Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі № 72-ІІ Заңы
(2016.28.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңнамасы
1-1-бап. Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асыру принциптері
1-2-бап. Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ету
2-бап. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдар
3-бап. Мемлекеттiк қорғауға жататын адамдар
4-бап. Мемлекеттік қорғалу құқығының пайда болуы
5-бап. Мемлекеттiк қорғаудың түрлерi
6-бап. Мемлекеттiк қорғау шараларын жүзеге асыру кезiндегi прокурорлық қадағалау
2-тарау. ҚАУIПСIЗДIК ШАРАЛАРЫ
7-бап. Қауiпсiздiк шараларының түрлерi
8-бап. Күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да әрекеттер жасау қаупiн төндiретiн адамға оның қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн екендiгi туралы ресми ескерту жасау
9-бап. Қорғалатын адам туралы мәлiметтерге қол жеткiзудi шектеу
10-бап. Айыпталушыға (сезiктiге) қатысты қылмыстық процеске қатысушыларға күш қолдану (қолдануды ұйымдастыру) немесе өзге де қылмыстық әрекеттер жасау (жасауды ұйымдастыру) мүмкiндiгін болдырмайтын бұлтартпау шараларын таңдап алу
11-бап. Жекелеген адамдарды сот отырысы залынан шығарып жiберу
12-бап. Соттың жабық отырысын өткiзу
13-бап. Соттың куәден жауап алуы
14-бап. Жеке күзет, тұрғын үй мен өзге де мүлiктi күзету
15-бап. Қарумен, жеке қорғану құралдарымен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету
16-бап. Қауiпсiз орынға уақытша орналастыру
17-бап. Қорғалатын адамдар туралы мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз ету
18-бап. Басқа тұрғылықты жерге көшiру, жұмыс (қызмет) немесе оқу орнын ауыстыру, жұмысқа орналасуына көмектесу
19-бап. Құжаттарды ауыстыру
20-бап. Сырт пiшiнiн өзгерту
3-тарау. ҚАУIПСIЗДIК ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ НЕГІЗДЕРI МЕН ТӘРТIБI. ҚОРҒАЛАТЫН АДАМДАРДЫҢ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУШІ ОРГАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
21-бап. Қауiпсiздiк шараларын қолдану мен жүзеге асыру
21-1-бап. Әскери қызметшілердің, запастағы азаматтардың олардың әскери жиындардан өтуі кезінде, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері, құрамалары немесе мемлекеттік мекемелері азаматтық персоналдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
21-2-бап. Күзетпен ұстаудағы немесе жазасын өтеу орнындағы қорғалатын адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету
22-бап. Қауiпсiздiк шараларын қолдану негiздерi
23-бап. Қауiпсiздiк шараларын қолдану тәртiбi
24-бап. Қауiпсiздiк шараларын қолдану туралы шешiмдердi орындаудың мiндеттiлiгi
25-бап. Қорғалатын адамдардың құқықтары
26-бап. Қорғалатын адамдардың мiндеттерi
26-1-бап. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдардың құқықтары мен міндеттері
27-бап. Қауiпсiздiк шараларын қолдануды тоқтату
28-бап. Осы Заңның талаптарын бұзғаны үшiн жауаптылық
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
29-бап. Мемлекеттiк қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
30-бап. Қорғалатын адамдардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне зиян келтiрiлген жағдайдағы әлеуметтiк кепiлдiктер
31-бап. Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбi
Осы Заң қылмыстық процеске құқыққа қарсы араласудың жолын кесу мақсатында, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың, олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының өмiрiн, денсаулығын, мүлкiн, заңды құқықтарын, мүдделерiн мемлекеттік қорғау, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының жүйесiн белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
2009.07.04 № 149-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3. Осы Заңның 2-бабында көрсетілген органдар Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, өз құзыреті шегінде осы Заңның негізінде қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.
2009.07.04 № 149-IV ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды
1-1-бап. Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асыру принциптері
Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, қорғалатын адамның жеке басының құқықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы, қорғалатын адамдар мен мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін органдардың өзара жауапкершілігі принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2009.07.04 № 149-IV ҚР Заңымен 1-2-баппен толықтырылды
1-2-бап. Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ету
Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарын мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ету аталған адамдардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне нақты қол сұғу қатері төнген кезде қолданылатын осы Заңда көзделген қауіпсіздік, құқықтық және әлеуметтік қорғау шараларын (бұдан әрі - мемлекеттік қорғау шаралары) уәкілетті мемлекеттік органдардың жүзеге асыруынан тұрады.
2009.07.04 № 149-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді
2-бап. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдар
Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін:
1) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын орган;
2) қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, әскери басқару органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне жүктеледі.
2009.07.04 № 149-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді
3-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдар
Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi мен осы Заңға сәйкес:
1) судьялар;
2) қосшы билер;
3) прокурорлар;
4) тергеушiлер;
5) анықтаушылар;
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын адамдар;
2009.07.04 № 149-IV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1) жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға жәрдемдесетін азаматтар;
6-2) жеке айыптаушылар;
7) қорғаушылар;
8) сарапшылар;
9) мамандар;
10) сот отырыстарының хатшылары, сот приставтары, сот орындаушылары;
11) жәбiрленушiлер;
12) куәлер;
13) сезiктiлер;
14) айыпталушылар, сотталушылар, сотталғандар, сондай-ақ өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған немесе сот ақтау үкімін шығарған адамдар;
15) аудармашылар;
16) куәгерлер;
17) заңды өкiлдер, өкiлдер;
18) азаматтық талапкерлер, азаматтық жауап берушiлер;
19) осы баптың 1) - 18) тармақшаларында аталған адамдардың отбасы мүшелерi, жақын туыстары мемлекеттік қорғауға жатады.
Қылмыстардың алдын алуға немесе оларды ашуға ықпал ететін адамдарға қатысты зорлық-зомбылық немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекеттер жасалуының нақты қатері болған кезде, оларға қатысты да мемлекеттік қорғау шаралары қолданылуы мүмкін.
Осы бапта аталған, өздерiне қатысты белгiленген тәртiппен мемлекеттік қорғау шараларын қолдану туралы шешiм қабылданған адамдар бұдан әрi «қорғалатын адамдар» деп аталады.
2009.07.04 № 149-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-бап. Мемлекеттік қорғалу құқығының пайда болуы
1. Қорғалуға жататын адамдарды өлтірумен, күш қолданумен, мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не құқыққа қарсы өзге де қауіпті іс-әрекеттермен қорқытудың жеткілікті негіздері болған кезде, қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдар өз құзыреті шегінде осы Заңда көзделген мемлекеттік қорғау шараларын қолдануға міндетті.
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға жәрдемдесетін азаматтарға қатысты қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешімді қылмыстық процесті жүргізетін органмен қатар, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдар осы Заңда көзделген тәртіппен қабылдайды.
5-бап. Мемлекеттік қорғаудың түрлерi
Осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес қорғалатын адамдар:
1) қорғалатын адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында уәкiлеттi мемлекеттік органдардың қауiпсiздiк шараларын қолдануымен, сондай-ақ олардың мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз етумен;
2) құқықтық қорғау шараларымен, соның iшiнде олардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне қол сұғушылық үшiн қылмыстық жауапкершiлiктi көздейтiн шараларды қолданумен;
3) олар қаза болған (өлген), олардың денесiне жарақат салынған немесе денсаулығына басқа да зиян келтiрiлген, мүлкi жойылған немесе бүлдiрiлген жағдайда осы Заңмен белгiленген материалдық өтемге құқығын iске асыруды көздейтiн әлеуметтiк қорғау шараларын жүзеге асырумен қамтамасыз етiледi.
6-бап. Мемлекеттік қорғау шараларын жүзеге асыру кезіндегі прокурорлық қадағалау
Мемлекеттік қорғау шараларын жүзеге асыру кезiнде заңдардың қолданылуын қадағалау Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына және оған бағынышты прокурорларға жүктеледi.
2-тарау. Қауіпсіздік шаралары
2009.07.04 № 149-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-бап. Қауiпсiздiк шараларының түрлерi
Қорғалатын адамдардың жеке және мүлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында анықтау, алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде немесе соттың iстi қарауы барысында қылмыстық процестi жүргiзушi орган нақты мән-жайларды ескере отырып, мынадай iс жүргiзу және өзге де қауiпсiздiк шараларын қолдануға құқылы:
1) күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да әрекеттер жасау қаупiн төндiретiн адамға оның қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн екендiгi туралы ресми ескертуге;
2) қорғалатын адам туралы мәлiметтерге қол жеткізудi шектеуге;
3) айыпталушыға (сезiктiге) қатысты қылмыстық процеске қатысушы адамдарға күш қолдануды ұйымдастыру немесе өзге де қылмыстық әрекеттер жасау (жасауды ұйымдастыру) мүмкiндiгiн болдырмайтын бұлтартпау шараларын таңдап алуға;
4) жекелеген адамдарды сот отырысы залынан шығарып жiберуге;
5) соттың жабық отырысын өткізуге;
6) соттың куәден - бүркеншiк атын пайдалана отырып, оның жеке басы туралы мәлiметтердi жарияламай;
оны танып қоюды болдырмайтын жағдайларда;
сот талқылауына басқа да қатысушылардың оны сырттай шолып байқауынсыз;
қажет болғанда бейне, дыбыс жазуға және жауап алу барысын түсiрiп алудың өзге де тәсiлдерiне тыйым сала отырып жауап алуына;
7) жеке күзетуге, тұрғын үйiн және өзге де мүлкiн күзетуге;
8) белгiленген тәртiпте қарумен, жеке қорғану құралдарымен және техникалық құралдармен қамтамасыз етуге;
9) қауiпсiз орынға уақытша орналастыруға;
10) қорғалатын адамдар туралы мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз етуге;
11) басқа тұрғылықты жерге көшiруге, жұмыс (қызмет) немесе оқу орнын ауыстыруға, жұмысқа орналасуына көмектесуге;
12) құжаттарды ауыстыруға;
13) сырт пiшiнiн өзгертуге.
Басқа тұрғылықты жерге көшіру, құжаттарды ауыстыру және сырт пішінін өзгерту қауіпсіздіктің ерекше шаралары болып табылады және қорғалатын адамның қауіпсіздігі басқа қауіпсіздік шараларын қолданумен қамтамасыз етіле алмайтын жағдайларда қолданылады.
Осы бапта көзделген қауiпсiздiк шараларын iске асыру мақсатында «Жедел-iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жедел-iздестiру шаралары жүргiзiлуi мүмкiн.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да әрекеттер жасау қаупiн төндiретiн адамға оның қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн екендiгi туралы ресми ескерту жасау
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 115-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қорғалатын адамдардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне қол сұғу қатерiн айғақтайтын деректер анықталған кезде қылмыстық процестi жүргiзушi орган күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да әрекеттер жасау қаупiн төндiретiн адамға оның қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн екендiгi туралы ресми ескерту жасайды. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган жасаған ескерту адамға қолхат алынып хабарланады.
9-бап. Қорғалатын адам туралы мәлiметтерге қол жеткізудi шектеу
Қорғалатын адам туралы мәлiметтерге қол жеткізудi шектеу қылмыстық іс материалдарынан адамның сауалнамалық деректері туралы мәлiметтердi алу мен оларды негiзгi жүргiзiлiп жатқан iстен бөлек сақтаудан, сондай-ақ бұл үшiн бүркеншiк атты пайдаланудан тұрады.
10-бап. Айыпталушыға (сезiктiге) қатысты қылмыстық процеске қатысушыларға күш қолдану (қолдануды ұйымдастыру) немесе өзге де қылмыстық әрекеттер жасау (жасауды ұйымдастыру) мүмкiндiгін болдырмайтын бұлтартпау шараларын таңдап алу
Айыпталушы (сезiктi) тарапынан қатер төнген жағдайда қылмыстық процестi жүргiзушi орган Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне сәйкес соңғыға қатысты күш қолдану (қолдануды ұйымдастыру) немесе өзге де қылмыстық әрекеттер жасау (жасауды ұйымдастыру) мүмкiндiгiн болдырмайтын бұлтартпау шараларын таңдап алуға құқылы, ол туралы дәлелдi қаулы шығарады. Қаулының көшiрмесi оның шығарылуына қатысы бар адамға табыс етiледi.
Қабылданған шешiм туралы қорғалатын адам хабардар етiледi.
Бұлтартпау шаралары өзгерген немесе айыпталушы (сезiктi) қашып кеткен жағдайда қорғалатын адам дереу хабардар етiлуге тиiс.
11-бап. Жекелеген адамдарды сот отырысы залынан шығарып жiберу
Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде тiкелей көзделген реттерде төрағалық етушi жекелеген адамдарды сот отырысы залынан шығарып жiберуге құқылы.
12-бап. Соттың жабық отырысын өткізу
Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот талқылауына төрағалық етушi соттың жабық отырысын өткiзедi. Соттың iстi жабық талқылауына соттың дәлелдi қаулысы бойынша жол берiледi.
13-бап. Соттың куәден жауап алуы
Соттың куәден жауап алуы оның жеке басы туралы деректердi жария етпей бүркеншiк атты пайдалана отырып, сондай-ақ сотта айыпталушы тараптың куәсiнен жауап алу айыпталушыны, қорғаушы тараптың өкiлдерiн сот отырысы залынан шығарып жiберген соң жүргiзiлуi мүмкiн.
Қажет болған жағдайларда қорғалатын адамнан жауап алу оның танылып қалуын болдырмайтын жағдайда жүргiзiледi. Осы мақсатта бетперде, бет бояу, қорғалатын адамның дауысын өзгертуге арналған аппарат және заңға қайшы келмейтiн өзге де қорғау тәсiлдерi пайдаланылуы мүмкiн.
Қорғалатын адамнан процеске басқа қатысушылардың сырттай бақылауынсыз жауап алу бейне және басқа техникалық құралдар, перде, қорғағыш экран көмегi қолданыла отырып, процеске қатысушылардың құпиялылықты сақтау туралы алдын ала ескертiлген шектеулi тобының қатысуымен жүргiзiлуi мүмкiн.
Қажет болған жағдайда төрағалық етушi сот талқылауы барысында куәден жауап алуды түсiрiп алудың бейне, дыбыс жазу және өзге тәсiлдерiн қолдануға тыйым сала алады.
Сот қолданылған қауiпсiздiк шаралары туралы дәлелдi қаулы шығарады.
2009.07.04 № 149-IV ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Жеке күзет, тұрғын үй мен өзге де мүлiктi күзету
Қорғалатын адамдардың өмiрiне не денсаулығына немесе мүлкiне қол сұғу қатерi бар екендiгiн айғақтайтын деректер анықталған кезде, қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi органдар олардың келісімiмен сол адамдарды жеке күзетудi, олардың тұрғын үйлерi мен мүлiктерiнiң күзетiлуiн жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда өртке қарсы және күзеттiк дабылдатқыш құралдары, қорғалатын адамның келісімімен бақылаудың техникалық құралдары орнатылады, телефон нөмiрлерi мен пайдалануындағы көлiк құралдарының мемлекеттік тiркеу белгiлерi өзгертiлуi мүмкiн.
15-бап. Қарумен, жеке қорғану құралдарымен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету
Қорғалатын адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнген қатер дәрежесiн ескере отырып, қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi органдар белгiленген тәртiппен аталған адамдарға қару, жеке қорғанудың арнаулы құралдарын және оларға қатысты болуы мүмкiн құқыққа қарсы қолсұғушылықты тiркеу және қауiп туралы хабар беру үшiн техникалық құралдар бере алады.
Қорғалатын адамдарға берiлген қаруды олардың сақтауы, алып жүруi және қолдануы «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
16-бап. Қауiпсiз орынға уақытша орналастыру
Қажет болған жағдайда кәмелеттiк жасқа толған қорғалатын адамдар олардың келісімiмен, ал кәмелеттiк жасқа толмағандар - олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдердiң келісімiмен өздерiне қауiпсiздiк қамтамасыз етiлетiн орындарға орналастырылуы мүмкiн.
Ол жерде болу мерзiмi қорғалатын адамдар мен қорғауды қамтамасыз етушi орган арасында келісіледi.
2009.07.04 № 149-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Қорғалатын адамдар туралы мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз ету
Қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін органның шешiмi бойынша сол орган айқындайтын мерзiмге қорғалатын адамдардың жеке басы, олардың тұрғылықты жерi туралы деректердiң және мекенжай бюроларынан, төлқұжат қызметтерiнен, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiнен, автоматты телефон байланысының анықтама қызметтерiнен және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, басқа да ақпараттық-анықтамалық қорлардан олар жөнiнде өзге де мәлiметтердiң, мұндай мәлiметтер басқа қылмыстық iс жүргiзуге байланысты белгiленген тәртiппен анықталатын жағдайларды қоспағанда, берiлуiне тыйым салынуы мүмкiн.
2009.07.04 № 149-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Басқа тұрғылықты жерге көшiру, жұмыс (қызмет) немесе оқу орнын ауыстыру, жұмысқа орналасуына көмектесу
Қорғалатын адамдардың келісімiмен не олардың өтiнiшi бойынша олар басқа, уақытша немесе тұрақты жұмысқа (қызметке), немесе оқу орнына ауыстырылуы, басқа, уақытша немесе тұрақты тұрғылықты жерге көшірілуі мүмкiн.
Мемлекеттік органдар және мемлекеттік ұйымдар өз құзыреті шегінде қорғалатын адамдардың жұмысқа орналасуына және оқуға орналасуына жәрдем көрсетуге міндетті.
19-бап. Құжаттарды ауыстыру
Қорғалатын адамдардың өтiнiшi бойынша немесе олардың келісімiмен оларға өзгертiлген сауалнама деректермен жеке басын куәландыратын құжаттар және өзге де құжаттар берiлуi мүмкiн.
Жаңа сауалнамалық деректер қорғалатын адаммен мiндеттi түрде келісіле отырып таңдап алынады немесе оларды оның өзi таңдап алады, ал кәмелеттiк жасқа толмағандар үшiн - олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң келісімiмен таңдап алынады.
2009.07.04 № 149-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Сырт пiшiнiн өзгерту
Қорғалатын адамның қауiпсiздiгiн басқа шаралармен қамтамасыз етуге болмайтын ерекше жағдайларда оның өтiнiшi бойынша немесе оның келісімiмен, кәмелеттік жасқа толмаған адам үшін - оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен оның сырт пiшiнi өзгертiлуi мүмкiн.
3-тарау. Қауіпсіздік шараларын қолдану негіздері мен тәртібі.
Қорғалатын адамдардың және қауіпсіздікті қамтамасыз етуші органдардың құқықтары мен міндеттері
2009.07.04 № 149-IV ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Қауiпсiздiк шараларын қолдану мен жүзеге асыру
Осы Заңның 7-бабында көзделген қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз етудi:
1) 1), 2), 3), 7), 8), 9) және 10) тармақшалар бойынша - қылмыстық iстi жүргiзiп жатқан органдар;
2) 12) тармақша бойынша - уәкілетті мемлекеттік органдар;
3) 4) 5) және 6) тармақшалар бойынша - соттар;
4) 13) тармақша бойынша - қажет болған жағдайда денсаулық сақтау iстерi жөніндегі мемлекеттік органмен бiрлесе отырып, қылмыстық iстi жүргiзiп жатқан орган;
5) 11) тармақша бойынша - жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесе отырып, қылмыстық iстi жүргiзiп жатқан орган жүзеге асырады.
Әскери соттардың судьяларына, прокурорларға, әскери полицияның, әскери-тергеу бөлiмшелерiнiң әскери қызметшiлерiне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарына қатысты қауiпсiздiк шараларын тиiстi әскери бөлiмнiң қолбасшылығы немесе тиiстi әскери мекеменiң бастығы да жүзеге асыра алады.
Мемлекеттік органдар және мемлекеттік ұйымдар, өз құзыреттерi шегiнде, қауiпсiздiк шараларын қолдану туралы шешiм қабылдаушы және қауiпсiздiк шараларын жүзеге асырушы органдарға осы Заңның нормаларын орындауда жәрдем көрсетуге мiндеттi.
2009.07.04 № 149-IV ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды
21-1-бап. Әскери қызметшілердің, запастағы азаматтардың олардың әскери жиындардан өтуі кезінде, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері, құрамалары немесе мемлекеттік мекемелері азаматтық персоналдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Әскери қызметшілердің, запастағы азаматтардың олардың әскери жиындардан өтуі кезінде, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері, құрамалары немесе мемлекеттік мекемелері азаматтық персоналдарының қауіпсіздігі Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдеріндегі, құрамаларындағы немесе мемлекеттік мекемелеріндегі әскери қызметті өткеру және жұмыстың ерекшеліктерін ескере отырып, осы Заңда белгіленген қауіпсіздік шараларын қолдану жолымен қамтамасыз етіледі.
Қорғалатын адамға қатысты, қорғалатын адамды жаңа әскери қызмет орнына, оның ішінде Қарулы Күштердің, Қазақстан Республикасының заңнамасында әскери қызмет көзделген басқа мемлекеттік органның басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың әскери бөліміне немесе мемлекеттік мекемесіне ауыстыру, шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан қорғалатын адамға қатер төндіруі мүмкін әскери қызметшіні, егер оның әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, басқа әскери бөлімге, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басқа мемлекеттік мекемесіне іссапарға жіберу немесе ауыстыру сияқты қауіпсіздік шаралары да қолданылуы мүмкін.
Қорғалатын адамды іссапарға жіберу және ауыстыру оның жазбаша түрде берген келісімімен жүзеге асырылады. Ауыстыру кезінде әскери қызметші тең әскери лауазымға тағайындалады, бұл ретте оны негізгі немесе бірдей бейінді әскери есепке алу мамандығымен пайдалану қамтамасыз етілуге тиіс.
Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын өзге де органдар қорғалатын адамның қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз етуде әскери бөлімнің қолбасшылығына немесе Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемесінің бастығына жәрдем көрсетеді.