уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болу шарттарының бірі орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 63-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
63-бап. Өз еркiмен қайта құрылуға рұқсат беруден бас тарту
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта құрылуына рұқсат беруден уәкiлеттi орган мынадай негiздер бойынша:
1) көзделiп отырған өз еркiмен қайта құрылу нәтижесiнде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерi бұзылатын;
2) көзделiп отырған қайта құру нәтижесiнде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудiң ең төменгi талаптары, сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттер және осы Заң мен уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген өзге де талаптар бұзылатын;
2-1) қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (сақтандыру холдингтерінің) жоғары органдарының тиісті шешімдері болмаған;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-2) тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-2) болжалды қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптары бұзылатын;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулері ол белгілеген мерзімде жойылмаған;
4) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда бас тартады.
2. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге өз еркiмен қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартқаны туралы бас тартудың негiздемесiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
64-бап. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
12-тарау. Тарату
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 65-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату түрлері және негіздері
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, оның ішінде банкроттық негізі бойынша тарату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) уәкілетті органның рұқсаты болған кезде өз акционерлерінің шешімі бойынша (ерікті таратылуы);
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сот шешімі бойынша (мәжбүрлеп таратылуы) таратылуы мүмкін.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 66-бап өзгертілді
66-бап. Өз еркiмен және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлар комитетi
1. Кредиторлар мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын өз еркiмен және мәжбүрлеп тарату рәсiмдерiне қатысуымен шешiмдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторлар комитетiнiң құрамын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.
2. Кредиторлар комитетiнiң құрылуы мен қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара);2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 67-бап өзгертілді
67-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылу ерекшелiктерi
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзі жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін сақтандырудың берілетін сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына беру бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Сақтандыру портфелін бергеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға өзін ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
2. Өз еркiмен таратылуды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiшке тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленетiн құжаттар қоса тiркелуге тиiс.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз еркімен таратылуына рұқсат алуға берілген өтінішхатты уәкілетті орган барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті таратылуға рұқсат алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті таратылуға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін тарату комиссиясын құрады, оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеді.
6. Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы уәкiлеттi органның сұратуы бойынша оған өз қызметi туралы кез келген мәлiметтердi және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты деректердi табыс етуге мiндеттi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Тарату комиссиясы акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылуы туралы есепті және тарату балансын бекіткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларды Корпорация мен уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
8. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаражаты жетпеген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкроттық негiздерi бойынша мәжбүрлеп таратылуға тиiс.
9. Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуын аяқтау мүмкiн болмауына байланысты уәкiлеттi орган оны мәжбүрлеп тарату туралы сотқа жүгiнуге құқылы.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 68-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
68-бап. Өз еркiмен таратылуға рұқсат беруден бас тарту
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуына рұқсат беруден уәкiлеттi орган мынадай негiздер бойынша:
1) көзделiп отырған өз еркiмен таратылу нәтижесiнде сақтанушылар мен өзге де кредиторлардың заңды мүдделерi бұзылған;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулері ол белгілеген мерзімде жойылмаған;
3) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болмаған;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін оның қаражаты жетпеген;
5) сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөнінде шаралар қолданылмаған жағдайларда бас тартады.
2. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге оның өз еркiмен таратылуына рұқсат беруден бас тартқаны туралы бас тартудың негiздемесiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 69-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 69-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 69-бап өзгертілді
69-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату ерекшелiктерi
1. Уақытша әкiмшiлiк өз өкiлеттiгiн доғарып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін бір айдан аспайтын мерзімде тарату комиссиясының төрағасына өткізеді. Егер мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысу-шысы болып табылса, уақытша әкiмшiлiк сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылатын жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алу-шыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген көлемде және мерзімде ақпарат береді.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айырған күннен бастап:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары), органдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне билік етуге құқылы емес;
2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты соттардың бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) кредиторлардың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына талаптары, осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген шығыстарға байланысты, сондай-ақ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша кепілдікті төлемдерді жүзеге асыру кезеңіндегі талаптарды қоспағанда, тарату ісін жүргізуге қойылуы мүмкін;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органдарының, оның ішінде даусыз (акцептісіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздеріне тиесілі акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады;
6) басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда сот уәкілетті органды хабардар етеді және күнтізбелік он күн ішінде оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімнің көшірмесін жібереді.
3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын жұмыс істеп тұрған органдарының өкілеттіктері тоқтатылады, басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан босатылады.
3-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап осы баптың 2-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көзделген салдарлар туындайды.
4. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті органның лицензиядан айырумен байланысты емес негіздер бойынша, уәкілетті орган оны лицензиядан айыру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
5. 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 69-1-баппен толықтырылды
69-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап сақтандыру портфелін беру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне енгізілген кепілдік берілген сақтандыру түрлері бойынша толық көлемде сақтанушының келісімінсіз сақтандыру портфелін беруді жүзеге асырады.
Осы бапта көзделген іс-шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде жүзеге асырылады.
2. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы бір немесе бірнеше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына кепілдік берілетін сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру түрі бойынша лицензия болған және ол (олар) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде беруі мүмкін.
Сақтандыру портфелін беру сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Егер «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының бірде-біреуі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе не «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының бірде-біреуі мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін қабылдау ниеті туралы мәлімдемесе, сақтандыру портфелін мемлекеттің қатысуымен «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына беру жүзеге асырылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерінің туындағаны туралы мәлімделген және олар бойынша сақтандыру төлемдері жүзеге асырылмаған немесе толық көлемде жүзеге асырылмаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі олардың міндеттемелері туындаған сақтандыру шарттары берілетін сақтандыру портфелінің құрамына енгізілмейді.
Сақтандыру шарттарының тізілімінде және (немесе) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дерекқорында сақтандыру шарты болмаған жағдайда, сақтанушы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған, қолданылу мерзімі аяқталмаған сақтандыру шарты (түпнұсқасы, көшірмесі, телнұсқасы) болған кезде осы шарт қолданылуы тиіс болған қалған уақыт кезеңіне барабар сақтандыру сыйлықақысының бөлігін талап ету құқығымен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына өтініш жасайды.
Бұл ретте мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған сақтандыру шарты мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына сақтанушы ұсынатын сақтандыру сыйлықақысының бөлігін қайтару туралы өтініштің негізінде қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады.
Осы тармақтың нормалары сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша сақтандыру портфелін беруі жағдайларына қолданылмайды.
4. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелі берілген (қабылдап алынған) күннен бастап қабылдаған сақтандыру шарттары бойынша туындайтын міндеттемелерді, қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары) орындайды.
Берілген сақтандыру шарты онда белгіленген мерзім аяқталғанға дейін қолданылады.
Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушыларымен жаңа сақтандыру шартын жасасу не мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушыларымен жасалған сақтандыру шартына өзгерістер енгізу талап етілмейді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жариялайды.
Хабарландыруда:
1) сақтандыру портфелінің берілген күні;
2) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымдарының) атауы және байланыс телефондары көрсетілген орналасқан жері;
3) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының және сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның байланыс телефондары көрсетілген орналасқан жері туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап сақтандыру портфелін беру тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 70-бап өзгертілді
70-бап. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату жөнiнде iс қозғайды және оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын құру жөнiнде уәкiлеттi органға мiндеттер жүктейдi.
Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссияларын тағайындау мен босату тәртібі және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талап уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалады.
Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және кредиторлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, олармен жасасатын келісіммен реттеледі.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзін лицензиядан айырғанға дейін бір жыл ішінде жасасқан мәмілені мынадай негіздер:
1) басқа тараптың:
егер мәміленің бағасы және (немесе) оның өзге талаптары салыстырмалы жағдайларда осыған ұқсас мәмілелер жасалатын бағадан және (немесе) өзге де талаптардан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін нашар жағына қарай елеулі түрде ерекшеленетін болса;
егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы берген мүліктің немесе ол жүзеге асырған міндеттемелерді өзге де орындаудың нарықтық құны алынған міндеттемелерді қарсы орындаудың міндеттемелерді осындай қарсы орындаудың шарттары мен мән-жайлары ескеріле отырып айқындалған құнынан елеулі түрде асатын болса;
егер мәміле өтеусіз немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзыла отырып жасалса, міндеттемелерді теңдей емес қарсы орындауы;
2) егер мәміле басқа кредиторлар алдында белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттемелері болған кезде мәмілені жасаған кезде орындалу мерзімі басталмаған, кредиторлардың бірінің талаптарын қанағаттандыруға әкелген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының талаптарды қанағаттандыру кезінде кредиторлардың біріне басқа кредиторлардың алдында басымдық беруге алып келген, жекелеген кредиторға немесе өзге де тұлғаға қатысты есеп айырысуды жасауы бойынша соттың жарамсыз деп тануы туралы талап қоя алады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзін лицензиядан айырғанға дейін бір жыл ішінде жасасқан мәмілелердің жарамсыздығына байланысты даулар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі олар анықталған күннен бастап бес жылды құрайды.
Мәміле жарамсыз деп танылған кезде мәміле жарамсыздығының Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім) белгіленген салдары қолданылады.
2. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының аралық тарату балансы мен талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
3. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы уәкiлеттi органға iстелген жұмыс туралы есептi және оның жазбаша сұратуы бойынша өз қызметi туралы қосымша мәлiметтер мен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты деректердi табыс етуге мiндеттi.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату конкурстық массасы осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен қалыптастырылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және өзге де жұмысқа тартылған қызметкерлерге төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшері олардың әрқайсысына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына арналып белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін өткізуді тарату комиссиясы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Тарату комиссиясы уәкiлеттi органмен келісілген тарату туралы есептi және тарату балансын сотқа табыс етедi.
Сот тарату туралы есептi және тарату балансын бекiтедi және тарату жөніндегі iстi аяқтау туралы ұйғарым шығарады.
Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн Корпорацияға, сондай-ақ уәкiлеттi органға жiбередi.
Тарату комиссиясы тарату балансы мен тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде оларды - Корпорацияға, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату тәртібі және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды белгiленген тәртiппен мұрағатқа сақтау үшiн өткізуге және бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
6. ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтатуды тіркегеннен кейін тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтатуды тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.