2. Ұйымдардың басшылары және басқа да лауазымды адамдар жекеше қаулы мен ұсынуды алған күннен бастап бір ай ішінде қарауға және қолданған шаралар туралы жекеше қаулы шығарған судьяға немесе ұсыну енгізген органға (лауазымды адамға) хабарлауға міндетті.
44-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
827-бап. Шағым беру тәртібі
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа шағым жасалуы мүмкін. Жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала жүгіну сотқа арыз беру және соттың оны қарауға және мәні бойынша шешуге қабылдауы үшін міндетті шарт болып табылмайды.
2. Шағымдар оларды қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға заңмен уәкілеттік берілген мемлекеттік органға немесе сол лауазымды адамға беріледі.
Шағымды қарауды әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды адамға тапсыруға тыйым салынады.
3. Шағымдар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Ауызша шағымдар хаттамаға енгізіледі, оған арыз беруші және шағымды қабылдаған лауазымды адам қол қояды. Тиісті лауазымды адамдардың қабылдауында адамдар баяндаған ауызша шағымдар жазбаша түрде берілген шағымдармен жалпы негіздерде шешіледі. Шағымға қосымша материалдар қоса берілуі мүмкін.
4. Іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін адамға шағымды өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде беру құқығы қамтамасыз етіледі.
5. Шағым берген тұлға оны қайтарып алуға құқылы. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлға, жәбірленуші, заңды өкілін қоспағанда, өзінің қорғаушысының, өкілінің шағымын қайтарып алуға құқылы. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның мүддесінде берілген шағым тек оның жазбаша келісімі арқылы ғана қайтарылуы мүмкін. Шағымды қайтарып алу оның қайта берілуіне кедергі келтірмейді.
6. Шағым беру шағым жасалып жатқан әрекеттің жүргізілуін және шағым жасалып жатқан шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.
Ескертпе. Егер тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк сот құрылмаған болса, олардың соттылығына жатқызылған iстердi аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.
828-бап. Шағым беру мерзімі
1. Адам өз құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өзіне белгілі болған күннен бастап екі ай ішінде жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) сотқа шағыммен жүгінуге құқылы.
2. Шағым беру мерзімін өткізіп алу шағымды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Мерзімді өткізіп алудың себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тарту негіздерінің бірі болып табылуы мүмкін.
829-бап. Шағымды қарау тәртібі
1. Шағымды қарай отырып, судья немесе орган (лауазымды адам) онда жазылған дәлелдерді жан-жақты тексеруге, қажет болған кезде қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, тиісті лауазымды адамдардан, жеке және заңды тұлғалардан шағым жасалып жатқан әрекеттерге қатысты түсіндірмелер алуға міндетті.
2. Шағым келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы қабылданады.
Шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы органның (лауазымды адамның) қаулысының көшірмесін алған кезден бастап он тәулік ішінде - мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа, сот қаулысы - шешімі шағым жасалуға, наразылық келтіруге жатпайтын жоғары тұрған сотқа шағым жасалуға жатады.
3. Қаулының көшірмесі жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне кідіртілмей тапсырылады, ал бұл тұлғалар болмаған жағдайда, қаулы шығарылған күннен бастап бір тәулік ішінде оларға жіберіледі.
4. Шағымды қарайтын орган (лауазымды адам) немесе судья өз өкілеттіктері шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, сондай-ақ өзге тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтірілуіне дереу шаралар қолдануға міндетті.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 45-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
45-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 830-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
830-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру, наразылық білдіру құқығы
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында көрсетілген адамдар шағым жасауы, ол прокурордың апелляциялық өтінішхаты және наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкiн.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы Кодекстің 818-бабы екінші бөлігінің тәртібімен судья (сот) шығарған сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша қаулыға жоғары тұрған сатыдағы сотқа шағым берілуі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты және наразылығы келтірілуі мүмкін. Жоғарғы Сот алқасының сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша сот отырысында шығарған қаулылары қайта қаралуға жатпайды.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) немесе органның (лауазымды адамның) орналасқан жері бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сотқа және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа шағым жасалуы, наразылық келтірілуi мүмкiн.
5. Осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғалардың жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала жүгінуі сотқа шағым беру және соттың оны мәні бойынша қарауға және шешуге қабылдауы үшін міндетті шарт болып табылмайды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 831-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
831-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, оны прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау және наразылық білдіру тәртiбi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы iс бойынша қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жiберiледi, олар шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келіп түскен күннен бастап үш тәулік iшiнде оларды iстiң барлық материалдарымен бірге тиiстi сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) жiберуге мiндеттi.
2. Сотты құрметтемеушілік фактісі туралы iс бойынша қаулыға осы Кодекстің 830-бабының үшінші бөлігіне сәйкес шағым жасалған, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірген, наразылық білдірген жағдайларда, сот фактінің анықталған бөлігінде сот отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені қаулыға қоса береді.
3. Шағымды қарауға уәкілеттік берілген сотқа немесе жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) шағым берілуі мүмкін.
Наразылық - жоғары тұрған органға (лауазымды адамға), ал прокурордың апелляциялық өтінішхаты сотқа ұсынылады.
4. Судьяның әкiмшiлiк қамаққа алу түрiнде жаза қолдану туралы қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты жоғары тұрған сотқа шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты алынған күнi жіберілуге жатады.
5. Егер шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау солар берілген немесе ұсынылған судьяның құзыретiне жатпайтын болса, шағым, өтінішхат ведомстволық бағыныстылығы бойынша жiберiледi.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 832-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
832-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру, наразылық білдіру мерзiмi
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы қаулының көшiрмесi табыс етілген күннен бастап он тәулік iшiнде, ал егер осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғалар iстi қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап берiлуi мүмкiн.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген салықтық міндеттеменің немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттердің орындалмауына немесе тиісті түрде орындалмауына байланысты шығарылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға оның көшiрмесi табыс етілген немесе алынған күннен бастап отыз тәулік iшiнде шағымдар берілуі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты және наразылығы келтірілуі мүмкiн.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) шағым жасалса, наразылық келтірілсе, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзім осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғалардың шағым (наразылық) бойынша шешімнің көшірмелерін алған кезінен бастап есептеледі.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бөлік жаңа редакцияда
4. Шағым беру, прокурордың апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіру мерзімін өткізіп алу оларды қарауға қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Істі дұрыс шешу үшін мерзімдер мен олардың мәнін сот шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының мазмұнына қарамастан тексереді.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 833-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
833-бап. Шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының, наразылығының мазмұны
1. Жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында шағым берiледi, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтіріледі және онда:
1) шағым берiлетін, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтірілетін соттың, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) атауы;
2) шағым берген тұлғаның, апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген прокурордың тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) (заңды тұлғаның дәл атауы), тұрақты тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi (пошталық мекенжайы);
3) құқықтық актiсiне немесе әрекетiне апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіріліп отырған органның немесе мекеменiң атауы не лауазымды адамның тегi мен лауазымы;
4) шағым жасалып, апелляциялық өтінішхат бойынша қайта қаралып немесе прокурор наразылық білдіріп отырған құқықтық актiнiң немесе әрекеттiң мазмұны, сондай-ақ шағым берген тұлға, апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген прокурор құқықтық акт немесе әрекеттер өздерiнiң құқықтарын немесе бостандықтарын бұзады деп есептейтiн себептер;
5) шағым берген тұлғаның, апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген прокурордың айқын тұжырымдалған өтінуі, талабы көрсетiлуге тиiс.
2. Шағымға, апелляциялық өтінішхатқа, наразылыққа осы Кодекстің 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған адамдар, прокурор қол қояды. Заңды тұлғаның атынан берiлетін шағымға оның өкiлi немесе осыған уәкiлеттiк берілген басқа да адам қол қояды.
3. Егер басқа тұлғаның мүддесiнде шағым берілсе, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтірілсе, оларда мүддесi үшін шағым беретін, апелляциялық өтінішхат немесе наразылық келтіретін адамның аты мен тегi, тұрақты тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi (пошталық мекенжайы) көрсетілуі қажет. Шағымға өкiлеттiктi растайтын құжат қоса беріледі.
4. Сот, орган (лауазымды адам) шығарған, шағым жасалып, қайта қаралып немесе наразылық білдіріліп отырған құқықтық актінің көшірмесі, сондай-ақ шағымда, апелляциялық өтінішхатта, наразылықта келтірілген дәлелдерге негiздеме ретінде өзге де құжаттар қоса беріле отырып, екі данада шағым беріледі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтіріледі.
5. Егер берілген шағым, прокурордың келтірілген апелляциялық өтінішхаты, наразылығы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келмесе, олар берілді деп есептеледі, бірақ толық ресімдеу үшін мерзімі көрсетіле отырып қайтарылады. Егер көрсетілген мерзім ішінде шағым, апелляциялық өтінішхат, наразылық қайта жасалғаннан кейін сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) берілмесе, олар берілмеді деп есептеледі.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 834-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
834-бап. Шағым берiлуiне немесе прокурордың апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіруiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру
1. Шағымды белгiленген мерзiмде беру әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын шағым қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.
2. Прокурордың әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын оның заңдылығын тексеру кезiнде тоқтата тұруға, уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар. Тексеру нәтижелерi бойынша прокурор тиiстi органға қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту туралы наразылық енгізеді немесе қаулының орындалуын тоқтата тұрудың күшiн жояды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Прокурордың апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіруі қаулының орындалуын олар қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 835-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
835-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын немесе наразылығын қарау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келіп түскен күнінен бастап он тәулік ішінде қарауға жатады.
2. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, егер жауаптылыққа тартылған адам әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеп жатса, олар берiлген, келтірілген кезден бастап бiр тәулiк iшiнде қарауға жатады.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар түскен не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған жағдайларда, шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау мерзiмiн iстi қарап жатқан жоғары тұрған судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкiн, бірақ ол он тәуліктен аспауға тиіс. Сот, орган (лауазымды адам) шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін оны қарау мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болған салықтық және (немесе) кедендік тексерулердің нәтижелеріне жоғары тұрған органға шағым жасалған жағдайда, тоқтата тұруға міндетті. Мерзімді ұзарту туралы уәжді ұйғарым шығарылады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 836-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
836-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған сот судьясының, жоғары тұрған орган басшысының немесе оның орынбасарының жеке-дара қарауы
Мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының, органның (лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған лауазымды адам немесе жоғары тұрған органның басшысы (басшының орынбасары) жеке-дара қарайды.
Осы Кодекстің 818-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен судья (сот) шығарған, сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды, ал мұндай қаулыны апелляциялық сатыдағы сот шығарған жағдайда, жоғары тұрған сатыдағы сот алқасы қарайды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 837-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
837-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауға әзiрлеу
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауға әзiрлеу кезiнде судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам):
1) іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлардың бар-жоғын анықтайды;
2) өтiнiшхаттарды шешедi, қосымша материалдарды талап етіп алдырады, шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау үшiн қатысуы қажет деп танылған адамдарды шақырады, қажет болған кезде судья сараптама тағайындайды;
3) егер шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау өздерінің құзыретiне жатпаса, оларды істің барлық материалдарымен ведомстволық бағыныстылығы бойынша жiбередi.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 838-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
838-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауға кiрiскенде:
1) шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты кiмнің қарайтынын; қандай шағым, апелляциялық өтінішхат, наразылық қарауға жататынын; шағымды кiм бергенiн, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты кім келтіргенін жариялайды;
2) iс бойынша өзiне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарауға қатысу үшiн шақыртылған адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және олардың қатысуынсыз шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарау туралы не шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
4) шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарауға қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жария етеді.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезінде iсте бар және қосымша ұсынылған материалдар бойынша шығарылған қаулының заңдылығы мен негiздiлiгi тексерiледi. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының, наразылығының дәлелдерiмен байланысты болмайды және iстi толық көлемде тексередi, бұл ретте олар жаңа фактiлердi анықтауға және жаңа дәлелдемелердi зерттеуге құқылы.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шақыртылған адамдардың келмеуіне, iс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, сараптама тағайындауға байланысты және шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты толық, жан-жақты және объективтi қарау үшiн қажет болған басқа да жағдайларда шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауды кейiнге қалдыруға құқылы.
4. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым сотқа және жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) бiр мезгiлде келiп түссе, онда шағымды сот қарайды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 839-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
839-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша шешiм
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарап шығып, судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) мынадай:
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қаулыны - өзгеріссіз, ал шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
2) қаулыны өзгерту туралы;
3) осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығарылғанда негізге алынған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының күшiн жою және iстi тоқтату туралы;
4) iс бойынша қаулының күшiн жою және жаңа қаулы шығару туралы;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) егер шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарау кезiнде қаулыны құқығы жоқ судья, орган (лауазымды адам) шығарғаны анықталса, қаулының күшiн жою және iстi ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға жiберу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау нәтижелерi бойынша шешiм iс бойынша қаулыға шағым, апелляциялық өтінішхат, наразылық бойынша қаулы түрiнде шығарылады. Қаулыда осы Кодекстiң 822-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мәлiметтер қамтылуға тиiс.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша жоғары тұрған сот судьясының қаулысына, сондай-ақ осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасында көзделген жағдайда шығарылған судьяның қаулысына осы Кодекстiң 46-тарауында көзделген тәртiппен наразылық білдірілуі мүмкiн.
840-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту негiздерi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының күшiн жоюға не оны өзгертуге және қаулы шығаруға мыналар:
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi;
2) әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы;
3) осы Кодекстiң процестік нормаларының елеулi түрде бұзылуы;
4) қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмеуi негіздер болып табылады.