7) 10-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) отандық ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне элиталық тұқым құнын уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен арзандату;»;
8) 11-1-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру уәкілетті орган белгілеген тәртіппен:»;
9) 12-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды уәкілетті орган айқындаған құзырет шегінде агент шарт негізінде жүзеге асырады.»;
10) 12-3-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру мақсатында астық экспорттаушылар мемлекеттік астық ресурстарына уәкілетті орган айқындаған экспортталатын көлемге пайыздық қатынаспен есептелетін мөлшерде астық жеткізуді жүзеге асыруға міндетті.
2. Егер мемлекеттік астық ресурстарын осы Заңның 11-1-бабы 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген тәсілдермен толық көлемде қалыптастыру мүмкін болмайтын жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттік астық ресурстарын астық экспорттаушылардан астық сатып алу жолымен қалыптастыру туралы шешім қабылдайды.»;
11) 16-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісін жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі белгілейді.»;
12) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Астық қабылдау кәсiпорындары уәкiлеттi органның және жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің жазбаша сауалы бойынша өздерiнiң негiзгi қызметiне байланысты ақпаратты беруге мiндеттi.»;
13) 25-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылғаны байқалған, астық қабылдау кәсiпорындарының лауазымды адамдарының сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiне қатер төндiруi мүмкiн құқыққа сыйымсыз әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі астық қабылдау кәсiпорнына мынадай жауапкершiлiк түрлерiнiң бiрiн қолдануға:»;
14) 28-баптың 2-тармағының бірінші абзацы «2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай фактілердің бірі анықталған кезде сот шешімімен енгізіледі:» деп жазылып, 2) тармақша мынадай мынадай редакцияда жазылсын:
«2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етілген астық мөлшерінің астық қабылдау кәсіпорнында сақтаулы астықтың нақты мөлшерінен асып кету.»;
15) 29-бап алып тасталсын;
16) 30-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылданғанға дейін жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі астық қабылдау кәсіпорнына, астық қабылдау кәсіпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) және сол астық қабылдау кәсіпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың барлығына үш күн мерзімде уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына кандидатуралар ұсыну туралы ұсыныс жібереді.
Кандидатуралар ұсынылмаған не ұсынудан бас тартылған жағдайда, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі уақытша басқару жөніндегі комиссияны өз бетінше құруға құқылы.»;
17) 32-бап алып тасталсын;
18) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды тоқтату
1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай негiздер:
1) сот шешiмiмен белгiленген уақытша басқару мерзiмiнiң өтуi;
2) соттың уақытша басқаруды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы бойынша тоқтатылады.
2. Уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау негіздерінің бірі мыналар:
1) астық қабылдау кәсіпорнының берілген астық қолхаттары бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілеттілігін қалпына келтіруі;
2) уақытша басқару кезеңінде басқа астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптарын тиісінше орындауға әсер ететін мән-жайлар болмаған кезде астық қолхаттарын ұстаушылардың барлық мәлімделген талаптарын толық көлемде қанағаттандыру болып табылады.
3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды оның енгiзiлуiне әкеп соққан себептердiң жойылуына байланысты аяқтау (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын тоқтату) сот шешімінің негізінде қабылданған осы астық қабылдау кәсiпорнына қатысты барлық шектеулердiң күшi жойылуына әкеп соғады.
4. Егер астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігін қалпына келтіруге алып келмеген жағдайда, уақытша әкімшілік:
1) облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына астық қабылдау кәсіпорнын астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыру туралы ұсыныс енгізеді;
2) уақытша басқару мерзімі аяқталғанға дейін астық қабылдау кәсіпорнын мәжбүрлі тарату туралы сотқа талап арыз береді.
Астық қабылдау кәсіпорнын мәжбүрлі тарату туралы талап арызды қарау кезеңінде уақытша басқару тоқтатылған жағдайда талапкердің барлық құқықтары мен міндеттері уақытша әкімшілік функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға өтеді.»;
19) 33-2-баптың 2-тармағында:
1) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары алып тасталсын;
7) тармақшадағы «енгізуді;» деген сөз «енгізуді жүзеге асырады.» деген сөздермен ауыстырылып 3), 4), 5) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
20) 34-баптың 1-бабының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кредиторлық берешегi болмаған жағдайда құрылтайшыларының (акционерлерiнiң) шешiмi бойынша өз еркiмен таратылуы мүмкiн. Бұл ретте жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне хабарлама жiберiледi;»;
21) 37-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иеленген не оны сот (аралық сот) шешiмiн орындау тәртiбiмен алған тұлға бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхатынан туындайтын мiндеттемелер бойынша астықты қабылдап-өткiзу жөнiндегi комиссия жасаған астық қалдықтарын түгендеу актiсiмен белгiленген мөлшерде жауапты болады.»;
22) 39-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Астық қолхаты жазылатын бланкiлерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, сақтау және жою тәртiбiн, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгiсiне қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.».
51. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша есептеледі және төленеді.»;
2) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын салу қағидаларын, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту;»;
3) 27-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 1-11), 1-12), 1-13), 1-14), 7-1), 32), 33) және 34) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-11) атқарушы билiктің мемлекеттiк саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделері және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз етеді;
1-12) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзiрлейдi және мақұлдайды, облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады және оның орындалуын қамтамасыз етедi;
1-13) жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді және тиісті аумақтағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
1-14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда тиісті аумақтың шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;»;
«7-1) елді мекендер үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;»;
«32) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келіседі;
33) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілеті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын салу қағидаларын, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;
34) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекітеді.»;
4) 29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асырады;
1-2) атқарушылық биліктің мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз етеді;»;
5) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;»;
6) 33-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, азаматтық қорғау, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;»
7) 35-баптың 1-тармағында:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) әділет органдары жоқ жергілікті жерлердегі кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;».
52. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар):
1) 5-1-баптың 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшалары алып тасталсын;
2) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 9-5), 9-6), 9-7), 9-8), 9-9), 9-10) және 9-11) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-6) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-7) жастар саясатын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-8) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-9) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бекітуге;
9-10) микроқаржылық ұйымдарға және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру тәртібін бекітуге;
9-11) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібін бекітуге;»;
3) 10-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кепілді жарнаны Қазақстан Республикасының банктеріне енгізу тәртібін, шарттарын және олардың мөлшерін орталық атқарушы орган айқындайды.»;
4) 19-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «уәкілетті» деген сөз «орталық атқарушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 20-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.».
53. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 10-баптың 4), 5), 8), 9) және 10) тармақшалары алып тасталсын;
2) 11-бапта:
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2), 20-3) және 20-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-1) туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекітеді;
20-2) туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
20-3) туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
20-4) туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекітеді;»;
3) 12-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкілетті органға туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген тұлғалар туралы ақпаратты тоқсан сайын ұсынады;»;
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
13-2) гидті (аудармашы гидті) кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;
13-3) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
13-4) мыналардың:
туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың;
туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді;»;
4) 15-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «уәкілетті органға» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына» деген сөздермен ауыстырылсын.
54. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат):
1) 18-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;»;
2) 19-баптың 6), 6-1), 7), 9), 9-1), 10), 15-1), 16), 16-1), 17), 18), 18-1), 19), 20) және 22) тармақшалары алып тасталсын;
3) 20-бапта:
9) тармақша алып тасталсын;
11) және 11-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) жобалардың мемлекеттік сараптамасына басшылық ету;
11-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
12) тармақша алып тасталсын;
12-1) және 12-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындау бөлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
12-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялардың тізілімін жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы 12-3) және 12-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-3) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар беру және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
12-4) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге бару;»;
14-1), 18-1) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«18-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшылардың тізілімін жүргізу;»;
«22) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 23-1), 23-2), 23-3), 23-4), 23-5), 23-6), 23-7), 23-8), 23-9), 23-10), 23-11), 23-12), 23-13), 23-14), 23-15), 23-16) және 23-17) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-1) авторлық қадағалауды ұйымдастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту;
23-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтерді көрсетудің қағидаларын бекіту;
23-3) сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізудің қағидаларын бекіту;
23-4) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету бойынша ұйымдарды тартудың қағидаларын бекіту;
23-5) ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту;
23-6) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындаудың қағидаларын бекіту;
23-7) техникалық регламенттерді бекіту;
23-8) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту;
23-9) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын бекіту;
23-10) жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеудің және берудің, сондай-ақ жаңа объектілер салуға және қазіргі бар объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерден өтудің қағидаларын бекіту;
23-11) құрылыс-монтаждау жұмыстары құрамындағы жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) түрлерінің тізбесін бекіту;
23-12) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасау және іс-қимылдарын үйлестіру;
23-13) мемлекеттік және өңіраралық маңызы бар аумақтарды қала құрылысына игеру кезінде аумақтарды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу;
23-14) құрылыс салудың үлгілік қағидаларын бекіту;
23-15) жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту;
23-16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, бекіту, қолданысқа енгізу және олардың күшін жою;
23-17) тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту;»;
4) 24-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17-2), 17-3), 17-4), 17-5), 17-6) және 17-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс объектілері бойынша міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
17-3) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;