4) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, төлем жүйелерiн және көрсетілетін төлем қызметтері нарығын ұйымдастырудағы және реттеудегi өкілеттiктерi
Қазақстан Ұлттық Банкінің төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, төлем жүйелерiн және көрсетілетін төлем қызметтері нарығын ұйымдастырудағы және реттеудегi, көрсетілетін төлем қызметтері нарығына мемлекеттік бақылауды және төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асырудағы өкілеттiктерi «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.»;
5) 61-баптың 1 және 2-тармақтарындағы «ақша төлемдері мен аударымдары» деген сөздер «төлемдер және төлем жүйелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 62-5-баптың 17) тармақшасындағы «бекіту жолымен жүзеге асырады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18, 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:
«18) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, сондай-ақ төлем қызметтерін берушілер көрсететін қызметтерді талдау және бағалау;
19) жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қатысушылардың төлем жүйелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастыру шаралары мен бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарға сәйкестігін қарап-тексеру;
20) төлем жүйелерінің, төлем ұйымдарының, көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімдерін жүргізу жолымен жүзеге асырады.».
12. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат):
1) 8-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«электрондық ақша жүйесі операторының қызметтерін көрсететін ұйымдарды;»;
2) 30-баптың 6-1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын қор биржасы, орталық депозитарий аталған заңды тұлғаларда осы баптың 2-тармағының 1) және (немесе) 3) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы болған кезде, сондай-ақ банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығы жүзеге асырады.»;
3) 36-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде қарыз алушы алатын ақшаны, сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй төлемдерін, нотариус депозиті шарттарында енгізілген және «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, қарыз алушының кез келген банктік шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса) құқылы.»;
4) 50-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банк құпиясына банктің клиенттерi мен корреспонденттерi, олардың операциялары мен көрсетілетін банктік қызметтерді алуға байланысты банктермен өзара қарым-қатынастары туралы мәліметтер, оның ішінде шектеусіз: банктік шоттардың бар екендігі, олардың иелерi мен нөмiрлерi және банктердің корреспонденттері, осы шоттардағы және банктің өз шоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы, аударылған шоттардағы шектеулер (мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру, тыйым салу, кепілдер туралы шешімдері және (немесе) өкімдері), клиенттер мен корреспонденттердің және банктің өз операциялары (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын қоспағанда), сондай-ақ банктің сейф жәшiктерiнде, шкафтарымен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлкiнiң болуы, иелерi, сипаты мен құны туралы ақпарат, клиенттердің кредит алу (осы бапта айқындалған жағдайлардан басқа), төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша, оның ішінде банктік шотты ашпай орындалатын операцияларды жүргізу туралы ақпарат кiредi.
Тарату процесінде тұрған банк берген кредиттер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.
2. Банктер өз депозиторларының, банктердің клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары мен шоттары жөніндегі құпияға, сондай-ақ банктердiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлiктердiң құпиясына және осы бапқа сәйкес банк құпиясын құрайтын өзге де мәліметтерге кепiлдiк бередi.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Банк құпиясы клиентке ғана, шот (мүлік) иесінің жазбаша нысанда берген келісімінің негізінде не шот иесінің сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыздар, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операциялар, вексельдерді есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 5, 6, 6-1, 7, 7-1, 7-2, 8 және 8-1-тармақтарында аталған адамдарға осы бапта көзделген негіздер бойынша және шектерде ашылуы мүмкін.»;
5, 7-1 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Банктік шоттардың бар екендігі және нөмiрлерi туралы анықтамалар шоттың (шоттардың) иесi қарыз алушы, кепiлдік берушi, кепілгер, лизинг алушы немесе кепiл берушi болып табылатын банкке кредит алынғанын растайтын, тізбесі мен ұсыну тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттар ұсынылған жағдайда банктің сұратуы негізінде берiледi.
Банк сұратуды және кредит алынғанын растайтын құжаттарды қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда жібере алады.»;
«7-1. Клиенттің банктік шоттарының бар-жоғы екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген анықтамалар уәкілетті органның сұратуды алған күннен бастап үш операциялық күн ішінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда ұсынылады.
Анықтама сот орындаушысының сот санкциялаған қаулысы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда келіп түскен кезде электрондық құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.
Клиенттің банктік шоттарының бар екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы қағаз жеткізгіште ұсынылатын анықтамалар клиенттiң банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме нысанында жіберіледі және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мәліметтерді қамтиды.
Клиенттің банктік шоттарының бар екендігі және нөмiрлерi, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар осы баптың 6-тармағының а), б), в), д), д-1) және д-2) тармақшаларында, сондай-ақ 7-тармағының б), в) және г) тармақшаларында аталған тұлғаларға қағаз жеткізгіштегі немесе электрондық нысандағы сұрату негізінде беріледі.»;
«11. Мемлекеттік кіріс органдарының сұратуларын қоспағанда, осы баптың 6 және 7-тармақтарында тізбеленген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың қағаз жеткізгіштегі сұратулары, қаулылары мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның мөрімен куәландыруға жатады.
Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың сұратуларының, қаулыларының көшірмелері ұсынылған кезде көрсетілген құжаттардың көшірмелерінде «Көшірмесі дұрыс» деген белгі қойылады. «Көшірмесі дұрыс» деген белгі тырнақшасыз көрсетіледі, құжаттардың көшірмелерін куәландыру жөніндегі өкілеттіктер берілген уәкілетті адамның лауазымы, тегі және аты-жөні, куәландырған күні көрсетіліп, оның қолымен және мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның мөрімен куәландырылады.»;
мынадай мазмұндағы 12 және 13-тармақтармен толықтырылсын:
«12. Банк құпиясын құрайтын мәліметтерді қамтитын құжаттарды немесе олардың көшірмелерін алып қою және (немесе) талап етіп алдыру Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің нормаларына сәйкес сот санкциялаған алу ісін жүргізу туралы қаулылар негізінде немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде айқындалған тәртіппен соттың ұйғарымы негізінде жүргізіледі.
13. Осы баптың талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға да қолданылады.»;
5) 51-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттардағы ақшасына және басқа да мүлкiне сот актілері негізінде соттар және сот орындаушыларының сот санкциялаған қаулылары негізінде сот орындаушылары тыйым салуы мүмкін. Жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттардағы ақшасына және басқа да мүлкiне тек қана сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын орган прокурордың келісімімен мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуі мүмкін.
Мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуге, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, сондай- ақ уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына тыйым салуға жол берілмейді. Талап қою талаптарын қамтамасыз ету үшін тыйым салынған кезде тыйым салынатын ақша сомасы талап қою сомасынан және мемлекеттік баж мөлшерінен және соттың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдарымен қаулыларын орындауға байланысты шығыстардан аспауға тиiс. Сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін тыйым салған кезде, тыйым салынатын ақша сомасы мен мүлік құны өндіріп алушыға ұйғарылған соманы өтеуге қажетті сомадан, сондай-ақ атқарушылық құжатты орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдардан, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларынан және орындау жөніндегі шығыстардан аспауға тиіс.
Бұл ретте сот орындаушыларының сот санкциялаған қаулылары қағаз жеткізгіште немесе атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жіберілуі мүмкін.
Жеке және заңды тұлғалардың ақшасына тыйым салу үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, сот орындаушылары құжаттарды банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жібереді.
Заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттарындағы (корреспонденттiк шоттардан басқа) барлық шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкімдері бойынша тоқтатыла тұруы мүмкiн, ал өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша ғана қолданылуы мүмкiн.
Жеке және заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша операциялар «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте мемлекеттік кіріс органдарының өкімдері банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жіберілуі мүмкін.
Қағаз жеткізгіште жіберілетін өкімге бірiншi басшы қол қоюға және ол мемлекеттік кіріс органдарының мөрiмен куәландырылуға тиіс.
Электрондық нысанда жіберілетін өкім мемлекеттік кіріс органы белгілеген форматтарға сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша қалыптастырылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының талаптарына сәйкес прокурордың келісімі болмаған жағдайда, банктер банктегі мүлікке билік етуді уақытша шектеу туралы актілерді орындаудан бас тартады.
Тыйым салынатын сома болмаған және (немесе) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген келісімдер не санкциялар болмаған жағдайда, банктер тыйым салу туралы актілерді орындаудан бас тартады.».
13. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат):
101-7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«101-7-бап. Тұрғын үй төлемдеріне қол сұғылмаушылық кепілдіктері
Тұрғын үй төлемдерін алушының міндеттемелері бойынша тұрғын үй төлемдері есепке жатқызылатын жеке арнайы шот ретінде ашылған банктік шоттар бойынша тыйым салуға, өндіріп алуды қолдануға және шығыс операцияларын тоқтата тұруға жол берілмейді.
Тұрғын үй төлемдерін алушылардың тұрғын үйге жеке мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды қоспағанда, тұрғын үй төлемдері бюджетке алып қоюға жатпайды, кепілге қою немесе иесінің немесе басқа адамдардың міндеттемелері бойынша өзге де ауыртпалық нысанасы бола алмайды.».
14. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13- 14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):
85-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Нотариус депозиті шарттарында жеке және заңды тұлғалардың ақшасы орналастырылатын банктік шоттар бойынша тыйым салуға, өндіріп алуды қолдануға және шығыс операцияларын тоқтата тұруға жол берілмейді.».
15. «Кредиттiк серiктестiктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 5, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат):
18-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Кредиттік серіктестік «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді және ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға міндетті.».
16. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21- 22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):
1) 36-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайда уәкілетті орган кредит (қарыз) берген кезде оның біржақты бұйрығының негізінде мәмілелерді тіркеуді қоспағанда, тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркеуді мәмілеге қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге қарсы бұйрықтары негізінде (мәмілеге қатысушының бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге бұйрығы негізінде біржақты мәмілені тіркеген жағдайда), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттар негізінде жүзеге асырады. Қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қайта құрылымдауды және (немесе) қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың бағалы қағаздарымен мәмілелері тіркелген жағдайда, тіркеуші оны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген құжаттар негізінде жүзеге асырады.»;
2) 37-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеу құқықтары кепiлге берiлген, кепiл ұстаушының пайдасына кепiл берушiнiң шотындағы бағалы қағаздарға ауыртпалық салу және кепiл ұстаушыға оның пайдасына бағалы қағаздарға ауыртпалық салу туралы жазба жасалатын жеке шот ашу (мұндай болмаған жағдайда) арқылы жүзеге асырылады. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайда уәкілетті орган кредит (қарыз) берген кезде оның біржақты бұйрығының негізінде мәмілелерді тіркеуді қоспағанда, кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң тоқтатылуына байланысты эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлі тоқтатылған жағдайда, бағалы қағаздардан ауыртпалықты алып тастауды тipкeушi (номиналды ұстаушы) мәмiлеге қатысушылардың қарсы бұйрықтары негiзiнде жүзеге асырады.»;
3) 39-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайда уәкілетті орган кредит (қарыз) берген кезде оның біржақты бұйрығының негізінде мәмілелерді тіркеуді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе номиналды ұстаушымен жасалған шарт талаптарында бұйрықты орындаудың өзгеше мерзiмi көзделмесе, тiркеушi (номиналды ұстаушы) қарсы бұйрық алған кезде күнтiзбелiк үш күннен аспайтын мерзiмде бұйрықтың орындалуын жүзеге асырады.».
17. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19- II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 19- I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 70-құжат):
29-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электрондық сауда мәмілелері бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».
18. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-I, 140-құжат; № 22-VI, 159-құжат):
16-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) резидент заңды тұлғалар мен өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар арасындағы Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгiленген сома шегiндегі ұлттық валютадағы төлемдер;».
19-тармақ 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
19. «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 13, 84-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат):