2) талап қою бағасына қарамастан, талапкер ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап арыздар бойынша істер қаралуға жатады.
2. Егер жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен істі қарау барысында үшінші тұлғаның іске кірісуі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса, осы тарауда белгіленген қағидалар бойынша қаралуы мүмкін емес қарсы талап қою қабылданса не, егер сот, оның ішінде тараптардың біреуінің өтінішхаты бойынша мынадай:
1) жеңілдетілген іс жүргізу тәртібі мемлекеттік құпияны жария етуге әкеп соғуы мүмкін;
2) дәлелдемелерге олар орналасқан жер бойынша қарап-тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау немесе куәлік айғақтарды тыңдау қажет;
3) мәлімделген талап өзге де талаптармен, оның ішінде басқа да адамдарға немесе осы іс бойынша қабылданған сот актісіне байланысты, басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуы мүмкін;
4) жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен істі қарау, оның ішінде сот қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет деп таныған жағдайда, тиімді сот төрелігінің мақсаттарына сәйкес келмейді деген тұжырымға келсе, сот істі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарау туралы ұйғарым шығарады.
3. Істі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарау туралы ұйғарымда іске қатысатын адамдар жасауға тиіс әрекеттер және осы әрекеттерді жасау мерзімдері көрсетіледі. Егер істі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарауға көшу дәлелдемелерге олар орналасқан жер бойынша қарап-тексеру және зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау және куәлік айғақтарды тыңдау қажеттігінен туындаған жағдайларды қоспағанда, істі қарау ұйғарым шығарылғаннан кейін басынан бастап жүргізіледі.
4. Егер азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын екі талап мәлімделсе, бұл ретте, олардың біреуі мүліктік сипатта болса және осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға жатса, ал екінші талап мүліктік емес сипатта болса және сот осы талапты жеке іс жүргізуге бөліп алмаса, талаптардың екеуі де жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралады.
5. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен басталған, бірақ оны одан әрі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қаралатын істі қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.
149-3-бап. Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау ерекшеліктері
1. Осы Кодекстің 149-2-бабының бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген іс бойынша талап арыз, арыз және осындай арызға қоса тіркелетін құжаттар сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.
2. Сот талап арызды, арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады, онда істің жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатынын көрсетеді және жауапкердің немесе басқа да мүдделі адамның он бес жұмыс күні ішінде талап арызға, арызға пікір ұсынуы үшін мерзім белгілейді.
3. Тараптар мәлімделген талаптардың мәні бойынша түсініктемелерді және өз ұстанымы негізделген қарсылықтарды қамтитын құжаттарды сот белгілеген мерзімде істі қарап жатқан сотқа ұсынуға және бір-біріне жіберуге құқылы. Мұндай құжаттар сот белгілеген мерзімде ашылмаған дәлелдемелерге сілтемелерді қамтымауға тиіс.
4. Егер талап арызға пікір, арызға пікір, дәлелдемелер мен өзге де құжаттар, егер осы құжаттарды берген адамдар көрсетілген құжаттарды сот белгілеген мерзімде өздеріне байланысты емес себептер бойынша ұсына алмағандығын негіздеген жағдайды қоспағанда, сот белгілеген мерзім өткеннен кейін сотқа келіп түссе, олар қаралмайды және осы адамдарға қайтарылады. Сот көрсетілген құжаттарды қайтару туралы ұйғарым шығарады.
5. Судья осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін тараптарды шақырмай істі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарайды.
Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер бойынша алдын ала сот отырысы өткізілмейді.
Сот тараптар ұсынған құжаттарда баяндалған түсініктемелерді, қарсылықтарды және (немесе) іске қатысатын адамдардың дәлелдерін зерттейді және көрсетілген мерзімдер ішінде ұсынылған дәлелдемелердің негізінде шешім қабылдайды.
6. Істі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде осы Кодекстің 23-тарауында және осы Кодекстің 189-бабында көзделген қағидалар қолданылмайды.
149-4-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын іс бойынша шешім
1. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралатын іс бойынша шешім, егер осы тарауда белгіленген ерекшеліктерден өзгеше туындамаса, осы Кодекстің 18-тарауында белгіленген қағидалар бойынша қабылданады.
2. Істі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарау нәтижелері бойынша шешімге ол қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
Заңды күшіне енген, бірінші сатыдағы соттың шешіміне, апелляциялық сатыдағы соттың шешіміне немесе қаулысына осы Кодексте белгіленген тәртіппен кассациялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
2-бөлімше. Талап қою бойынша іс жүргізу
14-тарау. Талап қою
11.07.01 ж. № 238-II; 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 224-III (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV (бұр.ред.қара); ҚР Заңдарымен 150-бап өзгертілді
150-бап. Талап арыздың нысаны мен мазмұны
1. Талап арыз сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.
2. Арызда:
1) арыз берілетін соттың атауы;
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) талап қоюшының атауы, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері, сәйкестендiру нөмiрi мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы, бұдан басқа, егер олар бар болса, талапкер мен өкілдің ұялы байланыстың абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер;
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жауапкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы, айы, күні, оның тұрғылықты немесе болатын жері, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы (егер олар бар болса), сондай-ақ қосымша сәйкестендіру нөмірі, электрондық мекенжайы, егер бұл деректер талапкерге белгілі болса;
4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;
5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелер;
6) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;
7) алынып тасталды
8) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
3. Арызда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, сондай-ақ талапкердің өтініші баяндалуы мүмкін.
4. Прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін беретін өтінішінде мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің неден тұратынын, қандай құқықтың бұзылғанын негіздеу, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерге сілтеме болуға тиіс. Прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себептерін негіздеу болуға тиіс; арызға, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге келісімін растайын құжат қоса тіркелуге тиіс.
5. Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны ұсынуға өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды.
Арыз электрондық құжат нысанында берілген кезде ол талап қоюшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкілеттігі болған кезде талап арыз өкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен; 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 151-бап өзгертілді
151-бап. Талап арызға қоса тіркелетін құжаттар
1. Талап арызға:
1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі;
2) мемлекеттік баж төлеуді растайын құжат;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;
4) талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері;
5) алынып тасталды
6) оны дауға салған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні;
7) талапкердің мерзімді кейінге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерін азайту туралы, талап қоюды қамтамасыз ету, дәлелдемелерді талап ету туралы өтініші және, егер олар талап арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тіркеледі.
2. Электрондық құжат нысанында берілетін талап арызға осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі.
Бұл ретте, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлемді жүзеге асыруды куәландыратын электрондық құжат мемлекеттік баждың төленгендігін растайтын құжат болып табылады.
«Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы № 6 Нормативтік қаулысын қара
152-бап. Талап арызды қабылдау
1. Судья талап арыз түскен күннен бастап бес күн мерзімде оны сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешуге құқылы.
2. Талап арызды қабылдай отырып, судья азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
2011.28.01. № 402-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 153-бап өзгертілді
153-бап. Талап арызды қабылдаудан бас тарту
1. Судья талап арызды қабылдаудан, егер:
1) арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;
2) сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы болса;
3) сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша төреліктің немесе аралық соттың қабылдаған шешімі болса және бұл жөнінде сотқа белгілі болса, бас тартады.
2. Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда, егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай органға жүгінуі жөн екендігін көрсетеді.
3. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен кезден бастап бес күн мерзімде шығарылуы және арыз берушіге арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс.
4. Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді.
5. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 154-бап өзгертілді
154-бап. Талап арызды қайтару
1. Судья талап арызды, егер:
1) талапкер істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешудің шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;
2) іс осы соттың соттауына жатпаса;
3) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
ҚР Конституциялық Кеңесінің 01.11.00 ж. № 19/2 қаулысымен 154-баптың бірінші тармағы 3-тармақшасына түсініктеме берілді
4) арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;
5) осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің немесе аралық соттың iс жүргiзуiнде сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша iс болса;
5-1) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде өзгеше көзделмесе, тараптар арасында заңға сәйкес осы дауды төреліктiң немесе аралық соттың шешуіне беру туралы келісім жасалса;
6) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жүгінсе;
7) бұл туралы талап қоюшы мәлімдесе, қайтарып жібереді.
2. Судья арызды қайтару туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда арыз берушіге, егер іс осы соттың соттауына жатпайтын болса, қандай сотқа жүгіну не істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жою қажет екендігін көрсетеді. Талап арызды қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен күннен бастап бес күн мерзімде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс.
3. Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді.
4. Арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
155-бап. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру
1. Судья талап арыз осы Кодекстің 150-бабының талаптарына және 151-бабының 1) - 3) тармақшаларына сәйкес келмеген жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарып, бұл туралы талап арызды берген тұлғаға хабарлайды және оған кемшіліктерді түзету үшін мерзім береді.
2. Егер талап қоюшы судьяның нұсқауларына сәйкес және ол белгілеген мерзімде ұйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап арыз оны сотқа алғашқы тапсырған күні берілген болып есептеледі. Олай болмаған жағдайда арыз берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады.
3. Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықтарды жойса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді.
4. Арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 156-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
156-бап. Қарсы талап қою
1. Жауапкер істі мәні бойынша қарау аяқталғанға дейін бастапқы талап қоюмен бірге қарау үшін талапкерге қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы талап қою талап қою туралы жалпы қағидалар бойынша жүргізіледі. Судья қарсы талап қоюды қабылдау туралы ұйғарым шығарады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қабылдау талаптарына сәйкес келмейтін қарсы талап арыз қайтарылуға жатады.
157-бап. Қарсы талап қоюды қабылдау шарттары
Судья қарсы талап қоюды, егер:
1) қарсы талап алғашқы талапты есепке алуға бағытталса;
2) қарсы талап қоюды қанағаттандыру алғашқы талап қоюдың толық немесе қанағаттандыру бөлігінде болдырмаса;
3) қарсы және алғашқы талап қоюлардың арасында өзара байланыс болса және оларды бірлесіп қарау дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарауға әкелсе, қабылдайды.
15-тарау. Талап қоюды қамтамасыз ету
2004.28.12 № 24-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 158-бап өзгертілді
158-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету үшін негіздер
Іске қатысатын адамдардың, төрелiкте немесе аралық сотта талқылау тараптарының арызы бойынша сот қуынымды қамтамасыз ету үшін шаралар қолдана алады. Егер мұндай шараларды қолданбау соттың шешімін орындатуды қиындатса немесе мүмкін етпейтін болса, қуынымды қамтамасыз етуге істің кез келген кезеңінде жол беріледі.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына, сондай-ақ бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға және (немесе) оның мүлкіне қатысты олар қайта құрылымдау жүргізген кезінде талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі дауға салынатын құқықтық актісінің, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-II Заңымен; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 58-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.05.02. № 249-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 159-бап өзгертілді
159-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары
1. Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар:
1) жауапкерге тиесілі және оның өзінде немесе басқа адамдарда болатын мүлікке тыйым салу (банктің корреспонденттік шотындағы ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылардың ашық сауда-саттық әдісімен сауда жүйелерінде жасасқан репо операциялары бойынша нысана болып табылатын мүлікке тыйым салуды қоспағанда).
Міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына (олар бойынша өсімпұлдарға), зейнетақы активтеріне және зейнетақы жинақтарына тыйым салуға жол берілмейді.
Шет мемлекеттің Қазақстан Республикасының аумағындағы корреспонденттік шотындағы ақшаға тыйым салуға Қазақстан Республикасының және оның меншігінің юрисдикциялық иммунитетін шет мемлекеттің бұзуынан келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жол беріледі.
Жауапкерге тиесілі және банктегі ақшаға тыйым салу түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымда тыйым салынатын ақша сомасы көрсетілуге тиіс. Тыйым салынатын ақша сомасын іс материалдарын негізге ала отырып, сот айқындайды;
2) жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу;
3) басқа адамдардың мүлікті жауапкерге беруіне немесе оған қатысты өзге де міндеттемелерді орындауына тыйым салу;
4) мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қойылған және борышкердің мүлкін бағалау нәтижелеріне дау айтылған жағдайларда мүлікті өткізуді тоқтата тұру;
5) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының дауға салынатын құқықтық актісінің (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұру;
6) борышкер сот тәртібімен дауға салатын атқарушылық құжат бойынша өндіріп алуды тоқтата тұру болуы мүмкін.
2. Қажет болған жағдайларда сот осы Кодекстің 158-бабында аталған мақсаттарға сай келетін талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды қабылдауы мүмкін. Соттың талап қоюды қамтамасыз етудің бірнеше шараларын қабылдауы мүмкін. Осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында аталған тыйым салулар бұзылған жағдайда кінәлі адамдар әкімшілік жауаптылықта болады. Оның үстіне, талап қоюшы сот тәртібімен осы адамдардан талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындамаудан келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
3. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары талап қоюшының мәлімдеген талаптарына шамалас болуға тиіс.
2004.28.12 № 24-III ҚР Заңымен 160-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 160-бап жаңа редакцияда
160-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау
1. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья ол сотқа келіп түскен күні жауапкерге және iске қатысатын басқа да адамдарға, төрелiк немесе аралық талқылау тараптарына хабарламастан шешеді. Судья талапты қамтамасыз ету туралы арызды қарау нәтижелері бойынша ұйғарым шығарады.
2. Талап арызбен бірге сотқа берілген талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды сот сонымен бір мезгілде азаматтық істі қозғай отырып, жауапкерге және iске қатысатын басқа да адамдарға, төрелiк немесе аралық талқылау тараптарына хабарламастан қарайды.
3. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыз сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 161-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
161-бап. Қуынымды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау
Қуынымды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды сот тиісті органдар мен ұйымдарға орындау үшін жібереді.
Органдар мен ұйымдар ұйғарым келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ұйғарымды жіберген сотты орындау нәтижелері жөнінде хабардар етеді.
Қамтамасыз ету шаралары қолданылған мүліктің тізбесі болмаған жағдайда соттың ұйғарымын орындау үшін сот орындаушысына жіберілуге тиіс.
2004.28.12 № 24-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 162-бап өзгертілді
162-бап. Талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыру
1. Iске қатысатын адамның, төрелiкте немесе аралық сотта талқылау тараптарының арызы бойынша қуынымды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыруға жол беріледі. Қуынымды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыру туралы мәселені сот іске қатысатын адамдарға арызды қарау уақыты мен орны туралы хабарлай отырып шешеді, алайда олардың келмей қалуы осы мәселені мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді. Қуынымды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыру туралы судья ұйғарым шығарады.
2. Ақшалай соманы өндіріп алу туралы талап қоюды қамтамасыз еткен жағдайда жауапкер талап қоюды қамтамасыз етуге сот қабылданған шаралардың орнына соттың депозиттік шотына талап қоюшы талап ететін соманы енгізуге құқылы.
2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 163-бап өзгертілді
163-бап. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою
1. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін сол сот тараптардың арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Іске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмей қалуы талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы мәселені қарауға кедергі келтірмейді.
2. Талап қоюға қарсылық білдірілген жағдайда талап қоюды қамтамасыз етуде қабылданған шаралар шешім заңды күшіне енгенге дейін сақталады. Сот шешімнің заңды күшіне енуімен бір мезгілде талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарым шығарады. Талап қою қанағаттандырылған жағдайда оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар өз күшін сот шешімі орындалғанға дейін сақтайды.
3. Қаржы ұйымын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы істі қарайтын сот, қаржы ұйымын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған жағдайда қаржы ұйымына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға және (немесе) оның мүлкіне қатысты қайта құрылымдау жүргізу туралы шешім қабылдағанға дейін соттар қабылдаған талап-арызын қоюды қамтамасыз етудің күшін жоюға міндетті.
164-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ұйғарымдарға шағымдану