ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 127-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі):
1-тармағы 1) тармақшасының бірінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың 1-тармағында:
53) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілетін интернет-платформалардың операторлары салық агенттері болып танылады;»;
1-тармағы 1) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
62) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақшаның мақсатында:
банктік шот шарттары бойынша төленетін сыйақылар да;
Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес ислам банкінің қызметін жүзеге асыру үшін ислам банкі ақшаны пайдалану мақсатында тауарды сатып алған кезде осындай тауарды сатушыға мәміле бойынша ислам банкі төлейтін тауарға үстеме баға да сыйақы деп танылады;»;
2) 14-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін интернет-платформа операторлары салық органдарына интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын тұлғалар туралы мәліметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға міндетті.»;
3) 19-баптың 1-тармағында:
6) тармақшадағы «24-бабының 13) тармақшасында» деген сөздер «24-бабы бірінші бөлігінің 13), 13-1) және 13-2) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша «активтер мен міндеттемелер туралы» деген сөздерден кейін «, кірістер мен мүлік туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшадағы «талаптар қоюға құқылы.» деген сөздер «талаптар қоюға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) салықтық әкімшілендіру кезінде салық органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралын қолдануға құқылы.»;
1-тармағының 4) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 22-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша салық органдары салықтық тексеру барысында еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны тексерілетін салық төлеушіге қатысты алу бойынша сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.
Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган салық органының сұрау салуы бойынша мұндай қорытындыны уәкілетті органмен бірлесіп, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынады.»;
5) 24-баптың бірінші бөлігінде:
13) тармақшада:
үшінші абзац алып тасталсын:
төртінші абзацтағы «дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін» деген сөздер «тексерілетін жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаның банктік шоттарының болуы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттарындағы ақша қалдықтары туралы мәліметтерді ұсынуға;
13-2) салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерінен асатын мүлікті күнтізбелік жыл ішінде сатып алуына байланысты кірістер туралы декларацияны ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаның банктік шоттарындағы ақша қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынуға;»;
14) тармақшада:
бірінші бөлік «активтер мен міндеттемелер туралы» деген сөздерден кейін «, кірістер мен мүлік туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жетінші абзацын қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасында көзделген мәліметтер, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінің 13-1) және 13-2) тармақшаларында көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады. Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады;»;
15) тармақшаның бірінші бөлігінің бірінші абзацы «төлемдерін» деген сөзден кейін «, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан болған материалдық залалдың өтелуін және мемлекеттік бюджеттен және (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармағының 6) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 26-бап мынадай мазмұндағы 9-1, 29 және 30-тармақтармен толықтырылсын:
«9-1. Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган тексерілетін салық төлеушіге қатысты салықтық тексеру барысында салық органының сұрау салуы бойынша еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны уәкілетті органмен бірлесіп, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынады.»;
«29. Қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады.
30. Кредиттік бюролар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдары алдында активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғалардың берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтер ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың ережесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғаның кредиттік тарихын қалыптастыру үшін кредиттік бюроларға ұсынатын мәліметтерге қолданылмайды.»;
1-тармағы 7) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 30-бапта:
1-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) кірістер мен мүлік туралы декларацияда жеке табыс салығының асып кеткен сомасын қайтару жөніндегі талаптың бар (жоқ) екендігі туралы;»;
3-тармақтың 4) тармақшасының бірінші бөлігі «қоршаған ортаны қорғау» деген сөздерден кейін «, ветеринария» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармағының 8) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 48-баптың 3-тармағы 3) тармақшасындағы «резиденттері үшін бес жылды құрайды.» деген сөздер «резиденттері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) көрсетілген кіріс бөлігінде - салық агенті жеке тұлғаның стандартты салықтық шегерімдерді қолдануға арналған өтінішпен және растайтын құжаттармен біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кірістен жеке табыс салығын ұстап қалу күнінен кеш өтініш жасауы себебінен біржолғы зейнетақы төлемдеріне стандартты салықтық шегерімдерді қолданбаған жеке тұлғалар үшін бес жылды құрайды.»;
9) 68-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Салықтық әкімшілендіру кезінде салық органдары салық органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралын қолдануға құқылы.
Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
1-тармағының 10) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 88-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес акциз төлеу жүргізілген акцизделетін тауарлардың импортын қоспағанда, сондай-ақ өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болған кезде, осы Кодекстің 462-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды);»;
11) 172-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Міндетті таңбалауға жататын тауарларды бөлшек саудада өткізу кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары арқылы операцияларды есепке алу тауарларға салынған сәйкестендіру құралдарын оқу жолымен ғана жүзеге асырылады.»;
1-тармағының 12) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 190-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметке байланысты салықтық есепке алуы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен, уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген есептілік деректеріне негізделеді.»;
1-тармағының 13) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) 208-баптың 10-тармағы бірінші бөлігінің алтыншы абзацындағы «осы Кодекстің» деген сөздер «Еркін қойма аумағында өндірілуін, жиналуын (жинақталуын) қоспағанда, осы Кодекстің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармағының 14) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 212-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің декларацияларды ұсыну жағдайларын қоспағанда, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну мерзімі ұзартылмайды.»;
5-тармақ алып тасталсын;
1-тармағының 15) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 226-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кіріс;»;
1-тармағының 16) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 231-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«231-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кірістер»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі осы Кодекстің 190-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген салықтық есепке алуды қолдану кезінде сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кірістерді осы баптың және осы Кодекстің 232-бабының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы үшін көзделген ережелеріне сәйкес айқындайды.»;
1-тармағының 17) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) 232-баптың 2-тармағының 4) тармақшасында:
«2026 жылғы 31 желтоқсандағы» деген сөздер «2025 жылғы 31 желтоқсандағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2026 жылға» деген сөздер «2025 жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармағының 18) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) 241-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) акцияларының бақылау пакеті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры (бұдан әрі - арнайы қор) алған:
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберіндегі міндетті және ерікті жарналардың сомасы;
республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлуге байланысты туындайтын кірістер;
көрсетілген кірістер кепілді қорды ұлғайтуға бағытталған жағдайда кепілді қордың активтерін орналастыру нәтижесінде алынған кірістер;».
1-тармағының 19) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19) 243-бап мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:
«19. Осы бөлімнің мақсатында сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары үшін осы Кодекстің 249, 250 және 251-баптарында көзделген шегерімдер осы Кодекстің 190-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген салықтық есепке алуды қолдану кезінде сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің шегеріміне жатады.»;
1-тармағының 20) тармақшасының бірінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20) 250-бапта:
1-тармағының 20) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құны, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелері бойынша арнайы қор берген кепілдік сомасы провизиялар (резервтер) құру қағидаларында айқындалған жағдайларда және тәртіппен провизиялардың (резервтердің) сомасын айқындау кезінде ескеріледі.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелері бойынша арнайы қор салықтық кезең үшін берген кепілдік сомасына провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын азайтады.»;
1-тармағының 20) тармақшасының алтыншы - сегізінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (ломбардты қоспағанда), өзара байланысты тарапқа не өзара байланысты тараптың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтерді қоспағанда, берілген микрокредиттер бойынша күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын, сондай-ақ олар бойынша сыйақыларды шегеруге құқығы бар. Осы тармақтың өзара байланысты тарапқа не өзара байланысты тараптың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтерді алып тастау бөлігіндегі ережелері Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сәйкес кредиттік серіктестіктер өз қатысушыларына беретін микрокредиттерге қолданылмайды.»;
1-тармағының 20) тармақшасының тоғызыншы - он екінші абзацтары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (ломбардты қоспағанда) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелері бойынша арнайы қор салық кезеңі үшін берген кепілдік сомасына провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын азайтады.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақта көзделген салық төлеушілер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелері бойынша арнайы қор салық кезеңі үшін берген кепілдік сомасына провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын азайтады.»;
1-тармағының 21) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21) 256-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беруге байланысты аударылған міндетті және қосымша жарналардың сомасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банктерден, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан (ломбардты қоспағанда) және өзге де заңды тұлғалардан шегерімге жатқызылады.»;
1-тармағының 22) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22) 257-баптың 2-тармағындағы «42) және 44) тармақшаларында» деген сөздер «46) және 48) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 289-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «Акционерлік қоғамдарды, мекемелерді және көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінен» деген сөздер «Акционерлік қоғамдарды, мекемелерді және көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінен, пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативтерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармағының 24) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24) 297-бапта:
11-тармақта:
бірінші бөліктегі «корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша» деген сөздер «корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны немесе кірістер мен мүлік туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 15) тармақшасының бірінші абзацындағы «359-бабының 2-тармағы және 638-бабының 2-тармағы» деген сөздер «638-бабының 2-тармағы және 638-1-бабының 2-тармағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «немесе жеке табыс салығы бойынша» деген сөздер «табыс салығы бойынша декларацияны немесе кірістер мен мүлік туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармағының 25) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
25) 298-баптың 4-тармағының 6) тармақшасындағы «немесе жеке табыс салығы бойынша» деген сөздер «табыс салығы бойынша декларацияны немесе кірістер мен мүлік туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 307-баптың 2-тармағы 13) тармақшасының екінші абзацы «бірлестіктерінен» деген сөзден кейін «, пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) иелері кооперативтерінен» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармағының 27) - 33) тармақшалары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
27) 317-бапта:
2-тармақтағы «39 және 40» деген сөздер «39, 40 және 71» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «74-тарауында» деген сөздер «71 және 74-тарауларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ алып тасталсын;
28) 319-баптың 2-тармағында:
18), 19), 29) және 41) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«18) жұмыс берушінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшердегі міндетті зейнетақы жарналары;
19) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жеке тұлға өзіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек ұсынылған кезде алған кіріс;»;
«29) осы Кодекстің 291-бабының 1) тармағында көрсетілген дербес білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының (елдің, елді мекеннің) шегінен тыс жерлерде тұруға, медициналық сақтандыруға, оның ішінде ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге, әуе көлігімен тұрғылықты жерінен Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру орнына дейін және кері қайтуға арналған шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде іс жүзінде жүргізген:
осындай дербес білім беру ұйымының жұмыскері болып табылатын;
Қазақстан Республикасында осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;
бейрезидент - заңды тұлғаның жұмыскері болып табылатын, осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметтерін көрсететін және тікелей осындай жұмыстарды орындайтын және осындай қызметтерді көрсететін резидент - шетелдік тұлға алған материалдық пайда;»;
«41) мыналар:
осы Кодекстің ережелеріне сәйкес резидент-жеке тұлғаның кірістерінен есептелген және салық агенті оларды ұстап қалмай, өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген жеке табыс салығының сомалары;
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес резидент-жеке тұлғаның кірістерінен есептелген және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент оларды ұстап қалмай, өз қаражаты есебінен төлеген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары;»;
51) тармақшадағы «51) «Қазақстан» деген сөздер «47) «Қазақстан» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 321-баптың 17) тармақшасындағы «салық агентінен» деген сөздер «Қазақстан Республикасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 331-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
8) тармақшадағы «бағалы қағаздар,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) бағалы қағаздар.»;
9) тармақтың 1) тармақшасындағы «. Жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды өткізу кезінде сатып алу құны опционды орындау бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 және 18-тармақтармен толықтырылсын:
«10. Бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс:
1) жеңілдік жасалатын бағалы қағаздардан басқа, бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістен;
2) жеңілдік жасалатын бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістен тұрады.
11. Бағалы қағаздарды өткізуден, оның ішінде борыштық бағалы қағаздарды өтеуден алынатын нәтиже оң немесе теріс мәнге ие болуы мүмкін және салықтық кезеңде шығып қалудың әрбір операциясы бойынша бағалы қағазды өткізу, өтеу құны мен оның бастапқы құны арасындағы айырма ретінде айқындалады.
12. Жеңілдік жасалатын бағалы қағаздардан басқа, бағалы қағаздарды өткізудің барлық операциясынан алынатын нәтижелердің жалпы сомасы салықтық кезең үшін:
егер мұндай сома оң мәнге ие болса, құн өсімінен түсетін кіріс;
егер мұндай сома нөлдік немесе теріс мәнге ие болса, нөлге тең деп танылады.
13. Жеңілдік жасалатын бағалы қағаздарды өткізу жөніндегі барлық операциядан алынатын нәтижелердің жалпы сомасы салықтық кезең үшін:
егер мұндай сома оң мәнге ие болса және осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 5), 6), 8-1), 15) және 16) тармақшаларына сәйкес ескерілсе, жеңілдік жасалатын бағалы қағаздар құнының өсімінен түсетін кіріс;
егер мұндай сома нөлдік немесе теріс мәнге ие болса, нөлге тең деп танылады.
Осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 5), 6), 8-1), 15) және 16) тармақшаларында, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 7-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар жеңілдік жасалатын бағалы қағаздар болып табылады.
14. Бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс бағалы қағаздардың түскен күніне байланысты оларды хронологиялық тәртіппен жүйелі түрде есептен шығару жолымен айқындалады.
15. Бағалы қағаздардың бастапқы құны мыналар болып табылады:
1) оларды сатып алу құны, Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің заңнамасына сәйкес брокерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық сыйақыға арналған шығыстар. Жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздар бойынша сатып алу құны опционды орындау бағасы мен опцион сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;
немесе
2) егер активтерді акционер (қатысушы, құрылтайшы) заңды тұлға таратылған немесе жарғылық капитал азайтылған, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған, эмитент - заңды тұлға осы эмитент шығарған акцияларды акционерден сатып алған кезде, мүлікті бөлу нәтижесінде алған жағдайда - акционер, қатысушы, құрылтайшы мүлікті бөлу кезінде, оның ішінде осындай активтің қабылданғанын және берілгенін растайтын және тараптардың қолымен куәландырылған құжатта көрсетілген, бұрын енгізілгеннің орнына алынған мүліктің құны;
немесе
3) бағалы қағаздар осындай кірісті төлеу ретінде алынған жағдайда - салық агентінен алынған бұрын танылған кірістің немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған және дара кәсіпкердің декларациясында немесе кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген кірістің сомасы;