2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 25-2) тармақшамен толықтырылды
25-2) кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесін айқындау;
26) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
20-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган:
1) жер қойнауын геологиялық зерттеу мен кешенді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) осы Заңның 35-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге рұқсаттар береді және оларды қайтып алады;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын бередi, жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге келiсiмшарттар (шарттар) жасасады, олардың мемлекеттік тіркелуін, сақталуын және орындалу мониторингін жүзеге асырады;
4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді, пайдалы қазбалар қорларын бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді;
7) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын, кен орындарының және пайдалы қазбалардың көрініс-белгілерінің, қауіпті геологиялық процестердің мемлекеттік кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргізеді;
8) тарихи шығындар көлемін, геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын айқындайды;
9) геологиялық ақпараттың республикалық және аумақтық қорларын ұйымдастырады және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпаратты өтініш берушіге пайдалануға береді;
10) 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) өз құзыретi шегiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар талаптарын орындауына, оның ішінде жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттар (шарттар) талаптарын орындауына мониторингтi және бақылауды жүзеге асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар әзірлеуді жүзеге асырады;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) құзыреттi органға конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;
14) минералдық шикізатты бастапқы өңдеуді (байытуды) қоса алғанда, жер қойнауының ұтымды және кешенді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
15) геологиялық және тау-кендік бөлулерді береді;
16) техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын ұйымдастырады және жүргізеді;
17) келісімшарттардың жобалары мен жұмыс бағдарламаларын келіседі;
18) суды пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жерасты суларын пайдалануды есепке алу деректерінің негізінде жерасты суларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады;
19) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізеді;
20) - 25) 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26) осы Заңда көзделген жағдайларда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау түрінде жағуға рұқсаттарды келіседі;
27) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссияның ұсынымдары негізінде жобалау құжаттарын бекітеді;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 28) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
28) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелері тізбелерінің жобаларын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
29) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
30) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және оған мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізумен байланысты объектілердің жоба-сметалық құжаттамасына экономикалық сараптама жүргізу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою тәртібін бекітеді;
31) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және оған мониторинг жүргізу саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және бағалау нормаларын бекітеді;
32) 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 32-1 - 32-9) тармақшалармен толықтырылды
32-1) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге геологиялық ақпаратты әкету қағидаларын бекітеді;
32-2) тарихи шығындар мен геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртібін бекітеді;
32-3) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу тәртібін бекітеді;
32-4) техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін бекітеді;
32-5) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру тәртібін бекітеді;
32-6) пайдалы қазбалар кен орындары мен көрініс-белгілерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін бекітеді;
32-7) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік балансқа қосу және оларды мемлекеттік баланстың есебінен шығару тәртібін әзірлейді және бекітеді;
32-8) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансы бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға беру тәртібін бекітеді;
32-9) жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залал мөлшерін айқындау тәртібін бекітеді;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 32-10), 32-11) және 32-12) тармақшалармен толықтырылды
32-10) Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялық-геологиялық және геохимиялық тұрғыдан зерттелуін есепке алу тәртібін бекітеді;
32-11) келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару қағидаларын бекітеді;
32-12) Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ережені бекітеді;
33) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21-бап. Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссия және кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар
1. Орталық комиссияның негізгі міндеті пайдалы қазбалардың кен орындарын және жерасты суларын барлау мен игерудің анағұрлым тиімді әдістерін қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
Орталық комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша оның ұсынымдары хаттамамен ресімделіп, меншік нысанына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында пайдалы қазбаларды барлау мен игеруді жобалаумен және жүзеге асырумен айналысатын шетелдік субъектілер үшін орындалуы міндетті болып табылатын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның шешімімен қабылданады.
Орталық комиссия мен өңіраралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, олардың құрамы, материалдарды және құжаттарды жинау мен сақтау тәртібі құзыретті орган бекітетін орталық комиссия және өңіраралық комиссиялар туралы ережеде айқындалады.
Құзыретті орган орталық комиссияның құрамына қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми зерттеу институттарының, ұйымдардың, өзге де тұлғалардың өкілдерін (сарапшыларын) тартуға құқылы.
2. Орталық комиссияның өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарау мерзімдері бес айдан аспауға тиіс.
3. Орталық комиссияның құзыретіне жобалау кезінде пайдалы қазбалар мен жерасты суларын барлау мен игерудің анағұрлым тиімді әдістерін қолдануды қамтамасыз ету жатады.
4. Орталық комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөнінде жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жобалау құжаттарын, оларға толықтырулар мен өзгерістерді бекіту не бекітуден бас тарту жөніндегі ұсынымдарды қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға енгізеді;
2) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға кен орындарын сынамалы пайдалануды жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы ұсынымдар жібереді;
3) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жобалаушы ұйымдар мен жер қойнауын пайдаланушылар үшін минералдық шикізатты ұтымды әрі кешенді пайдалануды арттыру бойынша ұсынымдар жібереді;
4) жобалау құжаттарында пайдалы қазбаларды барлау мен игерудің анағұрлым тиімді әдістері мен технологияларын қолдануды қамтамасыз етеді;
5) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарының және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, минералдық шикізатты дұрыс есепке алу, ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері жөніндегі әзірлемелерін қарайды.
5. Орталық комиссияның:
1) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарынан және жер қойнауын пайдаланушылардан жер қойнауын пайдалану, минералдық шикізатты ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері бойынша анықтамалық және басқа да материалдарды сұратуға;
2) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жер қойнауын пайдаланушылардың өз құзыреті шегінде ұсынылатын жобалау құжаттарына ғылыми-зерттеу ұйымдарында және мемлекеттік органдарда қосымша сараптамалар жүргізу қажеттігі туралы ұсынымдар жіберуге;
3) жобалау ұйымдары мен жер қойнауын пайдаланушыларға ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарының және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, минералдық шикізатты дұрыс есепке алу, ұтымды әрі кешенді пайдалану мәселелері бойынша жаңа нысандар мен әдістер қолдануды ұсынуға құқығы бар.
6. Өңіраралық комиссиялардың өкілеттіктеріне кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнінде жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жобалау құжаттарын, оларға толықтырулар мен өзгерістерді бекіту не бекітуден бас тарту туралы ұсынымдарды қарау және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелеріне енгізу жатады.
22-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың міндеттері, функциялары мен құқықтары
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның негізгі міндеттері:
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған аукционға қатысу үшін өтінімдерді және тендерге қатысу үшін конкурстық ұсыныстарды қарау және бағалау;
2) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысушылар қатарынан жеңімпазды анықтау болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның функциялары:
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) аукционға қатысу үшін өтінімдердің және тендерге қатысу үшін конкурстық ұсыныстардың уақтылы және сапалы қаралуын қамтамасыз ету;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) ұсынылған аукционға қатысу үшін өтінімдерді және тендерге қатысу үшін конкурстық ұсыныстарды объективті және жан-жақты бағалау болып табылады.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның:
1) конкурсқа қатысу үшін берілген конкурстық ұсыныстарды бағалауға, салыстыруға;
2) конкурстың жеңімпазын анықтауға;
3) осы Заңда белгіленген негіздер бойынша конкурсты өткізілмеді деп тануға;
4) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, өзге де тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға;
5) отырыстарда комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, өзге де тұлғалардың өкілдерін тыңдауға;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) осы Заңда белгіленген негіздер бойынша аукционға қатысу үшін өтінімді немесе тендерге қатысу үшін конкурстық ұсынысты қабылдамауға;
7) қажет болған жағдайда тиісті салалардағы мамандар қатарынан сарапшыларды тартуға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының актісі негізінде құрылатын, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның негізгі міндеттері:
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған аукционға қатысу үшін өтінімдерді және тендерге қатысу үшін конкурстық ұсыныстарды уақтылы қарау және бағалау;
2) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысушылар арасынан жеңімпазды анықтау болып табылады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялар осы баптың 2-тармағында айқындалған функцияларды жүзеге асырады және осы баптың 3-тармағында айқындалған құқықтарға ие болады.
23-бап. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның міндеттері, функциялары және құқықтары
1. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеттері:
1) осы Заңның және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару туралы өтініштерді қарау;
2) мемлекеттің басым құқығын іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.
2. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның функцияларына:
1) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау;
2) тұлғалардың жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалардағы өздеріне тиесілі қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау;
3) егер осы заңды тұлғалардың негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, тұлғалардың шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғалардағы өздеріне тиесілі қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау;
4) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты иеліктен шығарылатын объектіні мемлекеттің сатып алуы туралы не сатып алудан бас тартуы туралы ұсыныстарды әзірлеу, негіздеу және құзыретті органға енгізу кіреді.
3. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға;
2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың өкілдерін және азаматтарды өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша отырыстарға шақыруға және тыңдауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыруға қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
24-бап. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиялардың міндеттері, функциялары мен құқықтары
1. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның негізгі міндеті осы баптың 2-тармағында көрсетілген, кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бір бөлігінің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің айналымымен байланысты мәселелер бойынша құзыретті органға ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның функцияларына:
1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) иеліктен шығаруға;
2) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға;
3) жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) кепілге беруге;
4) осындай жер қойнауын пайдалану құқығынан (оның бір бөлігінен), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерден ақы өндіріп алу жағдайларында, оның ішінде кепілге салу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі жария сауда-саттыққа қатысуға;
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) банкроттық рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде құрамына жер қойнауын пайдалану құқығы (оның бiр бөлiгi), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлер кiретiн мүліктік массаны өткiзу (сату) жөнiндегi жария сауда-саттыққа қатысуға;
6) кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) өткізу жөніндегі сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланған жағдайда кепіл ұстаушының кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) сатып алуға;
7) бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдар енгізуі жолымен, сондай-ақ заңды тұлғаның қатысушылары құрамына жаңа қатысушыны қабылдау жолымен жарғылық капиталды ұлғайту нәтижесінде жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы үлеске құқықты сатып алуға;
8) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның, сондай-ақ егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғаның акцияларын немесе акцияларға меншік құқығын растайтын өзге де бағалы қағаздарды не акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналымға бастапқы шығаруға, оның ішінде қосымша эмиссия шеңберінде шығарылған осындай бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бастапқы орналастыруға;
9) жұмыс бағдарламасы, келісімшарт бойынша міндеттемелердің өзгеруі;
10) келісімшарттардың қолданылу мерзімдерін ұзартуға арналған өтініштерді қарау, оларға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсыныстарды әзірлеу, негіздеу және құзыретті органға енгізу кіреді.
Құзыретті органның тапсырмасы бойынша жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссия жер қойнауын пайдалануға байланысты өзге де мәселелерді қарайды және олар бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеп, құзыретті органға енгізеді.
3. Жер қойнауын пайдалану және олармен байланысты құқықтар мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға;
2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың өкілдерін және азаматтарды өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша отырыстарға шақыруға және тыңдауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыруға қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жанынан құрылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиялардың негізгі міндеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына осы баптың 2-тармағында көрсетілген, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалардағы қатысу үлестерінің (акциялар пакеттерінің) айналымына байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиялар осы баптың 2-тармағында айқындалған функцияларды жүзеге асырады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарының тапсырмасы бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиялар кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдаланумен байланысты өзге де мәселелерді қарауға, олар бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеп, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына енгізуге құқылы.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиялар осы баптың 3-тармағында айқындалған құқықтарға ие болады.
25-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) жер қойнауының қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың тәртібін белгілейді және мемлекеттік кадастрын жүргізеді;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу және жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындайды;
4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) мұнай операцияларын жүргізу, мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезінде аварияларды және өзге де қауіпті жағдайларды болдырмау жөніндегі іс-шаралар бағдарламаларын келіседі;
6) жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау мен жоюға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
7) барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар жобаларына экологиялық сараптаманы жүзеге асырады;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын келiседi;
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат беруді келіседі;
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.