Қазақстан Республикасының
Заңы
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы
(2021.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасы
2-тарау. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСI
4-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты
5-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің принциптері мен негізгі сапалық сипаттамалары
6-бап. Бухгалтерлік есеп жүйесi
7-бап. Бухгалтерлік құжаттама
8-бап. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
9-бап. Бухгалтерлік қызметтің басшысы
10-бап. Бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы
11-бап. Бухгалтерлік құжаттарды сақтау
12-бап. Бухгалтерлік ақпарат құпиясы
3-тарау. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК
13-бап. Қаржылық есептілік элементтерi
14-бап. Қаржылық есептілік элементтерін бағалау және есепке алу
15-бап. Қаржылық есептілік
16-бап. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары және Әдеп кодексі
17-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептілік
18-бап. Есепті кезең
19-бап. Қаржылық есептілікті табыс ету
19-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті ұсынуы
4-тарау. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУ
20-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу
20-1-бап. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік бақылау
21-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік емес реттеу
22-бап. Кәсіби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттау шарттары
23-бап. Аккредиттеу туралы куәліктен айыру
24-бап. Ішкі бақылау
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
25-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
26-бап. Өтпелі ережелер
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейді, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамалары мен ережелерін белгілейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) аккредиттеу - уәкiлеттi органның осы Заңда көзделген, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша куәлiкпен расталған бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарының және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың құқықтылығын тануы;
2) бастапқы есепке алу құжаттары (бұдан әрі - бастапқы құжаттар) - бухгалтерлік есеп жүргізуге негіз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактісінің және оны жасауға берілген құқықтың қағаз және электрондық жеткізгіштегі құжаттық растамасы;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйым (бұдан әрi - сертификаттау жөнiндегi ұйым) - кәсiби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүзеге асыратын, кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына (бұдан әрі – акредиттеу қағидалары) сәйкес аккредиттелген заңды тұлға;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсiби ұйымы (бұдан әрi - кәсiби ұйым) - бухгалтерлердің және (немесе) бухгалтерлiк ұйымдардың бiрлестiгi болып табылатын, аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттелген коммерциялық емес ұйым;
5) бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері - бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесінде көрсету үшін есепке алуға қабылданған бастапқы құжаттардағы ақпаратты қорытуға, жүйелеуге және жинақтауға арналған нысандар;
6) бухгалтерлік ұйым - бухгалтерлік есеп саласында қызмет көрсететін, кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын ұйым;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
6-1) еншілес ұйым - халықаралық стандарттарға сәйкес негізгі ұйымның бақылауындағы ұйым деп танылатын және халықаралық стандарттар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау үшін негізгі ұйымның қаржылық есептілігін ұсынатын ұйым;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 502-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) жария мүдделі ұйымдар - қаржы ұйымдары (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, шаруашылық серіктестік нысанында құрылған, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерін қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа), астық қабылдау кәсіпорындары және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) кәсіби бухгалтер - кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын, кәсіби бухгалтер сертификаты бар жеке тұлға;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) Кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексі (бұдан әрі - Әдеп кодексі) - кәсіби бухгалтерлердің, бухгалтерлік және кәсіби ұйымдардың кәсіптік қызметін жүзеге асыруы кезіндегі мінез-құлқының әдеп қағидаларының жинағы;
9) кәсіби бухгалтер сертификаты (бұдан әрі - сертификат) - сертификаттау жөніндегі ұйым берген, бухгалтердің кәсіби біліктілігін куәландыратын құжат;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
10) қаржылық есептілік депозитарийі (бұдан әрі - депозитарий) -жылдық қаржылық есептілік және ұйымдар жыл сайын беріп отыратын аудиторлық есептер, ақционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімі, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат қамтылатын, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді электрондық деректер базасы;
11) қаржылық есептілік стандарты - бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау принциптері мен әдістерін белгілейтін құжат;
12) қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттары (бұдан әрі - ұлттық стандарттар) - қаржылық есептіліктің уәкілетті орган бекіткен стандарттары;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (бұдан әрі - халықаралық стандарттар) және шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты (бұдан әрі - шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандарт) - Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары жөніндегі кеңес бекіткен қаржылық есептілік стандарттары;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
13-1) негізгі ұйым - халықаралық стандарттарға сәйкес бір және одан да көп еншілес ұйымды бақылайды деп танылатын және халықаралық стандарттар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынатын ұйым;
14) уәкілетті орган - бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның күші:
дара кәсіпкерлерге;
заңды тұлғаларға, шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген филиалдарына, өкілдіктеріне және тұрақты мекемелеріне (бұдан әрі - ұйымдар) қолданылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бір мезгілде мынадай шарттарға сай келген кезде:
1) патент, оңайлатылған декларация негізінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режімдерін қолданатын;
2) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған;
3) табиғи монополиялар субъектілері болып табылмайтын дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есепті жүргізу (бастапқы құжаттарды жасаудан және сақтаудан басқа) мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмауға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген шарттардың біріне сәйкес келмеген кезде дара кәсіпкер осындай сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес келетін және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу туралы дербес шешім қабылдаған дара кәсіпкер мұндай шешім қабылданған айдан кейінгі айдан бастап мұндай есепті жүргізуді жүзеге асыруға құқылы.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шағын кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалар қаржылық есептілік жасауды ұлттық стандартқа сәйкес жүзеге асырады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, орта кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорындар) қаржылық есептілікті шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа сәйкес жасайды.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Ірі кәсіпкерлік субъектілері мен жария мүдделі ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға міндетті.
Қаржы ұйымдары бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Арнайы қаржы компаниялары мен ислам арнайы қаржы компаниялары бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті жасауды халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Есептік саясатты бекіткен басшы органдардың шешімі бойынша:
1) осы баптың 3-тармағында көрсетілген ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға немесе шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа сәйкес жасауға құқылы;
2) осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға құқылы.
3-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСI
4-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты мүдделі тұлғаларды дара кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
5-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің принциптері мен негізгі сапалық сипаттамалары
1. Есептеу мен үздіксіздік бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептілікті жасаудың принциптері болып табылады.
2. Түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары болып табылады.
6-бап. Бухгалтерлік есеп жүйесi
1. Бухгалтерлік есеп дара кәсіпкерлер мен ұйымдардың операциялары мен оқиғалары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және қорытудың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасымен, сондай-ақ есеп саясатымен регламенттелген тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа және бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес, олардың қажеттіліктері мен қызмет ерекшеліктері негізге алына отырып, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін дара кәсіпкер немесе ұйым қолдануға қабылдаған нақты принциптерді, негіздерді, ережелерді, тәртіп пен практиканы білдіреді.
3. Операциялар мен оқиғалар бухгалтерлік есеп жүйесінде көрсетіледі, бұл ретте:
1) бухгалтерлік жазбаларды бастапқы құжаттардың түпнұсқаларына сайма-сай бекіту және бухгалтерлік жазбаларда барлық операциялар мен оқиғаларды көрсету;
2) операциялар мен оқиғаларды хронологиялық тәртіппен және уақтылы тіркеу;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) синтетикалық (қорытынды) есепке алуды талдамалық (егжей-тегжейлi) есепке алуға сәйкес келтiру қамтамасыз етiлуге тиiс.
4. Операциялар мен оқиғалар ұйымдардың уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген талаптарға сай келетін бухгалтерлік есеп шоттары үлгі жоспарының негізінде синтетикалық шоттарда екі рет жазу тәсілімен көрсетіледі.
Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебін жүргізу тәртібін дара кәсіпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары (бұдан әрі - басшылық) белгілейді, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және құрылтай құжаттарға сәйкес дара кәсіпкердің немесе ұйымның қажеттіліктерін негізге ала отырып ағымдағы басшылықты және істерді жүргізуді жүзеге асырады.
5. Жеке кәсіпкерлер мен ұйымдар мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды қамтамасыз етеді.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін 7-баптың мәтіні бойынша «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер болып есептелді
7-бап. Бухгалтерлік құжаттама
1. Бухгалтерлік құжаттама бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, қаржылық есептілікті және есеп саясатын қамтиды.
Бухгалтерлік жазбалар бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі.
2. Операцияларды немесе оқиғаларды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы құжаттардың нысандары немесе оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітеді.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Нысандары немесе оларға қойылатын талаптар осы баптың 2-тармағына сәйкес бекiтiлмеген қағаз және электрондық жеткiзгiштердегi бастапқы құжаттарды дара кәсiпкерлер мен ұйымдар дербес әзiрлейдi не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген нысандарды немесе талаптарды қолданады немесе Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген резидент емес-жеке тұлғалар немесе резидент емес-заңды тұлғалар ұсынған нысандарды есепке алуға қолданады, олар мынадай мiндеттi деректемелердi қамтуға тиiс:
1) құжаттың (нысанның) атауы;
2) жасалған күнi;
3) құжат өз атынан жасалған ұйымның атауы немесе дара кәсiпкердiң тегi және аты-жөнi;
4) операцияның немесе оқиғаның мазмұны;
5) операцияның немесе оқиғаның өлшем бiрлiгi (сан және құн көрiнiсiнде);
6) операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс ресiмделуiне жауапты адамдар лауазымының атауы, тегi, аты-жөнi және қолы;
7) сәйкестендіру нөмірі.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Операцияның немесе оқиғаның сипатына, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына және есепке алу ақпаратын өңдеу тәсiлiне қарай, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, бастапқы құжаттарға қосымша деректемелер енгiзiлуi мүмкін.
4. Бастапқы құжаттар операцияның немесе оқиғаның іске асырылу кезінде не олар аяқтала салысымен жасалуға тиіс.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Есепке қабылданған бастапқы құжаттарда қамтылған ақпарат бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде жинақталады және жүйеленеді.
Бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректері топтастырылған түрде қаржылық есептілікке көшіріледі.
6. Электрондық жеткізгіштерде бастапқы құжаттарды және бухгалтерлік есеп тіркелімдерін жасау кезінде дара кәсіпкерлер мен ұйымдар операциялардың басқа қатысушылары үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап ету құқығы берілген мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша осындай құжаттардың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде дайындауға тиіс.
7. Кассалық және банктік бастапқы құжаттарға түзетулер енгізуге жол берілмейді. Басқа бастапқы құжаттарға түзетулер операцияға қатысушылармен келісім бойынша ғана енгізілуі мүмкін, бұл түзетулер енгізілген күні көрсетіле отырып, құжаттарға қол қойған адамдардың қолдарымен расталуға тиіс.
8-бап. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1. Басшылық немесе дара кәсіпкер:
1) есеп саясатын келіседі және (немесе) бекітеді;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, оның ішінде ұйым жасайтын барлық операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету тәртібін регламенттейтін, бекітілген ішкі құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;
Есеп саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және ұйымның жарғысымен (ережесімен) бекітіледі.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Басшылық немесе дара кәсіпкер есеп жұмысының көлеміне қарай:
1) бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызмет құруды;
2) штатқа бас бухгалтер лауазымын енгізуді;
3) бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды шарт негізінде бухгалтерлік немесе аудиторлық ұйымға немесе кәсіби бухгалтерге беруді;
4) бухгалтерлік есепті жеке жүргізуді жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволарына және мемлекеттік ислам арнайы қаржы компанияларына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының күші қолданылмайды.
Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есебін жүргізуді және қаржылық есептілігін жасауды бюджеттің aтқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Жария мүдделі ұйымдарға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларының күші қолданылмайды.
Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшесі болып табылатын ұйым - шетел институтының мүшесі бухгалтерлік ұйымға теңестіріледі.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Бухгалтерлік қызметтің басшысы
Бухгалтерлік есепті жүргізуді, қаржылық есептілік жасауды және ұсынуды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететін бас бухгалтер немесе басқа лауазымды адам бухгалтерлік қызметтің басшысы (бұдан әрі - бас бухгалтер) болып табылады.
9-баптың екінші бөлігі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Жария мүдделі ұйымның, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының бас бухгалтері лауазымына кәсіби бухгалтер тағайындалады.
10-бап. Бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы
1. Басшылық немесе дара кәсіпкер бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы бар адамдарды анықтайды. Бұл ретте адамның атқаратын лауазымына, ақша сомасының мөлшеріне, операцияның қолданыс аясына және мәніне қарай қол қою құқығының сатылылығы белгіленуі мүмкін.
2. Электрондық қолтаңбаны пайдаланатын дара кәсіпкерлер немесе ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық қолтаңбаны пайдалану және оларға қол жеткізу құқығына қатысты тиісті сақтық және бақылау шараларын белгілеуге тиіс.
11-бап. Бухгалтерлік құжаттарды сақтау
Дара кәсіпкерлер мен ұйымдар бастапқы құжаттарды, қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, қаржылық есептілікті, есеп саясатын, есепке алу деректерін электрондық өңдеу бағдарламаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кезең ішінде сақтауға міндетті.
12-бап. Бухгалтерлік ақпарат құпиясы
1. Бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып табылады, оларға қол жеткізуге басшылықтың немесе дара кәсіпкердің рұқсаты бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына ғана рұқсат етіледі.
2. Аталған құжаттарға қол жеткізе алатын адамдар ондағы ақпаратты олардың иесінің келісімінсіз жария етпеуге міндетті және оны жеке мүддесі үшін пайдалануға құқығы жоқ. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа қол жеткізе алатын адамдар оны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.