19. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 61-құжат; № 14, 68-құжат; 2020 жылғы 7 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
161-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «әскери мүлікті» деген сөздер «мүлікті» деген сөзбен ауыстырылсын.
20. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90-құжат; № 24-ІІ, 120-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат):
6-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «мемлекеттік шекарасын» деген сөздер «Мемлекеттік шекарасын» деген сөздермен ауыстырылсын.
21. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 16, 55-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 73-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 7 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
6-баптың 1-тармағының 14) тармақшасындағы, 15-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының қол сұғылмаушылығына, оның өзіне», «мемлекеттік шекараны» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмаушылығына және Қазақстан Республикасына қатысты», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 24-ІІ, 120, 122-құжаттар; 2020 ж., № 9, 29, 31-құжаттар; № 11, 57-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 7 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 25) тармақшасындағы «Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 44-баптың 4-тармағындағы «заставаларында және комендатураларда» деген сөздер «бөлімшелерінде және бөлімдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 55-баптың 6 және 6-1-тармақтарындағы «заставаларының» деген сөз «бөлімшелерінің» деген сөзбен ауыстырылсын.
23. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 8, 45-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 16, 77-құжат):
1) 14-баптың 3-1-тармағының екінші бөлігі «бақылау түрлері» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының аумағы немесе шет мемлекеттің аумағы арқылы транзитпен жүріп өту кезінде жолаушыларды түсіруді (отырғызуды), жүктер мен тауарларды түсіруді (тиеуді) жүзеге асыруға тыйым сақталған кезде» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 16-баптың 1-тармағы «рұқсаты негізінде» деген сөздерден кейін «кеменің тұрған жері туралы ақпаратты үнемі автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін техникалық бақылау құралдары болған кезде» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 18-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы «жақын жердегі бөлімі (бөлімшесі)» деген сөздер «жақын жердегі аумақтық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшесінің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 22-1-бапта:
бірінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен шекаралық ынтымақтастығының халықаралық орталықтары шегінде Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға, Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін көлік құралдарына, жүктер мен тауарларға қатысты жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлерін шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ шегінде қызметтік міндеттерді шешу үшін Мемлекеттік шекара арқылы өткізу олардың орналасуына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы аумақтық құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органының бірінші басшысы (оны алмастыратын адам) қол қойған, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы мен келісілген және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің осындай арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесіне ұсынылған тізімдер негізінде қызметтік куәліктер бойынша жүзеге асырылады.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
5) 24-баптың 4-тармағының бірінші сөйлеміндегі «Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің» деген сөздер «ұлттық қауіпсіздік органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 32-баптың 2-тармағының бірінші абзацы «көлік ұйымдары қызметкерлерінің» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ өткізу пунктінде өздеріне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген міндеттерді шешуге уәкілеттік берілген құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және өзге де лауазымды адамдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 42-баптың 1-тармағындағы «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін» деген сөздер «Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жақын жердегі бөлімшесін жазбаша еркін нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 56-бапта:
8) тармақшадағы «істер бойынша алдын ала тергеуді және іс жүргізуді» деген сөздер «қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуді және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) тармақшадағы «штабтарының» деген сөз «басқару органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақша «шекарасын» деген сөзден кейін «күзетуді» деген сөзбен толықтырылсын;
18) тармақша алып тасталсын;
21) тармақша «органдарында,» деген сөзден кейін «әскери, арнаулы» деген сөздермен толықтырылсын;
31) тармақша «қауіпсіздік комитетінің» деген сөздерден кейін «әскери, арнаулы» деген сөздермен толықтырылсын;
36) тармақшадағы «Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің» деген сөздер «ұлттық қауіпсіздік органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 36-1) және 37-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«36-1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің пилотсыз ұшу аппараттарын қолдану қағидаларын бекітеді;»;
«37-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өкілдерінің шекара корабльдерін, катерлері мен кемелерін дайындау, оларға техникалық және өзге де құжаттаманы келісу, оларды өндіруді бақылау және қабылдау жөніндегі қызметі қағидаларын бекітеді;»;
40) тармақша «жылқыларды» деген сөзден кейін «ұстау және» деген сөздермен толықтырылсын;
41) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 62-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) шекара кеңістігінде құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі алып қойған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;»;
10) 64-баптың 2-тармағындағы «бірлестіктердің, құрамалардың және жауынгерлік» деген сөздер «әскери» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 66-бапта:
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) шекара кеңістігінде байланыс желілері мен коммуникациялардың сақталуын қамтамасыз етуге;»;
21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«21) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өзінің қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жүргізуді қамтамасыз етуге және қарауға;
22) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес өзінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға;»;
12) 67-бапта:
1-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қажетті инженерлік-техникалық құралдарды, құрылысжайлар мен бөгеуіштерді монтаждауды жүзеге асыруға, салуға және орнатуға;
2) коммуникациялар салуды, қару-жарақ пен әскери техникаға техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу, реконструкциялау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға, техника мен қару-жарақты орналастыруға және пайдалануға;»;
12) тармақшадағы «Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің оқу орындарына» деген сөздер «ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері пайдаланатын корабльдерге,» деген сөздер «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері пайдаланатын корабльдерге, катерлерге,» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын:
«67-1-бап. Шекара кеңістігі шегінде байланыс желілерін салу
Шекара кеңістігі шегінде байланыс желілерін салуды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уәкілетті ведомствосы жүзеге асыруға құқылы.»;
14) 68-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының әскери, арнаулы оқу орындарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және халықаралық келісімдерге сәйкес шетел мемлекеттерінің басқа да білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.».
24. «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 12-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2016 ж., № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат):
8-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің шекараны кесіп өту туралы белгісі енгізілуі мүмкін.».
25. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 1, 1-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):
20-баптың 2 және 4-тармақтарындағы «застава» деген сөз «шекара бөлімшесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
26. «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 11, 55-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):
16-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «Шекара қызметінің» деген сөздерден кейін «аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 16 қараша
№ 375-VІ ҚРЗ