Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы
(2018.04.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., №9, 26-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №11, 55-құжат; №12, 79, 83-құжаттар; №16, 97-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №14, 105-құжат; №15, 106, 109-құжаттар; №16, 129-құжат; №17, 139-құжат; №18, 143-құжат; №20, 152-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; №15-16, 64-құжат; №21, 95-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №13-14, 62-құжат; №15-16, 76-құжат; №17, 79-құжат; №18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №6, 49, 50-құжаттар; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 114-құжат; №15, 120-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 9, 11-құжаттар; №3, 27-құжат; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №8, 64-құжат; №11, 80-құжат; №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., №2, 10-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 64-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 118, 122-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №19-I, 99, 101-құжаттар; №19-II, 103-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115, 117-құжаттар; №21-I, 124, 126-құжаттар; №22-II, 145-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-ІІ, 53, 56-құжаттар; №8-ІІ, 72-құжат):
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) 24-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«1. Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларына жер пайдалану құқығымен берілуі мүмкін.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;»
2) 24-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің, 2, 3 және 4-тармақтарының, 37-баптың 5-тармағы 2) тармақшасы үшінші абзацының, 48-баптың 2-тармағының, 97-баптың 6-тармағы 1) және 3) тармақшаларының;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) 97-баптың 6-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«2) Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу, орман өсіру, ғылыми-зерттеу, тәжірибе жүргізу және оқыту мақсаттарында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бау-бақша шаруашылығын және мал шаруашылығын жүргізу үшін жер пайдалануға беріледі.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;
2016.23.12. № 32-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) 101-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«1. Жер учаскелерi шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына - уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргiзу (маусымдық жайылымдар) үшiн уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен осы Кодекске сәйкес берiледi.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің қолданысы 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.
2016.23.12. № 32-VI ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бап. «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-I, 126-құжат) қолданысқа енгізілуі 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын.
3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы маусымның 30-ы.
№ 5-VI