332) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын әзірлейді және бекітеді;
333) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
334) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;
334-1) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
335) республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасын және оларды қорғау режимiнiң түрiн бекітеді;
336) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
337) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, жергілікті халықтың мұқтаждары үшін рұқсат етілген әуесқой (спорттық) балық аулау қағидаларын бекітеді;
337-1) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру және рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
338) республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
339) табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
340) жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
341) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын мелиорациялық аулауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
342) табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
343) ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялардың құрамы мен ережелерін әзірлейді және бекітеді;
344) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді және олардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;
345) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республика немесе өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзу тәртiбiн ұсынады;
346) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерiн белгілейді;
347) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді;
348) су объектілері бетіндегі су сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу және оларға қол жеткізу жөніндегі іс шаралар әдістемесін әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып бекітеді;
349) бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісінде су пайдалану лимиттерін әзiрлейдi және бекітеді;
350) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін әзiрлейдi және бекітеді;
351) су объектілері мен ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимін әзiрлейдi және бекітеді;
352) гидромелиоративтік жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттандыруды жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді;
353) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларға беретін халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерасты және жерүсті су объектілеріне қорытындысын тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
354) судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа құрылыстарды келісу, орналастыру және пайдалануға беру тәртібін, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын әзірлейді және бекітеді;
355) республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектілерінің тізбесін әзiрлейдi және бекітеді;
356) су объектілеріне шекті жол берілетін зиянды әсерлердің нормативтерін әзірлеу және бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
357) тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
358) республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн айқындау бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметіне ұсыныс енгізеді;
358-1) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу өлшемдерін айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекітеді;
358-2) Қазақстан Республикасында суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мелиорациялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін мемлекеттік жүргізу қағидалары мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;
359) Қазақстан Республикасында бал араларын тұқымдық аудандастыру жоспарын әзірлейді және бекітеді;
360) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін бекітеді;
361) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
362) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын өндіру және өткізу көлемдеріне болжам жасайды;
363) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
364) сортты егістіктерді байқаудан өткiзу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
365) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдар өндіру мен элиталық тұқым өткізудің жыл сайынғы квоталарын белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
366) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
367) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзу мәселелері бойынша республикалық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
368) сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егiп бағалауды, зертханалық сорттық сынақтарды өткiзудi, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
369) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сорттық сынақтан өткiзу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
370) тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сорттық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
371) сорт сынау, тұқым шаруашылығы бойынша нормативтік құқықтық актілерді және тұқымға арналған құжаттама нысандарын әзірлейді және бекітеді;
372) бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізу схемалары мен әдістерін әзірлейді және бекітеді;
373) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
374) жергілікті атқарушы органдардан ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты сұратады;
375) республика бойынша тұқым тенгерімін жасайды;
376) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
377) сорттар оригинаторларын тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
378) тұқымның сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ететін технологиялық талаптарды, өндіру схемаларын, сақтау және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
379) сорт жаңартуды және сорт алмастыруды жүргізу тәртібі мен мерзімін белгілейді;
380) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
381) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
382) патент беру қорытындысы бар сорт сипаттамасының, сорттың патентке қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейді;
383) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының және сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
384) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың критерийлері мен сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
385) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптарының көлемiн айқындау үшiн комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн және зерттеп-қарау актiсiнiң нысанын әзірлейді және бекітеді;
386) гидрометеорология қызметi органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасының үлгiлік нысанын әзірлейді және бекітеді;
387) жойылған егістік аландарын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
388) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
389) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
390) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
391) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
392) өз құзыреті шегінде машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында техникалық регламенттер әзірлейді;
393) мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
394) мақта саласын дамыту саласында техникалық регламенттер әзiрлейдi және бекітеді;
395) мақта қолхатының нысанын (үлгісін) және сипаттамасын әзiрлейдi және бекітеді;
396) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті беру тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
397) шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін) әзiрлейдi және бекітеді;
398) мақта талшығының сапа паспортының нысанын (үлгісін) әзiрлейдi және бекітеді;
399) мақта саласының мемлекеттік инспекторы туралы ережені әзiрлейдi және бекітеді;
400) мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын сақтау мәселелері бойынша есепке алу құжаттарының, есептілік ұсыну мерзімдерінің тізбесі мен нысандарын әзірлейді және бекітеді;
401) сақтау және өңдеу шарттарының үлгілік нысандарын әзiрлейдi және бекітеді;
402) мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапасы паспортын беру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
403) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
404) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
404-1) мақта нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асырады;
404-2) шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісін анықтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
405) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындайды;
406) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептердің нысандарын және оларды биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға ұсыну тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
407) өз құзыреті шегінде биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді;
408) биоотын өндірісі паспортын бекіту үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзiрлейдi және бекітеді;
409) биоотын өндірісі мен айналымы саласында техникалық регламенттерді бекітеді;
410) биоотын өндіру көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін есепке алуды бақылау аспаптарын қолдану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
411) азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынға кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квота белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
412) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
413) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
414) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары және (немесе) құрамында антибиотиктер, гормондар және биологиялық стимуляторлар бар ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары серияларының (партияларының) сәйкестігін анықтау тәртібін, ветеринариялық нормативтер талаптарын белгілейді;
415) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
416) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
417) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
418) аумақты аймақтарға бөлу тәртібін айқындайды;
419) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігі мониторингінің тәртібін белгілейді;
420) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шаралар белгiленетін және жүзеге асырылатын карантиндi объектiлер тiзбесiн айқындайды;
421) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
422) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлейді және бекітеді;
423) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
424) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;
425) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
426) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады;
427) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
428) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
429) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізеді;
430) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қолданады;
431) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
432) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
433) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1184 Қаулысымен алып тасталды (2016 ж. 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
434) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
434-1) өз мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі түрлерінің тізбесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативі өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
434-2) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
434-3) ауыл шаруашылығы кооперативінің үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді;
ҚР Үкіметінің 2016.18.05. № 295 Қаулысымен 434-4), 434-5), 434-6), 434-7), 434-8), 434-9), 434-10), 434-11), 434-12), 434-13), 434-14), 434-15), 434-16), 434-17), 434-18), 434-19), 434-20), 434-21), 434-22), 434-23) тармақшалармен толықтырылды
434-4) жерді резервке қою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
434-5) елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру кезінде өтініштің, келісуші органдар қорытындысының, жер учаскесін таңдау актісінің, жер-кадастрлық жоспардың нысандарын бекітеді;
434-6) жер учаскесіне меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына берілетін сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекітеді;
434-7) жер заңнамасын қолдану практикасын және оны жетілдіруді қорытындылайды;
434-8) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеп, бекітеді;
434-9) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын республикалық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізеді;
434-10) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекітеді;
434-11) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгілейді;
434-12) геодезия және картография саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
434-13) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жерін бөлудің жерін орналастыру жобасын келіседі;
434-14) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24 баптын 1-тармағымен және 37 баптын 5-тармағымен көзделінген жағдайларда облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарын келіседі;
434-15) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мүдделерiн ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсiрiлiм деректерi мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртiбiн регламенттейтiн нұсқаулықтарды, нормалар мен қағидаларды бекiтеді;
434-16) республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар тізбесін бекітеді;
434-17) геодезия және картография саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
434-18) Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық- геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинақтау, сақтау және пайдалану қағидаларын бекітеді;
434-19) геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекітеді;
434-20) Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу және жерді мониторингтеу тәртібін бекітеді;
434-21) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекітеді;
434-22) жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелеріне құқықтарды беру қағидаларын бекітеді;
434-23) жерді мониторингтеуді жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін бекітеді;
434-4) - 434-8) ҚР Үкіметінің 2017.03.08. № 466 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
434-24) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бір облыстың аумағындағы шалғайдағы жайылымдарды басқа облыстың ұзақ мерзімді пайдалануына беру туралы ұсыныс енгізеді;
434-25) органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
434-26) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру және оның айналымы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
434-27) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді;
434-28), 434-39), 434-40), 434-41), 434-42), 434-43), 434-44) және 434-45) тармақшалары 2019 ж. 11 сәуірде қолданысқа енгізілді
434-28) табиғи-климаттық жағдайлар бойынша қолайсыз жылдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiштерi негiзiнде тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттарда белгiленген тұқым сапасының көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзімге төмендетуді келіседі;
434-29) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының табиғи кему (өлу) нормаларын бекітеді;
434-30) жер комиссиясы туралы үлгі ережені әзірлейді және бекітеді;
434-31) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартын әзірлейді және бекітеді;
434-32) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
434-33) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
434-34) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін - Қазақстан Республикасының азаматында, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы мен оның үлестес тұлғаларында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
434-35) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысанын әзірлейді және бекітеді;
434-36) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою мәселелері жөніндегі ұсыныстарын келіседі;
434-37) тармақша 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
434-37) жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
434-38) жер комиссиясының отырысы барысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау қағидаларын, сондай-ақ аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
434-39) астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;