53-2. Тіркелген қаулылар жобаларының төлнұсқалары алдын ала тексеру кезеңінде Кеңсе Басшысында қаралғанға дейін БҚҚБ-да сақталады.
Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараған болса) Заң бөліміне жіберіледі.
Заң бөлімінің және БҚҚБ меңгерушілерінің қаулылардың жобалары туралы баяндамасының қорытындысы бойынша Кеңсе Басшысы мынадай шешімдер қабылдайды:
1) Үкімет мәжілісіне шығарылсын;
2) Кеңсенің тиісті бөлімінде пысықталсын және Үкімет мәжілісіне шығарылсын;
3) әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарылсын.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-3-тармақ өзгертілді
53-3. Нөмірге қайта (олар алдын ала тексерілгеннен кейін) келіп түскен (Үкімет пен Кеңсе басшылығы бұрын берген тапсырмаларды орындау үшін) Үкімет қаулыларының жобалары, егер оларды осы құрылымдық бөлімше алдын ала қараған болса, Кеңсенің орындаушы құрылымдық бөлімшесіне (олардың құзыретіне сәйкес) тікелей жіберіледі.
Нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараса) Заң бөлімінің қабылдау бөлмесіне беріледі.
53-4. Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша ауытқыған қаулылардың жобалары туралы ақпарат олардың құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 53-5-тармақпен толықтырылды
53-5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде ескертулер болған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының тиісті тапсырмасы түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Үкімет қаулысының немесе Премьер-Министр өкімінің жобасын жұмыс тәртібімен пысықтайды.
4.6. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын қабылдамау және пысықтауға қайтару
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 54-тармақ өзгертілді
54. Жоба пысықтауға:
1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;
2) жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде дәлме-дәлдіктің болмауы, осы Регламенттің, Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзушылықтар, жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкессіздігі анықталған жағдайда Кеңсе Басшысының немесе оның міндеттерін атқарушы адамның шешімі бойынша;
3) Үкімет мәжілісінің хаттамасы негізінде;
3-1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын таныстыру хаттамасы негізінде;
3-2) Премьер-Министрдің орынбасарлары мен Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің Премьер-Министрмен келісілген хаттамасы негізінде;
4) Кеңсе Басшысының қарарымен жұмыс тәртібімен;
5) ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің ескертулері бойынша жобаны жұмыс тәртібімен пысықтауға бөлінген 3 (үш) жұмыс күні мерзімі бұзылған жағдайда қайтарылуы мүмкін.
55. Жобаларды пысықтау мақсатында әзірлеуші мемлекеттік органның мүдделі органдар өкілдерінің қатысуымен жедел кеңестер шақыруға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 56-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 56-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
56. Егер қайтарылатын жобаларға тапсырмаларда өзгеше мерзім көрсетілмесе, жобаларды пысықтауды және енгізуді әзірлеуші мемлекеттік орган қайтарылған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде (жұмыс тәртібімен пысықталатын жағдайларды қоспағанда) жүзеге асырады. Пысықтау мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсеге пысықталған жобаны (мүдделі мемлекеттік органдардың хаттарын қоса бере отырып, Кеңсеге бұрын енгізілген қаулы жобасын қоса беруге рұқсат етіледі) не жобаны қараудан алу туралы жазбаша өтінішті ұсынуы тиіс. Қаулылардың жобаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді пысықтауды Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Кеңсе жүзеге асыруы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 57-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
57. Қажет болған кезде Үкіметтің басшылығы және Кеңсе Басшысы
әзірлеуші мемлекеттік органдардың жобаларды пысықтау және оларды Кеңседе келісуді қысқартуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 58-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
58. Премьер-Министр, оның орынбасарлары не Кеңсе Басшысы қаулының (өкімнің) жобасын қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізу үшін кез келген тиісті ұйымға жібере алады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 59-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
59. Жоба:
1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;
2) Үкімет отырысы хаттамасының негізінде;
3) Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысының шешімі бойынша қараудан алынуы мүмкін.
4.7. Үкімет қаулыларының жобаларын Үкіметтің дауыс беруіне шығару
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 60-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 60-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
60. Премьер-Министр не Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысы қаулының жобасын дауыс беру үшін Үкіметтің мәжілісіне шығарады немесе сырттай дауыс беру тәртібімен (әдетте, шұғыл, құпия сипаттағы немесе жабық отырыстарда қаралуға тиіс) Үкімет мүшелеріне жібереді.
Республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған, Үкімет резервінен қаражат бөлуге, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою және гуманитарлық көмек көрсету мәселелеріне байланысты, сондай-ақ Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының жазбаша не ауызша тапсырмасы бар жобаларды қоспағанда, Үкімет мәжілісіне қаулы жобалары Кеңсеге түскенінен кейін кемінде 10 (он) жұмыс күні өткен соң шығарылады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 61-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 61-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
61. Қаулылардың жобаларын қарауды Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы мәжілістің күн тәртібіне енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістеріне қарауға шығарылатын қаулылар жобаларының тізімі мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелері көмекшілерінің мобильдік құрылғыларына жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 62-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
62. Үкіметтің мәжілістерінде қаулының жобасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Жоба бойынша «осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі дайындаған анықтамаға сәйкес қолда бар ескертулер мен ұсыныстар жөнінде Кеңсе Басшысы баяндайды.
63. Әрбір Үкімет қаулысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелері көрсетіліп, хаттамалық шешім қабылданады.
64. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 65-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
65. Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша өткізіледі.
66. Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі жоба бойынша материалдарды дауыс беру үшін жіберген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр және Кеңсе Басшысы Премьер-Министрмен келісім бойынша сырттай дауыс беру мерзімдері қысқартылуы мүмкін.
67. Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Премьер-Министрдің Кеңсесіне жазбаша жауаптар жібереді, онда өздерінің пікірін білдіреді. Жазбаша жауап көрсетілген мерзімде берілмеген жағдайда Үкімет мүшесі жобаны қабылдауға дауыс берді деп саналады. Дауыс беруді Үкімет мүшелері алмастыру құқығынсыз өткізеді.
68. Егер жоба бойынша Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілігі жобаны қабылдауға дауыс берсе сырттай дауыс беру өткізілді деп саналады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 69-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
69. Қаулы жобасы бойынша сырттай дауыс беру нәтижелері осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және тәртіппен ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 70-тармақ өзгертілді
70. Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Премьер-Министр қол қояды. Премьер-Министр болмаған кезде Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Премьер-Министр белгілеген тәртіппен оны алмастыратын тұлға немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға қол қоя алады.
Үкімет қаулыларының жобалары оларды Үкімет мәжілісінде қарағаннан кейін үш күннің ішінде Премьер-Министрдің қол қоюына ұсынылуға тиіс. Үкімет қаулылары жобаларының Кеңседе өтуінің жалпы мерзімі алдын ала тексеруді қоспағанда - 20 (жиырма) жұмыс күнінен, Премьер-Министр өкімдері - 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс. Үкімет басшылығының тапсырмасымен әзірленген шұғыл жобалар бойынша олардың Кеңседе өтуінің өзге қысқартылған мерзімі белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 70-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 70-1-тармақ жаңа редакцияда
70-1. Үкімет отырысында (сырттай дауыс беру тәртібімен) қабылданған қаулылардың (кадрлықтан басқа) жобалары бойынша Кеңсе Басшысы дауыс беру қорытындылары туралы анықтамаға қол қояды және Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 70-2-тармақпен толықтырылды
70-2. 70-1-тармақта көрсетілген жобалар бойынша Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама жасайды.
71. Қаулының (өкімнің) түпнұсқасына оған қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізуге тыйым салынады.
4.8. Үкіметтің қаулыларын (Премьер-Министрдің өкімдерін) тіркеу және есепке алу
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 72-тармақ өзгертілді
72. Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін тіркеуді және есепке алуды Кеңсе жүзеге асырады.
Қол қойылған Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Кеңсенің құжаттамалық қамтамасыз ету үшін жауапты бөлімшесі:
1) құпия емес қаулылар үшін - күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен, өкімдер үшін - дефис арқылы «ө» әрпін қойып, күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен;
2) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таралуы шектеулі қаулылар мен өкімдер үшін - құпия емес қаулылар (өкімдер) үшін кезекті реттік нөмірден және»«қпү» кіші әріптерінен;
3) аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар мен өкімдер үшін - құпия қаулының (өкімнің) кезекті есепке алу нөмірін дефис арқылы берілген құпиялық белгісіне сәйкес»«аса м» -» «аса маңызды», «өқ» -» «өте құпия», «қ» - «құпия» кіші әріптерімен бірге қойып, құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден;
4) ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Ерекше жағдайларда Премьер-Министрмен келісу бойынша Кеңсе Басшысының нұсқауымен қаулыларға (өкімдерге) тиісті құрылымдық бөлімшенің жазбаша өтініші негізінде құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден кейін дефис арқылы қойылатын цифрлы литері бар тіркеу нөмірі жоғарыда көрсетілген тәртіппен берілуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2011.30.07 № 885 Қаулысымен 72-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 72-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
72-1. Премьер-Министр қол қойған Үкімет қаулыларының түпнұсқаларына тіркеу нөмірі берілгеннен кейін Үкіметтің елтаңбалық мөрмен куәландырылады.
73. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің түпнұсқалары Кеңседе тұрақты сақталатын құжаттарға жатқызылады және Кеңседе кемінде 15 жыл сақталады, осы мерзім өткеннен кейін олар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына мемлекеттік сақтауға беріледі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 74-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 74-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 74-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 74-тармақ өзгертілді
74. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің расталған көшірмелерін уақтылы шығаруды және таратуды Кеңсе жүзеге асырады. Қажет болған кезде қаулылардың (өкімдердің) қосымша даналары тиісті мемлекеттік органның (әзірлеушінің) не ПМК құрылымдық бөлімшесінің жазбаша өтініші негізінде Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Құпия сипаттағы қаулылар мен өкімдердің расталған көшірмелері немесе олардың үзінді көшірмелері белгіленген тәртіппен адресаттардың шектеулі санына жіберіледі.
Техникалық қателер анықталған кезде құпия емес Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің бұрын жіберілген даналарын ауыстыру тиісті мемлекеттік органның (әзірлеушінің) жазбаша өтініші (сұрау салуы) және/немесе ПМК жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметтік жазбахаты негізінде Кеңсе Басшысының рұқсатымен жүргізіледі. Бұл ретте бастапқы жіберілген даналарды қағаз жеткізгіштерде алғандарға «Бұрынғы жіберілгеннің орнына» («Взамен ранее разосланного») мөртаңбасы басылып, қаулылардың (өкімдердің) түзетілген нұсқалары қайта жіберіледі. Түзетілген, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, осы Регламентте белгіленген тәртіппен жасалатын және қайта қол қойылатын электрондық құжат нысанындағы қаулылар (өкімдер) мемлекеттік органдарға таратуға сәйкес жіберіледі. Адресаттар жоғарыда көрсетілген мөртаңбасы бар түзетілген нұсқаны алғаннан кейін қаулылардың (өкімдердің) бұрын жіберілген қағаз даналарын Кеңсеге дереу қайтаруға тиіс, ал электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық ресурстарды қорғау саясатының талаптарына сәйкес жойылуға тиіс.
Жариялануға тиіс барлық қаулылар Премьер-Министрдің Баспасөз қызметімен келісіледі.
Кеңсе Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін тарату кезінде Әділет министрлігіне жіберген, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған ілеспе электрондық құжатта құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде мәліметтердің деректерін орналастыру үшін оларды әзірлеуші мемлекеттік органды көрсетеді.
ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 75-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
75. Үкіметтің нормативтік қаулысы қабылданғаннан кейін министрліктер мен олардың ведомстволары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бір ай мерзімде өздерінің актілерін Үкімет қабылдаған қаулыға сәйкес келтіруге және қажет болған кезде оны іске асыру мақсатында тиісті актілер шығаруға міндетті.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 75-1-тармақпен толықтырылды
75-1. Мемлекеттік органдардың ведомстволық актілерін және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларын қабылдауға байланысты, тиісті заңнамалық актіні іске асыру үшін әзірленген тапсырмаларды бақылаудан алу Кеңсеге Әділет министрлігінде және оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркелгені туралы ақпарат түскеннен кейін жүзеге асырылады.
76. Мемлекеттік органдар республиканың заңнамасына қайшы келетін және құқықтың ескірген нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін өздері әзірлеуші болып табылған, қабылданған қаулылардың (өкімдердің) тұрақты мониторингін жүзеге асыруға міндетті.
77. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдаған орган таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда, оның актілерінің күші жойылды деп тану туралы, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін оның құқықтық мирасқоры немесе жоғары тұрған орган шешеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 5-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Үкімет енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын дайындау және келісу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 78-тармақ өзгертілді
78. Үкімет енгізетін Президент актілерінің жобаларын дайындауды қолданыстағы заңнамаға және осы Регламентке сәйкес тиісті орган жүзеге асырады.
Президент актілерінің жобалары Кеңсеге осы Регламентте Үкіметтің қаулылары үшін көзделген тәртіппен енгізіледі.
Президент актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне Үкімет қаулыларымен не Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) хаттарымен енгізіледі, сондай-ақ бір мезгілде Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы электрондық құжаттар форматында (нысанында) беріледі. Бұл ретте, әдетте, хаттармен Президент Әкімшілігі бұрын пысықтау үшін қайтарған жобалар қайта енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын дайындауды тиісті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес өз бастамалары бойынша не жоғары тұрған мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тапсырмасы бойынша жүзеге асырады.
Әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындаған Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобалары Премьер-Министрдің Кеңсесіне бірінші басшының ілеспе хатымен енгізіледі.
Кеңсеге енгізілетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет және Қаржы министрліктерінің бірінші басшылары міндетті түрде бұрыштама қояды.
Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасьі мен оның қосымшасының әр парағына, егер актінің жобасы екі және одан көп парақтан тұратын болса, акті жобасының бірінші парағын қоспағанда, әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қояды.
Егер тапсырмаларда өзгеше мерзім көрсетілмесе, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын пысықтауды және енгізуді әзірлеуші мемлекеттік орган қайтарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Кейіннен қосымша нормативтік құқықтық актілер қабылдауды талап ететін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына құзыреттері Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасында белгіленетін әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшылары дәйектеген тиісті қосымша нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық шарттар мен келісімдер туралы актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне халықаралық құжаттарға қол қою белгіленген күнге дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын берілуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.12.02. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1524 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 79-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 79-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 79-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
79. Үкімет Президент Әкімшілігіне енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған жобалары мыналарды қамтуға тиіс:
1) Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын енгізу туралы Үкімет қаулысының белгіленген тәртіппен Үкіметтің мөрімен куәландырылған көшірмесі немесе Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы адамның) Қазақстан Республикасының Президентіне арналған хатының түпнұсқасы не Премьер-Министрдің немесе оны алмастырушы адамның ілеспе хаты;
2) Премьер-Министр (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы адам), Кеңсе Басшысы, жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет және Қаржы министрліктерінің басшылары бұрыштама қойған Қазақстан Республикасының Президенті актісінің тиісті бланкідегі жобасы. Мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бұрыштамалары Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы жобасының келісу парағына ғана қойылады. Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы мен оған қосымшаның әр парағын жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы дәйектеуге тиіс.
Кеңседе пысықталған, Қазақстан Республикасының Президенті актісінің енгізілетін жобасына Үкіметке енгізілген Қазақстан Республикасының Президенті актісінің әзірлеуші органның, Әділет, Қаржы министрліктерінің бірінші басшыларының бұрыштамасы бар жобасын қоса беруге рұқсат етіледі.
Премьер-Министрдің Кеңсесінде пысықталған Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасына Премьер-Министр, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы, әзірлеуші органның, Әділет, Қаржы министрліктерінің бірінші басшылары тиісті бланкіге бұрыштама қояды;
3) егер Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларының көшірмелері;
4) көлемі 3 (үш) парақтан аспайтын, ал күрделі мәселелер бойынша 5 (бес) парақтан аспайтын түсіндірме жазба, онда мәселенің мәні, әлеуметтік-экономикалық және қажет болса, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де негіздемелер, жобаны қабылдаудың күтіліп отырған салдарының болжамы, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарт жасасу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын әзірлеген кезде акт жобасына түсіндірме жазбада жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер, сондай-ақ негіздемелерімен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар; осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің бұрын қабылданған актілерінің тізбесі және олардың орындалуы туралы ақпарат.
Үкімет енгізетін Қазақстан Республикасы Президентінің актісі жобасына түсіндірме жазбаға Премьер-Министр қол қояды;
4-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми сараптаманы өткізу міндетті болған жағдайда - халықаралық шарт жобасы не Қазақстан Республикасы қатысуға ниет білдірген халықаралық шарт бойынша жүргізілген ғылыми сараптаманың нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды;
5) егер актінің жобасы қолданыстағы Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағын дәйектеген және қол қойған, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар Қазақстан Республикасының Президенті актісінің қолданыстағы және ұсынылатын редакциясының салыстырма кестесі;
6) Жарлық жобасының қағаз жеткізгіште және PDF форматында электрондық нысанда ресімделген келісу парағы;
7) Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасында белгіленетін әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тікелей құзыреті болған жағдайда, олар дәйектеген, қабылдануы енгізілетін Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын іске асыру үшін қажет нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобалары;