1) осы Заңның 66-1-бабы 4-тармағының талаптары сақталған кезде, лауазымды адамның (адамдардың) тексерілетін жолаушылар поезының құрамындағы барлық типтегі жолаушылар вагондарына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беру үшін лауазымды адамға (адамдарға) тексеру мәселелерімен байланысты құжаттарды (мәліметтерді) қағаздағы жеткізгіште не олардың көшірмелерін ұсынуға;
3) тексеру тағайындалғаны туралы актімен танысқандығы жөнінде белгі жасауға;
4) актінің екінші данасында тексеру аяқталған күні жүргізілген тексерудің нәтижелері туралы актіні алғандығы туралы белгі жасауға міндетті.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 66-2-баппен толықтырылды
66-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 67-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
67-бап. Жолаушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Жолаушының:
1) поездар жүретiн маршруттар бойынша жолаушылар операциялары үшiн ашық, өзi атаған баратын станциясына дейiн кез келген поезға және кез келген вагонға жол жүру құжатын (билет) сатып алуға;
2) сатып алған жол жүру құжатына (билетке) сәйкес поездағы вагоннан орын алуға;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өзiмен бірге жетi жасқа дейiнгi бір баланы, егер бала жеке орын алатын болмаса - ақысыз не жетi жастан он бес жасқа дейiнгi балаларды жол жүру ақысының елу пайызын төлеп, оларға жеке орын беріп, алып жүруге құқығы бар.
Басқа мемлекеттердiң жолаушы вагондарында және басқа мемлекеттердiң аумағы бойынша Қазақстан Республикасының жолаушы вагондарында тасымалдау кезiнде осы құқықты беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 4) тармақша толықтырылды; 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4) бір толық жол жүру құжатына немесе баланың жол жүру құжатына салмағы отыз бес килограмнан аспайтын қол жүгiн өзiмен бірге ақысыз алып жүруге құқығы бар.
Салмағы бұдан асатын қол жүгi багаж вагонына тапсырылуға тиiс;
Мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары арасынан шыққан жолаушылардың жеке пайдалануға арналған техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнайы қозғалыс құралдарын өздерімен тегін алып жүруге қосымша құқығы бар;
5) тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiп бойынша тасымалдаушыға жол жүру құжатын (билеттi) қайтарып тапсыруға және тасымалдаушыдан жол жүру және багажды алып жүру ақысын (ал жөнелтушi - багаж, жүк-багаж тасымалының ақысын) қайтарып алуға;
6) тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жүру құжатының (билеттiң) қолданылу мерзiмiн ұзартуға;
7) жол бойында аялдама жасап, тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жол жүру құжатының (билеттiң) қолданылу мерзiмiн он күннен аспайтын мерзiмге ұзартуға;
8) бос орындар болған және сатып алынған жол жүру құжатына (билетiне) өзгерістер енгiзген жағдайда, жол жүру құжаты (билет) сатып алынған поездан бұрын жүретiн жолаушы поезымен жүруге;
9) белгiленген ақысын төлеп, багажын тасымалдауға тапсыруға;
10) жазбаша талап ету бойынша тасымалдаушыдан (билет кассаларынан немесе жолаушылар агенттіктерінен) бұрын сатып алынған жол жүру құжаты (билет) бүлінген, жоғалған жағдайда, Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды тасымалдау қағидаларында белгіленген тәртіппен оның телнұсқасын алуға құқығы бар.
Бұрын қайтарылған жол жүру құжаттары (билеттер) бойынша телнұсқа берілмейді.
2. Жолаушы:
1) қала маңындағы қатынас поездарын қоспағанда, жол жүру құжатын (билет) сатып алған кезде, поезға отырғызу кезiнде жол бойында жол жүру құжатын (билеттi) тексерген кезде жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге;
2) поезға отырғызған кезде және жол үстiнде сапар аяқталғанға дейiн оның жол жүру құжаты (билетi) болуы;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) қоғамдық тәртiптi, жолаушы вагондарын және жолаушылар тасымалдауына қызмет көрсетуге арналған объектілерді пайдалану қағидасын сақтауға, сондай-ақ тасымалдаушының мүлкiне ұқыпты қарауға және жол жүру барысында да, күту орындарында да өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтауға мiндеттi.
68-бап. Багажды және жүк-багажды тасымалдау
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тасымалдаушы жолаушыдан немесе жөнелтушiден багажды және жүк-багажды қабылдап алуға және осы операциялар үшiн ашық кез келген теміржол станциясына дейiн жөнелтуге мiндеттi.
Жөнелтушінің жүк-багажы жол жүру құжатын (билетті) ұсынбай тасымалдау құжаты (жүк-багаждың түбіртегі) бойынша қабылданады.
Жөнелтушiнiң багажы, жүк-багажы таяу арада жүретiн багаж вагоны бар поезбен жөнелтiледi. Бұл орайда тасымалдаушы жолаушының багажын, жүк-багажын бірiншi кезекте жөнелтудi қамтамасыз етуге мiндеттi. Жолаушының жол жүру құжатында (билетiнде) көрсетiлген маршрут бойынша жеткiзiлетiн багаж, жүк-багаж жолаушы отырған поезбен немесе таяу арада жүретiн багаж вагоны бар поезбен жөнелтiлуге тиiс.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Жолаушы (жөнелтушi) багажды тапсыру кезiнде оның құнын жариялауға құқылы, ал жүк-багажды тапсыру кезiнде оның құнын жариялауға мiндеттi.
3. Багажбен, жүк-багажбен тасымалдауға өзiнiң мөлшерiне, буып-түйiлуiне және қасиеттерiне қарай багаж вагонына қиындықсыз тиелiп, орналастырылатын және тасымалдаушының мүлкiне және басқа жолаушылардың (жөнелтушiлердiң) багажына, жүк-багажына зиян келтiрмейтiн заттар мен нәрселер қабылданады.
69-бап. Багаж бен жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмi
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Багаж бен жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмi поездардың жүру кестесiне сәйкес тасымалдау жүзеге асырылатын жолаушы поезының межелі теміржол станциясына дейiн жүру уақытымен айқындалады.
Егер багажды, жүк-багажды тасымалдау жол жүру барысында ауыстырып тиеу арқылы жүзеге асырылса, онда жеткiзiп беру мерзiмi әрбір ауыстырып тиеу үшiн бір тәулiкке арттырылады.
2. Жолаушыға, алушыға багаж, жүк-багаж баратын станцияда багаж, жүк-багаж квитанциясын және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейiн берiледi.
3. Багажды, жүк-багажды беру жолаушылар тасымалы жөніндегі операциялар үшiн станция ашық болған уақыт iшiнде жүргiзiледi.
70-бап. Сақтаудың шектi мерзiмi аяқталуының салдары
1. Жолаушы, алушы тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша багажды, жүк-багажды алмаған жағдайда, тасымалдаушы оны баратын станцияда, келген күнiнен бастап - отыз күн бойы, ал кедендiк бақылаудағы багаж бен жүк-багажды он бес күн бойы сақтауға мiндеттi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында аталған сақтаудың шектi мерзiмi аяқталғаннан кейін, тасымалдаушы багаж бен жүк-багажды уәкiлеттi мемлекеттік органдардың (мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың) билiгiне бередi. Осы кезден бастап жолаушы, жөнелтушi, алушы оларға багаждың, жүк-багаждың құнын өтеу немесе оларды алу мәселелерi бойынша өтiнiш жасауға құқылы.
3. Багаж, жүк-багаж (алып қойылған, тәркiленген, иесiз деп танылған) соттардың және басқа уәкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша сатылған жағдайда тасымалдаушының тасымалдау мен сақтауға байланысты шеккен шығыстары сот шешiмдерiн және басқа уәкiлеттi органдардың шешімдерін орындауға құзыретті тұлғалардың атқарушылық іс-әрекеттерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстары ретінде өтеледі.
71-бап. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 72-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 72-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
72-бап. Почта жөнелтілімдерiн тасымалдау
Почта жөнелтілімдерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен почта вагондарымен жүзеге асырылады.
10-тарау. Тасымалдаудан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік
73-бап. Тасымалдау жөніндегі мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ толықтырылды
1. Тасымалдаудан туындайтын мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және теміржол көлiгi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, тасымалдау ережелерiнде, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалған шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауапты болады.
Мiндеттеменi бұзған тарапты жауапқа тарту, құқығы бұзылған тараптың талап етуi бойынша ғана жүргiзiледi.
2. Тараптардың осы Заңда белгiленген жауапкершiлiктi шектеу немесе жою мақсатындағы келісімдерi жарамсыз болып табылады.
Тараптар өзара келісім бойынша жауапкершiлiк мөлшерiн ұлғайта алады, сондай-ақ тасымалдау шарты бойынша қосымша жауапкершiлiк көздей алады.
3. Тасымалдау жөніндегі мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тасымалдаушылардың өзара жауапкершiлiктерi осы Заңда, жүктердi, жолаушыларды тасымалдау ережелерiнде, сондай-ақ тасымалдаушылар арасындағы шарттарда белгiленедi.
4. Тасымалды бірнеше тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайда олар жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының) алдында багаждың, жүктiң, жүк-багаждың жоғалғаны, жетiспеушiлiгi, бұзылғаны (бүлiнгенi), жеткiзiп беру мерзiмiн өткiзiп жiбергенi үшiн ортақ жауапкершiлiкте болады.
5. Егер тасымалдаушы басқа тасымалдаушының, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, тармақ иеленушiнiң, экспедитордың кiнәсiнен жауапқа тартылса, оның кiнәлiлерге керi талап қоюға құқығы бар.
74-бап. Тұрақсыздық айыбы
1. Жүк тасымалы бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн кiнәлi тарап Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда немесе шартта белгiленген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
2. Тасымалдаушыға тиiстi төлемдi мерзiмiн өткiзiп төлегенi үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде бөтен адамдардың ақша қаражатын заңсыз пайдаланғаны үшiн белгiленген жауапкершiлiк мөлшерiнде тұрақсыздық айыбы алынады.
3. Тараптардың өзге шарттары болмаған ретте төлем жасалған сомадан, ең алдымен - тұрақсыздық айыбының сомасы, ал қалған бөлiгiнен борыштың негiзгi сомасы өтеледi.
75-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi
Тасымалдаушы жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес жауапты болады.
Жолаушының өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиян үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi жолаушының поезда отырған және вокзал аумағында поезға отырғызу (одан түсiру) кезiнде туындайды.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 76-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
76-бап. Тасымалдаушының багажды, жүктi, жүк-багажды жоғалтқаны, олардың жетiспеуi немесе бұзылуы (бүлiнуi) үшiн жауапкершiлiгi
1. Тасымалдаушы жүктi, багажды, жүк-багажды тасымалдауға алған кезден бастап жүк алушыға, алушыға берген кезге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Багажды, жүктi, жүк-багажды жоғалтқаны, оның жетiспеуi, бұзылуы (бүлiнуi) үшiн мүлiктiк жауапкершiлiк оларды қабылдаған - тапсырған кезден бастап ауысады.
3. Тасымалдауға құндылығы жарияланбай қабылданған багажды, жүктi, жүк-багажды жоғалтқаны, оның жетiспегені немесе бұзылғаны (бүлiнгені) үшiн тасымалдаушы мына мөлшерлерде:
1) жоғалтқан немесе жетiспеген жағдайда - жоғалған немесе жетiспеген багаждың, жүктiң, жүк-багаждың құны мөлшерiнде;
2) бұзылған (бүлінген) жағдайда багаждың, жүктiң, жүк-багаждың құны төмендеген сома мөлшерiнде жауапты болады.
Багаждың, жүктiң, жүк-багаждың құны сатушының шотында, шартта көрсетiлген баға негiзге алынып, ал ол болмаған кезде салыстырмалы жағдайларда осыған ұқсас тауарлар үшiн әдетте алынатын баға негiзге алынып айқындалады.
4. Тасымалдауға құндылығы жарияланып тапсырылған багаж бен жүк-багажды, сондай-ақ жүктi жоғалтқаны, олардың жетiспеуi немесе бұзылуы (бүлiнуi) үшiн тасымалдаушы жарияланған құндылығы мөлшерiнде жауапты болады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Тасымалдаушы осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген зиянның орнын толтырумен бірге, егер тасымал ақысы олардың құнына кiрмейтiн болса, жоғалтқан, жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) багажды, жүктi, жүк-багажды тасымалдау үшiн алған тасымал ақысын қайтарады.
6. Багаж, жүк, жүк-багаж жеткiзiп беру мерзiмiнен жетi күн өткеннен кейiн жоғалды деп есептеледi.
Багаж, жүк, жүк-багаж аталған мерзiм өткеннен кейiн келген жағдайда, алушы оларды қабылдай алады және тасымалдаушының жоғалтқаны үшiн төлеген сомасын қайтара алады.
7. Тасымалдаушы, егер жүктің немесе багаждың, жүк-багаждың жоғалуы, жетіспеуі немесе бұзылуы (бүлінуі) өзінің кінәсінан болмағанын дәлелдей алмаса, жүктің, багаждың немесе жүк-багаждың жоғалуына, жетіспеуіне немесе бұзылуына (бүлінуіне) жауап береді.
8. Теміржол көлiгi жүкқұжатында көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келмейтiн жүктi берген жағдайда, мұндай жүктi тасымалдаушы тиеген болса, ол жүк алушы алдында жүктiң теміржол көлiгi жүкқұжатында көрсетiлген құны мөлшерiнде, оны жоғалтқанмен бірдей жауапкершiлiкте болады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Тасымалдау шарты бұзылған жағдайда, Кеден одағының басқа тасымалдаушысынан жүкті тасымалдауға қабылдаған тасымалдаушы кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес жүктерді халықаралық тасымалдау кезінде жоғалған, жеткізілмеген жүкке кедендік баждар мен салықтарды төлеуге жауапты болады.
77-бап. Жүк тасымалдау жоспары бойынша өтiнiмдердi орындамағаны үшiн жауапкершiлiк
1. Тасымалдаушы қабылданған өтiнiмге сәйкес көлiк құралдарын бермегенi, ал жүк жөнелтушi жүктi ұсынбағаны, сондай-ақ берiлген көлiк құралдарын пайдаланбағаны үшiн, айлық есептiк көрсеткiш шамасынан мынадай мөлшерде процентпен есептелетін айыппұл түрінде өзара мүлiктiк жауапкершiлiкте болады:
1) жүктi контейнерлермен тасымалдағанда:
брутто салмағы қоса алғанда бес тоннаға дейiн әр контейнер үшiн он бес процент;
брутто салмағы қоса алғанда бес тоннадан он тоннаға дейiн әр контейнер үшiн отыз процент;
брутто салмағы он тоннадан артық әр контейнер үшiн алпыс процент;
2) жүктi рефрижератор вагондардан, транспортерлардан басқа вагондарда тасымалдаған кезде - әр вагон үшiн бір жүз елу процент;
3) рефрижератор вагондарда, транспортерларда тасымалдаған кезде - әр вагон, транспортер үшiн екi жүз тоқсан процент.
2. Жүктi (вагондармен ғана тасымалдау белгiленген) тар табанды теміржол желiлерiмен тасымалдаған кезде - осы баптың 1-тармағында көзделген айыппұлдардың елу процентi мөлшерiнде мүлiктiк жауапкершiлiкте болады.
3. Жүк тасымалдау өтiнiмiн орындамағаны үшiн айыппұл вагондарды, контейнерлерді пайдаланғаны үшiн төлемге қарамастан алынады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Жүк жөнелтуші тасымалдаушыны вагондардың (контейнерлердің) пайдаланылмағаны туралы тиеуге дейін кемінде үш тәулік бұрын ескерткен жағдайда айыппұл сомасы үштен бір бөлігіне азайтылады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Тасымалдаушының қабылданған өтiнiмге сәйкес жылжымалы құрамның берiлмегенi үшiн айыппұл төлеуi оны жылжымалы құрамды беру жөніндегі одан әрi атқаратын мiндеттемелерден босатпайды. Жылжымалы құрам жүк жөнелтушiмен келісілген ұзартылған мерзiмде берiлмеген жағдайда, егер тасымалдаушы жылжымалы құрамның берiлмеуi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, тасымалдаушы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 5 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
78-бап. Вагондар мен контейнерлердi өз бетiмен иеленiп алғаны, бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн жауапкершiлiк
1. Тасымалдаушы, жүк жөнелтушi, жүк алушы, сондай-ақ басқа да тұлғалар өздерiне тиесiлi емес вагондарды, контейнерлердi өздерiнiң тасымалдары, жүктерiн сақтауы үшiн пайдалануға, сондай-ақ олардың иелерiнiң рұқсатынсыз, егер бұл тиiстi шарттарда көзделмесе, тиеу үшiн пайдалануға құқығы жоқ.
2. Мұндай талапты сақтамағаны үшiн кiнәлi тарап вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы төлеумен қатар көлiк құралдары иесiнiң алдында вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы мөлшеріндегі айыппұл түрiнде мүлiктiк жауапкершiлiкте болады.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген айыппұлды төлеу кiнәлi тарапты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен белгiленген иеленушi алдындағы мүлiктiк жауапкершiлiктен босатпайды.
79-бап. Жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жүктi жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кеткен әрбір тәулiгiне жолдың теміржол бөлігі үшін, егер тасымалдаушы мерзiмнiң өтiп кеткенi өзінің кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жүк алушыға темiржол көлiгiмен тасымалдағаны үшiн тасымал төлемiнiң бес пайызы мөлшерiнде, бiрақ тасымал төлемiнiң елу пайызынан аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор Қазақстан Республикасы заңнамасының тауарлар экспортына, импортына, транзитiне арналған құжаттарды ресiмдеу жөніндегі талаптарын мемлекеттік кіріс органдарының, шекаралық немесе басқа да түрдегі бақылау органдарының вагондар мен контейнерлердi кiдiртiп қоюына әкеп соғатындай етіп бұзғаны үшін тасымалдаушының пайдасына вагондарды, контейнерлердi пайдалану ақысы мөлшерiнде айыппұл алынады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 79-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 79-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
79-1-бап. Жүктi уақтылы түсiрмегені (босатпағаны) үшін жауапкершілік
Жүк алушылар жүктердi уақтылы түсiрмеген (босатпаған) кезде тасымалдаушы вагондар айналымының технологиялық мерзімінен және жүктердi түсiру (босату) мерзімдерінен (технологиялық уақытынан) тыс жиырма төрт сағаттан артық кiдiртiлген вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн төлемақыны арттырады, бірақ он еседен аспайтын көлемде арттырады.
Осы төлемді алу кезінде осы Заңның 49-бабы 2-тармағының нормасы қолданылмайды.
80-бап. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмдерiнiң бұзылғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Тасымалдаушы багажды, жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кеткен әр тәулiгi үшiн жолаушыға, алушыға, егер мерзiмнiң өтiп кетуi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жол жүру ақысының он процентi мөлшерiнде, бірақ жол жүру ақысының елу процентiнен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.
Жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кетуi багаж, жүк-багаж жеткiзiлуге тиiс тәулiктегi сағат жиырма төрттен бастап есептеледi.
2. Багажды, жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмдерiн бұзғаны үшiн айыппұл төлеу тасымалдау ережелерiне сәйкес жолаушының, алушының өтiнiшi бойынша жалпы нысандағы актiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
3. Жолаушылар тасымалдайтын жолаушы поезының жөнелтiлуiн кiдiрткенi, сондай-ақ баратын теміржол станциясына кешiгiп келгенi үшiн тасымалдаушы, егер кiдiру немесе кешiгу тежеусiз күштiң салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, жолаушының шеккен залалын өтей отырып, оған кешiккен әр сағат үшiн жол жүру құжаты (билетi) құнының үш процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
Өндiрiп алынған айыппұлдың сомасы жол жүру құжатының (билеттiң) құнынан аспауға тиiс.
Жолаушы поезының кешiккенi үшiн айыппұл төлеу тасымалдау ережелерiне сәйкес жолаушының өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
81-бап. Багажды, жүктi, жүк-багажды тасымалдау шарттарын бұзып тасымалдауға ұсынғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Теміржол көлiгi жүкқұжатында жүктiң атауын, оның ерекше қасиеттерiн немесе қажеттi алдын ала сақтық шараларын дұрыс көрсетпегенi, сондай-ақ тасымалдауға тыйым салынған жүктi жөнелткенi үшiн жүк жөнелтушiден тасымалдаушының пайдасына осы жағдай салдарынан келтірілген шығындарды өтеумен қатар, тасымалдау құнының бес есе мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алынады.
2. Багажды, жүк-багажды жөнелтушi тасымалдауға тыйым салынған багажды, жүк-багажды тасымалдағаны үшiн тасымалдаушы алдында тасымалдау құнының бес есе мөлшеріндегі айыппұл түрiнде жауапты болады, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 82-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
82-бап. Вагонға, контейнерге артық жүк тиегенi үшiн жауапкершiлiк
Вагонға, контейнерге жүк көтерiмдiлiгiнен (сыйымдылығынан) артық жүк тиегенi үшiн жүк жөнелтушiден тасымалдаушының пайдасына келтiрiлген залалдарды өтеумен қатар, тасымал ақысының елу процентi мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алынады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 83-баптың 2-тармағында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді
83-бап. Вагондарды, контейнерлердi жүктi түсiргеннен кейiн тазаламағаны үшiн жауапкершiлiк
1. Тасымалдаушының тазаланбаған вагонды, контейнердi қабылдаудан бас тартуға құқығы бар. Вагонның, контейнердiң тазалауда тұрған уақытына жүк алушы тасымалдаушыға пайдаланғаны үшiн ақы төлейдi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Вагонды, контейнерді тазалаудан бас тартқаны үшін жүк алушыдан тасымалдаушының пайдасына тазалау жөніндегі жұмыстардың екі еселеген құны мөлшерінде айыппұл және тасымалдаушының вагонды, контейнерді тазалау орнына жеткізу жөніндегі шығыстары өндіріп алынады.
84-бап. Жылжымалы құрамды, контейнерлердi, түсiретiн тасымалдау құралдарын бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн жауапкершiлiк
Жылжымалы құрамды, контейнерлердi, түсiретiн тасымалдау және пакеттеу құралдарын бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн кiнәлi тараптан меншiк иесiнiң (иеленушiнiң) пайдасына жоғалған мүлiктiң немесе қажеттi жөндеудiң құны, сондай-ақ жоғалған мүлiк немесе қажеттi жөндеу құнының елу процентi мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алынады.
85-бап. Вагондарды кiрме жолдарға берудi, олардан алып кетудi кешiктiргенi үшiн жауапкершiлiк
1. Вагондарды кiрме жолдарға беру және олардан алып кету, кiрме жолдарды пайдалану шарттары бойынша тасымалдаушы теміржолдардың кiрме жолдарындағы тиеу және түсiру (жүктен босату) орындарына (орындарынан) вагондарды берудi, алып кетудi, қабылдауды кешiктiргенi үшiн әр вагонға сағатына айлық есептiк көрсеткiш шамасының 1,7 процентi мөлшерiнде айыппұл төлеу түрiнде жауаптылықта болады.
Айыппұл аталған шарттарда көзделген вагондарды беру, алып кету мерзiмiн бұзған кезден бастап кешiктiрiлген бүкiл уақытқа есептеледi.
2. Вагондарды отыз минуттан аз уақытқа кешiктiру есепке алынбайды. Вагондарды отыз минуттан бір сағатқа дейiнгi мерзiмге кешiктiру толық бір сағатқа есептеледi.
86-бап. Жауапкершiлiктен босату
1. Тараптар тасымалдау шартынан туындайтын мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер бойынша жауапкершiлiктен босатылуы мүмкiн.
2. Егер мiндеттемелердi орындамау немесе тиiсiнше орындамау:
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) еңсерілмейтін күштiң, сондай-ақ әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың;
2) әскери iс-қимылдың, төтенше жағдай енгізудiң;
3) осы Заңда белгiленген тәртiппен жарияланған жүк тасымалын, поездардың жүруiн тоқтатудың немесе шектеудiң салдарынан болса, тараптар жауапкершiлiктен босатылады.
87-бап. Тасымалдаушыны жауапкершiлiктен босату
1. Тасымалдаушы осы Заңның 86-бабының 2-тармағында көрсетiлген негiздерден басқа мынадай:
1) жолаушының, жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының), экспедитордың кiнәсiнен мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған;
2) онкүндiктiң жекелеген күндерiнде вагондарды, контейнерлердi бермеудiң орнын осы күнтiзбелiк онкүндiк iшiнде жүк жiберушiнiң келісімi бойынша толтырған;
3) вагондар мен контейнерлердi беру осы Заңның 47-бабының 3-тармағында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған немесе жүктердiң жөнелтiлуi кiдiртiлген;
4) жүк алушының жүктi дер кезiнде түсiрмеуi және алып кетпеуi салдарынан жүк бұзылған (бүлiнген);
5) багаж, жүк, жүк-багаж жөнелтушi (жүк жөнелтушi) бекiткен ақаусыз бекіту-пломбалау құрылғылары бар ақаусыз вагонда, контейнерде не ақаусыз жылжымалы құрамда жолшыбай ауыстырып тиелмей, ақаусыз қорғаныш таңбамен немесе дұрыс байламмен келген, сондай-ақ багаждың, жүктiң, жүк-багаждың сақталғандығын куәландыратын басқа да белгiлерi болған;
6) жүк ерекше табиғи қасиеттерiне байланысты, сондай-ақ оны тасымалдау құжаттарында тасымалдау немесе сақтау кезiнде ерекше жағдайды немесе алдын ала сақтандыру шараларын қажет ететiн ерекше қасиеттерiн көрсетпей тапсыру салдарынан сақталмаған;
7) егер тиеу немесе түсiру (жүктен босату) жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының құралдарымен жүргiзiлiп, жүк жабық вагонға, контейнерге тиелген, түсiрiлген (жүктен босатылған);