2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік табиғи қорықтар ормандарында, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің және мемлекеттік қорық аймақтарының қорық режимi аймақтарында, мемлекеттік табиғи резерваттардың қорық орталығы аймақтарында, мемлекеттік орман табиғат ескерткiштерiнде және орманның гендiк резерваттарында орман қорғау iс-шараларын жүзеге асыру үшiн қажеттi санитарлық және өзге мақсаттарда ағаш кесуге ғана жол берiледi.
Аталған мақсаттарда ағаш кесу мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi органның рұқсатымен жүргiзiледi.
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі таудағы ормандарда осы ормандардың қорғаныштық, эрозияға қарсы және су реттеушiлiк маңызы ескерiле отырып, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәсiлдерi қолданылады.
94-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәртібімен сүрек дайындау есептi кеспеағаш шегiнде жүзеге асырылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi орман орналастыру материалдары бойынша, орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудiң, іріктеп санитариялық мақсатта ағаш кесудiң, құндылығы төмен және қорғаныш функциясы жоғала бастаған екпелердiң құрылымын қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесудiң белгiленген нормаларын негiзге ала отырып анықталады және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде өзге мақсаттарда ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу жөніндегі, құрылыс объектілеріне арнап орман алаңдарын тазарту, орман соқпақтарын тарту және басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын орындау жөніндегі жұмыстар көлемiмен анықталады және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.
95-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі кеспеағаш қоры
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі кеспеағаш қоры басты мақсатта пайдалану үшiн сүрек дайындауға арналған толысқан босалқы сүрекдіңдерден құралады.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі кеспеағаш қорының мөлшерi қылқан жапырақты, қатты жапырақты және жұмсақ жапырақты тұқымдар бойынша деректер бөлiп көрсетiле отырып, мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша жыл сайын бөлек белгiленедi және уәкiлеттi орган бекiтедi.
96-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау толысқан және қураған сүрекдiңдерде жүзеге асырылады, олар сөл алудың белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге арналады.
Толысқан және қураған сүрекдiңдер жеткiлiксiз болған кезде, сөл алу мерзiмiнiң аяқталуына қарай кесу жасына жететiн толысуға таяу сүрекдiңдерден сөл алуға жол берiледi.
Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекітілген жоспарларынсыз аталған сүрекдiңдердi сөл алу үшiн беруге және осы сүрекдiңдерден сөл алуға тыйым салынады.
2. Екпелердiң санитарлық жай-күйi күрт нашарлаған немесе өрттен зақымданған жағдайда ғана олар сөл алудан мерзiмiнен бұрын босатылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау қағидаларын, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймақты уәкілетті орган бекiтедi.
97-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде қосалқы сүрек ресурстарын дайындау
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде өнеркәсiптiк өңдеу және тұрғын халықтың қажетін қанағаттандыру үшін қосалқы сүрек ресурстарын дайындау орманға зиян келтiрiлмей жүзеге асырылуға тиіс.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу жұмыстарын жүргiзу тәртібімен кесiлген ағаштардан ғана қабық және бұтақ дайындауға болады.
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде қураған және құлаған ағаштардан қабық дайындау мемлекеттік орман қорының бүкiл аумағында жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сыпыртқыларды, сыпырғыларды және басқа да сол сияқты заттарды өру, сондай-ақ әзiрлеу үшiн бұтақтарды ағаш кесу ережелерiмен айқындалған тәртiппен өсiп тұрған ағаштардан дайындауға жол берiледi.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 98-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 98-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 98-бап өзгертілді
98-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жанама орман пайдалануды жүзеге асыру шарттары
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жабайы жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрiлiк өсiмдiктер және техникалық шикiзат дайындау мен жинау, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру орманға зиян келтiрiлмей, уәкілетті орган бекiткен Қазақстан Республикасында жанама орман пайдалану қағидаларында айқындалған тәртiппен жүзеге асырылуға тиіс.
99-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік орман қорының шөп шабуға және мал жаюға болатын учаскелерiн орман орналастыру жобаларына немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларына сәйкес мемлекеттік орман иеленушiлер белгiлейдi.
Шөп шабуға және мал жаюға болатын мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалануға Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың артықшылықты құқығы бар.
2. Мемлекеттік орман қорына кiретiн жайылымдарда бақташысыз мал жаюға шалғай, жолы қиын және халық аз қоныстанған аудандарда ерекше жағдайларда жол берiледi. Мұндай аудандардың тiзбесiн облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың жергілікті өкiлдi орган бекiтедi.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сексеуіл ормандарынан басқа, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ешкi жаюға арнайы бөлiнiп қоршалған учаскелерде ғана жол берiледi.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi.
100-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетiне пайдалану
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн пайдалану орманға зиян келтiрiлмей жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік орман қорының аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн берiлген учаскелерiнде орман пайдалану және орман шаруашылығы iс-шаралары жабайы жануарлардың мекен етуiне қолайлы орта сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиiс.
3. Ормандардағы жабайы жануарлар саны экожүйенiң тұрақтылығын қамтамасыз ететiн шекте реттеледi.
4. Мемлекеттік орман қоры учаскелерi аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн жеке және заңды тұлғаларға пайдалануға осы Кодексте белгiленген тәртiппен ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты негiзiнде берiледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, оның iшiнде аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшiн пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.
101-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарына пайдалану
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшін мемлекеттiк орман иеленушiлер мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға - ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты және рұқсат беру құжаттары негiзiнде бередi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
102-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи- мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерi сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға - ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты және рұқсат беру құжаттары негiзiнде берiледi.
2. Орман пайдаланушылар өздерiне берiлген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ортасы мен табиғи ландшафтар қорғалған, ормандардағы өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық ережелер сақталған жағдайда абаттандыру және халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі iс-шараларды жүргiзеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 102-1-баппен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
102-1-бап. Мемлекеттік орман қорының учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану
1. Мемлекеттік орман қорының учаскелері ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзімді орман пайдалануға шарт талаптарымен беріледі.
2. Арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қорының тек ормансыз жерлерге жататын учаскелері бөлінеді.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 102-2-баппен толықтырылды
102-2-бап. Орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде объектілер салу уәкілетті органмен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша жүзеге асырылады.
2. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткеннен соң орман пайдаланушының шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға артықшылықты құқығы бар.
3. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде құрылыс объектілерін пайдалану құқығының ауысу мәселелері ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында айқындалады.
4. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығының ауысуына қарамастан, орман пайдаланушы құрылыс объектілерін уәкілетті органның жазбаша хабарламасына сәйкес басқа тұлғаға беру не шартта өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы учаскені қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізуге міндетті.
5. Жер учаскелеріндегі құрылыс объектілерін бөлшектеуді және сыртқа шығаруды орман пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз тәсілмен жүзеге асыруға тиіс.
103-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман биоқауымдастықтарының гендiк қорын пайдалану
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман биоқауымдастықтарының гендiк қоры мемлекеттік меншiк объектілеріне жатады және республикалық меншiкте болады, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң гендiк резерваттарын, артықшылығы бар екпелер мен ағаштарды, басқа да селекциялық-гендiк объектiлердi қамтитын шектеулi орман пайдалану режиміндегі жеке аймақтар түрiнде аумағы жағынан бөлiнедi.
Аталған аймақтарды уәкiлеттi органның және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Орман флорасы мен фаунасының гендiк қорының өсiп-өну материалын басқа мемлекеттермен алмасу мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
8-бөлім. Орман қорын күзетудің, қорғаудың,
пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық тетігі
17-тарау. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың,
ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық
принциптері мен әдістері. Мемлекеттік орман қорын пайдалану төлемақысы
104-бап. Орман қорын күзетудiң, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi
Орман қорын күзетудiң, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi:
1) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөніндегі iс-шараларды жоспарлау;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзудi бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекiткен нормалар мен нормативтерге сәйкес қаржыландыру;
3) орман ресурстарын және ормандардың пайдалы қасиеттерiн ақылы түрде пайдалану;
4) ерекше қорғалатын орман аумақтарын ақылы түрде пайдалану;
5) Қазақстан Республикасының аумағында орманды өңiрлердi ұлғайтуды ынталандыру;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік орман иеленушiлердiң және орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру болып табылады.
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен тақырыб редакцияда жазылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
105-бап. Мемлекеттік орман қорынан орман пайдаланғаны үшін төлемақы
1. Мемлекеттік орман қорын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы орман пайдаланудың Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жекелеген түрлерi үшiн алынады.
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы ормандардың пайдалы қасиеттерi, орман ресурстарының сапасы, жалпы пайдаланылатын жолдардан кеспе ағаштар аймағының қашықтығы, жер бедері және ағаш кесу түрлері ескерiле отырып белгiленедi.
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары, оны есептеу және оның сомаларын төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.
Бұл ретте, төлем ставкалары орман пайдалану түрлеріне және олардың өзгеше ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді, олар ауданы бойынша - гектармен (га), көлемі бойынша - тығыздық текше метрімен (м3) немесе қаланған текше метрмен (қал. м3), саны бойынша - түйірлеп, салмағы бойынша - килограммен (кг), центнермен (ц), тоннамен (т) жас (табиғи өсу) күйімен өлшенеді.
106-бап. Қазақстан Республикасы аумағының орманды өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталандыру
Қазақстан Республикасы аумағының орманды өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталандыру:
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, босалқы жерлерден, ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз өзге де жер санаттарынан орман қорына жер беру;
2) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, орман өсiрудi ынталандыру және арнайы мақсаттағы плантациялар, агроорман-мелиорациялық және өзге де қорғаныштық екпелер жасау;
3) республика экономикасының сүрек ресурстарына мұқтажын қамтамасыз ету мақсатында өнiмi жоғары плантациялық екпелер отырғызуға ынталандыру;
4) селекциялық-гендiк негiздегi тұқым қуалау сапасы жақсартылған орман тұқымдарын және отырғызылатын материалдарды өндiру мен қолдануды ынталандыру;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) орман шаруашылығына инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және жекеше орман өсіруді дамытуды мемлекеттік қолдау;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге, жекеше орман питомниктерін құру мен дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу жолымен жүзеге асырылады.
107-бап. Мемлекеттік орман иеленушiлер мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру
1. Мемлекеттік орман иеленушiлер мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру мемлекеттік орман қорына, сондай-ақ үшiншi адамдардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне зиян келуi салдарынан шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi басталған кезде олардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауға бағытталған.
2. Мемлекеттік орман иеленушiлер мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру олардың ерiк бiлдiруiмен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік орман иеленушiлер мен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандырудың түрлерi, талаптары және тәртібі сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттармен айқындалады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 108-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
108-бап. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18-тарау. Орман шаруашылығын қаржыландыру
109-бап. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру көздерi
Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру:
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
1) бюджет қаражаты;
2) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3) орман мекемелерiнiң ақылы қызметтерi мен тауарлар өткізуiнен түскен қаражаты;
4) орман пайдаланушылардың қаражаты;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жеке және заңды тұлғалардың қайырмалдықтары, ерiктi жарналары, оның ішінде орманның экожүйелік қызметтері үшін қайырмалдықтары, ерiктi жарналары;
6) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен жүргiзiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 110-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
110-бап. Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды бюджет қаражатынан қаржыландыру
Бюджет қаражатынан:
1) орман орналастыру, орман қорының мемлекеттік есебi, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік орман мониторингi;
2) ормандарды өрттен күзету, орман зиянкестерiмен ауруларынан қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар;
3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру жұмыстары;
4) орман селекциясы және тұқым шаруашылығы, соның iшiнде тұрақты орман тұқымы базасын қалыптастыру, орман тұқымдарын сертификаттау саласындағы жұмыстар;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) орманның аса қауiптi зиянкестерi мен ауруларының және оларға қарсы күрестің орман патологиялық мониторингін;
6) орман мен аңшылық шаруашылықтары үшiн мамандар даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру;
7) орман пайдалануға рұқсаттама құжаттарын дайындау;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8) тармақша өзгертілді
8) уәкiлеттi органның, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі:
ормандарды өрттен, рұқсатсыз кесуден және Қазақстан Республикасының орман заңдарын өзге де заң бұзушылықтан сақтау, орманды зиянкестер мен орман ауруларынан қорғау;
ормандарды молықтыру мен орман өсiру;
орман шаруашылығы жолдарының құрылысы және оларды күтiп-ұстау, ормандарды өртке қарсы орналастыру;
орман шаруашылығын жобалау;
күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, санитарлық мақсатта ағаш кесу, кеспеағаш аймағын бөлiп беру және оларды мөлшерлеу;
ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiруге күрделi қаржы бөлу жөніндегі іс-шараларды;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсіруге, жекеше орман питомниктерін құру мен дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеуді қаржыландыру жүзеге асырылады.
111-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 112-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
112-бап. Орман мекемелерінің ақылы қызметтерінен түскен қаражаты
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақта бірінші абзацта мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді
1. Орман мекемелерінің өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізу:
1) елді мекендерді көгалдандыру үшін отырғызылатын материалдарды өсіру және орман тұқымдарын жинау, көгалдандыру, қорғау, плантациялық және өзге де екпелерді отырғызу, оқу практикаларын өткізу;
2008.10.12 № 101-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және басқа да мақсаттарда ағаш кесуді, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде алынған сүректі қайта өңдеуден алынған тауарлар мен өнімді, сондай-ақ жанама орман пайдалану өнімін өткізу және сүректі қайта өңдеу жөніндегі қызметтерді көрсету;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) орман мекемелерінің аумақтары шегінде халыққа жүк тасымалдау жөнінде көлік қызметтерін көрсету;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) орман пайдаланушымен жасалған шартқа сәйкес сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру есебінен қаражаты болуына құқылы.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен табыс алу мақсатында орман мекемелері мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуға құқылы.
2. Орман мекемелерінің қаражатын пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Орман мекемелерінің қаражатын ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға және орман өсіруге, жанама орман пайдалануға байланысты емес мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 18-1-тараумен толықтырылды
18-1-тарау. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау
112-1-бап. Жекеше орман өсірудің мемлекеттік қолдауға жататын бағыттары
1. Жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларын плантациялық өсіру;