жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын;
жекеше күзет ұйымының күзетшісі құжатының нысаны мен үлгісін;
жекеше күзет ұйымында күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерге нысанды киім үлгісі мен оны киіп жүру тәртібін.
аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгілік ережені;
ішкі істер органдарының білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын;
жоғары білімнің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын;
ішкі істер органдары білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу қағидаларын;
ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын;
ішкі істер органдары жүйесінде ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізу қағидаларын;
ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын;
алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды ішкі істер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын;
учаскелік полиция инспекторларын тағайындау қағидаларын;
ішкі істер органдары мамандандырылған күзет бөлімшелерінің қызмет атқаруын ұйымдастыру қағидаларын;
ішкі істер органдарындағы жедел-криминалистикалық қызметті жүзеге асыру қағидаларын;
ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын;
ведомстволық және жедел есепке алуды құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын;
жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу тактикасы қағидаларын;
ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес қылмыстық-атқару қызметі саласындағы қағидаларды және нұсқаулықтарды;
жол жүру құжатының үлгілерін;
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларды;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынаудың криминалистикалық талаптары мен әдістерін, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды
26-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
27) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) ішкі істер органдарымен бірлесіп, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнiндегi консультациялық-кеңесші орган құрады;
3) әкiмшiлiк полицияның штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен лимиттер шегiнде облыстық бюджеттер және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерi есебiнен ұстауды қамтамасыз етедi;
2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттары ахуалдық орталықтарының электрондық поштаның, бейне конференциялық байланыс және бейнебақылау жүйесінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарын қоспағанда, жанар-жағармай материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдарының коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, электр энергиясына, жылуға және көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарын қоса алғанда, қызметтік үй-жайларды, радиобайланыс құралдарын, мобильді және портативті бейнетіркегіштерді, көлік құралдарын күтіп-ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз етеді;
5) учаскелiк полиция инспекторлары қызмет көрсететiн учаскелерде оларды жиhазбен, байланыс құралдарымен жабдықталған, жұмысқа арналған үй-жаймен, сондай-ақ көлiк құралдарымен қамтамасыз етедi;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы әкiмшiлiк учаске халқының пiкiрiн ескере отырып, учаскелiк полиция инспекторларын тағайындау үшiн iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) ұйымдастырады;
3) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнiндегi консультациялық-кеңесші орган құрады;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Өзара іс-қимыл, ынтымақтастық және қоғамдық бақылау
1. Ішкі істер органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде басқа мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар ішкі істер органдарына көмек көрсетуге құқылы.
Жекелеген азаматтар өздерінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдарымен жасырын негізде ынтымақтастыққа тартылуы мүмкін. Мәжбүрлеп ынтымақтастыққа тартуға жол берілмейді.
3. Ішкі істер органдарының шет мемлекеттердің тиісті мемлекеттік органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ішкі істер органдарының қызметіне халықтың сенімін арттыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады және қоғамдық бақылау жүйесі қолданылады. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық байқау комиссиялары және Қоғамдық кеңес құрылады.
Ішкі істер министрлігі және оның аумақтық органдары:
ішкі істер органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуде оларға жәрдем көрсету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызметтік этика нормаларын бұзатын ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге мақсаттарда өзге де консультативтік-кеңесші органдарды құрады.
5-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
14-бап. Ішкі істер органдарының кадр құрамы
Ішкі істер органдарының кадрларын қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлер құрайды.
15-бап. Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлау
1. Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдары және өзге де білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ішкі істер органдарының кадр құрамын алғашқы кәсіптік даярлау, кәсіптік қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында, сондай-ақ басқа да білім беру ұйымдарында және мекемелерінде жүзеге асырылады.
3. Қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім ала алады.
16-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлері мен жұмыскерлерінің еңбегін құқықтық реттеу
1. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
2. Ішкі істер органдары жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
17-бап. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру
1. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру тәртібі мен шарттары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
2. Соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай қолданылған, терроризмге қарсы операция жүргізілген кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде ішкі істер органдарының қызметкерін тұрақты орналасқан пунктінен тыс жерде оған жүктелген міндеттерді орындауға тартуға: қызметтік уақыт режимін өзгертуге, оған қосымша міндеттер жүктеуге, басқа жерге іссапармен жіберуге, қызмет сипатын өзгертпей басқа бөлімшеге уақытша ауыстыруға, сондай-ақ қызметкердің келісімінсіз өзге де ерекше жағдайлар мен қосымша шектеулер белгілеуге жол беріледі. Мұндай жағдайларда ішкі істер органдары қызметкерінің қызмет мерзімінің бір күні үш күн болып есептеледі және үш есе мөлшерде ақшалай қамтылым төленедi.
18-бап. Ішкі істер органдарындағы қызметке байланысты шектеулер
Құқық қорғау қызметінің ерекшеліктеріне негізделген ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
19-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің өкілеттіктері
1. Ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, атқаратын лауазымына, уақытқа қарамастан, оларға қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабар берілген жағдайда не ол тікелей анықталған жағдайда құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесу, жәрдемге мұқтаждарға көмек көрсету, оқиға болған орынды күзету, сондай-ақ жақын жердегі ішкі істер органдарын хабардар ету жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
2. Ішкі істер министрлігінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспектор болып табылады.
3. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жеке адамдардың құқықтарын уақытша шектейтін әрекеттері «Заң атымен» деген сөздерді айта отырып жасалады. Әрбір адам мұндай жағдайда белсенді әрекетін тоқтатып, ішкі істер органдары қызметкерінің талаптарына мүлтіксіз бағынуға және оның қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты нұсқауларын орындауға міндетті.
4. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнің арнаулы құралдарды, атыс қаруын және өзге де қаруды алып жүруге, сақтауға және қолдануға, дене күшін, оның iшiнде жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға құқығы бар. Арнаулы құралдарды, атыс қаруы мен өзге де қаруды және дене күшін қолдану тәртiбi «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
5. Қызметкерлер ішкі істер органдарының өкілеттіктерін іске асыру кезінде:
1) жеке адамдармен қарым-қатынас кезінде өзін таныстыруға және қызметтік куәлігін көрсетуге;
2) ұсталғаннан кейін адамға оны ұстау негіздерін хабарлауға, оның өзіне және жақын туыстарына қарсы куәгер болмауға құқығы, бір рет телефон соғуға және қорғаушы алуға құқығы бар екенін түсіндіруге;
3) жеке адамның ұсталғаны туралы оның жақын туыстарына хабарлауға;
4) жеке тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтауға, азаптауды, зорлық-зомбылықты, қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын, қадір-қасиетін қорлайтын жаза қолданбауға, қасақана тән зардабын және жан азабын тарттырмауға міндетті. Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға айғақ беруге және өзін кінәлімін деп мойындауға мәжбүрлеуге тыйым салынады.
20-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімі
1. Ішкі істер органдарының қызметкерлері нысанды киіммен тегін қамтамасыз етіледі.
2. Тізбесін Ішкі істер министрі айқындайтын бөлімшелердегі лауазымдарда қызмет өткеретін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне нысанды киімнің орнына ақшалай өтемақы төленеді.
3. Ішкі істер органдарындағы қызметте он бес және одан да көп жыл еңбек сіңірген, жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқаруына байланысты ішкі істер органдарынан зейнеткерлікке шығарылған, қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алған және қызметке жарамсыз деп танылған қызметкерлердің салтанатқа және салтанатқа шығуға арналған нысанды киім киіп жүруге құқығы бар.
6-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРІ
21-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері
1. Осы Заңда белгіленген ішкі істер органдарында қызмет атқарудың ерекше сипаты мен қызметкерлердің жауапкершілігі қосымша әлеуметтік құқықтармен және жеңілдіктермен өтеледі.
2. Ішкі істер органдары қызметкерінің бiр елді мекеннен елу километрден асатын қашықтықтағы екiншi елді мекенге көшуiне байланысты қызметi ауысқан және жоғарылаған кезде оған қызметкердің өзiне екi айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде және онымен бiрге көшкен әрбiр отбасы мүшесiне жарты айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленедi.
Ішкі істер органдары қызметкерінің қызметi ауысқан және жоғарылаған кезде оған он тоннаға дейінгі жеке мүлкінің тасымалы үшін, сондай-ақ онымен бiрге көшкен отбасы мүшелерiн қоса алғанда, теміржол, су, автомобиль көлігінің жолақысы үшін шығындардың мемлекет есебінен орны толтырылады.
Ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу тәртібін Ішкі істер министрі белгілейді.
Қызметiн ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезеңінде мемлекеттік наградалармен - ордендермен марапатталған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қызметтен шығарылған кездегі біржолғы жәрдемақы мөлшері ақшалай қамтылымының екі айлықақысына арттырылады.
4. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне осы Заңда көзделмеген қосымша әлеуметтік қорғау кепілдіктерін белгілеуге құқылы.
22-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй құқықтары
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-тарауына сәйкес айқындалған, тұрғынжайға мұқтаж ішкі істер органының қызметкері және оның отбасы мүшелері қызмет өткерген кезеңге мемлекет есебінен тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі. Ішкі істер органдарының қызметкеріне қызметтік тұрғынжай берудің орнына арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй төлемдері төленеді.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Ішкі істер органдарының еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған қызметкерлерінің және теріс себептермен қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, қызметтен шығарылған және еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған қызметкерлердің, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл болған және мүгедектігі бар балаларды асырап-бағып отырған қызметкерлердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар.
3. Асыраушысынан айырылған ішкі істер органдары қызметкерінің отбасын басқа тұрғын үй берілгенше өздері тұратын қызметтік тұрғын үйден немесе қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үйден шығаруға болмайды.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелерінің қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйін өтеусіз жекешелендіріп алуға құқығы бар.
Ішкі істер органдарының берілген қызметтік тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы бар зейнеткері қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен ескерту жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ескертпе. Осы тарауда ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелері деп: зайыбы (жұбайы), ортақ немесе ерлі-зайыптылардың бірінің кәмелетке толмаған балалары (асырап алған, асырап-бағуындағы немесе қорғаншылығындағы); күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында білім алатын жиырма үш жасқа дейінгі балалары (асырап алған, асырап-бағуындағы немесе қорғаншылығындағы) және жұбайының (зайыбының) балалары; егер он сегіз жасқа дейін мүгедектігі бар адамдар деп танылған болса, мүгедектігі бар балалары (асырап алған, асырап-бағуындағы немесе қорғаншылығындағы) және жұбайының (зайыбының) мүгедектігі бар балалары; қызметкердің асырап-бағуындағы ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы түсініледі.
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
23-бап. Ішкі істер органдарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Ішкі істер органдарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
24-бап. Әскери-тергеу органдарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Әскери-тергеу органдарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Ішкі істер министрлігіне бөлінетін бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қызметтік үй-жайлар және байланыс құралдары орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің есебінен беріледі.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2,3-құжаттар; № 2, 8-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы сәуірдің 23-і.
№ 199-V