алымдарды төлеу тәртібі мен олардың мөлшерлемелерін әзірлеу және бекіту;
33) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртiбi мен шарттарын әзірлеу және бекiту;
34) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
35) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;
36) сапаға сараптама жүргізу жөніндегі заңды тұлғалардың автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
37) Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды іске асыру мен қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
38) астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту жатады.»;
12) 13-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6) және 6-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін пайдалану тәртібі мен шарттарын бекіту;
6-2) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту;
6-3) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін), астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;
6-4) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту;
6-5) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерімен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту;
6-6) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту;
6-7) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерінің атауларын бекіту жатады.»;
13) 21 және 22-баптар алып тасталсын;
14) 30-бап мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi көлiк құралдарына (шетелдіктерді қоса алғанда) жүріп өту үшін арнайы рұқсат беруді келісу;
9-2) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың және басқа да инженерлік тораптар мен коммуникациялардың кесіп өтуіне рұқсат беру;».
56. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
2) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Учаскелік комиссиялар жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің, халықтың, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құралуы мүмкін.».
3) 7-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу осы Заңға сәйкес орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.».
57. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршыcы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат):
1) 1-баптың 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«облысаралық қатынастарда - уәкілетті орган;»;
2) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау уәкілетті орган белгілеген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.»;
3) 6-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жаңа магистральдық жолдар салу уәкілетті органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.»;
4) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Теміржол қатынасын тоқтату
Мемлекеттік меншік болып табылатын теміржолдар арқылы теміржол қатынасын тоқтатуды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
5) 9-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жылжымалы құрам мен жылжымалы құрамның кепілі уәкілетті орган белгілеген тәртiппен мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жатады.»;
6) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган жолаушылардың халықаралық және облысаралық қатынастарда жол жүруі бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы. Жергiлiктi өкiлдi органдар жолаушылардың ауданаралық (облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда жол жүруі бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы.»;
7) 14-бапта:
1-тармақтың 3), 4), 5), 6) 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15-1), 17), 18), 19) 20), 21), 22), 22-1), 22-2), 22-3) және 22-4) тармақшалары алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 34-3), 34-4), 34-5), 34-6), 34-7), 34-8), 34-9), 34-10), 34-11), 34-12), 34-13), 34-14), 34-15), 34-16), 34-17), 34-18), 34-19), 34-20), 34-21), 34-22), 34-23), 34-24) және 34-25) тармақшалармен толықтырылсын:
«34-3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша темiржол көлiгiндегі мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiн нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;
34-4) темiржол көлiгiмен жүктердi тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетті қамтамасыз ету тәртiбiн айқындау;
34-5) әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау;
34-6) арнаулы тасымалдауларды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
34-7) магистральдық темiржол желiсiне кiретiн магистральдық жолдардың тiзбесiн бекiту;
34-8) жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру қағидаларын бекіту;
34-9) жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
34-10) магистральдық темiржол желiсiн пайдалану қағидаларын бекiту;
34-11) темiржол көлiгiндегi қауiпсiздiк қағидаларын бекiту;
34-12) теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту;
34-13) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
34-14) магистральдық, станциялық және кiрме жолдарда жол жүрісі қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру қағидаларын бекiту;
34-15) жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту;
34-16) жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру кезінде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу және технологиялық өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
34-17) темiржол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлерді орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидаларын бекiту;
34-18) шығындары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту;
34-19) тасымалдаушының әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты шығындарын субсидиялау қағидаларын бекiту;
34-20) теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
34-21) теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесін бекіту;
34-22) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту;
34-23) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту;
34-24) темiржол көлiгiндегi техникалық реттеу объектiлерiнің және оның тiршілiк циклiнiң процестерiнің техникалық регламенттерін бекiту;
34-25) тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Ұлттық теміржол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;»;
8) 33-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уәкілетті орган бекiтетiн тiзбеге сәйкес, өздерiнiң қарауындағы темiржол көлiгi объектiлерiнің әскерилендірілген күзетiлуiн;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Темiржол көлiгiмен тасымалдау кезiнде тасымалдаушы не жүк жөнелтушi жүктердiң тасымалдарын ұйымдастыру туралы шарт бойынша әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң күзетiн уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен қамтамасыз етуге мiндеттi.»;
9) 64-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды уәкілетті орган айқындайды.».
58. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 1-баптың 48) және 60) тармақшаларындағы «ережелері», «көліктегі Қазақстан Республикасының Үкіметі» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған» деген сөздер тиісінше «қағидалары», «уәкілетті орган» және «уәкілетті орган таныған» деген сөздермен ауыстырылсын;