Судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 336 Қаулысы
(2019.11.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 54-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Судья қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 27 сәуірдегі
№ 336 қаулысымен
бекітілген
Судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу
ережесі
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес әзірленді және судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындайды.
2. Біржолғы өтемақының төленуі оны алуға құқығы бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
3. Судьяның кәсіби қызметпен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей болып мертігу (жарақаттану, жаралану, контузия алу, кәсіби ауруға шалдығу), не қаза табу (қайтыс болу) мән-жайлары туралы тергеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2019.11.10. № 757 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия судьяның қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккенін (жарақаттанғанын, жараланғанын, контузия алғанын, кәсіби ауруға шалдыққанын) немесе қаза табу (қайтыс болу) фактісін растайтын қорытындыны қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сот әкімшілерінің кадр қызметі (бұдан әрі - кадр қызметі) күнтізбелік 7 күн ішінде біржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдарды осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес мынадай құжаттарды ұсына отырып, біржолғы өтемақы төлеуге өтінішті беру қажеттілігі туралы жазбаша хабардар етеді:
1) судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедектік белгілеуге әкеп соқтырмаған ауыр немесе жеңіл мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) жағдайда:
медициналық қорытынды;
2) судьяның қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуінің (жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының, кәсіби ауруға шалдығуының) нәтижесінде мүгедек болғаны белгіленген кезде:
медициналық қорытынды;
халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;
3) судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда не қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігу (жарақаттану, жаралану, контузия алу, кәсіби ауруға шалдығу) салдарынан судья өкілеттігін тоқтатқаннан кейін бір жылдың ішінде:
біржолғы өтемақыны алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
кәмелетке толмаған алушының тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
азаматтық хал актілерін жазу органдарының қайтыс болуы туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
некеге тұру туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі не сот органдарының алименттер туралы атқарушы құжаты не қамқоршылық туралы құжат не мұрагерлікке құқығы туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі.
5. Біржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдар өтініш берген кезде кадр қызметі осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығы мен ресімделуінің дұрыстығын тексереді және оны 2-қосымшаға сәйкес біржолғы өтемақы төлеуге арналған өтініштерді тіркеу журналына тіркейді.
Кадр қызметі өтінішті журналға тіркеп, біржолғы өтемақы алушыға іс қалыптастырады және оны тиісті қаржы қызметіне жібереді.
6. Қаржы қызметі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы мертіккен немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасына немесе жергілікті соттың судьясы мертіккен немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда тиісті сот әкімшілеріне біржолғы өтемақы сомасы туралы есепті іске қоса отырып, 7 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде біржолғы өтемақыны тағайындау күнін көрсете отырып, оны төлеу туралы шешім қабылдау үшін іс қағазын ұсынады.
7. Біржолғы өтемақы төлеуді қаржы қызметі алушының жеке шотына немесе банктердегі не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік операциялардың тиісті түрлерін жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардағы карт-шотына аудару жолымен өтініш берген сәттен бастап екі ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Кәмелетке толмаған алушыға біржолғы өтемақы төлеу бұл туралы қамқоршылық және қорғаншылық органдарына немесе оның заңды өкілдеріне бір мезгілде хабарлай отырып, өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде оның өтініште көрсетілген шотына аудару жолымен жүргізіледі.
Судьяға қызметтік міндеттерін
орындауына байланысты мертіккен
(жарақаттанған, жараланған, контузия алған,
кәсіби ауруға шалдыққан) немесе қаза
тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы
өтемақы төлеу ережесіне
1-қосымша
Кімге___________________________________________
(уәкілетті орган басшысының Т.А.Ә.)
__________________________________ мекен-жайында
тұратын ________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
өтініш иесінің СТН-і ___________________________
Біржолғы өтемақы төлеуге өтініш
Сізден _____________________________________________________
(залалдың орнын толтыру үшін негіздеме көрсетіледі)
байланысты маған біржолғы өтемақы төлеуіңізді сұраймын.
Маған тиесілі соманы _______________________________________
(банктің атауы, банктің СТН-і, банктің МФО-сы, алушының
___________________________________________________________________ жеке шотының нөмірі немесе байланыс бөлімшесі арқылы аударған жағдайда оның мекен-жайы көрсетіледі) аударуыңызды сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1.
2.
3.
_________ (күні мен өтініш берушінің қолы)
Судьяға қызметтік міндеттерін
орындауына байланысты мертіккен
(жарақаттанған, жараланған, контузия алған,
кәсіби ауруға шалдыққан) немесе қаза
тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы
өтемақы төлеу ережесіне
2-қосымша
Біржолғы өтемақы төлеуге арналған өтініштерді
тіркеу журналы
Р/с № | Өті- ніш келіп түс- кен күн | Мер- тік- кен, қаза тап- қан судья- ның Т.А.Ә. және оның ме- кен- жайы | Бір- жолғы өтем- ақы алу- шының Т.А.Ә. және оның ме- кен- жайы | Бір- жолғы өтем- ақы төлеу үшін негіз- деме | Қарау нәтижесі |
Біржолғы өтемақы сомасы | Төлем құжаты- ның нө- мірі мен күні | Бас тарту себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| | | | | | | |