10) мүгедек балаларды тәрбиелеушi адамдарға;
11) көп балалы отбасыларға;
12) III топтағы мүгедектерге, жасына байланысты демалысқа шыққан зейнеткерлерге, жалғызбасты аналарға (некеге тұрмаған бала тәрбиелеушi әйелдерге), егiз бала тапқан отбасыларына, егер азаматтардың бұл санаты Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген тәртiппен анықталатын ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыс алатын болса;
13) жиырма жылдан артық қызмет атқарған және әскери қызметтен жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттың (қызметкерлер санының) қысқаруына байланысты босатылған әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери қызметке дейiнгi тұрған жерiне қайтып оралған кезде;
14) мемлекеттік білім беру мекемелерiнiң педагогикалық қызметкерлерiне;
15) мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерiнде халыққа тiкелей медициналық және дәрi-дәрмек көмегiн көрсетушi медицина және фармацевтика қызметкерлерiне;
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) судьяларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне тең дәрежеде берiледi.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан бiрiншi кезектi тәртiппен тұрғын үй алған азаматтар жергiлiктi атқару органдарының шешiмi бойынша ғана бiрiншi кезектi тәртiппен басқа тұрғын үй алудың тiзiмiне тағы да енгiзiлуi мүмкiн.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн есепте тұрғандар қатарынан тұрғын үйге мұқтаждарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезексiз тұрғын үй: 1) тұрғын үйi Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғат апаттарының салдарынан тұру үшiн жарамсыз болып қалған азаматтарға;
2) мемлекеттік балалар мекемесiнен, туған-туысқандарынан, қорғаншысынан немесе қамқоршысынан қайтып оралған адамдарға, бұрын тұратын тұрғын үйiне оның бұзылуы немесе тұрғын емес үй-жай етiп жабдықталуы себептi қайтып оралуы мүмкiн болмаған жағдайда;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарының негізінде қылмыстық iстiң тоқтатылуына байланысты үкімнің күші жойылуы нәтижесінде жазаны өтеуден босатылған, заңсыз сотталу салдарынан тұрғынжайынан айырылған адамдарға бұрынғы тұрғынжайын қайтару мүмкіндігі болмаған кезде, егер тұрғынжай беру туралы талап ақталғаннан кейін бір жылдың ішінде мәлімделсе;
4) кәмелетке толғанға дейiн ата-анасынан айрылған жиырма жасқа толмаған жетiм балаларға берiледi. Әскери қызметке шақырылған кезде мұндай адамдардың жасы олардың мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
5) еңбек шартынан туындайтын мемлекеттік мiндеттемелер әсерiмен тұрғын үй берiлуге тиiстi не бұрынғы тұрғын үйiн пайдалану мүмкiндiгiнен заңсыз айрылған адамдарға;
6) бұрынғы тұрғын үйi өздерiне сақталмайтын жағдайда, егер бұл басқа жерге көшумен байланысты болса, сайланбалы мемлекеттік қызметке сайланған адамдарға берiледi.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары берiлген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үй алуға құқылы.
119-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан шарт арқылы тұрғын үй беру
1. Осы Заң қабылданғанға дейiн қолданылып келген тұрғын үй заңдарына сәйкес жасалған шарттар осы Заңда мұндай шарттар жасау көзделмеген жағдайларда да орындалуға тиiс.
2. Тұрғын үй-жай беру туралы шарт жасасқан мемлекеттік кәсiпорынның тұрғын үй қоры мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына берiлген жағдайда шартпен келісілген тұрғын үй беру мiндетi бұл қорды өз иелiгiне қабылдаған жергiлiктi атқарушы органдарға жүктеледi.
3. Мемлекеттік тұрғын үй қоры мен аяқталмаған тұрғын үй құрылысы басқа құрылыс салушыға берiлген кезде оған бұрынғы құрылыс салушының шартпен келісілген тұрғын үй беру мiндеттерi жүктеледi.
ҚР 10.07.01 ж. № 227-II Заңымен 119-1-баппен толықтырылды; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 119-1-бап өзгертілді; 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 119-1-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
119-1-бап. Қазақстан Республикасының астанасында мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты бұзған кезде меншiкке тұрғын үй беру ерекшелiктерi
Қазақстан Республикасының астанасында мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде иеліктен шығарылатын жер учаскесiнде орналасқан тұрғын үйдiң меншiк иесiнің таңдауы бойынша тұрғын үйдiң нарықтық құны мөлшерiнде өтем төленедi не меншігіне тұрмысқа жайлы тұрғын үй берiледi, егер азаматтарға заңмен өзге де жеңiлдiктi нормаларға кепiлдiк берiлмеген болса, оның пайдалы алаңы мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын тұрғын үйдiң пайдалы алаңынан аспауға тиiс.
Шарттық мiндеттемелерге орай нақ сол немесе басқа жер учаскесiнде бұзылғандардың орнына жаңадан салынған тұрғынжайлардан бұрынғы меншiк иелерiнiң (жалға алушылардың) меншiгiне (жалға) басқа тұрғын үй беру құрылыс салушының келісімiмен ғана жүзеге асырылады.
09.07.04 ж. № 587-II ҚР Заңымен 119-2-баппен толықтырылды
119-2-бап. Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша талап ету құқығын беру ерекшелiктерi
Осы Заңның 98-1-бабының күшi Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы» 1993 жылғы 6 қыркүйектегi № 1344 Жарлығын iске асыруға байланысты туындайтын құқық қатынастарына ғана қолданылады.
ҚР 21.03.02 ж. № 308-II Заңымен 120-бап өзгертілді
120-бап. Қызметтiк тұрғын үйден шығару ерекшелiктерi
Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн берiлген қызметтiк тұрғын үйден тұру үшiн жарамды басқа тұрғын үй берiлместен:
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
1) мүгедектерді (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдарды;
3) мемлекеттік немесе қоғамдық мiндеттердi, әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртібін қорғау кезiнде, өндiрiстегi жазатайым жағдайдың салдарынан қаза тапқандардың немесе хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердiң отбасыларын;
4) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің қорытындысы бойынша Чернобыль апатының, Семей полигонындағы ядролық сынақтар жарылыстарының, сондай-ақ басқа да азаматтық және әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi төтенше жағдайлардың салдарынан денсаулық жағдайы нашарлаған азаматтарды;
5) қызметтiк тұрғын үй берген кәсiпорында немесе мекемеде кемiнде он жыл жұмыс iстеген адамдарды;
6) қызметтен босатылған, өздерiне соған байланысты қызметтiк тұрғын үй берiлген, бiрақ сол кәсiпорынмен немесе мекемемен еңбек қатынастарын тоқтатпаған адамдарды;
7) жасы бойынша немесе денсаулық жағдайы бойынша, сондай-ақ штаттардың қысқаруына, кәсiпорынның немесе мекеменiң таратылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдарды;
8) қызметтiк тұрғын үй берiлiп, қайтыс болған қызметкерлердiң отбасы мүшелерiн;
9) көп балалы отбасыларын шығаруға болмайды.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 121-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
121-бап. Мемлекеттік емес меншiк нысанына негiзделген заңды тұлғаларға тиесiлi тұрғын үйлердi пайдалану
Мемлекеттік емес меншiк нысанына негiзделген заңды тұлғаға тиесiлi тұрғын үйдi жалдау жөнiнде осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн жасалған шарт аталған шарттың қолданылу мерзiмiнде күшiн сақтап қалады.
Қазақстан Республикасының