15) Байқоңыр қаласында тұратын он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда - 0,96 айлық есептік көрсеткіш;
16) Байқоңыр қаласында тұратын он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда:
бірінші және екінші топтағыларға - 1,49 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші топтағыларға - 0,64 айлық есептік көрсеткіш;
17) 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға - 1,07 айлық есептік көрсеткіш;
20) Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға -1,07 айлық есептік көрсеткіш.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
ҚР 1999.11.16 № 482-I; 2001.01.19 № 145-II; 2006.04.07. № 148-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту, төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру
1. Жәрдемақы тағайындау үшiн растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе деректерi дұрыс емес құжаттарды табыс еткен адамдарға жәрдемақы тағайындалмайды.
2. Жәрдемақы төлеу оны тағайындау үшін негіздер жойылған немесе алушы қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
3. Жәрдемақы төлеу жәрдемақы алушының сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеу кезеңінде тоқтатыла тұрады. Егер мұндай жәрдемақы алушы осы Заңның 4-бабының 3) тармақшасында көрсетілген азаматтарға жататын болса, жәрдемақы отбасының оған құқығы бар басқа мүшесіне қайта ресімделуі мүмкін.
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақылы негізде ұсынылатын адамдарды қоспағанда, жәрдемақы алушылардың мемлекеттік медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) тұрған кезеңіне жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 8-1-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-1-бап. Жәрдемақыға құқықтың сақталуы
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жәрдемақы тағайындалған, құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар осы Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес жәрдемақы алу құқығын 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтап қалады.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген отбасыларға «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
9-бап. осы Заңды күшіне енгізу тәртібі
Осы Заң 1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті