«4-1) осы Кодекстің 20-бабында көзделген жағдайда уәкілетті органның интернет-ресурсындағы дерекқорда орналастыруға жататындар;»;
6) 581-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банктік шоттардан, бейрезидент заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттардан, нотариус депозиті шарттарында ақшаны есепке жатқызуға арналған ағымдағы шоттардан, эскроу-шоттардан басқа, бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға банктік шоттар ашу кезінде уәкілетті органды олар ашылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етуге міндетті.»;
3) тармақшаның екінші бөлігіндегі, 3-1) тармақшаның екінші және үшінші бөліктеріндегі «құжатының акцептінен» деген сөздер «құжатын орындаудан» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 609-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық төлеушінің (салық агентінің) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттары бойынша (корреспонденттiк шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;»;
8) 615-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, зейнетақымен қамсыздандыру, төлемдер және төлем жүйелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банктік шоттарға қолданылмайды.»;
4-тармақтың 9) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
9) 627-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Кодекстің 14-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарында көзделген талаптардың орындалуы;».
5. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат):
165-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың ережелері банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі ақша сомасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, банктер және банктік қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, төлемдер және төлем жүйелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банктік шоттарға қолданылмайды.».
6-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
6. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат):
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 37-1) тармақпен толықтырылсын:
«37-1) шетелдік көздерден алынған қаражат шет мемлекеттер, халықаралық және шетелдік ұйымдар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар ұсынған ақша және (немесе) өзге де мүлік;»;
2) 174-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған немесе бiрнеше рет жасалған немесе күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен ұласқан, сол сияқты адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер -»;
3) 179-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестік лидері жасаған не бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер -»;
4) 180-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестік лидері жасаған не бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер -»;
5) 256-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған не бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникациялар желілері пайдаланыла отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер -»;
6) 272-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру -».
7. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22- VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат):
7-тармақтың 1) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
1) мазмұнында 185-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«185-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе рапортты қабылдау мiндеттiлiгi»;
2) 161-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бiрiншi қажеттiлiк заттары болып табылатын мүлікке, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылармен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына және тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын өзге де заттарға тыйым салуға болмайды.»;
7-тармақтың 3) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
3) 180-бапта:
бірінші бөліктің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кодекстің 185-бабы бірінші бөлігінің екінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себеп болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор өз құзыреті шегінде және осы Кодексте белгіленген тәртіппен өз қаулысымен қылмыстық істі іс жүргізуге қабылдайды.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе рапортты қабылдау және тіркеу тәртібін, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.»;
7-тармақтың 4) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
4) 185-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«185-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе рапортты қабылдау мiндеттiлiгi
1. Қылмыстық қудалау органы дайындалып жатқан, жасалған не жасалып жатқан кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды қабылдауға және тiркеуге мiндетті. Арыз иесіне қылмыстық құқық бұзушылық туралы қабылданған арыздың немесе хабардың тіркелгені туралы құжат беріледі.
Экстремистік және террористік қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себептер болған кезде қылмыстық қудалау органдары прокурордың санкциясымен арызды, хабардынемесе рапортты тіркеу мерзімін прокурор айқындаған мерзімге кейінге қалдыруға құқылы.».
8. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1,2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9,46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар):
1) мазмұнында:
220-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«220-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасын, клиенттерге банктік қызмет көрсетуге байланысты талаптарды бұзу»;
8-тармақтың 1) тармақшасының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 460-1 және 460-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«460-1-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу және олардың жұмсалуы туралы мәліметтерді беру тәртібін бұзу
460-2-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алатын тұлғалардың материалдарды жариялау, тарату және (немесе) орналастыру тәртібін бұзуы»;
2) 220-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«220-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасын, клиенттерге банктік қызмет көрсетуге байланысты талаптарды бұзу»;
бірінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды уақтылы орындамауы немесе «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерді бұза отырып, оны орындаудан уақтылы бас тартпау -
заңды тұлғаларға төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«4. Нұсқауды орындаудан бас тарту үшін «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған негіздер болмаған жағдайда банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан негізсіз бас тартуы -
заңды тұлғаларға төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
«4-1. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан бас тарту көзделген жағдайларда банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындауы -
заңды тұлғаларға төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
алтыншы бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«7. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, төлем ұйымдарының төлем агенттері және (немесе) қосалқы төлем агенттері арқылы төлем қызметтерін көрсету кезінде «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды сақтамауы -
заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
8-тармақтың 3) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
3) мынадай мазмұндағы 460-1 және 460-2-баптармен толықтырылсын:
«460-1-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу және олардың жұмсалуы туралы мәліметтерді беру тәртібін бұзу
1. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу туралы мемлекеттік кіріс органдарын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде және жағдайларда хабардар етпеу, сондай-ақ оларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтер беру -
қызметке тоқтата тұра отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
460-2-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алатын тұлғалардың материалдарды жариялау, тарату және (немесе) орналастыру тәртібін бұзуы
1. Шет мемлекеттермен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен, шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адам дармен қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау туралы жасалған шарттар негізінде, тапсырыс берген тұлғалар және осы жарияланымды жариялау, тарату және (немесе) орналастыру қандай қаражаттан төленгені туралы мәліметтерді қамтымайтын материалдарды жариялау, тарату немесе орналастыру -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
8-тармақтың 4) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
4) 684-баптың бірінші бөлігі «456-1,» деген цифрлардан кейін «460-1 (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 694-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. әдiлет органдары осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 459, 468, 670, 671 және 672-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
6) 695-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 460, 464 (бiрiншi бөлiгiнде) және 466-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
8-тармақтың 7) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
7) 720-баптың бірінші бөлігі «288,» деген цифрлардан кейін «460-1 (бірінші бөлігінде), 460-2,» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың 8) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді
8) 804-баптың бірінші бөлігінің 31) тармақшасы «398,» деген цифрлардан кейін «460-1 (екінші және үшінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 895-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкiлеттi орган (лауазымды адам) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен заңды тұлғаның банктік шотынан ақшаны оның келiсiмінсiз алып қою үшiн сот орындаушысына жiбередi.».
9. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат):
138-баптың 61) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«61) Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының вексель және валюта заңнамасының сақталуына;».
10. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат):
156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына (олар бойынша өсімпұлдарға), зейнетақы активтері мен зейнетақы жинақтарына, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерге, тұрғын үй төлемдеріне, нотариус депозиті шарттарында енгізілген, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша ашылған банктік шоттардағы ақшаға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне тыйым салуға жол берілмейді.».
11. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат):
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді-көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді;»;
2) 15-баптың екінші бөлігінде:
21), 22), 23), 30), 40) және 41) тармақшалар алып тасталсын;
44) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банк» деген сөздер «клиенттердің банктік» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) тармақша алып тасталсын;
47) және 52) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«47) экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын;»;
«52) банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді-көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды;»;
мынадай мазмұндағы 52-1), 52-2), 52-3), 52-4), 52-5), 52-6), 52-7), 52-8) және 52-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«52-1) төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын;
52-2) жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидаларын;
52-3) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;
52-4) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларын;
52-5) көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын;
52-6) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын;
52-7) төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын;
52-8) маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін;
52-9) көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын көрсеткіштерді;»;
3) 20-4-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстанның Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, микроқаржы ұйымдарының, төлем жүйелеріне қатысушылардың, төлем жүйелері операторлары мен операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем қызметтерін көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктердің уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшілерінің), тарату комиссияларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі - тексерілетін субъект) қызметіне тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және әділ орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жайлар туралы, оның ішінде:»;