Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындық барысында талапкердің өз өкілі талап арыз (арыз) берген тілді білмейтіндігі анықталса, онда сот талапкердің жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.
3. Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жөнді білмейтін іске қатысушы адамдарға сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.
4. Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған істің заң бойынша қажетті іс материалдарының сот ісін жүргізу тіліне сот тегін аударып беруді қамтамасыз етеді. Сот процесіне қатысушы адамдарға сотта сөйленген сөздің басқа тілде айтылған бөлігін сот ісін жүргізу тіліне тегін аударып беру қамтамасыз етіледі.
5. Іске қатысатын және сот ісін жүргізу тілін білмейтін адам істен алып беру туралы жазбаша түрде мәлімдеген сот актілері оған ана тіліне немесе ол білетін басқа тілге аударылып табыс етіледі.
2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы
1. Азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Тараптар бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді.
2. Тараптар азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында өзiнiң ұстанымын, оны қорғаудың тәсілдері мен құралдарын дербес және сотқа, іске қатысатын басқа да адамдарға тәуелсiз таңдайды. Сот істің нақты мән-жайларын анықтау мақсатында өз бастамасымен дәлелдемелер жинаудан толық босатылған, алайда тараптың уәжді өтінішхаты бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдем көрсетеді.
3. Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сот іс жүргізу шешімін зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.
4. Сот тараптарға бірдей және құрметпен қарайды.
16-бап. Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау
1. Судья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығымен әділ, жан-жақты және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады.
2. Сот үшін ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды.
17-бап. Куәлік жауап беру міндетінен босату
1. Ешкім өзіне, жұбайына (зайыбына) және ауқымы заңмен айқындалған жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес.
2. Діни қызметшілер тәубаға келіп, өздеріне сенім білдірген адамға қарсы куәлік беруге міндетті емес.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларда аталған адамдар жауаптар беруден бас тартуға құқылы және бұл үшін қандай да болсын жауапқа тартылмайды.
18-бап. Білікті заң көмегін алуға құқықты қамтамасыз ету
1. Әр адамның азаматтық процесс барысында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
2. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.
19-бап. Сотта істі қараудың жариялылығы
1. Барлық соттар мен барлық сот сатыларында сотта істі қарау ашық жүргізіледі.
2. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет екендігін не істі ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды негізге алған іске қатысушы адамының өтінішін сот қанағаттандырған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 179-бабының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайда заңға сәйкес істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.
3. Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке телеграф байланысы ашық сот отырысында арасында осы хат алысу мен телеграф байланысы болған адамдардың келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда бұл адамдардың жеке хат алысуы мен жеке телеграф байланысы жабық сот отырысында жария етіліп, зерттеледі. Аталған ережелер фото және кино құжаттарын, дыбыс және бейне жазбаларды, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегімен алынған жеке сипаттағы мәліметтер бар хабарларды зерттеген кезде де қолданылады.
4. Соттың жабық отырысында істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар, олардың өкілдері, ал қажет болған жағдайларда куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар да қатысады.
5. Сот істі соттың жабық отырысында қарау туралы дәлелді ұйғарым шығарады.
6. Сот отырысының залына, егер іске қатыспайтын адамдар болса немесе куә болмаса, он алты жасқа толмаған азаматтар жіберілмейді.
7. Жабық сот отырысында істі қарау азаматтық сот ісін жүргізудің барлық ережелері сақтала отырып жүргізіледі.
8. Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотта істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейнетаспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін.
2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Сот талқылауы барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Істің сотта талқылануы соттың қалыпты жұмысын және сот отырысы залында қатысып отырған адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда өтуге тиіс. Сот приставтары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жеке басты куәландыратын құжаттарды тексеруді, адамдардың жеке басын жете тексеруді және олар сот отырысы залына алып кіретін заттарды жете тексеруді жүргізеді.
2012.10.07. № 32-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Сот актілерінің міндеттілігі
1. Сот азаматтық істер бойынша сот актілерін шешімдер, ұйғарымдар, қаулылар мен бұйрықтар нысанында қабылдайды.
2. Заңды күшіне енген сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулыларымен бұйрықтары, сондай-ақ соттар мен судьялардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен басқа да жолданыстары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп таныған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген сот актілері орындалуға жатпайды.
3. Сот актісінің міндеттілігі іске қатыспаған мүдделі адамдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды.
4. Сот актілерін орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көрінісі заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Сот актілеріне шағым жасау бостандығы
1. Сот актілеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
2. Іске қатысатын адамдардың сот актісін осы Кодексте белгіленген тәртіппен жоғары тұрған сотқа қайта қаратуға құқығы бар.
23-бап. Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін бұзу оның сипаты мен маңыздылығына қарай, шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады.
3-тарау. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық
2008.05.07. № 58-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.11.01. № 385-IV ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді
24-бап. Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы
1. Егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау осы Кодекске және басқа да заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.
2. Соттар азаматтық (корпоративтік дауларды қоса алғанда), отбасылық, еңбек, тұрғын үй, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапқа билік бағыныстылығына негізделген қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді қарайды.
3. Мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы қабылдаған актіге сотта дау айтылуы мүмкін.
4. Соттар осы Кодекстің 25-29-тарауларында тізбеленген ерекше талап қойылған іс жүргізу істерін қарайды.
5. Соттар осы Кодекстің 289-бабында тізбеленген ерекше іс жүргізу істерін қарайды.
6. Егер халықаралық шартта, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, соттар шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді де қарайды.
7. Заңмен соттардың құзыретіне жатқызылған басқа да істер соттарға ведомстволық бағынысты болады.
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап жаңа редакцияда
25-бап. Дауларды төреліктің немесе аралық соттың шешуіне, сондай-ақ медиация тәртібімен шешуге беру
Сотқа ведомстволық бағынысты, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дау, бұған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған кезде және осы Кодекстің 170-бабының 4) тармақшасына және 192-бабына сәйкес, тараптардың келісуі бойынша медиация тәртібімен шешілуі немесе төреліктің немесе аралық соттың қарауына берілуі мүмкін.
26-бап. Сотқа ведомстволық бағыныстылықтың басымдығы
1. Біреулері - сотқа, ал басқалары сот емес органдарға ведомстволық бағынысты өзара байланысты бірнеше талаптар біріктірілген кезде барлық талаптар сотта қаралуға тиіс.
2. Нақты даудың кімге бағыныстылығына қатысты күмән немесе қолданыстағы заңдарда қиғаштықтар болған жағдайда оны сот қарайды.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27-бап. Аудандық (қалалық) соттың және оған теңестірілген соттардың соттауына жататын азаматтық істер
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабының 8-тармағында және 66-бабының 3-тармағында, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 5-тармағында көзделген істерді қоспағанда, азаматтық істер аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттарда қаралып, шешіледі.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 28-бап жаңа редакцияда; ҚР 02.07.03 ж. № 451-II; 09.07.04 ж. № 583-II (бұр.ред. қара); 2005.23.02 № 33-III; 2005.08.07 № 67-III (бұр.ред. қара); 2006.05.06 № 146-III (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 28-бап өзгертілді
28-бап. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29-бап. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 30-бап жаңа редакцияда; ҚР 02.07.03 ж. № 451-II; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 64-IV (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 58-IV (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.23.11. № 354-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 30-бап өзгертілді; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 30-бап өзгертілді
30-бап. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы
1. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар тараптары заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар жөнiндегi, корпоративтік даулар жөніндегі азаматтық iстердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы азаматтық істерді қарайды.
Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қоспағанда, көрсетілген азаматтық істер бойынша талап талапкер шартта не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтаған кезде қойылуы мүмкін.
1-1. 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2. Әскери соттар Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, әскери жиындардан өтіп жүрген азаматтардың әскери басқарудың лауазымды адамдары мен органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануы туралы азаматтық істерді қарайды. Әскери соттар, егер тараптардың бірі әскери қызметші, әскери басқару органдары, әскери бөлім болып табылса, басқа да азаматтық істерді қарауға құқылы.
1-3. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес баланың тұрғылықты жерін және баламен қарым-қатынас тәртібін анықтау туралы; ата-ана құқықтарынан айыру (құқықтарын шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап алу туралы; бала асырап алудың күшін жою туралы; кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режиммен ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы даулар бойынша; кәмелетке толмағандарға қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарайды.
1-4. 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық iстердiң басқа мамандандырылған соттардың соттауына жатқызылуы осы Кодекспен белгіленедi.
Ескертулер.
1. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істерді кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша аудандық және оған теңестірілген сот қарауы мүмкін.
2. Істі аудандық және оған теңестірілген сотқа қарату туралы өтінішхат істі сот талқылауына тағайындағанға дейін беріле алады.
31-бап. Жауапкердің тұрған жері бойынша талап қою
Талап жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотта қойылады. Заңды тұлғаға талап заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша қойылады.
2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-бап. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу
1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрған жері бойынша қойылуы мүмкін.
2. Заңды тұлғаға да талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша қойылуы мүмкін.
3. Заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап та филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.
4. Алименттер өндіріп алу туралы және әке болуды анықтау туралы талаптарды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша да қоя алады.
5. Мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талаптарды да талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша қоя алады.
6. Орындалу орны көрсетілген шарттардан туындайтын талаптар да шарттың орындалатын жері бойынша қойылуы мүмкін.
7. Некені бұзу туралы талаптар талап қоюшының кәмелетке толмаған балалары тұратын немесе денсаулық жағдайы бойынша талап қоюшының жауапкер тұратын жерге баруы ол үшін қиындық келтіретін жағдайларда да оның тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін.
8. Қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартудан, ешқайда кетпеу туралы қолхат, үйқамақ немесе қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан бұзылған мүліктік және мүліктік емес құқықтарды қалпына келтіру туралы талаптар талапкердің тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін.
9. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері не шарттың жасалу немесе орындалу жері бойынша қойылуы мүмкін.
10. Кемелердің соқтығысуынан келтірілген залалды өтеу туралы, сондай-ақ теңізде көмек көрсеткені және құтқарғаны үшін сыйақы алу туралы талаптар жауапкер тұрған немесе кеме тіркелген порттың орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.
11. Осы Кодекстің 33-бабында белгіленген істің соттылығын қоспағанда, талап қоюшы осы бапқа сәйкес іс соттауына жататын бірнеше соттың арасынан біреуін таңдап алады.
2010.05.02. № 249-ІV ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
33-бап. Ерекше соттылық
1. Жер учаскелеріне, үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, жерге тығыз байланысты басқа объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар осы объектілер немесе тыйым салынған мүлік орналасқан жер бойынша қойылады.
2. Мұра қалдырушыға кредит берушілердің мұраны мұрагерлердің қабылдап алуына дейін қойылған талаптары мұраға қалдырылған мүлік немесе оның негізгі бөлігі орналасқан жердегі соттың соттауына жатады.
3. Тасымалдаушыларға жүктер, жолаушылар немесе теңдеме жүкті тасымалдау шарттарынан туындайтын талаптар көлік ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы орналасқан жер бойынша қойылады.
4. Қазақстан Республикасының және оның меншігінің юрисдикциялық иммунитетін шет мемлекеттің бұзуынан келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, талап қоюшының тұрған жері бойынша беріледі.
34-бап. Шарттық соттылық
Тараптар өзара келісім бойынша аталған істі қай соттың қарайтынын аумақтық жағынан өзгерте алады. Осы Кодекстің 33-бабында белгіленген істің соттылығын тараптардың келісімімен өзгертуге болмайды.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен; 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 35-бап өзгертілді
35-бап. Өзара байланысты бірнеше істің соттылығы
1. Әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге қойылатын талап талапкердің таңдауы бойынша жауапкерлердің біреуінің тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша қойылады.
2. Дербес талабын мәлімдеуші үшінші тұлғаның талабы және қай сотта сотталатындығына қарамастан қарсы талап бастапқы талапты қараған жердегі сотқа беріледі.
3. Қылмыстық істен туындайтын талап, егер ол қылмыстық іс жүргізілген кезде азаматтық талап қою ретінде мәлімделген немесе шешілмеген болса, осы Кодексте белгіленген соттылығы туралы ережелер бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға беріледі.
2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
36-бап. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру
1. Соттылық ережелерін сақтай отырып сот жүргізуге қабылдаған іс, кейіннен ол басқа соттың соттауына жатса да, мәні бойынша шешілуге тиіс.
2. Егер:
1) тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтініш жасаса;
2) бір немесе бірнеше судьяға қарсылық білдірілгеннен кейін, сондай-ақ назар аударуға тұратын басқа мән-жайлар бойынша судьяларды ауыстыру немесе аталған сотта істі қарау мүмкін болмаса;
3) істі аталған сотта қарау кезінде оның істің соттылық ережелерін бұза отырып қабылданғаны анықталса, сот істі басқа соттың қарауына береді.
4) 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Істің осы соттың соттылығына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын осы сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарылады. Істің соттылыққа жатпайтыны туралы тараптың (тараптардың) арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы сот ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды. Істі бір соттан басқа сотқа беру - осы ұйғарымға шағым жасау мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берілген жағдайда шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізіледі.
3-1. Осы баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, істің аудандық және оған теңестірілген сотқа соттылығын апелляциялық сатыдағы сот айқындайды.
4. Соттардың арасындағы соттылық туралы дауларды апелляциялық сатыдағы сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.
4-тарау. Соттың құрамы, қарсылық білдіру
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 37-бап өзгертілді; 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
37-бап. Соттың құрамы
1. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттарда азаматтық істерді соттың атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды.
2. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 59-бабының 8-тармағында және 66-бабының 3-тармағында, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 5-тармағында көзделген азаматтық істерді сот атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды.
3. Iстердi кассациялық сатыдағы сотта қарауды осы алқа судьяларының саны тақ (кемінде үш) алқалы құрамы тиісті облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының не облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының тапсыруы бойынша кассациялық саты судьясының төрағалық етуімен жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасында істерді қарауды осы алқа судьяларының саны тақ (кемінде бес) алқалы құрамы көрсетілген алқа төрағасының немесе оның тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының бірінің төрағалық етуімен жүзеге асырады.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 38-бап өзгертілді
38-бап. Алқалы құрамдағы соттың мәселелерді шешу тәртібі
1. Істерді соттың алқалы құрамы қараған және шешкен кезде барлық судьялар тең құқықтарды пайдаланады. Істі алқалы түрде қараған және шешкен кезде туындаған барлық мәселелерді судьялар көпшілік дауыспен шешеді. Әрбір мәселені шешкен кезде судьялардың ешқайсысы дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес.
2. Төрағалық етуші ұсыныстарды енгізеді, өз пікірін айтады және соңынан дауыс береді.
3. Көпшілік шешімімен келіспеген судья осы шешімге қол қоюға міндетті және ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады, ол төрағалық етушіге тапсырылады және мөр басылған конверттегі іске қоса тіркеледі. Ерекше пікірмен қадағалау сатысындағы сот осы істі қарау кезінде танысуға құқылы. Судьяның ерекше пікірінің бар екендігі туралы іске қатысушы адамдарға хабарланбайды және ерекше пікір соттың отырыс залында жарияланбайды.
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 39-бап өзгертілді; 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.11. № 254-V ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)