163) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында олардың қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асырады;
164) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
165) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды, аспаптарды, құрал-саймандарды байқаудан өткізуді, бақылауды, оларды тіркеу сынақтарын жүзеге асырады, ветеринариялық препараттардың, жемшөп және жемшөптік қоспалардың Мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
165-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру мен жүргізу және одан үзінді беру қағидаларын бекітеді;
166) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
167) жеке және заңды тұлғаларға экспорттау, импорттау және транзиттеу еліндегі эпизоотиялық ахуал туралы ақпарат ұсынады;
168) жаңа ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөптік қоспаларға қорытындылар береді;
169) тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаттар береді;
170) жеке және заңды тұлғаларға жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп және жемшөптік қоспаларды өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы келіседі;
171) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) және пайдалану жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
172) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, пайдалануды және есептен шығаруды ұйымдастырады;
173) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
174) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келіседі;
175) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін лицензиялауды жүзеге асырады;
176) жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуын және олардың улануының себептері мен шарттарын анықтайды және белгілейді;
177) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
178) шекаралық және кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалданатын (орны ауыстырылатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастырады;
179) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
180) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу туралы және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына рұқсат беретін ұйымдарды айқындау туралы шешім шығарады;
180-1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер береді;
181) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушы штаммдардың пайдаланылуын, тасымалдануын (жеткізілуін), сақталуын және жойылуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
182) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден әкелінетін жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулардың енуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастырады;
183) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
184) ішкі сауда объектілерінде, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіру, дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын жүктерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде шекаралық және кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-түс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде), сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантиндік аймақтарда және қолайсыз пункттерде жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын, таралуын болдырмау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларын басқа мемлекеттерден әкелуден және олардың таралуынан қорғау бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының ветеринария саласындағы талаптарын сақтау тұрғынына күн сайынғы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
185) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуді жүзеге асырады;
186) эпизоотиялық мониторингті, эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларды тексеруді жүргізеді;
187) халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты қоса алғанда, экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі қолда бар тиісінше ақпарат негізінде жеткіліксіз болып табылған жағдайда уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралар енгізеді;
188) аумақты немесе оның бір бөлігін аурулар таралмаған немесе аурулар аз таралған деп айқындайды, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, импорттайтын елге растауды ұсынады және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекциялау жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
189) Қазақстан Республикасында алғашқы рет өндірілетін (дайындалатын) және оның аумағына алғашқы рет әкелінетін (импортталатын) жемшөптік қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
190) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (дайындауға), әкелуге (импорттауға), қолдануға және өткізуге рұқсат етілген Жемшөптік қоспалардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
191) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық құжаттарды береді;
192) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын келіседі;
193) «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар береді;
194) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілерінің есепке алу нөмірлерін береді және олардың тізілімін жүргізеді;
195) мыналарға:
Қазақстан Республикасының ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша олардың ветеринариялық-санитариялық сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
196) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
197) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын қауіпті тамақ өнімдерін өткізуді анықтау және оған жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілерін ветеринариялық-санитариялық бақылауды, қадағалауды және мониторингілеуді жүзеге асырады;
198) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
199) ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 901 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
200) - 206) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
207) ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 934 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
208) - 245) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
246) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
247) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
248) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
249) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
250) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
251) - 260) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
261) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
262) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
263) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
264) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
265) - 271) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
272) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
273) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
274) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
275) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
276) - 292) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
293) ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 934 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
294) - 310) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
311) Комитеттің, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің бюджеттік өтінімдерін дайындауды, оны Министрлікке ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
312) - 325) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
326) ҚР Үкіметінің 2018.17.07. № 437 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
327) - 345) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
346) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан:
жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
ветеринариялық препараттарды өндіруді жүзеге асыратын адамдарда;
мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;
шекара және кеден пункттерінде (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру, экспорттау (импорттау) және транзиті кезінде;
экспорт (импорт) және транзит кезінде жануарлар ауруларының қоздырғыштарын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
экспорт (импорт) және транзит кезінде тасымалдау (орнын ауыстыру) бағдары өтетін мал айдау жолдарында, бағдарларда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспорт (импорт) және транзит кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ құзыреті шегінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
құзыреті шегінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функцияларының жүзеге асырылуын қоса алғанда, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда және оның бөлімшелерінде функциялардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
346-1) автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, шекара және кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
347) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
348) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
349) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
350) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
351) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
352) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
353) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
354) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
355) ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 934 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
356) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
357) ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 934 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
358) ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 934 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
359) Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесе отырып, асыл тұқымды өнімді (материалды) бағалауға және генетикалық бақылауға арналған әдістемелер мен техникалық құралдарды әзірлеуді жүзеге асырады;
360) екі немесе одан көп облыс аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу немесе оны жою туралы шешім қабылдайды;
361) халықаралық нормалар мен ұсынымдардың талаптарын ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелді бағалаудың ғылыми қағидаттары негізінде ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп, карантиндік шаралар әзірлейді;
362) статистикалық әдіснаманы әзірлеу мен қалыптастыруға уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қатысады;
363) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі жоспарын бекітеді;
364) тармақша 2019 ж. 11 сәуірде қолданысқа енгізілді
364) техникалық регламенттерді әзірлеу туралы ұсыныстарды дайындайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді, сондай-ақ құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарайды және стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындайды;
365) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, сәйкестікті растау органдарын және сәйкестігі міндетті түрде расталуға тиіс өнімдер жөнінде зертханалар құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
366) стандарттар мен өзге де құжаттар әзірлеу жөніндегі жоспарларды әзірлеу мен іске асыруды және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үндестіруді жүзеге асырады;
367) техникалық регламенттердің және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейін талдауды жүзеге асырады;
368) техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
369) үкіметтік емес стандарттар әзірлеуге қатысуды жүзеге асырады;
370) үкіметтік емес стандарттар базасында ұлттық стандарттар әзірлеу бастамашылығын жүзеге асырады;
371) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастырады;
372) мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізуін ұйымдастырады;
373) республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысаны мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;
374) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;
375) - 380) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
381) ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 934 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
382) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
383) екі немесе одан көп облыс аумағындағы карантиндік аймақтарда өсімдіктер карантиннің жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
384) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
385) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
386) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
387) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi жөніндегi мемлекеттiк iс-шараларды ұйымдастырады;
388) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;
389) ҚР Үкіметінің 2017.03.08. № 466 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
390) ҚР Үкіметінің 2017.03.08. № 466 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
391) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
392) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
392-1) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
392-2) фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдiстемелiк нұсқауларды әзірлейді және бекітеді;
392-3) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келіседі;
392-4) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарын әзірлейді және бекітеді;
392-5) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды әзірлейді және бекітеді;
393) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты ұсынады;
394) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
395) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 864 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
396) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
397) құзыреті шегінде жер, сондай-ақ геодезия және картография заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
398) - 407) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
408) мемлекеттік заңды тұлғалар көрсететін қызметтерге кәсіптік стандарттарды әзірлеуді, бекітуді, ауыстыруды және қайта қарауды еңбек жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырады.
409) - 411) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
411-1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасасады;
411-2) оның құзыретіне кіретін жер беру және алып қою, жерді бір санаттан екіншісіне ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындайды;
411-3) жерге мониторинг жүргiзудi ұйымдастырады;
411-4) мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер баланстары деректерi негiзiнде Қазақстан Республикасының жер балансын жүргізуді ұйымдастырады;
411-5) - 411-12) ҚР Үкіметінің 2019.12.07. № 501 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
411-13) мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу мен жер мониторингтеудің дұрыстығын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
411-14) пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлердi анықтау және мемлекеттiк меншiкке қайтару мәселелерi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
411-15) құзыреті шегінде анықталған жер заңнамасы саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы мiндеттi нұсқамалар береді;
411-16) Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген мәселелер бойынша сотқа талап-арыз дайындайды және ұсынады;
411-17) ҚР Үкіметінің 2019.12.07. № 501 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
411-18) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
411-19) - 411-21) ҚР Үкіметінің 2019.12.07. № 501 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
411-22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк жер кадастрындағы жерді пайдаланушылар мен жер учаскелерi бойынша салық қызметi органдарына мәлiметтер береді;
411-23) ҚР Үкіметінің 2019.12.07. № 501 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
411-24) жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімін қалыптастырады және рұқсаттар жүргізеді;
411-25) ҚР Үкіметінің 2019.12.07. № 501 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
411-26) ҚР Үкіметінің 2019.12.07. № 501 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
411-27) суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыру жөнiндегi материалдарды келiседі;
411-28) - 411-30) ҚР Үкіметінің 2019.12.07. № 501 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
411-31) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
411-32) жер ресурстарын пайдалану кезiнде қойылатын экологиялық талаптарды келiседі;
411-33) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастарын реттеу саласындағы уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылауды жүзеге асырады;
411-34) ҚР Үкіметінің 2019.12.07. № 501 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
411-35) жерге орналастыру, мемлекеттiк жер кадастры және жер мониторингі жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтік құжаттарды, әдістемелерді әзірлейді және бекiтеді;
411-36) жайылымдардың, оның ішінде аридтік жайылымдардың тозуына және шөлейттенуіне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
411-37) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;
412) - 413) ҚР Үкіметінің 2019.05.07. № 479 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
414) өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
415) Еуразиялық экономикалық комиссия шешімімен бекітілген, үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге және әкетуге қорытынды (рұқсат құжатын) береді;
416) өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия береді;
417) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.