ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне
көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды
жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 36-бапта:
1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға жəне өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;»;
1-2-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацы алып тасталсын;
1-3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Күрделі» деген сөз «Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, күрделі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-5 жəне 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-5. Шегінде шектеулі өңірлік геологиялық зерттеулер жүргізілмеген немесе жүргізіліп, олардың нəтижелері бойынша перспективалы шөгінді бассейндер анықталмаған аумақтар аз зерттелген аумақтар деп танылады.
Көмірсутектерді барлау жəне өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу тəртібін құзыретті органмен келісу бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті орган айқындайды.»;
«2-2. Бұрын жер қойнауын пайдалану құқығының тоқтатылуына байланысты көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданған жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта осы баптың 2 жəне 2-1-тармақтарында көзделген шарттардан басқа, мынадай:
1) осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқару шартына сəйкес жүргізілген шығындарды сенімгерлік басқарушыға өтеу, сондай-ақ оған сыйақы төлеу;
2) осы Кодекстің 107-бабы 8-тармағының 1) тармақшасына сəйкес берілген жабдық пен өзге де мүліктің құнын бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға өтеу;
3) сенімгерлік басқару процесінде сенімгерлік басқарушы сатып алған жəне (немесе) алған берілетін мүліктің құнын мемлекетке өтеу жөніндегі шарттар қамтылуға тиіс.»;
5-тармақтағы «барлауға жəне өндіруге арналған келісімшарттың, өндіруге арналған келісімшарттың, күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға жəне өндіруге арналған келісімшарттың немесе күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге» деген сөздер «жер қойнауын пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 40-бапта:
2-тармақ 3) тармақшасындағы «бойынша ауысуына тыйым салынады.» деген сөздер «бойынша;»
деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Кодекстің 103-бабының 8-тармағында жəне 160-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, келісімшарт қолданысының алғашқы үш жылында көмірсутектерді барлауға жəне өндіруге арналған келісімшарт бойынша ауысуына тыйым салынады.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 44-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) ауысқан жағдайда көрсетілген өтінішті жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) иеленуші береді.»;
3) 42-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Егер көмірсутектерді барлауға жəне өндіруге немесе өндіруге арналған басқа келісімшарт (келісімшарттар) болмаған кезде көмірсутектерді барлауға жəне өндіруге арналған келісімшарт объект жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объект деп танылатын жалғыз келісімшарт болса, келісімшарт жасалған күннен бастап алғашқы үш жыл ішінде осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілердің ауысуына тыйым салынады.»;
4) 43-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналар стратегиялық жер қойнауы учаскесі болып табылады:
1) көлемі елу миллион тоннадан астам мұнайдың немесе он бес миллиард текше метрден астам табиғи газдың геологиялық қорлары бар жер қойнауы учаскесі.
Мұнайдың немесе табиғи газдың геологиялық қорларының болуы жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жəне жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған көмірсутектердің геологиялық қорларын есептеу жөніндегі есеппен расталады;
2) Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан жер қойнауы учаскесі.
Егер жер қойнауы учаскесі аумағының барлық географиялық координаттары шектес елдердің учаскелерімен кеңістіктік шекаралары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген, ал құрлықпен кеңістіктік шекарасы Каспий теңізі суының барынша көтерілуі нəтижесінде пайда болатын сызық бойымен өтетін түбі мен жер қойнауы учаскесі шегінде орналасса, осындай жер қойнауы учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан деп танылады;
3) уран кен орны бар жер қойнауы учаскесі.
Уран кен орнының болуы жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жəне жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған уранның геологиялық қорларын есептеу жөніндегі есеппен расталады. Егер жер қойнауы учаскесінде сирек кездесетін уранды кен орны болса, онда осы тармақшаның мақсаттары үшін мұндай жер қойнауы учаскесі уран кен орны бар жер қойнауы учаскесі деп танылады.
Стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін жəне оны жүргізу тəртібін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша құзыретті орган бекітеді.»;
5) 44-баптың 2-тармағының 14) тармақшасындағы «қатысқан жағдайда талап етілмейді.» деген сөздер «қатысқан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша заңды тұлға мəжбүрлеп қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда талап етілмейді.»;
6) 59-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
7) 64-бапта:
16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1) пайдалы қазбалардың, оның ішінде дəстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын пайдалы қазбалардың кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарын сыныптау жөніндегі нұсқаулықты əзірлеу жəне бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 16-2) тармақшамен толықтырылсын:
«16-2) пайдалы қазбалардың, оның ішінде дəстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын пайдалы қазбалардың қорларын есептеу жөніндегі əдістемені əзірлеу жəне бекіту;»;
8) 70-бапта:
3-тармақта:
екінші бөліктегі «көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе өндіру үшін, сондай-ақ уранды немесе сирек кездесетін уранды кен орнында уранды барлау немесе өндіру үшін шегінде жер қойнауын пайдалану құқығы ұлттық компанияға ғана берілуі мүмкін аумақты (аумақтарды) көрсету қамтылуы» деген сөздер «шегінде жер қойнауын пайдалану құқығы көмірсутектерді барлау жəне өндіру немесе өндіру үшін ұлттық компанияға, сондай-ақ уранды кен орнында уранды барлау немесе өндіру үшін уран саласындағы ұлттық компанияға ғана берілуі мүмкін аумақты (аумақтарды) көрсетуді қамтуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында шегінде жер қойнауын пайдалану құқығы көмірсутектер немесе уран саласындағы ұлттық компанияларға ғана берілуге тиіс аумақты көрсету мыналармен:
1) тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектерді барлауға жəне өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жасасу үшін - мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына тиісті аумақ енгізілген күннен бастап қатарынан үш жылмен;
2) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру үшін - уранның кенденуі жəне (немесе) уран кенжатыны бар аумақтармен;
3) уран өндіруге арналған келісімшарт жасасу үшін уран кен орнының болуымен шектеледі.
Құзыретті орган осы тармақтың үшінші бөлігінің 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көрсетілген аумақтарды аукцион негізінде үшінші тұлғаларға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аумақтар санатына:
1) көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектерді барлауға жəне өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жасасу үшін қатарынан үш жыл өткеннен кейін;
2) көмірсутектер немесе уран саласындағы ұлттық компаниялардың жер қойнауы учаскесінен (учаскесінің бір бөлігінен) бас тартуы, лицензияны кері қайтарып алу немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын тоқтату нəтижесінде оларға берілген жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылғаннан кейін алты ай ішінде мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы ауыстыруға тиіс.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Құзыретті орган осы баптың 3-тармағына сəйкес мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында осы мақсаттар үшін айқындалған аумақтарда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға өзгеше түрде беруге құқылы емес.»;
9) 77-баптың 3-тармағы екінші бөлігі 6) тармақшасындағы «болса, ашып көрсетеді.» деген сөздер «болса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға жəне өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімінің алғашқы үш жылы үшін жұмыстар бағдарламасын орындау нəтижелері бойынша ашып көрсетеді.»;
10) 94-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көмірсутектерді барлау жəне өндіру немесе өндіру үшін аукцион негізінде берілетіндер ретінде мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында көрсетілген жер қойнауы учаскесінің немесе аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінің сұралатын аумағының атауы мен географиялық координаттары.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы параграфтың мақсаттары үшін жер қойнауы учаскесінің аумағы осы Кодекстің 36-бабының 1-5-тармағында немесе 70-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген аумақ шегінде толығымен болуға тиіс.»;
2-тармақта:
бірінші бөлік «жұмыс күні ішінде» деген сөздерден кейін «, ал аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізуге арналған өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
1) тармақшадағы «осы» деген сөз «аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, осы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер:
өтініш бергенге дейін үш жыл ішінде өтініш беруші аукцион өткізуге арналған басқа өтініш берсе, бірақ аукционға қатысушы ретінде тіркелмесе;
мəлімделген учаске осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің талаптарына сəйкес келмесе, аукцион өткізуге арналған өтінішті қараудан бас тартады;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) егер өтініш берушіге осы бөліктің 2) тармақшасына сəйкес өтінішті қараудан бас тартылмаса, көмірсутектерді барлау жəне өндіру мақсаттары үшін аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша осы Кодекстің 95-бабына сəйкес аукцион өткізу туралы хабархатты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген өтінішті қарау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жариялайды.»;
11) 95-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі «өтініш бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Кодекстің 103-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қатысуға арналған өтініштерді беру мерзімі қамтылуға тиіс.
Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша өтініштер беру мерзімі хабархат жарияланған күннен бастап он жұмыс күні болып белгіленеді;»;
6) тармақша «жағдайда -» деген сөзден кейін «осы баптың 3-1-тармағының талаптары ескеріле отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақша мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша барлаудың бастапқы кезеңі үш жыл болып белгіленеді.»;
екінші бөліктегі «Аукционды» деген сөз «Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша аукционды қоспағанда, аукционды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион аукционға қатысуға арналған өтініштерді қарау үшін берілген мерзім аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде өткізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға жəне өндіруге арналған аукцион өткізілген жағдайда, жұмыстар бағдарламасында:
1) жер қойнауы учаскесі аумағының кемінде отыз пайызын алатын алаңда екі өлшемді сейсмикалық жұмыстар жүргізуді қамтитын, барлаудың бастапқы кезеңіндегі геологиялық түсіру жұмыстарының жəне (немесе) геофизикалық жұмыстардың ең аз көлемі;
2) кемінде бір барлау ұңғымасын бұрғылау жөніндегі жұмыстарды қамтитын, барлаудың бастапқы кезеңінен кейінгі тікелей келесі барлау кезеңіндегі барлау жұмыстарының ең аз көлемі көзделуге тиіс.
Аукцион өткізілетін күні аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға жəне өндіруге арналған келісімшарттың тарапы болып табылатын немесе аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға жəне өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушыны бақылайтын тұлға болып табылатын тұлға аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша аукционға қатысуға жіберілмейді.»;
12) 97-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «жəне 9)» деген сөздер «, 9) жəне 10)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақтың екінші жəне үшінші бөліктеріндегі «, бірақ аукцион өткізілетін күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей», «, бірақ аукцион өткізілетін күнге дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың 9) тармақшасындағы «жағдайда, аукционға қатысуға жіберуден бас тартады.» деген сөздер «жағдайда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) өтініш беруші осы Кодекстің 95-бабы 3-1-тармағы екінші бөлігінің талаптарына сəйкес келмесе, аукционға қатысуға жіберуден бас тартады.»;
13) 98-бап алып тасталсын;
14) 100-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізуге бір ғана қатысушы жіберілген болса, онда қол қою бонусының бастапқы мөлшерін осындай тұлға төлеген жағдайда, мұндай қатысушы аукционның жеңімпазы деп танылады.»;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
«хаттамамен автоматты түрде ресімделеді» деген сөздер «автоматты түрде шығарылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, оған құзыретті орган мен аукцион жеңімпазы қол қояды» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «үш» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесіне жер қойнауын пайдалану құқығы берілген кезде жұмыстар бағдарламасы осы Кодекстің 95-бабы 3-1-тармағы бірінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып əзірленеді.»;
15) 101-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі бойынша өткізілетін аукционға қолданылмайды.»;
2-тармақта:
«Аукционды өтпеді деп тану комиссияның барлық қатысқан мүшесі қол қоятын хаттамамен ресімделеді.» деген сөздер алып тасталсын;
«хаттама ресімделген күннен бастап үш жұмыс күні» деген сөздер «аукцион аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 103-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көмірсутектер саласындағы ұлттық компания тікелей келіссөздер арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған өтінішті тиісті аумақ мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген күннен бастап үш жылдан кешіктірілмейтін мерзімде беруге тиіс. Егер тікелей келіссөздер жүргізу туралы өтініш көрсетілген мерзімде берілмеген болса, тікелей келіссөздер арқылы жер қойнауын пайдалану құқығы берілмеген аумақ осы тараудың 1-параграфына сәйкес аукционға шығарылуға жатады.»;
6-тармақтың бірінші бөлігіндегі «және құзыретті органмен келісілген» деген сөздер алып тасталсын;
17) 106-баптың 1-1-тармағының 4) тармақшасындағы «орындамаған жағдайларда, біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.» деген сөздер «орындамаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі үшін көзделген жұмыстар бағдарламасы орындалмаған жағдайларда, біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.»;
18) 107-бапта:
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстің 126-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасында және 127-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген мерзімдерде жою немесе консервациялау жобасына сәйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жою немесе жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі жұмыстарды бастауға міндетті;»;
8-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) хабарламаны алған күннен бастап бір ай мерзімде жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, мүлікті жаңа жер қойнауын пайдаланушыға бергенге дейінгі мерзімге көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға беруге жататын жабдық пен өзге де мүліктің тізбесін жасауға және құзыретті органда бекітуге міндетті.
Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдық пен өзге де мүліктің тізбесін жасаудан және (немесе) бекітуден жалтарған жағдайда, мұндай тізбені көмірсутектер саласындағы ұлттық компания дербес қалыптастырады;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) құзыретті орган жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдық пен өзге де мүліктің тізбесін бекіткен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде осы Кодекстің 108-бабының 2-тармағына сәйкес көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасасуға міндетті.
Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдық пен өзге де мүлікті көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға беруден жалтарған жағдайда, құзыретті орган осындай жабдық пен өзге де мүлікке қатысты оның сенім білдірілген өкілі ретінде әрекет етеді және осы тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген тізбеге сәйкес, жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін берілетін жабдық пен өзге де мүліктің жай-күйі туралы көрсетуді көздейтін акт бойынша оларды көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға береді;»;
2) тармақшада:
«объектілерді» деген сөз «жабдық пен өзге де мүлікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жабдықты және өзге де» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармақта:
1) тармақшадағы «мүлікке бағалау» деген сөздер «жабдық пен өзге де мүліктің жай-күйі мен бар-жоғына тексеру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) сенімгерлік басқарушы осы баптың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жабдық пен өзге де мүлікке сенімгерлік басқарушы және құзыретті органның хабарламасын алған тұлға арасында келісілген әдістеме бойынша бағалау жүргізуді ұйымдастырады.
Егер сенімгерлік басқарушы және құзыретті органның хабарламасын алған тұлға жабдық пен өзге де мүлікті сенімгерлік басқару шарты жасалған күннен бастап бір ай ішінде жабдық пен өзге де мүлікті бағалау әдістемесі бойынша келісімге келе алмаса немесе бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаса не ол сенімгерлік басқару шартын жасасудан жалтарса, құзыретті орган салықтық есепке алу деректеріне негізделген жабдық пен өзге де мүлікті бағалау әдістемесін жабдық пен өзге де мүлікті беру жүзеге асырылатын салықтық кезең алдындағы салықтық кезеңнің соңындағы жағдай бойынша тіркеп-белгіленген активтердің құнын негізге ала отырып айқындауға құқылы;»;
2) тармақшада:
«көрсетілген мүлік» деген сөздер «көрсетілген жабдық пен өзге де мүлік» деген сөздермен ауыстырылсын;
«аукцион өткізу туралы хабархатта көрсетілген мерзімдерде мұндай мүліктің» деген сөздер «жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көрсетілген тәртіппен және мерзімдерде жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мұндай жабдық пен мүліктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Осы Кодекстің VII бөлімінің мақсаттары үшін жер қойнауы учаскесінде технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдық пен өзге де мүлік деп көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін пайдаланылатын мүліктік кешенді құрайтын өзара байланысты заттардың, мүліктік құқықтар мен материалдық емес активтердің жиынтығы түсініледі, олардың болмауы не жоғалуы жобалау құжаттарының көрсеткіштері ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылғанға дейін қол жеткізілген өндірудің тоқтауына немесе өндіру деңгейінің төмендеуіне алып келеді және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің өнеркәсіптік қауіпсіздігіне қатер төндіреді немесе төндіруі мүмкін. Оның ішінде, мұндай жабдық пен мүлікке ұңғымалар, технологиялық қондырғылар, құбыржолдар, шикізатты сақтау және тазарту жөніндегі құрылысжайлар, жер қойнауы учаскесінде және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер учаскелерінде орналасқан ғимараттар мен құрылысжайлар, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың технологиялық процесін және өнеркәсіптік қауіпсіздігін тікелей қамтамасыз ететін инфрақұрылым объектілері, мүкәммал, шикізат, бағдарламалық қамтылым, техникалық және өзге де құжаттама, материалдық емес активтер және мүліктік кешеннің өзге де элементтері жатады.»;
10-тармақта:
1) тармақша «немесе жер қойнауын пайдалану құқығын тікелей келіссөздер арқылы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға береді» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) құзыретті орган стратегиялық жер қойнауы учаскелері бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын тікелей келіссөздер жүргізу арқылы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға береді;»;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Осы баптың ережелері табылған көмірсутектер кенжатынының немесе кен орнының бір бөлігін қамтитын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату жағдайларына қолданылмайды, мұндай жер қойнауы учаскесі кейіннен осы Кодекстің 151-бабының 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған басқа келісімшартқа енгізіледі.»;
19) 110-баптың 7-тармағы «, ал осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт бойынша бес жүз блоктан асыруға болмайды» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 111-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап жер қойнауын пайдаланушымен осындай келісімшарт негізінде жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шарты Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, жер қойнауын пайдалануға арналған тоқтатылған келісімшартта бекітілген жер қойнауы учаскесінің шекаралары шегінде тоқтатылуға жатады.»;
1-баптың 21) тармақшасы 2025 ж. 3 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
21) 113-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Төменгі белдеулерді жете барлауды жүргізу мақсаттары үшін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер бетіндегі (жер қойнауы учаскесінің аумағындағы) тұйық контурларды (шекараларды) өзгертпей, жер қойнауы учаскесінің төменгі кеңістіктік шекарасын бес мың метрге дейін тереңдету арқылы жер қойнауы учаскесін ұлғайту жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша бір мезгілде мы- надай шарттар сақталған кезде:
1) жер қойнауы учаскесінің төменгі кеңістіктік шекарасын ұлғайту сұралатын жер қойнауы учаскесі өндіру учаскесіне жатса және ірі кен орындарына жатпаса;