4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшiн жою туралы осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген ұсыныстарды қарайды және:
1) Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзедi;
2) Қазақстан Республикасының Парламентiне Қазақстан Республикасының Президентiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының атынан жасалған, ратификацияланған халықаралық шарттардың күшiн жою туралы ұсыныстар енгізедi;
3) Қазақстан Республикасының Парламентiне Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған, ратификацияланған халықаралық шарттардың күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзедi.
2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өз құзыретінің мәселелері бойынша өздерінің атынан жасалған, Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдарымен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісілген халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне табыс етеді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ұсыныстарды қарайды және олар бойынша қолданысын тоқтата тұрудың немесе күшін жоюдың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындылар береді.
30-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшін жою туралы шешiмдер қабылдау
1. Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарының күшiн жою туралы заңдарды Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентi қабылдайды.
2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшiн жою туралы шешiмдердi:
1) Қазақстан Республикасының атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды;
3) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының бірiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қабылдайды.
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
31-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттың өзі үшін мiндетті екендігіне келiсімін бiлдiретiн немесе халықаралық шарттың қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату ниетiн білдiретін халықаралық актілердi жасау
1. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында ратификациялық грамоталар алмасу немесе ратификациялық грамоталарды депозитарийге сақтауға тапсыру көзделген болса, Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау туралы заңдар негiзiнде ратификациялық грамоталарға қол қояды, бұл оның мөрiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің қойылған қолымен және мөрiмен бекітіледi.
2. Ратификациялық грамоталар, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау, бекіту немесе қабылдау туралы құжаттар алмасуды не осындай грамоталарды, ратификациялау, бекіту, қабылдау немесе қосылу туралы құжаттарды депозитарийге сақтауға өткiзудi, халықаралық шарттардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру не олардың күшiн жою туралы құжаттарды жолдауды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктері жүргізеді.
2014.30.01. № 168-V ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды
31-1-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2679 заң күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 144-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 жылғы мамырдың 30-ы.
№ 54-III ҚРЗ