2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтанушыларымен) он екі айдан кем мерзімге жасасуға жол беріледі.
5. Егер Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.
12-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату
1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату үшін сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагері (мұрагерлері) сақтандырушыға жазбаша өтініш береді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатқан және осы сақтандырушымен тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың жаңа шартын жасасқан кезде сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерлерде ұстап қалуға құқығы бар:
ССБ = СС * n/N, мұнда:
ССБ - сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);
СС - тасымалдаушыны міндетті сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);
n - тасымалдаушыны міндетті сақтандыру шарты күшіне енген күннен бастап, өтініш жасалған күнді қоса алғанда, оны мерзімінен бұрын тоқтатқан күнге дейін өткен мерзім (күнмен);
N - тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған мерзім (күнмен).
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген шарттар сақталмаған кезде сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде мынадай мөлшерлерде ұстап қалуға құқығы бар:
р/с | Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап ол мерзімінен бұрын тоқтатылған кезге дейін өткен мерзім | Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысынан пайызбен) |
1 | 2 | 3 |
1 | 1 айды қоса алғанға дейін | 20 |
2 | 1 айдан 2 айды қоса алғанға дейін | 30 |
3 | 2 айдан 3 айды қоса алғанға дейін | 40 |
4 | 3 айдан 4 айды қоса алғанға дейін | 50 |
5 | 4 айдан 5 айды қоса алғанға дейін | 60 |
6 | 5 айдан 6 айды қоса алғанға дейін | 70 |
7 | 6 айдан 7 айды қоса алғанға дейін | 75 |
8 | 7 айдан 8 айды қоса алғанға дейін | 80 |
9 | 8 айдан 9 айды қоса алғанға дейін | 85 |
10 | 9 айдан 10 айды қоса алғанға дейін | 90 |
11 | 10 айдан 11 айды қоса алғанға дейін | 95 |
12 | 11 айдан жоғары | 100 |
13-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтанушы:
1) сақтанушыдан тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың талаптарын, тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жәбірленушінің денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді пайдалануға;
4) сақтанушы немесе тәуелсіз сарапшы жасаған, келтірілген зиянның мөлшерін бағалаудың нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;
5) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;
7) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға құқылы.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.
2. Сақтанушы:
1) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде осы Заңға сәйкес тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті мәліметтерді сақтандырушыға ұсынуға;
2) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге;
3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болғаннан бастап шұғыл түрде, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей, қолдан келетін тәсілмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы сақтандырушыға хабарлауға міндетті.
Ауызша нысандағы хабарлама кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша түрде расталуға тиіс. Сақтанушы мен сақтандырылушы бір тұлға болып табылмайтын жағдайларда, сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлау жөніндегі міндет сақтандырылушыға жүктеледі. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) дәлелді себептермен аталған іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі болмаса, ол мұны құжаттармен растауға тиіс;
4) сақтандыру жағдайы басталған кезде ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшін қалыптасқан мән-жайларда дұрыс және қолдан келетін шаралар алуға, оның ішінде мүлікті құтқаруға және зардап шеккен адамдарға көмек көрсету шараларын қолдануға;
2008.26.05. № 34-IV Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) сақтандыру жағдайы және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға олардың құзыретiне қарай (жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелеріне, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметіне, авариялық қызметтерге) хабарлауға;
6) көліктегі сақтандыру жағдайы туралы акті жасауға;
7) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға кері талап қою құқығының сақтандырушыға өтуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағының 4), 5) және 7) тармақшаларында аталған сақтанушының міндеттері сақтандыру жағдайы басталған сәтте көлік құралын тікелей жүргізген адамға жүктеледі.
14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтандырушы:
1) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты беруін талап етуге;
2) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретіне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактісін және жәбірленушілерге келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;
3) көлік оқиғасының себептерін және өзге де мән-жайларын анықтау үшін жәбірленушінің зақымдалған (жойылған) мүлкіне бағалау жүргізуге;
4) жәбірленушінің денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін бағалау және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау үшін тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді пайдалануға;
5) осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайларда келтірілген зиян үшін жауапты тұлғаға кері талап қоюға;
6) осы Заңның 24-бабында көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.
2. Сақтандырушы:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) сақтанушыны (сақтандырылушыны) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру талаптарымен, оның ішінде тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын тараптардың құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисін ресімдеуге;
3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алынған кезде оны шұғыл түрде тіркеуге;
4) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алынған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтанушының немесе оның өкілінің өтініші бойынша келтірілген зиянның мөлшеріне бағалау жүргізуге, сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабын көрсете отырып сақтандыру актісін жасауға және оны танысу үшін пайда алушыға ұсынуға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде, оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;
5) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жасауға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (жәбірленушінің, пайда алушының) талабын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге;
6) сақтанушыға (сақтандырылушыға) олардың сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатымен жұмсаған шығыстарын өтеуге;
7) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге міндетті.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
15-бап. Жәбірленушінің құқықтары
1. Жәбірленуші:
1) сақтандырушыға сақтанушының (сақтандырылушының) жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыруы нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға;
2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және оларды сақтанушымен (сақтандырылушымен) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға беруге;
3) денсаулыққа және (немесе) мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді пайдалануға;
4) сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жасаған, келтірілген зиянның мөлшерін бағалаудың нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;
5) осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін алуға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;
7) келтірілген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемі сомасынан асатын мөлшерінде келтірілген зиянды өтеу туралы тасымалдаушыға талап қоюға құқылы.
2. Осы Заңда көзделген жайларда, жәбірленушінің осы баптың 1-тармағында белгіленген құқықтары пайда алушылар ретінде әрекет етуші өзге тұлғаларға өтеді.
4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары
16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асырған кезде көлік құралының әр бірлігі үшін жылдық сақтандыру сыйлықақыларының мынадай мөлшерлері белгіленеді (айлық есептік көрсеткіштермен):
Рет N | Көлік құралының атауы | Жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшері |
1. | Автомобиль көлігі | |
| 1) жеңіл автомобильдер, автобустар, шағын автобустар жолаушылар орны 4-ке дейін, қоса алғанда жолаушылар орны 4-тен 7-ге дейін, қоса алғанда жолаушылар орны 7-ден 16-ға дейін, қоса алғанда жолаушылар орны 16-дан 30-ға дейін, қоса алғанда жолаушылар орны 30-дан көп 2) трамвайлар, троллейбустар | 3 5 11,5 16 23 7 |
2. | Әуе көлігі | |
| 1) ұшақтар жолаушылар орны 50-ге дейін, қоса алғанда жолаушылар орны 50-ден 120-ға дейін жолаушылар орны 120-дан 200-ге дейін жолаушылар орны 200-ден көп 2) тікұшақтар | 400 990 2180 3820 135 |
3. | Теңіз көлігі | |
| жолаушылар орны 50-ге дейін, қоса алғанда жолаушылар орны 50-ден 100-ге дейін жолаушылар орны 100-ден 150-ге дейін жолаушылар орны 150-ден 300-ге дейін жолаушылар орны 300-ден көп | 50 100 150 300 530 |
4. | Ішкі су көлігі | |
| жолаушылар орны 50-ге дейін, қоса алғанда жолаушылар орны 50-ден 100-ге дейін жолаушылар орны 100-ден 150-ге дейін жолаушылар орны 150-ден 300-ге дейін жолаушылар орны 300-ден көп | 17,5 35 50 90 160 |
2. Темір жол тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдау бойынша іске асырылатын қызмет көрсетуден түскен, тасымалдаушының жауапкершілігін сақтандыру шартының қолданылу күшінің кезеңі ішінде тасымалдаушының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша алған (алуға тиіс) кіріс сомасының 0,2 процентін құрайды, бір ай ішінде алынған (алынуға тиіс) кірістен ай сайынғы жарналар түрінде төленеді.
3. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын он екі айдан кем мерзімге жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақыларының мынадай мөлшерлері белгіленеді:
Рет N | Сақтандыру мерзімі | Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысынан процент есебімен) |
1 | 2 | 3 |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 | 1 айға дейін, қоса алғанда 1 айдан 2 айға дейін, қоса алғанда 2 айдан 3 айға дейін, қоса алғанда 3 айдан 4 айға дейін, қоса алғанда 4 айдан 5 айға дейін, қоса алғанда 5 айдан 6 айға дейін, қоса алғанда 6 айдан 7 айға дейін, қоса алғанда 7 айдан 8 айға дейін, қоса алғанда 8 айдан 9 айға дейін, қоса алғанда 9 айдан 10 айға дейін, қоса алғанда 10 айдан 11 айға дейін, қоса алғанда 11 айдан жоғары | 20 30 40 50 60 70 75 80 85 90 95 100 |
Осы тармақтың күші темір жол тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушымен жасасқан тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына қолданылмайды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасалған жағдайда, сақтандырушының ұйғаруы бойынша сақтанушыға осы бапқа және осы Заңның 17-бабына сәйкес есептелген, төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының он пайызынан аспайтын мөлшерде шегеріс берілуі мүмкін.
Бұл ретте тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында бір мезгілде сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасы мен шегеріс (болған кезде) ескерілген сақтандыру сыйлықақысының сомасы көрсетілуге тиіс.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдаланбай өзге тәсілдермен, оның ішінде сақтандыру агенттері арқылы жасасу кезінде шегерістер беруге жол берілмейді.
17-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін ұлғайту
1. Темір жол тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушы осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін өзі жүргізген сақтандыру тәуекелін бағалаудың нәтижелері бойынша, бірақ тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты қолданылатын кезеңнің ішінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушылар мен олардың мүлкін тасымалдаудан алынған (алынуға тиіс) кіріс сомасының 0,5 процентінен аспайтын мөлшерге дейін ұлғайтуы мүмкін.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Теміржол тасымалынан басқа, жолаушылар тасымалының өзге де түрлерін жүзеге асыратын тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушы осы Заңның 16-бабының 1-тармағында көзделген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін өзі жүргізген сақтандыру тәуекелін бағалаудың нәтижелері бойынша ұлғайтуы мүмкін, бірақ ол 2 еседен аспауға тиіс.
18-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеудің тәртібі мен мерзімдері
1. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудің тәртібі мен мерзімдері тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленеді.
2. Егер тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын төлем мерзімін ұзартып төлеу көзделсе, онда сақтанушының кезекті сақтандыру жарнасын төлемеуі сақтандырушының осы шартты мерзімінен бұрын тоқтатуы үшін негіз бола алмайды.
3. Кезекті сақтандыру жарнасы уақтылы төленбеген жағдайда сақтанушы сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 353-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы береді.
5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтірілген зиянның және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау
19-бап. Сақтандыру жағдайын және келтірілген зиянның мөлшерін айқындау
1. Тасымалдау кезінде жолаушылардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру жағдайы деп танылады.
2. Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянға оның қайтыс болуына, еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе тұрақты жоғалтуына байланысты зиянның материалдық көрінісі жатады.
Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның мөлшері тиісті ұйымдар берген құжаттар негізінде осы Заңға сәйкес айқындалады.
3. Жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян жолаушының тасымалдаушы тасымалдауға қабылдап алған және (немесе) жолаушының жанындағы (қолындағы), тасымалдау кезінде жоғалған, жетіспеген немесе зақымдалған (бүлінген) мүлкінің (багаж) құнын қамтиды.
Багаж және (немесе) жолаушының жанындағы (қолындағы) заттар тасымалдаушының кінәсінен жоғалған, жетіспеген және (немесе) зақымдалған (бүлінген) кезде келтірілген зиянның мөлшері мынадай түрде:
1) багаж, сондай-ақ жолаушының жанындағы (қолындағы) заттар жоғалған немесе жетіспеген жағдайда - жоғалған немесе жетіспеген багаждың және (немесе) жолаушының жанындағы (қолындағы) заттардың құны мөлшерінде;
2) багаж, сондай-ақ жолаушының жанындағы (қолындағы) заттар зақымдалған (бүлінген) жағдайда - олардың төмендеген құны сомасының мөлшерінде, ал зақымдалған багажын, сондай-ақ жолаушының жанындағы (қолындағы) заттарды қалпына келтіруге мүмкіндік болмаған кезде - олардың құны мөлшерінде;
3) тасымалдауға құны жарияланып тапсырылған багаж жоғалған жағдайда - багаждың жарияланған құны мөлшерінде айқындалады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ тасымалдау кезінде жолаушылардың мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін дәлелдеу сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктеледі.
Сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерін сақтанушының немесе оның өкілінің жазбаша өтінішімен сақтандырушы айқындайды.
5. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жасаған бағалаудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда, сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбірленуші зиянның мөлшерін бағалау үшін басқа тәуелсіз сарапшыға жүгінуге құқылы. Бұл орайда, сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбірленуші шеккен шығындар, егер жүргізілген бағалаудың негізділігі мен объективтілігін сақтандырушы мойындаса немесе сот белгілейтін болса, сақтандырушы сақтандыру төлемінің жүзеге асырылғанына қарамастан, өтеуге тиіс.
6. Егер сақтанушы немесе тәуелсіз сарапшы өздері сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарды алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде жоғалған, жетіспеген немесе зақымдалған (бүлінген) мүлікті тиісті қарауды және мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды сақтандыру актісін жасай отырып жүргізбеген болса, онда сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді пайдалануға және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауға құқылы. Бұл ретте сақтандырушы, егер зақымдалған (жойылған) мүлікті уақтылы бағалаудың мүмкін болмағандығы дәлелді себептерге (осы мүлік иесінің қайтыс болуы, сырқаттануы) байланысты екендігін не сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбірленушінің мүлікті бағалауға ұсынудан жалтаруына байланысты кінәсі бар екендігін дәлелдей алмаса, мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалаудың нәтижелеріне дау айтуға құқылы емес.
20-бап. Сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында бір сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі бөлек көрсетілуге және кемінде мынадай мөлшерлерді құрауға (айлық есептік көрсеткіштермен):
әрбір жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін және ол мыналарға алып келсе:
қаза табуға - 5 000;
мүгедектіктің:
І тобы белгіленсе - 5 000;
ІІ тобы белгіленсе - 3 500;
ІІІ тобы белгіленсе - 2 500;
мүгедек балаға - 5 000.
мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектік белгіленбеген өзге де зақымдануына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге іс жүзіндегі шығыстар мөлшерінде, бірақ 200-ден аспауға;
әрбір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 250-ден аспауға тиіс.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген, қайтыс болуға немесе мүгедектік белгіленуіне әкеп соққан зиян үшін сақтандыру төлемі осы баптың 1-тармағында белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің шекті мөлшерінде жүзеге асырылады.
Жолаушының өмірі мен денсаулығына тасымалдау кезеңінде келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі тасымалдаушының кінәсіна қарамастан өтеуге жатады.
3. Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес белгіленген, сақтандыру төлемі күнгі айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.
4. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жөніндегі франшиза бір сақтандыру жағдайы бойынша және әрбір жәбірленуші бойынша айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерін құрайды. Келтірілген зиянның мөлшерінен асып кеткен жағдайларда сақтандыру төлемі толық мөлшерде жүзеге асырылады.
Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі франшиза қолданылмай жүзеге асырылады.