ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Табиғи монополиялар туралы
(2022.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 10-ө өкімін қараңыз
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңның мақсаттары
2-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы
3-бап. Осы Заңның қолданылуы
4-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
5-бап. Табиғи монополиялар салалары
2-тарау. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
6-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
8-бап. Уәкілетті органның құзыреті
9-бап. Өзге мемлекеттік органдардың құзыреті
10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
11-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру
12-бап. Табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеу әдістері
13-бап. Табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына келісім беру
14-бап. Табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органды реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабардар ету тәртібі
3-тарау. ТАРИФТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
15-бап. Тарифті қалыптастыру тәртібі
16-бап. Тарифтік реттеудің шығындық әдісі
17-бап. Тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі
18-бап. Индекстеу әдісі
19-бап. Жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негізінде тарифті айқындау
20-бап. Тарифтi оңайлатылған тәртiппен бекiту
21-бап. Инвестициялық бағдарламаны бекіту және оны өзгерту
22-бап. Уәкілетті орган бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту тәртібі
23-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруы
24-бап. Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі
24-1-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларының энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қолжетімділігі
25-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу процесінің жариялылығы
4-тарау. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР
26-бап. Табиғи монополия субъектісінің құқықтары мен міндеттері
27-бап. Тұтынушының құқықтары мен міндеттері
28-бап. Тарифтік саясат жөніндегі кеңес
29-бап. Қоғамдық бірлестіктер
5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
30-бап. Мемлекеттік бақылау
31-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама
6-тарау. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ
32-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
33-бап. Уақытша өтемдік тариф
34-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан келтiрген залалдарды өтеуi
35-бап. Табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалдарды өтеу
7-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңның мақсаттары
Осы Заңның мақсаттары мыналар болып табылады:
1) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу;
2) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін айқындау;
3) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету;
4) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектiлерiнің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету;
5) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету;
6) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және оларға сұранысты қанағаттандыруды ынталандыру.
2-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылуы
1. Осы Заң табиғи монополиялар субъектiлерi ұсынатын Қазақстан Республикасының көрсетілетін қызметтер нарығында туындайтын қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заңда қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасымен реттеледі.
3. Осы Заңмен табиғи монополиялар салаларына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектісіне қызметті мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға қатысты ғана қолданылады.
4. Осы Заңның күші табиғи монополиялар салаларына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға мынадай:
1) қызметі өз мұқтаждарына ғана арналған объектiлердi салу мен пайдалануға байланысты болатын;
2) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген қызметі жиынтығында мынадай:
осындай қызметтен түсетін кірістер күнтізбелік бір жылда барлық қызметтен түсетін кірістердің 1 пайызынан аспауға тиіс;
2012 жылғы 1 қаңтарға қолданыста болған тарифтің деңгейін ұстап-тұру шарттары сақтала отырып, жүзеге асырылатын жағдайлардың бірінде қолданылмайды.
4-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау - бекітілген тарифте және (немесе) бекітілген тарифтік сметада амортизациялық аударымдар есебінен көзделген қаражатты реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуда пайдаланылатын тіркелген активтердегі күрделі қаржы салымдарымен және тартылған кредиттік ресурстар бойынша негізгі борышты қайтарумен байланысы жоқ мақсаттарға жіберу;
3) бақыланатын шығындар - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынумен байланысты, шамасы табиғи монополия субъектісінің қызметіне қатысты болатын шығындары;
4) бақыланбайтын шығындар - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынумен байланысты, шамасы табиғи монополия субъектісінің қызметіне қатысты емес шығындары;
5) есепке алу аспабы - реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке және (немесе) үй бойынша ортақ тұтынуды коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
6) жария тыңдаулар - тариф жобасын, есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын талқылау және тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есептер беруді өткізу рәсімі;
7) инвестициялық бағдарлама - инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуден немесе табиғи монополия субъектісі қызметінің көрсеткіштерін қолда бар деңгейде сақтаудан көрінетін техникалық-экономикалық және (немесе) экологиялық нәтиже алу мақсатында табиғи монополия субъектісінің қолда бар активтерін кеңейтуге, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңартуға, ұстап-тұруға және жаңа активтерін жасауға бағытталатын қаражатты салу және қайтару жөніндегі іс-шаралар жоспары;
8) индекстеу әдісі - қуаты аз табиғи монополия субъектісінің бекітілген тарифті жыл сайын индекстеуі арқылы тарифті қалыптастыру;
9) қоғамдық мониторинг - қоғамдық ұйымдар мен өзге де мүдделі тұлғалардың бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталу және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу барысын байқау тетігі;
10) қуаты аз табиғи монополия субъектісі - мынадай:
жалпы белгіленген қуаты жиырма Гкал/сағатты қоса алғанға дейінгі жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;
көлемi жылына бес жүз мың текше метрге дейiн сумен жабдықтау және (немесе) су бұру;
көлемі жылына отыз миллион текше метрге дейiн суғару үшін су беру жөніндегі;
бәсекелес кірме жол болмаған кезде көлемі жылына елу мың вагон/км-ге, вагон/сағатқа дейін болатын кірме жолдар;
көлемі жылына жиырма бес миллион кВт сағатқа дейін электр энергиясын беру жөніндегі;
әуежайда қызмет көрсетілген жолаушылардың саны жылына үш жүз мың адамнан аз болатын әуежайлар бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектiсi.
Қуаты аз табиғи монополия субъектісіне кірісі күнтізбелік бір жылда табиғи монополия субъектісінің барлық реттеліп көрсетілетін қызметінен түсетін кірістің 5 пайызынан аспайтын ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша табиғи монополия субъектісі де жатады. Бұл ретте қалған реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісі қуаты аз табиғи монополия субъектісіне жатпайды;
11) магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектері - магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерге индекстер түрінде тарифтердің ең жоғары және ең төмен деңгейлері;
12) өтінім - табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органға тарифті бекіту туралы өтініші;
13) реттеліп көрсетілетін қызметтер - табиғи монополиялар салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын және уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;
14) тарифтің болжамды индексі - тарифтің жол берілетін деңгейін оның болжамын есептеу жолымен айқындайтын көрсеткіш;
15) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштері - тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну процесінің технологиялық және өзге де объективтік өлшемдерін қамтитын реттеліп көрсетілетін қызметтерді бағалау, оның ішінде тәуелсіз сыртқы бағалауға жататын өлшемшарттарының жиынтығы;
16) стратегиялық тауарлар:
табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут және дизель отыны;
электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - электр энергиясы;
жылу энергиясымен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін және жылу энергиясын беру және тарату саласындағы нормативтік ысыраптар үшін - жылу энергиясы;
тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін - газ;
сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін - су;
17) стратегиялық тауар өндірушілер - мынадай:
стратегиялық тауарларды өндіретін;
стратегиялық тауарларды өндіруге (қайта өңдеуге) арналған шикізаттың меншік иелері болып табылатын;
тікелей шетелдік өндірушінің атынан Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық тауарларды өткізетін жеке және заңды тұлғалар;
18) табиғи монополия - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрін өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдайлар жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығының жай-күйі;
19) табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтер - ғимараттарда табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың, жылыту және (немесе) ыстық сумен жабдықтау мақсаттары үшін жылу энергиясымен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтері;
20) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштері - табиғи монополия субъектісі қызметі нәтижелерінің және тарифті қалыптастыру кезінде ескерілетін оның экономикалық, басқарушылық, өндірістік шығасыларының арақатынасы;
21) табиғи монополия субъектісі - тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
22) тариф - реттеліп көрсетілетін қызмет құнының ақшалай мәні;
23) табиғи монополия саласының тарифтік реттеу әдісі - тарифті қалыптастыру кезінде қолданылатын әдіс;
24) тарифтік реттеудің шығындық әдісі - табиғи монополия субъектісінің баптар бойынша айқындалған, экономикалық негізделген шығындарына және пайдасына қарай тарифті қалыптастыру әдісі;
25) тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі - реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін сақтауға және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге қарай тарифті қалыптастыру әдісі;
26) тарифтік смета - уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтің кірістерінің, шығыстарының және көлемдерінің тізбесі;
27) тарифті саралау - тұтынудың, оның ішінде тұтынушылар тобының шарттарына қарай тарифтің әртүрлі деңгейін белгілеу;
28) тозуды есепке жазудың тікелей әдісі - амортизацияның жылдық сомасы амортизацияланатын құнды негізгі құралдар мен материалдық емес активтер объектісінің пайдалы қолдану мерзіміне бөлумен айқындалатын амортизация әдісі;
29) тұтынушы - реттеліп көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалану ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;
30) уақытша өтемдік тариф - тұтынушыларға қаражатты қайтару мақсатында уәкілетті орган белгілі бір мерзімге бекітетін тариф;
31) уақытша төмендету коэффициенті - тұтынушылар мен табиғи монополия субъектісінің мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті орган бекіткен және тарифке қолданылатын шама;
32) уәкілетті орган - тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
33) «электрондық үкіметтің» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін ақпараттық жүйе.
5-бап. Табиғи монополиялар салалары
1. Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар салаларына:
1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау жөніндегі;
2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі;
3) электр энергиясын беру жөнiндегi;
4) топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;
5) электр энергиясын желiге беруді техникалық диспетчерлендiру және тұтыну жөніндегі;
6) электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер;
7) жүктерді контейнерлермен тасу, бос контейнерлерді тасу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасу кезінде магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілерінің;
8) бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың;
9) бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың;
10) халықаралық және транзиттік ұшуға аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, аэронавигацияның;
11) портта көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттардың;
12) Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтері;
13) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қоспағанда, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер;
14) сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтері жатады.
2. Табиғи монополиялар субъектiлерi реттеліп көрсетiлетiн қызметтерін көрсете отырып, Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзуге жатады.
3. Табиғи монополиялар салаларын кеңейту Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
6-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу
Табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу:
1) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру;
2) тарифті қалыптастыру, белгілеу және бекіту;
3) табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеу әдістерін айқындау;
4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдау;
5) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың орындалуын ұйымдастырады;
2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
8-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектiлерiнің қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
2) табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне табиғи монополиялар салаларының жай-күйі туралы, бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептер ұсынады;
4) Табиғи монополиялар субъектiлерiнің мемлекеттік тіркелімін қалыптастырады және жүргізеді;
5) тарифтерді қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 7-1), 7-2), 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылды
7-1) инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
7-2) табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін әзірлейді және бекітеді;
7-3) қызметтер көрсету регламенттерін үлгілік регламентке сәйкестігі тұрғысынан келіседі;
7-4) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8) өтінімді қарауға қабылдайды не оны қабылдаудан бас тартады;
9) өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, жария тыңдаулар өткізеді;
10) осы Заңда көзделген жағдайларда тарифті бекітеді;
11) қуаты аз табиғи монополия субъектісінің тарифін индекстеу деңгейін айқындайды;
12) тарифтік сметаны бекітеді және өзі бекіткен тарифтік сметаға өзгерістер енгізеді;
13) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын өзге мемлекеттік органмен бірлесе отырып бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді;
14) Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді;
15) уақытша өтемдік тарифті бекітеді;
16) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген әрекеттерді жасауына келісім береді, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдайды;
17) тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерін әзірлейді және бекітеді;
18) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін әзірлейді және бекітеді;
19) жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiктерін жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратады және алады;
20) табиғи монополиялар субъектісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқама енгізеді;
21) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнеді;
22) табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептеріне талдау жүргізеді;
23) табиғи монополиялар субъектілері мен тұтынушылардың өтініштерін қарайды;
24) тарифті қалыптастыру бөлігінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының жобаларын, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды
24-1) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін сенімгерлік басқаруға беруді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен келіседі;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 24-2) тармақшамен толықтырылды
24-2) республикалық немесе облыстық, аудандық коммуналдық меншіктегі, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік су бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органдармен, табиғи монополиялар субъектілерімен келіседі;
25) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлік мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органдардан, оның ішінде электр желілері басқа энергия беруші ұйымдардан өтеусіз пайдалануға балансқа алынған кезде және (немесе) сенімгерлік басқаруға қабылданған жағдайда, тарифті жоғарылатпастан бекітілген тарифтік сметаға өзгеріс енгізеді;