2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) жоспарлы және жоспардан тыс бағалауды жүргізу күнін және нәтижелерін;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алудың күні және осы кері қайтарып алынған аттестаттың қолданысын қайта бастаудың күні мен негіздерін;
8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған күні мен негіздемесін;
9) аккредиттеу аттестатының жойылған күнін;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтата тұру және одан айыру күні мен негіздерін;
11) аккредиттеу аттестатының телнұсқасын беру туралы белгіні қамтуға тиіс.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпарат негіздемелер туындаған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізіледі.
4. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде қамтылған ақпарат онымен жеке және заңды тұлғалар танысу үшін ашық болып табылады.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. Аккредиттеу субъектілерін жоспарлы және жоспардан тыс бағалау
1. Жоспарлы және жоспардан тыс бағалау аккредиттеуден кейінгі шарт негізінде жүзеге асырылады. Бірінші жоспарлы бағалау бастапқы аккредиттеу күнінен кейін он сегіз айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Келесі жоспарлы бағалаулар алдыңғы жоспарлы бағалау жүргізілген кезден бастап жиырма төрт айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу өлшемшарттарын бұзушылықтарға жол бергені туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтініші, мемлекеттік органның хабарламасы келіп түскен не аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектісінің қызметін мониторингтеу нәтижелері бойынша аккредиттеу өлшемшарттарын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган жоспардан тыс бағалау жүргізуге құқылы.
Бұзушылықтар расталған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган жүргізген жоспардан тыс бағалауды жүргізу бойынша шығыстарды бұзушылыққа жол берген аккредиттеу субъектісі өтейді.
2. Аккредиттеу субъектісін немесе аккредиттеу субъектісінің өзі тұрған жерден тыс жерде орналасқан оның құрылымдық бөлімшесін жоспарлы бағалауды жүргізу мерзімі аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласына және оның құрылымдық бөлімшелерінің санына байланысты белгіленеді. Жоспардан тыс бағалауды жүргізу мерзімі үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
3. Аккредиттеу жөніндегі орган жоспарлы немесе жоспардан тыс бағалауды жүргізу кезінде аккредиттеу субъектісінен қажетті түсіндірмелер, құжаттар мен мәліметтер сұратуға құқылы.
4. Жоспарлы және жоспардан тыс бағалау нәтижелері екі данада жасалған есеппен ресімделеді, онда мыналар көрсетіледі:
1) есептің жасалған күні, уақыты және орны;
2) аккредиттеу жөніндегі орган басшысының жоспарлы немесе жоспардан тыс бағалауды жүргізуге негіз болған шешімінің күні мен нөмірі;
3) жоспарлы және жоспардан тыс бағалауды жүргізген аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тегі, аты, әкесінің аты (егер олар жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе);
4) аккредиттеу субъектісінің атауы, жоспарлы немесе жоспардан тыс бағалауды жүргізген кезде қатысқан аккредиттеу субъектісі өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы;
5) жоспарлы немесе жоспардан тыс бағалаудың жүргізілген күні, уақыты және орны;
6) бағалау нәтижелері, оның ішінде анықталған сәйкессіздіктер және олардың сипаты туралы мәліметтер;
7) сәйкессіздіктерді жою жөніндегі ұсынымдар және оларды жою мерзімдері;
8) аккредиттеу субъектісі өкілінің есеппен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, оның қолы немесе қол қоюдан бас тартқаны туралы мәліметтер.
Есептің бір данасы аккредиттеу субъектісінің өкіліне табыс етіледі.
Аккредиттеу жөніндегі орган есеп келіп түскен кезден бастап он жұмыс күні ішінде оны қарайды және аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға не жиналған материалдарды осы Заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен уәкілетті органға жіберуге негіздер болмаған кезде ақпаратты назарға алады не анықталған аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкессіздіктерді аккредиттеу субъектісінің жоюы туралы шешім қабылдайды.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 26-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26-бап. Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, оның қолданысын тоқтату және тоқтата тұру, одан айыру және күшін жою
1. Аккредиттеу аттестатын аккредиттеу жөніндегі орган мынадай жағдайларда:
1) аккредиттеу субъектісінің жазбаша өтініші бойынша;
2) сәйкестікті бағалау нәтижелерінің дұрыстығына әсер ететін аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктер анықталғанда;
3) анықталған аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктер аккредиттеу жөніндегі органның белгілеген мерзімі ішінде жойылмағанда;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу өлшемшарттарын бұзушылықтарға жол бергені туралы шағымда не мемлекеттік органның хабарламасында көрсетілген фактілер расталғанда;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) салыстырмалы сынақтардың және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу нәтижелерін салғастырудың анықталған теріс нәтижелері жойылмағанда;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) аккредиттеу критерийлерінің және аккредиттеуден кейінгі шарт талаптарының бұзылғаны аккредиттеу субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша анықталған кезде;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын сәйкестікті бағалау (растау) бойынша жұмыстардың нәтижелерін электрондық есепке алу жөніндегі мәліметтердің сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжат берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен деректерді ұсынбаған немесе анық емес деректер ұсынған жағдайларда кері қайтарып алады.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен екінші және үшінші бөліктермен толықтырылды
Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектісінің құрылымдық бөлімшесінің қызметі бөлігінде қайтарып алынуы мүмкін.
Аккредиттеу аттестатының барлық саласына қатысы жоқ, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 3-1) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған кезде, аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдайды.
2. Егер аккредиттеу критерийлерінің анықталған сәйкессіздіктерінде әкімшілік құқық бұзу құрамының белгілері болған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган осындай сәйкессіздіктер анықталған күннен бастап есептелетін, үш жұмыс күні ішінде тиісті шараларды қабылдау үшін жиналған материалдарды уәкілетті органға жібереді.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешiмнiң көшiрмесi шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарламасы бар тапсырысты хатпен почта арқылы аккредиттеу субъектiсiне жіберіледі және өтініш беруші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасына белгі соққан күннен бастап алынған деп есептеледі.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектісі аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешімнің көшірмесін алған күннен бастап кері қайтарып алынды және аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын жаңарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап, бірақ аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап кемінде екі ай өткеннен кейін жаңартылды деп есептеледі.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Аккредиттеу субъектісі аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешімді алған күннен бастап, анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін аккредиттеу субъектісі аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу саласының бір бөлігін қайта жаңғырту туралы шешім қабылдау үшін аккредиттеу жөніндегі органға сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы мәліметтерді жазбаша түрде ұсынады.
Анықталған сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы мәліметтерді растау қажет болған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган осы Заңның 25-бабында көзделген тәртіппен жоспардан тыс бағалауды жүргізеді.
Аккредиттеу жөніндегі орган сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектісі ұсынған күннен бастап есептелетін он жұмыс күні ішінде, ал жоспарлы және жоспардан тыс бағалау жүргізілген жағдайларда - олар аяқталған күннен бастап есептелетін он жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу саласының бір бөлігін қайта жаңғырту не қайта жаңғыртудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Егер аккредиттеу жөніндегі орган көрсетілген мерзімде өзінің шешімі туралы аккредиттеу субъектісін жазбаша хабардар етпесе, онда көрсетілген мерзім өткеннен кейін, бірақ кері қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап кемінде екі ай өткеннен кейін аккредиттеу аттестаты жаңартылады.
5. Аккредиттеу аттестатының қолданысы мына негіздер бойынша тоқтатылады:
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) аккредиттеу субъектісінің жазбаша өтінішінің болуы;
2) аккредиттеуден кейінгі шарттың тоқтатылуы.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Өтініш берушінің немесе аккредиттеу субъектісінің аккредиттеуді алу кезінде жалған ақпарат бергені анықталған жағдайда, аккредиттеу аттестатының күшін жоюды аккредиттеу жөніндегі органның өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сот жүргізеді.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
27-бап. Дауларды шешу
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Өтініш берушілер мен аккредиттеу субъектілері аккредиттеу жөніндегі органның теріс шешіміне аккредиттеу материалдары бойынша апелляция жөніндегі комиссияға апелляция беруге құқылы.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Апелляция жөніндегі комиссия тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады және оның жұмысына мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы.
Апелляция жөніндегі комиссияның құрамын аккредиттеу жөніндегі орган қалыптастырады. Апелляция жөніндегі комиссияның құрамына сәйкестікті бағалау саласындағы қоғамдық бірлестіктер мен уәкілетті органнан үш өкілден және аккредиттеу жөніндегі органнан бір өкіл жіберіледі. Апелляция берілген аккредиттеу жөніндегі орган шешім қабылдаған кезде қатысқан немесе өтініш берушіге немесе апелляция берген аккредиттеу субъектісіне қатысы бар апелляция жөніндегі комиссияның мүшелері апелляция жөніндегі комиссия шешім қабылдаған кезде қатыспайды.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Апелляция жөніндегі комиссияның төрағасы оның мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады.
Апелляция жөніндегі комиссия шешім қабылдаған кезде қатыспайтын аккредиттеу жөніндегі органның жұмыскері апелляция жөніндегі комиссияның хатшысы болып табылады.
Апелляция жөніндегі комиссияның төрағасы апелляция жөніндегі комиссия туралы ережені бекітеді, оның қызметіне басшылық жасайды, апелляция жөніндегі комиссияның отырысын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Апелляция жөніндегі комиссия апелляция түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің негізділігі туралы дауыс беру арқылы қабылданатын қорытындыны аккредиттеу жөніндегі органның басшысына ұсынады.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Аккредиттеу жөніндегі орган басшысы апелляция жөніндегі комиссия қорытындысын қарау нәтижелері туралы апелляция берген өтініш берушіге немесе аккредиттеу субъектісіне қорытынды ұсынылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
6. Өтініш берушілер мен аккредиттеу субъектілері аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Үшінші тұлға тарапынан аккредиттеу субъектісінің немесе аккредиттеу жөніндегі органның, сондай-ақ олардың персоналының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қанағаттанбаушылық білдіруді қамтитын даулар мен шағымдарды шешу осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүргізіледі.
28-бап. Аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдар жүргізген аккредиттеу нәтижелерін тану
1. Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдар жүргізген аккредиттеу нәтижелерін тану аккредиттеу жүйелерінің, аккредиттеу кезінде қолданылатын рәсімдер мен талаптардың бірдейлігін тану негізінде жүзеге асырылады.
2. Аккредиттеу нәтижелерін өзара тану екіжақты және көпжақты келісімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.
3. Аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдар берген аккредиттеу аттестаттары немесе оларға тепе-тең құжаттар Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдармен жасалған келісімдерге сәйкес танылады.
29-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Аккредиттеу жөніндегі органның Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Аккредиттеу субъектілерінің Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
3. Аккредиттеу субъектілерінің Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын сақтауын бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне беру және оған әкімшілік жүктемені төмендету бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, оның ішінде:
1) мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері, мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар берген;
2) ақпараттық жүйелерден алынған;
3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де ашық көздерден, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан алынған мәліметтер негізінде зерделеу, талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша бақылау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәсілі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жою туралы ұсыным (бұдан әрі - ұсыным) жасалады.
Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным бақылау субъектісіне мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - алғаны туралы ұсынымға белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша ұсыным ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылықты жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі - ай сайын 25-інен кешіктірілмей, айына бір реттен артық емес.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнайы журналында есепке алынуға жатады, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.
31-бап. Қорытынды және өтпелі ережелер
1. Осы Заң, 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 10-бабының 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген аккредиттеу аттестаттары жарамды деп есептеледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ | |
Астана, Ақорда, 2008 жылы шілденің 5-і.
№ 61-ІV ҚРЗ