1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген, Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында кемелердi және өзге де жүзетін құралдарды, ұшу аппараттарын, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидаларын, сондай-ақ консервациялау және бөлшектеу қағидаларын пайдалы қазбалар кен орындарының бүлiнуiне әкеп соғуы, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруі, биологиялық ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруі немесе қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi жасауы мүмкiн бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
395-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ осы лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруына, оның iшiнде кеменi қарап-тексеруiне кедергi келтіру -
жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
құқық бұзушылық жасау кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онсыз, бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
396-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы минералдық және
биологиялық ресурстарды заңсыз беру
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы минералдық және биологиялық ресурстарды шетелдіктерге, басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға не шет мемлекеттерге заңсыз беру -
жеке тұлғаларға - заңсыз берiлген минералдық және биологиялық ресурстар құнының он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
құқық бұзушылық жасау кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - заңсыз берiлген минералдық және биологиялық ресурстар құнының он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
397-бап. 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
398-бап. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткізу
1. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткізу -
таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырық не таңбаланбай өткізілетін уылдырық тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - отыз бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырық не таңбаланбай өткізілетін уылдырық тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 399-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
399-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезіндегі бұзушылықтар
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жеке және заңды тұлғалардың қызметтерді көрсету кезінде анық емес деректерді ұсынуы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет -
тиісті көрсетілетін қызмет түріне арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, экологиялық залал келтіруге алып келген не үш реттен көп жасалған әрекеттерді жасау, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
тиісті көрсетілетін қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 22-тараудың тақырыбы өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 22-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 409-VI ҚР Заңымен 22-тараудың тақырыбы өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22-тарау. Өсімдіктерді қорғау мен өсімдіктер карантині, астық нарығы мен астықты сақтау, тұқым шаруашылығы және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау, асыл тұқымды мал шаруашылығы, органикалық өнім өндіру, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 400-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
400-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу
1. Карантинге жатқызылған, әкелінетін өнімдерге қойылатын фитосанитариялық талаптарды және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізуді:
1) карантинге жатқызылған, әкелінетін өнімдерге қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмейтін, карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
2) экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификатынсыз, карантинге жатқызылған, фитосанитариялық тәуекелі жоғары өнім партиясын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
3) қайта экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің қайта экспорттау фитосанитариялық сертификатынсыз, карантинге жатқызылған фитосанитариялық тәуекелі жоғары өнім партиясын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
4) Қазақстан Республикасының фитосанитариялық талаптарын бұза отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы импорттық карантинге жатқызылған өнімді тасымалдауды жүзеге асыру;
5) карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбау;
6) карантинге жатқызылған өнімді сақтау немесе қайта өңдеу жүзеге асырылатын қойма үй-жайларына жыл сайынғы профилактикалық залалсыздандыруды жүргізбеу;
7) отырғызылатын немесе тұқымдық материалды зертханалық сараптама нәтижелері алынғанға дейін пайдалану;
8) отырғызылатын немесе тұқымдық импорттық материалды зертханалық сараптама нәтижелері алынғанға дейін сақтау шарттарын сақтамау;
9) Қазақстан Республикасының аумағына азық-түлік, жемшөп және техникалық мақсаттарда пайдалану үшін әкелінген дәндi, дәндi-бұршақтық, майлы дақылдарды тұқымдық мақсатта пайдалану;
10) қалдықтарды міндетті түрде жоя отырып, карантинге жатқызылған импорттық өнімді, сондай-ақ карантиндік аймақтардан әкелінген карантинге жатқызылған өнімді тасымалдағаннан кейін көлік құралдарына тазартуды жүргізбеу;
11) карантинге жатқызылған өнiмдi алып келе жатқан жолында немесе межелі пунктiнде уәкілетті органның рұқсатынсыз басқа мекенжайға жіберу;
12) карантинге жатқызылған әкелінетін өнiмдi межелі пунктiнде қайталап карантиндік жете тексеру үшін ұсынбау;
13) карантиндік арамшөптермен қоқысталған тұқымдық немесе отырғызылатын материалды егу үшін пайдалану;
14) карантиндік объектілерден бос аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өнiмнен карантиндік объектілер таралатын аймақта дайындалған карантинге жатқызылған өнiмдi сақтауды немесе тазартуды жүзеге асыру;
15) қызметі карантинге жатқызылған өнімді өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты егістіктерді, аумақтарды, қоймаларды жүйелі түрде зерттеуді қамтамасыз етпеу;
16) карантинге жатқызылған өнімді карантиндік сертификатсыз облысаралық тасымалдауды жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын карантинге жатқызылған өнімді әкелу, мемлекетішілік тасымалдау кезінде және өткізу кезінде:
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының аумағына және мемлекетішілік тасымалдау кезінде карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен залалданған көлік құралдарын әкелу;
2) Қазақстан Республикасына карантинге жатқызылған өнімді әкелуге тыйым салуларды немесе оған шектеулерді бұзу;
3) карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді өткізу;
4) Қазақстан Республикасының карантиндік аймағынан шығарылған карантинге жатқызылған өнімді алып бара жатқан жолда басқа мекенжайға жіберу;
5) ғылыми-зерттеу мақсатында әкелінетін кенелерді, нематодтарды және тірі жәндіктерді дәндi, дәндi-бұршақтық, жемшөп, майлы, техникалық дақылдармен және оларды қайта өңдеу өнімдерімен, мәуелермен, көкөністермен, жемістермен және картоппен, отырғызылатын немесе тұқымдық материалмен, тірі гүлдердің және құмырада өсетін өсімдіктердің кесінділерімен, сүрек, буып-түю және бекіту материалдарымен бір мезгілде тасымалдау;
6) карантиндік объектілермен залалданған, карантинге жатқызылған өнімді карантиндік фитосанитариялық аймақтан әкетуге тыйым салуларды немесе шектеулерді бұзу түрінде жасалған бұзушылық -
карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру және қайта өңдеу мүмкін болмаған жағдайда, оны тәркілей отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Карантиндік объектілердің таралуын есепке алуды уақтылы немесе тиісінше жүргізбеу не өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде өсімдіктер карантині бойынша шараларды уақтылы немесе тиісінше ұйымдастырмау -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
401-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзу
1. Астықты экспорттау және импорттау кезінде астық сапасының тиісті паспорттарынсыз өткізу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын:
1) астық қабылдау кәсіпорындарына түсетін астықты тиісінше ресімдемеу;
2) астықты тазартуды, кептіруді тиісінше ресімдемеу;
3) астықты тиеп-жөнелтуді тиісінше ресімдемеу;
4) астықтың сандық-сапалық есебі кітабын тиісінше жүргізбеу;
2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) астықтың есептелген физикалық салмағын айқындаудың тәртібін сақтамау;
2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6) астық қолхатын шығару және өтеу мерзімін сақтамау;
2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне дұрыс емес ақпарат енгізу түрінде жасалған бұзушылық -
8) - 10) 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Астық қабылдау кәсіпорнының, «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қызметті қоспағанда, астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге қатысы жоқ қызметті жүзеге асыруы -
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-1-бөлікпен толықтырылды
4-1. Астық қабылдау кәсіпорнының үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдіктер шығаруы және (немесе) өз мүлкін кепілге беруі -
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сан мен сапа көрсеткіштері құжаттамамен расталған жағдайда оларды ұдайы (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) бұрмалауы -
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Оларсыз астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру толық мүмкін болмай қалатын не едәуір нашарлап кететін негізгі құралдарды астық қабылдау кәсіпорынының иеліктен шығаруы -
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін осы баптың төртінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау -
лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
9. 2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
10. Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару кезеңінде уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің немесе уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзуы -
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 11-бөлік жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
11. Астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау тәртібін, сондай-ақ олардың сандық және сапалық жағынан сақталуын қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтамауы, астық иесінің астық сынамасын белгіленген тәртіппен іріктеп алуды қамтамасыз етпеуі -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
402-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру және қызметтер көрсету кезiндегi бұзушылықтар
1. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын бұза отырып, тұқымдарды өндiру, өткiзу, сақтау, тасымалдау және пайдалану жөнiндегi қызметтi:
1) карантиндік объектілермен залалданған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын егу (отырғызу) үшін пайдалану;
2) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) аттестатталған элиталық тұқым өсiру және тұқым өсiру шаруашылықтарында сорттық және егу сапалары бойынша сәйкес келмейтін тұқымдарды егу (отырғызу) үшін пайдалану;
5) тұқымдардың егу сапасы бойынша сараптамадан өтпеген тұқымдарды егу (отырғызу) үшін пайдалану;
6) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін тұқымдарды егу (отырғызу) үшін өткізу және пайдалану;
7) сорт жаңартуды және сорт ауыстыруды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін бұзу;
8) элиталық тұқымдарды одан әрі өткізу мақсатында олардың өндірісін қамтамасыз ету үшін сорттардың бірегей тұқымдарын және будандардың аталық нысандарын сатып алмау;
9) өз мұқтаждарына өткізілген және пайдаланылған тұқымдарды сандық, шығу тегі бойынша есепке алуды, олардың сорттық және егу сапасын есепке алуды жүргізбеу;
10) өз қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сақтандыру және өтпелі қорларын жасау түрінде жүзеге асыру -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттық егістерін сынамалауды жүргізу жөнінде қызметтер көрсететін сынамалаушылардың, тұқым сарапшыларының және аттестатталған заңды тұлғалардың тұқымдардың сорттық және егiстiк сапаларын сараптауды бұзуы -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ сынамалаушылар мен тұқым сарапшыларының тұқым шаруашылығы саласындағы қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бұзуы -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға, аттестатталған тұлғаларға субъектiлердiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiгiнен айыруға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды
5. Тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттауды, қайта аттестаттауды уақтылы жүргізбеу -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
403-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзу
1. Фитосанитариялық есептiлiктi ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбау -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Фитосанитариялық бақылау объектілерінде фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды зиянды организмдердің саны зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен жоғары болатындай олардың дамуы мен таралуына әкеп соққан жүргiзбеу -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мынадай:
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) пестицидтерді және олардың ыдыстарын залалсыздандыру үшін арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) болмауы;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) пестицидтерді берушілер (өндірушілер, импорттаушылар, сатушылар) әзірлеген және ұсынатын, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын залалсыздандыру әдістері мен технологияларының болмауы;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) қауіптілігі бірінші сыныпты, мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамсыз болып қалған пестицидтерді герметикалығын қамтамасыз етпейтін және қоршаған ортаның пестицидтермен ластану мүмкіндігін жоққа шығармайтын ыдыстарда сақтау;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) қауіптілігі екінші сыныпты пестицидтерді қажет болған кезде полимер материалдардан жасалған арнайы қалташалары жоқ көп қабатты ыдысқа (пестицидтің) ерекшелігіне қарай) буып-түю;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) бүтіндігі бұзылған қаптамадағы пестицидтерді қайта буып-түю;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) пестицидтердің қағаз немесе ағаш ыдыстарын жағып жіберу арқылы жою үшін экологиялық бақылау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы жөніндегі мемлекеттік органдар заңнамаға сәйкес айқындаған орындарда жағылатын қоспалардың уытты емес (қауіпті емес) заттарға айналғанға дейін ыдырауын қамтамасыз ететін жоғары температуралық қондырғылардың болмауы;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын тиеуге, тасымалдауға және түсіруге арналған механикаландыру құралдарының болмауы түрінде жасалған пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды жүргізбеу және арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi емес жай-күйде ұстау -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.