8) қағаз жеткізгіште және PDF форматында электрондық нысанда ресімделген актінің жобасында мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқаратын адамдардың қолдары болған жағдайда, оларға міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтың немесе өкімнің көшірмесі;
9) өзге қажетті материалдар.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 79-1-тармақпен толықтырылды
79-1. мемлекеттік органдар тоқсанның соңғы айының 30 күніне дейін мониторингтің нәтижелері туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда тиісті жарлықтарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсынысты Президент Әкімшілігіне жібереді.
6. Үкіметтің заң шығару қызметі
6.1. Заң шығару қызметін жоспарлау
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 80-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
80. Үкіметтің заң шығару қызметі Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарына және Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 80-1-тармақпен толықтырылды
80-1. Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары Парламенттің кезекті сайланымы кезеңіне қабылданады және олардың шеңберінде Парламент сессиялары бойынша заңнамалық актілердің жобаларын (Парламенттің және оның палаталарының қаулыларын қоспағанда) дайындау болжанатын заңнама салаларын (аясын) көрсетеді.
Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары Парламент палаталары мен Үкіметтің топтастырылған ұсыныстарының негізінде жасалады.
Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын Әділет министрлігі әзірлейді, оны Үкімет Парламент палаталарының төрағаларымен келісу үшін енгізеді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын іске асыру мақсатында Үкімет бір жылға жасалатын заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларын (бұдан әрі - Жоспар) бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 81-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 81-тармақ жаңа редакцияда
81. Алдағы жылға арналған Жоспарды қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары мен жыл сайынғы Жолдауын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын, мемлекеттік бағдарламалар мен Үкімет бекітетін бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Үкіметтің шешімдерін, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген нормативтік құқықтық актілердің, заңдардың құқықтық мониторингі нәтижелерін, сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімдерін ескере отырып жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 82-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен 82-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 82-тармақ өзгертілді
82. Алдағы жылға арналған Жоспардың жобасын Әділет министрлігі, Әділет министрлігіне жыл сайын 1 шілдеге дейін мемлекеттік органдар ұсынатын заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) оң қорытындысы негізінде қалыптастырады.
Қалыптастырылған Жоспардың жобасы жыл сайын 1 қазанға дейін Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіппен Үкіметке ұсынылады. Бұл ретте Әділет министрлігі Жоспардың жобасына енгізілген әрбір заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесін қамтитын анықтаманы Жоспардың жобасына қоса береді.
Жоспар жобасы Мемлекет басшысына жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін ұсынылады және 31 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.
Мемлекеттік органдар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін Заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасына ұсыныстарын уақтылы бермеген жағдайда, Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органның басшысына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға заң қызметі басшысын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.
Заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасына ұсыныстар болмаған жағдайда тиісті мемлекеттік орган Әділет министрлігіне ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жібереді.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 83-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
83. Жоспарды Қазақстан Республикасының Президентімен келісу «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 84-тармақ өзгертілді
84. Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзімін ауыстыру туралы, сондай-ақ заң жобаларын ағымдағы жылдьщ Жоспарынан алып тастау немесе оған қосымша заң жобаларын енгізу туралы мәселелер алдын ала Президент Әкімшілігімен келісілген Үкіметтің тиісті қаулыларын қабылдау жолымен шешіледі.
Заң жобаларын қабылданған Жоспарға енгізу негіздері:
1) Мемлекет басшысының не Президент Әкімшілігінің тапсырмалары;
2) Үкімет басшылығының тапсырмалары болып табылады.
Заң жобаларын қабылданған Жоспардан алып тастау негіздері:
1) Мемлекет басшысының немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі басшылығының тапсырмалары;
3) алып тастауға ұсынылатын заң жобасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясының теріс қорытындысы;
4) бірнеше заң жобаларын реттеудің бір нысаны бойынша біріктіру болып табылады.
Кейіннен заңнамалық қамтамасыз етуді көздейтін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын, тұжырымдамаларды, Үкіметтің іс-шараларын әзірлеу кезінде әзірлеуші осындай құжаттардың жобаларымен қатар Ведомствоаралық комиссияның қарауына тиісті заң жобаларының тұжырымдамаларын ұсынады.
Егер заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, ол кейіннен заңнамалық қамтамасыз етуді көздейтін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын, тұжырымдамаларды, Үкіметтің іс-шараларын әзірлеуші мемлекеттік органның сұрау салуы бойынша заң жобасының тиісті тұжырымдамасын ұсынады.
Мемлекеттік және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудің жаңа тетіктерін енгізу Жоспарға өзгерістер және толықтырулар енгізумен бірге жүргізілуге тиіс.
Мемлекеттік органның бастамасы бойынша жоспарда көзделген заң жобаларын алып тастаған не мерзімдерін ауыстырған жағдайда, бірінші басшысының заң жобасын әзірлеуге тікелей жауапты орынбасарынан төмен емес лауазымды адамның жауапкершілігі мәселесі қаралады.
Қабылданып қойған заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның қолы қойылып, Президент Әкімшілігіне келісуге ұсынылады. Актінің жобасына заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар негізделген тиісті түсіндірме жазба, сондай-ақ тиісті хаттамалардың көшірмелері, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының тиісті тапсырмаларының көшірмелері міндетті түрде қоса беріледі.
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 84-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 84-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 84-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
84-1. Премьер-Министрдің немесе Кеңсенің атына Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделмеген заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныспен жүгінген жағдайда, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган алдын ала тиісті заң жобасының тұжырымдамасын әзірлейді және Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қарау үшін Әділет министрлігіне ұсынады.
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң шешімі болмаған жағдайда, Кеңсе жоспардан тыс бастама жасалған заң жобасын әзірлеу туралы ұсынысты қарамай қайтаруы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен 85-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.08.06. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 85-тармақ өзгертілді
85. Ағымдағы жоспардың және заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарының орындалуын жалпы бақылауды Әділет министрлігі жүзеге асырады.
Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган басым заң жобаларын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өткізілуі туралы ақпаратты, сондай-ақ Жоспардың орындалу барысы туралы есепті әр айдың 20-сынан кешіктірілмейтін мерзімде Әділет министрлігіне береді.
Әділет министрлігі ай сайын Үкіметтің заң жобалау қызметінің барысын қорытады және есепті айдан кейінгі айдың 1-іне қарай Кеңсеге ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есепті, басым заң жобалары мен Президент тапсырмасы бойынша әзірленетін заң жобалары жөніндегі, жоспарланған заң жобаларының мемлекеттік органдар мен Парламентте өтуі, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеу мерзімінің ықтимал бұзылуы туралы ақпарат береді және заң жобаларын әзірлеу мерзімінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.
Жоспарланған заң жобаларын әзірлеу мерзімі бұзылған кезде Кеңсе Әділет министрлігі ақпаратының негізінде Премьер-Министрге заң жобаларын әзірлеу мерзімінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізе алады.
Жоспарда көзделген заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке ұсыну мерзімдерін ауыстырудың объективті себептері туындаған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган Үкіметке және (немесе) Парламентке заң жобасын енгізу мерзімінен бір ай бұрын Кеңсе атына заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке Жоспарда көзделген ұсыну мерзімдерін ауыстыру себептерін көрсете отырып, негіздеме-хат жолдайды.
Заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке ұсынудың Заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделген мерзімдерін қайтадан ауыстыру туралы мәселе бастамасын Кеңсе уәкілетті мемлекеттік органдағы заң жобасын әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың көшірмесі және Жоспарда көрсетілген заң жобаларын әзірлеуге және енгізуге жауапты лауазымды адамға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс болғанда ғана қарайды.
Үкіметтің ағымдағы заң жобалау жұмыстарының жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Үкімет қаулыларының жобаларын Кеңсенің жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі Үкіметтің Парламенттегі өкілдігімен келіседі.
86. ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен 87-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
87. Заң жобаларын әзірлеудің және ұсынудың сапасы, уақтылығы үшін Жоспарда көрсетілген лауазымды адамдар дербес жауапты болады.
Заң жобаларының сапасын, уақтылы әзірленуі мен ұсынылуын жалпы үйлестіруді және бақылауды заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдарының бірінші басшылары жүзеге асырады.
6.2. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 88-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
88. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру, сондай-ақ олар бойынша келіспеушіліктерді қарау тәртібі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.
ҚР Үкіметінің 2011.05.04. № 359 Қаулысымен 88-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен 88-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 88-1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 88-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
88-1. Заң жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге сәйкестігі тұрғысынан заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, мемлекеттік басқару және жоспарлау, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік саясат мәселелеріне жауапты Ұлттық экономика министрлігімен, сондай-ақ заң жобасын республикалық бюджет қаражатымен қамтамасыз етуге жауапты Қаржы министрлігімен міндетті түрде келісілуге тиіс. Әділет және/немесе Ұлттық экономика және/немесе Қаржы министрліктері теріс қорытынды берген жағдайда, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, заң жобасы Кеңсеге енгізілмейді.
Бұл ретте Ұлттық экономика, Әділет және Қаржы министрліктері заң жобалары барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін келіседі.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.27.05. № 590 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 89-тармақ өзгертілді
89. Халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшін жою туралы және оған қосылу туралы заң жобаларын әзірлеу және енгізу «Халықаралық шарттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Парламент қарауына Үкімет енгізетін заң жобалары бойынша заң жобасында реттелетін құқықтық қатынастарға қарай тиісті ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық және басқа да) сараптаманың жүргізілуі міндетті. Қабылдаудың болжамды салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
Парламенттің қарауына Үкімет енгізетін халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы қатысуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасына сәйкес жүргізілген халықаралық шарттарға ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды қоса беріледі.
ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.27.05. № 590 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 90-тармақ өзгертілді
90. Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган жобаға тиісті ғылыми сараптама (оның ішінде міндетті ғылыми лингвистикалық сараптама) жүргізуді қамтамасыз етеді, оның нәтижелері бойынша қорытынды ұсынымдық сипатта болады (барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда).
Әзірлеуші көрсетілген қорытындыларды заң жобасына басқа материалдармен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде Кеңсеге міндетті түрде енгізеді. Ғылыми сараптаманың теріс қорытындысы кезінде (мемлекеттік экологиялық сараптаманы, оның нәтижелері бойынша заң жобасында міндетті түрде жойылуға тиіс ескертулерді қоспағанда) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес заң жобасын пысықтау, сондай-ақ қайтадан немесе қосымша сараптама жүргізу туралы өз бетімен шешім қабылдайды.
Заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдар қабылданбаған жағдайда, әзірлеуші заң жобасына анықтама парақта қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1524 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.24.04. № 288 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 91-тармақ өзгертілді
91. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заңдардың жобалары сараптамалық қорытындылар алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберіледі, олар ұсынымдық сипатта болады және заң жобалары қабылданғанға дейін оларға міндетті қосымшалар болып табылады.
Жобаны әзірлеуші сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда заң жобасына анықтама парақта сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне дәлелді негіз келтіруге тиіс.
Реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін заң жобалары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдануы тиіс.
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен 91-1-тармақпен толықтырылды
91-1. Егер Қазақстан Республикасы заңының қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажет болса, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын жан-жақты пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың қарауына заң жобасын іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бір мезгілде енгізеді.
Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда ол заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның сауалы бойынша заңға тәуелді актінің тиісті жобасын ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 91-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.05.03. № 213 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1524 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 91-2-тармақ өзгертілді
91-2. Әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында заң жобасын, түсіндірме жазбаны және оған қажетті басқа құжаттарды осы Регламенттің 95-тармағының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады, ол туралы заң жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.
Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен сараптамалық қорытындылар түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал олармен келіспеген жағдайда, қабылдамау себептерінің дәлелденген негіздемесін орналастырады.
Әзірлеуші мемлекеттік орган әлеуметтік мәні бар заң жобасын әзірлеген күннен бастап өзінің интернет-ресурсында (веб-сайтында) мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда, өзге тілдерде баспасөз релизін орналастырады.
Әлеуметтік мәні бар заң жобасы деп адам мен тұтастай алғанда, қоғамның құқықтары мен мүдделерін тікелей немесе жанама қозғайтын заң жобасын түсіну керек.
6.3. Заң жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 92-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
92. Жоспар негізінде заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар Кеңсеге заң жобаларын Үкімет қаулыларының Парламент Мәжілісіне осы заң жобаларын енгізу туралы жобаларымен бірге белгіленген тәртіппен енгізеді.
Заң жобасын Үкіметке енгізу мерзімі бұзылған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасымен бір мезгілде заң жобасын әзірлеуге және Парламентке енгізуге жауапты тиісті саяси мемлекеттік қызметшіні жазалау туралы ұсыныс енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 93-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
93. Заң жобаларын Кеңсеге енгізу тәртібі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.
94. Кеңсеге енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары заңға бағынысты актілерді кейіннен қабылдауды көздейтін жіберілетін нормалардың ең аз санын қамтуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.05.04. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.27.05. № 590 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.12. № 1524 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 95-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 95-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.24.04. № 288 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 346 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 95-тармақ өзгертілді
95. Кеңсеге заң жобасы бойынша енгізілетін материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған:
1) заң жобасын (оның ішінде электрондық жеткізгіштерде) және әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағын дәйектеген, Үкімет қаулылары үшін осы Регламенттің 4.2-бөлімінде белгіленген тәртіппен келісілген (бұрыштама қойылған) осы заң жобасын (заң жобаларын) Парламент Мәжілісіне енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын;
2) осы Регламенттің 4.5-бөлімінің талаптарына сәйкес дайындалған Үкімет қаулысының жобасына түсіндірме жазбаны;
3) заң жобасы мақсаттарының, міндеттері мен негізгі ережелерінің жан-жақты сипаттамасымен бірге жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі бар заң жобасына (заң жобаларына) түсіндірме жазбаның (жазбалардың), оның ішінде электрондық құжаттар форматындағы жобасын;
4) қабылданатын Заңның қолданылуының ықтимал экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарының болжамдарын.
Қабылданатын Заңның қолданылуының әлеуметтік және экономикалық салдарын бағалау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қабылданатын заң жобаларының қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ресімделеді;
5) егер заң жобасын іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуға немесе шығыстарын ұлғайтуға әкеп соқтыратын болса, қаржы-экономикалық есептемені;
6) заң жобасын (заң жобаларын) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағын (парақтарын);
7) заң жобасында реттелетін құқықтық қатынастарға байланысты ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық және басқа) сараптаманың нәтижелері бойынша қорытындыларды, ал халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары бойынша осы шарттармен реттелетін құқықтық қатынастарға байланысты ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) сараптаманың нәтижелері бойынша қорытындыларды қамтуға тиіс.
Ғылыми сараптаманың қорытындысымен (қорытындыларымен) келіспеген жағдайда, заң жобасын әзірлеуші тиісті қорытындымен келіспеу себептерінің жазбаша дәлелденген негіздемелерін келтіруі тиіс.
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұза отырып, міндетті ғылыми сараптама аталған шарттарға қол қойылғанға дейін жүргізілмеген халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобаларын Кеңсе тіркемей, әзірлеуші мемлекеттік органдарға қайтарады.
Аталған талаптың орындалуын халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары Кеңсеге түскен кезде Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі тексереді;
8) заң жобасын (заң жобаларын) әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қойған ілеспе хатты, бұл ретте Үкіметтің тиісті заң жобасы туралы қаулысының әрбір жобасы жеке ілеспе хатпен енгізіледі;
9) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағын дәйектеген және заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қойған салыстырма кесте қоса беріледі. Бұл ретте енгізілетін түзетулердің негіздемелері оларды енгізудің қажеттілігін және орындылығын нақты көрсетуі қажет (қажет болған жағдайда практикадан мысалдар келтіруге болады);