Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы
ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы № 878 қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 20 тамыздағы
№ 878 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы
құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы
epeжeci
Осы Ереже «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 ақпандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының (бұдан әрi - Қор) қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруының тәртібін белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) Қордың активтерi - әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдарды төлеу мерзiмiнiң өтiп кеткенi үшiн алынған өсiмақы, инвестициялық кiрiс пен Қазақстан Республикасының заңнамасында Қордың қызметiн қамтамасыз етуге көзделген өзге де комиссиялық сыйақыларды, әлеуметтiк төлемдерге және қате есептелген немесе артық төленген қаражаттың қайтарымына бағытталған қаражатты алып тастағандағы Қорға түскен түсiмдер;
2) сенiмгерлiкпен басқару - сенiмгер басқарушының, өз атынан өзiнiң иелiгiне, пайдалануға және басқаруға берiлген Қор активтерiн және олардың есебiнен сатып алынған қаржы құралдарын Қордың мүддесiне басқару (бұдан әрi - Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын сенiмгерлiкпен басқару) жөніндегі қызметi;
3) сенiмгер басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi;
4) ақшаны және бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқару туралы келісім - Қор мен сенiмгер басқарушы арасындағы қатынастарды белгілейтiн және Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын сенiмгерлiкпен басқарудың шарттары мен тәртібін айқындайтын келісім;
5) қаржы құралдары - бағалы қағаздар (туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда) және қаржы рыногының Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жiберілген өзге де активтерi.
2. Қор қаржы құралдарымен байланысты инвестициялық қызметтi Қордың активтерiн сенiмгер басқарушы арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады.
3. Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын сенiмгерлiкпен басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Ережеге, ақшаны және бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқару туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қор активтерiн инвестициялау тәртібі
4. Сенiмгер басқарушы Қор активтерiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiткен қаржы құралдарының тiзбесiне сәйкес қаржы құралдарына орналастыруды жүзеге асырады.
5. Сенiмгер басқарушы ақшаны және бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқару жөніндегі операцияларды жасау үшiн Қорға банктiк шот пен инвестициялық кiрiстiң, сенiмгерлiкпен басқаруға берілген активтердiң есебiнен сатып алынған, орналастырылған депозиттер мен бағалы қағаздардың есебi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде теңгерiмнен тыс шоттарды ашады.
6. Есеп жүйесiн жүргiзудiң және оны өзектi ұстап тұрудың шарттары мен тәртібін сенiмгер басқарушы белгілейдi.
3. Қорытынды ережелер
7. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге тиiс.