Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 9 ақпандағы № 195 қаулысы
(2007.30.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 751 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы Үкіметтік байланыс агенттігі" деген жол мынадай мазмұндағы жолдармен ауыстырылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы ақпараттық қызметі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланысты қамтамасыз ету орталығы";
3) "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 42, 485-құжат):
3-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі