4. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) олар көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, техникалық хатшылық күнтізбелік он бес күн ішінде жазбаша түрде уәжді бас тартуды қоса бере отырып, ұсынылған құжаттарды сәйкестікті растау жөніндегі органға қайтарады.
5. Оң шешім шығарылған жағдайда техникалық хатшылық көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды уәкілетті органға жібереді.
27-2-бап. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу
1. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Техникалық хатшылық бекіту және тіркеу үшін көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды уәкілетті органға ұсынады.
3. Уәкілетті орган көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекітуді және тіркеуді уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырады.»;
6) 40-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) тауар туралы деректері анық емес, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификатты, ішкі айналыс үшін тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беруге;».
67. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат):
8-баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) сақтанушы қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға;».
68. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 7-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 31-баптың 2) тармақшасындағы «бизнестi» деген сөз «кәсіпкерлікті» деген сөзбен ауыстырылсын.
69. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
10-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тiгілген және қолтаңбамен (жеке және заңды тұлғалар үшін) және заңды тұлғалар үшін мөрмен (ол болған кезде) куәландырылған валюталық шарттың көшiрмесi;».
70. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, № 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-баптың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«24) мемлекеттік техникалық инспекция - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік техникалық қарап-тексеру, оларды басқару құқығына емтихан қабылдау және куәліктер беру, оларды пайдалану қағидаларының сақталуын қадағалау;».
71. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттық құралдар - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарға немесе өзге де тұлғаларға ақпарат ұсыну тетіктері;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) бизнес-инкубатор - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы кезеңiнде өндiрiстiк үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингтiк және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшiн құрылатын заңды тұлға;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган - жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2), 16-3) және 16-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) реттегіш құралдар - жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әсер ету тәсілдері, оның ішінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын рұқсаттар мен хабарламалар; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпараттық құралдар;
16-2) реттеуді қатаңдату - реттегіш құралдардың енгізілуіне немесе пайдаланылуына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша талаптар, міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзгеше ұлғайту;
16-3) реттеушілік әсерді талдау - кейіннен мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін реттегіш құралдың және онымен байланысты талаптардың пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі;
16-4) реттеуші мемлекеттік органдар - реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;»;
2) 4-баптың 2-тармағының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;»;
3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралдарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу және қабылдау ерекшеліктерi
1. Егер реттеуші мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды жоспарлаған жағдайда, реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.
2. Реттегіш құралдар мынадай түрде енгізіледі немесе жүзеге асырылады:
1) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар немесе хабарламалар тізбесіне тиісті рұқсатты немесе хабарламаны енгізу арқылы ғана енгізіледі;
2) мемлекеттік бақылау және қадағалау жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қосымшада көзделген салаларында ғана жүзеге асырылады;
3) ақпараттық құралдар Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерімен ғана енгізіледі.
3. Реттеушілік әсерді талдауға:
1) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары;
2) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының тұжырымдамалары;
3) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары;
4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;
5) ақпараттық құралдарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;
6) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Кеден одағы техникалық регламенттерінің жобалары;
7) жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін, реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін, жергілікті өкілді органдар шешімдерінің жобалары жатады.
4. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да міндеттер мен функцияларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі консультативтік-кеңесші орган - Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құрады.
Жаңа реттегіш құралды енгізу Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.»;
4) 1-тарау мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Реттеушілік әсерді талдау
1. Реттеушілік әсерді талдаудың мақсаты белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе анық айқындалған проблемаларды шешу үшін реттеудің баламалы тәсілдерін бағалау арқылы нақты реттегіш құралдарды пайдалану бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру болып табылады.
2. Реттеушілік әсерді талдау реттегіш құрал енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін жүргізіледі.
3. Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша реттегіш құралды қолдану тиімділігіне қарай реттегіш құралдың күші жойылуы мүмкін немесе өзгеше түрде қайта қаралуы мүмкін.
Реттегіш құралды енгізу кезінде мәлімделген кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда, оның күші жойылуға жатады.
4. Реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген, өздері әзірлейтін құжаттардың жобаларына қатысты, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және басқа да мүдделі тұлғалар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүргізеді.
5. Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу жаңа реттегіш құралды енгізудің міндетті шарты болып табылады.
6. Қолданыстағы реттегіш құралдарға қатысты реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар қолданыстағы құжаттарды қайта қарау тәртібімен жүргізеді.
7. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
1) реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қарайды және реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді;
2) реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың түйіндерімен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді.
8. Реттеуші мемлекеттік орган жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган және (немесе) өзге де мүдделі тұлғалар жүргізген реттеушілік әсерді баламалы талдаудың нәтижелері интернет-ресурстарда орналастырылады.»;
5) 15-бапта:
3), 8) және 13) тармақшалардағы «шағын» деген сөз «шағын және орта» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 21-4) және 21-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-4) реттеуші мемлекеттік органдарға реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді және олардың қызметін үйлестіреді;
21-5) мемлекеттік қызметшілерді және өзге де адамдарды реттеушілік әсерді талдауды енгізу және жүзеге асыру мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырады;»;
6) 16-баптың 2) тармақшасындағы «шағын» деген сөз «шағын және орта» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 17-баптың 5) және 8) тармақшаларындағы «шағын» деген сөз «шағын және орта» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 3-тарау мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті
Реттеуші мемлекеттік органдар:
1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді ұсынады;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
9) 18-баптың 3-тармағының бірінші, екінші, бесінші, алтыншы және сегізінші абзацтарындағы «Шағын», «шағын» деген сөздер тиісінше «Шағын және орта», «шағын және орта» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 26-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сараптама кеңестеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң, аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi.»;
11) 28-бапта:
5-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
71-тармақтың 6) тармақшасының төртінші абзацы 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«1) өзiндiк кәсiпкерлiк - дара кәсiпкер әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған жағдайда;»;
2) тармақшадағы «бөлу кезінде тоқтатылады.» деген сөздер «бөлу кезінде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген, қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату көзделетін жағдайда да тоқтатылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Дара кәсіпкердің қызметі өзінің өтініші, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркеуші органда дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезден бастап, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылды деп есептеледі.
Дара кәсіпкер уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.»;
12) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен шектері
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары жеке кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және өткізетін өнімнің адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүліктік мүдделерін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мемлекеттің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеуі арқылы, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасының заңдары;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері;
6) жергілікті өкілді органдардың шешімдері деңгейінде реттегіш құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Реттегіш құралдарды енгізу осы Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Заңның мақсаттары үшін:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші тұлғаларға ақпаратты, оның ішінде таңбалау, декларациялау, міндетті нұсқаулықтар, қызмет көрсету қағидалары бөлігінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда,тұтынушыларға ұсыну үшін міндетті жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы, үшінші тұлғаларға беру үшін міндетті өзге де ақпаратты беру туралы талаптарды осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгілеу;
2) салықтық, статистикалық және өзге де есептілікті қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті есептілікті мемлекеттік органдарға тұрақты негізде ұсыну;
3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарға ақпаратты, оның ішінде мәліметтер, үзінді көшірмелер, декларациялар, хабарламалар нысандары арқылы, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызметті немесе іс-қимылдарды жүзеге асыруды бастауға, жүзеге асыруға немесе тоқтатуға байланысты мемлекеттік органдарға ұсынылатын, жеке кәсіпкерлік субъектілері толтыратын өзге де құжаттарды беру ақпараттық құралдар деп танылады.»;
13) 33-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау»;
1-тармақтағы «Жеке кәсіпкерлікті» деген сөздер «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипаттағы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.»;
3-тармақ алып тасталсын.
72. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
5-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы және 6-баптың 10) тармақшасы алып тасталсын.
73. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт уәкілетті орган бекіткенүлгі шарттың негізінде жазбаша нысанда жасалады, ол есепке алынуға жатады және осындай есепке алу кезінен бастап жасалған деп есептеледі.».
74. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
6-баптың 18) тармақшасы алып тасталсын.
75. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
8-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын.
76. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат):
6-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде - оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс.».
77. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):