Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 9 ақпандағы № 195 қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы радиожиіліктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының радиожиіліктері жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Алпысбаев - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Қаныш Хасанұлы қауіпсіздік комитеті Арнаулы ақпараттық
қызметінің 1-орталығы бастығының бірінші
орынбасары (келісім бойынша)
Жақыпбеков - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Сембек Сәбетұлы қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік
байланысты қамтамасыз ету орталығы
бастығының бірінші орынбасары
(келісім бойынша)
көрсетілген құрамнан Асанов Қадыржан Нәжентайұлы, Қанғожин Бекболат Рашитұлы шығарылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 751 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы Үкіметтік байланыс агенттігі" деген жол мынадай мазмұндағы жолдармен ауыстырылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы ақпараттық қызметі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланысты қамтамасыз ету орталығы";
3) "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 42, 485-құжат):
3-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі