2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«51) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 4) - 8) тармақшаларында, 13-бабының 3 - 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;».
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 1-бабы 38-тармағы 21) тармақшасының елу алтыншы, елу жетінші және елу сегізінші абзацтарының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«1) мыналарға:
бюджет қаражаты есебінен немесе мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуымен қаржыландырылатын жаңа объектілерді салу немесе бұрыннан барларын өзгерту;
мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз қаржыландырылатын ықтимал қауіпті жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларын салу немесе бұрыннан барларын өзгерту үшін жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға);»;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«1) мыналарға:
қаржыландыру көздеріне қарамастан, ықтимал қауіпті құрылыс объектілеріне жататын жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жаңа объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларын салу;
бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен қаржыландырылатын бұрыннан бар ықтимал қауіпті, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу үшін жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға);»
5. Осы Заңның 1-бабы 38-тармағы 6) тармақшасының оныншы абзацы, 7) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары, 8) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 269-V