14. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамдары:
1) осы Заңның 52-2-бабында белгіленбеген талаптардың орындалуын, сондай-ақ егер мұндай талаптар Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының құзыретіне жатпаса, тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпараттар тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
4) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімінен асыруға;
5) мемлекеттік бақылау мақсатында шығынды сипаттағы іс-шараларды бақылау субъектілері есебінен жүргізуге құқылы емес.
15. Бақылау субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының объектіге тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын:
жоспарлы тексеру тағайындалған кезде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралықтары сақталмаған;
осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеру мерзімдерін тағайындау туралы актіде (болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген мерзімдерден асып кеткен не өтіп кеткен;
тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған;
тексеру мерзімдері осы бапта белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;
тексеруді тағайындау туралы акт, қызметтік куәлігі (сәйкестендіру картасы) болмаған жағдайларда, тексеруге жібермеуге;
2) егер мәліметтер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының тексеру нәтижелері туралы қорытындысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы лауазымды адамының тексеру шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио-және бейнетехника құралдарының көмегімен, сондай-ақ оның хабарламасы арқылы тіркеп-белгілеуге құқылы.
16. Бақылау субъектілері:
1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы лауазымды адамдарының тексерілетін объектінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;
3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының сұрау салуы бойынша ақпарат беруге;
4) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы қорытындыға қосу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;
5) тексеру аяқталған күні оның нәтижелері туралы қорытындыны алғаны туралы белгі қоюға;
6) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуіне жол бермеуге;
7) тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда бақылау субъектісі басшысының не оны алмастыратын адамның тексерудің тағайындалған мерзімдерінде бақылау объектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
17. Бақылау субъектілері Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мен оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының