Республика Президентінің Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарату туралы актісі қолданысқа енгізілген күн депутаттардың кезектен тыс сайлауы өткізілуге тиіс мерзімнің басталу кезі болып табылады. Бұл мерзім екі ай өткен соң аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.
3-1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы күні Мәжілістің партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттар сайлауы өткізілетін күнмен дәл келмеуі мүмкін.
4. Осы баптың 1-тармағының 3)-тармақшасында көзделген жағдайларда шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын депутат мандаты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және одан айырылған не ол қайтыс болған сәттен бастап үш айдан кешiктiрмей Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды.
5. Сайлау күнi Конституцияның 41-бабының 3-тармағының талаптары ескерiле отырып белгiленедi.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 86-бап өзгертілді
86-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптар
Мәжіліс депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңдарымен 87-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңымен 87-бап жаңа редакцияда; 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен 87-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
87-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну
1. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы - белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қатысты Ассамблея Кеңесіне тиесілі.
2. Біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ.
Саяси партияның жоғары органының шешімі азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Саяси партиялар адамдарды партиялық тізімге орналастыру тәртібін дербес айқындайды. Партиялық тізімді саяси партияның өкілі саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмемен бірге бір мезгілде Орталық сайлау комиссиясына ұсынады. Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталуға тиіс.
4. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсынуды Ассамблея Кеңесі жүргізеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімі көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімі азаматтың сайлауға түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Егер сайлауды белгілеу кезінде өзгеше көзделмесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған қырық күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлаудан бір ай бұрын басталып, оған жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 28.06.99 ж. № 407-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 88-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңымен 88-бап жаңа редакцияда
88-бап. Сайлау жарнасы
1. Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде Орталық сайлау комиссиясының шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгізеді.
2. Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді.
3. Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бестен жетіге дейінгі процентін алған саяси партия осы баптың 1-тармағында белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің елу проценті мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.
Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының үштен беске дейінгі процентін алған саяси партия осы баптың 1-тармағында белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің жетпіс проценті мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.
4. Саяси партия сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады.
ҚР 08.05.98 ж. № 222-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 28.06.99 ж. № 407-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 89-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңымен 89-бап жаңа редакцияда; 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен 89-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
89-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркеу
1. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді және Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеуді Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
89-баптың 2-тармағы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылды
2. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар ұсынады.
Саяси партия ұсынған кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары партиялық тізім тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді.
Саяси партия ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде ұсынуға міндетті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап үш күн ішінде тексереді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап екі күн ішінде ұсынуға міндетті.
3. Партиялық тізімдерді тіркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргізіледі:
1) Республиканың Әділет министрлігінде саяси партияның тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелген, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
2) азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;
3) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;
2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
89-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылады. Өзекті редакцияны қараңыз
4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
5) саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;
6) партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партияға мүшелігін растайтын құжат.
2020.25.05. № 335-VI ҚР Конституциялық заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының отыз процентінен аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім жіберіледі.
Партиялық тізімде әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.
5. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргізіледі:
1) Ассамблея Кеңесінің кандидаттарды ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
2) азаматтың депутаттыққа кандидат болып сайлауға түсуге келісімі туралы өтініші;
3) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;
2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
89-баптың 5-тармағының 5) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылады. Өзекті редакцияны қараңыз
4) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы.
6. Орталық сайлау комиссиясы:
1) партиялық тізімдер тіркелгеннен кейінгі оныншы күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауын және партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсете отырып, тіркелгені туралы хабар жариялайды;
2) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттар тіркелгеннен кейінгі үшінші күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан халқы Ассамблеясының атауын, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған адамдардың санын, әрбір ұсынылған адамның тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттардың қалауы бойынша қай ұлтқа жататынын көрсете отырып, тіркелгені туралы хабар жариялайды;
3) тіркеу кезінде кандидаттарға тиісті куәліктер береді;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) мынадай жағдайларда:
саяси партия партиялық тізімді ұсыну ережелерін бұзған, тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған;
партиялық тізімді ұсынған саяси партия, ол ұсынған кандидаттар, оның сенім білдірген адамдары сайлау алдындағы үгітті тіркелу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізген;
тұтас партиялық тізімнің елу процентінен астамын құрайтын адамдар партиялық тізімнен шыққан;
партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе оның сенім білдірген адамдарының кандидаттың, партиялық тізімді ұсынған басқа саяси партияның немесе партиялық тізімге енгізілген адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін сот анықтаған;
партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тізімді тіркеуден бас тартады немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.
Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған партиялық тізімді қалпына келтіруге жол берілмейді;
2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) мынадай жағдайда:
партиялық тізімге енгізілген адам Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген;
партиялық тізімге енгізілген адамның өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
партиялық тізімге енгізілген адам сайлау алдындағы үгітті партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізген;
партиялық тізімге енгізілген адамның партиялық тізімді ұсынған саяси партияның кандидатының немесе партиялық тізімге енгізілген басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, олардың іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін сот анықтаған;
89-баптың 6-тармағының 5) тармақшасының бірінші бөлігінің алтыншы абзацы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылады. Өзекті редакцияны қараңыз
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, партиялық тізімге енгізілген адам мен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің анық еместігі анықталған;
партиялық тізімге енгізілген адамның немесе оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешім қабылдайды.
Партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешімге партиялық тізімді ұсынған саяси партия не партиялық тізімнен шығарылған адам Жоғарғы Сотқа шағым жасай алады, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
Партиялық тізімге енгізілген адамды дауыс беретін күнге екі күн қалғанда шығару туралы шешім қабылдауға жол берілмейді;
2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидатты мынадай жағдайларда:
адам Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген;
ол өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі кандидаттарды ұсыну ережелерін бұзған, тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған;
кандидат, оның сенім білдірген адамдары сайлау алдындағы үгітті тіркелу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізген;
кандидаттың және (немесе) оның сенім білдірген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін сот анықтаған;
89-баптың 6-тармағының 6) тармақшасының бірінші бөлігінің жетінші абзацы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылады. Өзекті редакцияны қараңыз
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің анық еместігі анықталған жағдайда;
кандидаттың немесе оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.
Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден алып тасталған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді.
2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Партиялық тізімді тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) Жоғарғы Сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе Жоғарғы Сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға екі күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) Жоғарғы Сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе Жоғарғы Сот бір күн ішінде шағым бойынша шешім шығарады.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Партиялық тізімдерді тіркеу, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған бір ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлаудан жиырма күн бұрын басталып, оған он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 90-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 90-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
90-бап. Кандидатураны алып тастау, Мәжіліс депутаттығына кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою
1. Партиялық тізімге енгізілген адам Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімге енгізілген адамды шығару туралы шешім қабылдайды.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі, ол ұсынған кандидат Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш жасай отырып, кандидатураны кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.
91-бап. ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
92-бап. 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 92-1-баппен толықтырылды
92-1-бап. Саяси партиялардың сайлау қорының мөлшерi
1. Саяси партиялар ұсынатын партиялық тiзiмдердiң құрамында дауысқа түсетiн кандидаттардың өз сайлау қорларын құруға құқығы жоқ.
2. Саяси партияның сайлау қоры:
1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың еседен аспауы тиiс жеке қаражатынан;
2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспауы тиiс ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
93-бап. 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен толықтырылды
93-1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжіліс депутаттарының сайлауы жөніндегі сессиясын өткізу тәртібі
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау Республика Президенті шақыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында өткізіледі.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына аумағында сессия өткізілетін, Республика астанасының не республикалық маңызы бар қаланың тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қатысады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі дауыс беруге дейін он күннен кешіктірмей дауыс беру өткізілетін орын туралы Орталық сайлау комиссиясына хабарлайды.
3. Сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өткізілетін үй-жайда Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беруге арналған пункт ұйымдастырады.
4. Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжіліс депутаттарының сайлауы жөніндегі сессиясының өткізілгендігін куәландыратын құжат аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылатын сессияның хаттамасы болып табылады.
5. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелерін жария еткеннен кейін сессия жабылады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 94-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 94-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
94-бап. Партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыстарды санау
1. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.
2. Партиялық тізімдер бойынша сайлаудың нәтижелері Орталық сайлау комиссиясының отырысында тиісті аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде белгіленеді, олар сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі. Сайлау нәтижелері туралы хаттама жасалады.
3. Дауыстарды санаудың нәтижесі мен сайлау нәтижесін анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлімінде белгіленген ережелерге сәйкес шешіледі.
2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 94-1-баппен толықтырылды
94-1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыстарды санау
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауында дауыстарды санау нәтижелері дауыс беруге арналған пунктте өткізілетін тиісті аумақтық сайлау комиссиясының отырысында белгіленеді.
2. Аумақтық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша Мәжіліс депутаттарының сайлауы жөніндегі дауыстарды санау хаттамасын жасайды, ол Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жария етіледі және сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
3. Дауыстарды санау нәтижесін анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлімінде белгіленген ережелерге сәйкес шешіледі.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 95-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 95-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
95-бап. Мәжіліс депутаттарының сайлауы кезінде қайта дауыс беру
1. Егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерін анықтау кезінде осы Конституциялық заңды азаматтардың ерік білдіру нәтижелерін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейтін бұзушылық орын алса, Орталық сайлау комиссиясы тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы немесе азаматтардың өтініштері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі Мәжіліс депутаттарының сайлауын жарамсыз деп тануы мүмкін. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте қайта дауыс беруді тағайындайды.
2. Қайта дауыс беру Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мерзімде сол партиялық тізімдер бойынша, сол сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сол сайлаушылардың тізімдері бойынша өткізіледі. Қайта дауыс беруді өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 96-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 96-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
96-бап. Мәжіліс депутаттарын қайта сайлау
1. Егер партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттарының сайлауы жарамсыз деп танылған болса, Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының қайта сайлауын өткізу туралы шешім қабылдайды. Қайта дауыс беру сол сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сол сайлаушылардың тізімдері бойынша өткізіледі.
2. Егер сайлау жарамсыз деп танылған болса не бастапқы сайлауды өткізу кезінде адам сайланбай қалған жағдайда Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының қайта сайлауын Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды.
3. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейін екі ай мерзімнен кешіктірілмей немесе Орталық сайлау комиссиясы белгілейтін мерзімде өткізіледі. Қайта сайлау кезінде жүзеге асыру көзделген сайлау іс-шаралары осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен өткізіледі. Бұл ретте сайлау іс-шараларының қысқартылған мерзімдерін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
4. Қайта сайлауды өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара)Конституциялық Заңдарымен 97-бап өзгертілді
97-бап. Мәжіліс депутаттары сайлауының нәтижелерiн анықтау және жариялау
1. Республиканы тұтас алғанда Мәжіліс депутаттары сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде анықтайды.
2. 2007.19.06 № 268 -III Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Сайлау қорытындыларын анықтауға және жариялауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.