2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
6-2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 6-3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-3) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімдер қабылдайды;
8) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
7-бап. Орталық атқарушы органның құзыретi
Орталық атқарушы орган:
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлейді;
2) 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңiлдiкпен есептеу үшiн сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн әзiрлейдi;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) толық маусым iшiндегi жұмысы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн бiр жылғы жұмыс өтіліне есепке жатқызылатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн әзiрлейдi;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);
5) салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн әзiрлейдi және бекітеді;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) міндетті зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6-1), 6-2), 6-3), 6-4) және 6-5) тармақшалармен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды;
6-2) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6-3) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
6-4) Мемлекеттік корпорацияның статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6-5) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7) 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы шартының болмауына байланысты тұрған жерi белгiсiз бұрынғы қызметкерлердiң табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару қағидаларын әзiрлейдi;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 7-1), 7-2) тармақшалармен толықтырылады (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-3) әскери қызметшiлердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын әзірлейді;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда
8) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін әзірлейді;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1) міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-2) баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-3) салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларына тиісті қаржы жылындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып мониторингті жүзеге асырады;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 9-4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-4) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын әзірлейді;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 9-5) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-5) зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кадрлар даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-6) тармақшамен толықтырылды; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 9-6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-6) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi.
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
8-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
1-1) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-3) өздеріне осы Заңның 35-1-бабына сәйкес зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-4) зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімін жүргізеді және өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
2) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алуы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін белгілейді;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-тарау. Зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыру тәртібі
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
Азаматтарға осы Заңда белгіленген жағдайлар басталған кезде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін алу құқығына кепілдік беріледі.
Бір мезгілде жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалуға құқығы бар адамдарға олардың қалауы бойынша осы зейнетақы төлемдері түрлерінің біреуі тағайындалады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар азаматтар санаттары
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Зейнетақы төлемдерi азаматтардың мынадай санаттарына:
1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алатындарға;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы Заңның 11-бабының 1 - 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толғандарға;
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда; 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және біліктілік сыныптары белгіленген қызметкерлерiне, сондай-ақ еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға төленеді.
2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15,7 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Ұлы Отан соғысының ардагері болып табылатын, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 36,6 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 11-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау:
2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.
Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз - 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
1) ерлердің - 50 жасқа толғанда;
2) әйелдердің - 45 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде осы баптың 1-3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:
1) ерлерге - 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде жиырма бес жыл еңбек өтілі болған кезде;
2) әйелдерге - 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде жиырма жыл еңбек өтілі болған кезде тағайындалады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық емес көлемде осы баптың 1 - 3-тармақтарында аталған азаматтардың санаттарына олардың жасына байланысты зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай тағайындалады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Жасына байланысты толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерi жасына байланысты толық көлемдегі зейнетақы төлемінен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне пропорционалды түрде есептеледi.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларға жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалмайды.
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-бап жаңа редакцияда
12-бап. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру кезеңi
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi және жасына байланысты зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айын қоса алғанда жүзеге асырылады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:
1) еңбек шарттары бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтiн жұмыс;
2) әскери қызмет;
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет;
4) мемлекеттiк қызмет;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) кәсіпкерлік және кірістер әкелетін өзге де қызмет;
6) басқа адамның көмегіне мұқтаж бiрiншi топтағы мүгедекке, екiншi топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) 18 жасқа дейiнгi мүгедек баланы бағып-күткен уақыт;
8) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақыты, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт;
9) қылмыстық жауапқа негiзсiз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, бiрақ кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;
10) еңбекке қабілетті азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша басып алынған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңiнде басқа мемлекеттердiң аумағына зорлықпен әкетілген адамдардың (жасына қарамастан), егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаған болса, сонда болған, фашистiк концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңiнде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) ұсталған уақыты;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) жұмыс iстемейтiн Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен оларға теңестiрiлген мүгедектердiң мүгедек болған уақыты;
12) бұрынғы кеңестік мекемелердiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi зайыбының (жұбайының) шетелде тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңi;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) әскери қызметшiлер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңi;
14) 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі жоғары оқу орындарында, оның ішінде даярлық курстарында, арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында оқу;
16) ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан, әскерилендiрiлген күзеттегі, арнаулы байланыс органдарындағы және тау-кен-құтқару бөлiмдерiндегі қызмет;