бесінші бөліктегі «банк ұсынған» деген сөздер «банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қолданған» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 4) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарының күші орындалмаған ақшалай міндеттемелер бойынша бұрын жасалған банктік қарыз шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылды
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру мақсатында осы тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацында көзделген жақсарту талабын қолданған жағдайда, мұндай талап туралы хабарландыру жарияланады. Хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушыдан және (немесе) кепіл берушіден жазбаша қарсылықтың болмауы қарыз алушының және (немесе) кепіл берушінің осы тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацында көзделген жақсарту талабын қолдануға келісуі ретінде қаралады.»;
5) 36-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банктік қарыз шарты бойынша берешекті банктік жинақ шоттарындағы, берілген банктік қарыздар бойынша кепілдің нысанасы болып табылатын ақшаның есебінен, осындай банктік қарыздар бойынша өтелмеген негізгі борыштың сомасы мөлшерінде төлем талабымен өндіріп алуға жол берілмейді;»;
5-тармақтың 6) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 50-баптың 4-тармағының екінші бөлігі 14) тармақшасындағы «ұсынуы банк құпиясын жария ету болып табылмайды.» деген сөздер «ұсынуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік кіріс органдары мен уәкілетті органға кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерлерден асырып алуы туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынуы банк құпиясын жария ету болып табылмайды.».
6-тармақтың күші орындалмаған ақшалай міндеттемелер бойынша бұрын жасалған банктік қарыз шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылды
6. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2020 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
9-1-бапта:
бірінші бөліктегі «өзгерту,» «2) тармақшасында көзделген» және «екінші бөлігінде» деген сөздер тиісінше «өзгерту, осы баптың екінші бөлігінде,», «2) тармақшасында» және «екінші бөлігінде көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-тармағы екінші бөлігінің алтыншы абзацында көзделген жағдайда, негізгі міндеттеме туралы шарттың және ипотекалық шарттың талаптарын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым біржақты тәртіппен өзгертуі мүмкін.».
7. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
18-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген нысан, тәртіп және мерзімдер бойынша нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну нотариаттық әрекеттер құпиясын жария ету болып табылмайды.».
8. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 19-20, 86-құжат):
23-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналарды:
1) жарғылық капиталының ең төмен мөлшері нөлдік деңгеймен айқындалатын шағын кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы;
2) жарғылық капиталының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында айқындалатын микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым;
3) жарғылық капиталының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында айқындалатын төлем ұйымы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қоспағанда, жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсынылған күнге республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне баламалы сомадан кем болмайды.»;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылатын арнайы исламдық қаржы компанияларын» деген сөздер «жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын арнайы қаржы компанияларын, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылатын ислам арнайы қаржы компанияларын, Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасына сәйкес құрылатын төлем ұйымдарын» деген сөздермен ауыстырылсын.
9-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағында:
3-1) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша «қаржылық ұйымдар» деген сөздерден кейін «мен микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 12-2-баппен толықтырылсын:
«12-2-бап. Микроқаржылық қызметті мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау ерекшеліктері
Уәкілетті орган микроқаржылық қызметті мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
1) микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын бекітеді;
2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізеді;
3) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық және меншікті капиталдарының ең төмен мөлшерлерін белгілейді;
4) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бекітеді;
5) берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
3) 15-6-баптың 1-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырады.».
10-тармақтың күші орындалмаған ақшалай міндеттемелер бойынша бұрын жасалған банктік қарыз шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылды
10. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
48-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «негізгі» деген сөз «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-тармағы екінші бөлігінің алтыншы абзацында көзделген жағдайда, шетел валютасымен берілген ипотекалық қарыз бойынша ақшалай міндеттеменің азаюын қоспағанда, негізгі» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат):
26-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) өзінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін) және уәкілетті органның байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), тауарларды өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) шарттарын, сондай-ақ сатушының тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты беру міндеті туралы ақпаратты тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында қазақ және орыс тілдерінде орналастыра отырып, көрсетілген ақпаратты тұтынушының назарына жеткізуге міндетті.
Осы баптың 1-тармағында және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар осы Заңның 33-2-бабы 2-тармағының талаптары ескеріле отырып, электрондық коммерциядағы сатушыларға (дайындаушыларға, орындаушыларға) қолданылады.».
12. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 46-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат):
42-бап мынадай мазмұндағы 9-2-тармақпен толықтырылсын:
«9-2. 2020 жылғы 1 шілде - 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде уәкілетті орган телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына аналогтік және цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік емес теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісі бойынша таратуды қамтамасыз ету жөніндегі шығындарды ұлттық оператор белгілеген тарифтерге сәйкес өтейді.».
13-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Микроқаржылық қызметті лицензиялау және микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері мен құрылтайшыларына (қатысушыларына) қойылатын талаптар
1. Заңды тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап алты ай ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін уәкілетті органға өтініш жасайды.
2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін микроқаржы ұйымы уәкілетті органға өтінішті және тізбесі микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында белгіленетін өзге де құжаттарды ұсынады.
3. Уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымына микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны не микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден уәжді бас тартуды береді.
4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі микроқаржы ұйымы клиенттерінің көруіне қолжетімді жерде орналастырылуға тиіс.
5. Атқарушы (алқалы немесе жеке-дара) органның бірінші басшысы мен мүшелері, байқау кеңесінің (болған кезде) мүшелері, директорлар кеңесінің (болған кезде) мүшелері, бас бухгалтер микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері деп танылады.
Мынадай:
1) жоғары білімі жоқ;
2) алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы бар;
3) өзіне қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды.
6. Ешбір тұлға Қазақстан Республикасындағы микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін не орналастырылған акцияларын, егер ол:
1) өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылса;
2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін офшорлық аймақтарда тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері болса;
3) уәкілетті орган микроқаржы ұйымын осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы қызметкері бұдан бұрын осы микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған заңды тұлға болып табылса;
4) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұдан бұрын қаржы ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлға не ірі қатысушысы - заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) осы ұйымның басшы қызметкері болып табылған болса не болып табылса, дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете алмайды.»;
3) 15-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту негіздері»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту:»;
3) тармақшадағы «есептік тіркеуден өту» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңның 11, 12, 13-баптарында және 14-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптардың бірі сақталмаған;»;
2-тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензия беруден бас тарту алынған жағдайда, микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін лицензия алуға өтініш пен өзге де құжаттарды қайта ұсынуға құқылы.
Қайта ұсынылған өтініш пен өзге де құжаттар отыз жұмыс күні ішінде қаралады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқықтан бас тартылған, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бас тарту алынған кезде, микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы», «кредиттік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.»;
4) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не одан айыру үшін негіздер
1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысы мынадай негіздердің бірі бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады:
1) қызметін осы Заңның 14-бабының 5 және 6-тармақтарында көзделген талаптарды бұза отырып жүзеге асыру;
2) пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзу;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынбау;
4) анық емес қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсынғаны үшін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) әкімшілік жауаптылыққа тартылу;
5) уәкілетті органның жазбаша нұсқамасын орындамау;
6) тексеруді белгіленген мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік бермеуге алып келетін оны жүргізуге кедергі келтіру;
7) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзу;
8) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтер мен ақпараттың анықталуы.
2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру мынадай негіздердің бірі бойынша жүргізіледі:
1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия қолданысының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тоқтата тұрылуы;
2) қызметін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;
3) уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;
4) осы Заңда көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыру;
5) анық емес қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсынғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тартылу;
6) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны алған күннен бастап қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде қызметті жүзеге асырмау;
7) микроқаржы ұйымының қызметін тоқтату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
8) қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдау.
Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтатуға өтініш бергенге дейін өзінің барлық міндеттемесін орындауға тиіс. Өтінішке бір мезгілде барлық міндеттеменің орындалғанын растау туралы хат қоса беріледі;