4-тармақтағы «білім беру саласындағы уәкілетті органдардан» деген сөздер «ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органнан» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 18-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
2-тармақта:
«білім беру» деген сөздер «қатысушы білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қатысушы банкке және операторға» деген сөздер «қатысушы банкке» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші абзацтағы «Білім беру» деген сөздер «Қатысушы білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада:
«білім беру» деген сөздер «қатысушы білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде» деген сөздер алып тасталсын;
«қатысушы банкті және» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшада:
бірінші бөлікте:
«білім беру ұйымына», «білім беру ұйымының» деген сөздер тиісінше «қатысушы білім беру ұйымына», «қатысушы білім беру ұйымының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«операторды үш жұмыс күні ішінде» деген сөздер «оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімде көзделген тәртіппен операторды» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Білім беру ұйымы» деген сөздер «Қатысушы білім беру ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 18-1-бапта:
1-тармақтағы «білім беру саласындағы уәкілетті органдар бекіткен» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақ «сыйлықақысының» деген сөзден кейін «, бастапқы білім беру капиталының (бар болса)» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың екінші сөйлемі алып тасталсын;
9-тармақта:
«білім беру» деген сөздер «қатысушы білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде», «және операторға» деген сөздер алып тасталсын;
10-тармақта:
бірінші абзацтағы «Білім беру» деген сөздер «Қатысушы білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада:
«білім беру» деген сөздер «қатысушы білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қатысушы-сақтандыру ұйымын және» деген сөздер алып тасталсын;
«олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшада:
«білім беру ұйымына», «білім беру ұйымының» деген сөздер тиісінше «қатысушы білім беру ұйымына», «қатысушы білім беру ұйымының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«операторды, қатысушы-сақтандыру ұйымын үш жұмыс күні ішінде» деген сөздер «оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімде көзделген тәртіппен операторды» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтағы «Білім беру ұйымы» деген сөздер «Қатысушы білім беру ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтағы «білім беру ұйымынан», «білім беру ұйымы» деген сөздер тиісінше «қатысушы білім беру ұйымынан», «қатысушы білім беру ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 19-бапта:
2-тармақтағы «білім беру ұйымында» деген сөздер «қатысушы білім беру ұйымында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қатысушы білім беру ұйымы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысатын салымшыға немесе пайда алушыға тараптардың келісімінде айқындалатын мөлшерде оқуға ақы төлеу үшін жеңілдік беруге құқылы.».
15-тармақ 2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
15. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-қосымшаның 53-жолының 3-бағаны мынадай мазмұндағы 36-тармақпен толықтырылсын:
«36. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есепке жатқызу үшін тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінің жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарын ашуы және жүргізуі.».
16. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырады және іске асырады;»;
6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақшадағы «және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу» деген сөздер алып тасталсын;
9), 10), 11), 11-1), 12-3) және 13-1) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:
«13-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;».
17. «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-1-бапта:
1-тармақтағы «Мемлекет» деген сөз «Қоғамдық кеңестердің қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ мемлекет» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық кеңестердің қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;»;
3), 4) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық кеңестердің қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;».
18. «Қайырымдылық туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
7-1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайырымдылық саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайырымдылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;».
19-тармақ 2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
19. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «жинақ төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың үшінші бөлігінде:
2) тармақша «жинақ төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1) тармақша «жинақ төлемдері түріндегі» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың екінші бөлігі:
«жинақ төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
«жинақ төлемдері түріндегі» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 46-баптың 7-тармағының 5) тармақшасы:
«жинақ төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
«жинақ төлемдері түріндегі» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын.
20. «Волонтерлік қызмет туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
9-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;»;
2), 3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
«7-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес волонтерлік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;».
21. «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 2-тараудың тақырыбындағы «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидаттары, мемлекеттік реттеу, қоғамдық бақылау мен» деген сөздер «Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары, балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу, қоғамдық бақылау және» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Балалардың ақпаратты алу және тарату құқықтарын іске асыруға байланысты туындайтын, балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін олардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету;
2) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) психологиялық жас ерекшеліктерін, ақпараттық ортаның теріс ықпалына осалдығын ескере отырып, мемлекеттің балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуі;
2) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік шаралардың жүйелілігі мен кешенділігі;
3) балаларды тиісінше тәрбиелеу және толыққанды дамыту мақсатында тарихи және өзге де дәстүрлерді, қоғам мен мемлекеттің мәдени құндылықтарын ескеру;
4) балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратты еркін алу және тарату құқықтарын Қазақстан Республикасының заңдарымен шектеуге жол берушілік.»;
4) 6-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;»;
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) осы Заңның мақсатына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;».
22. «Кинематография туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері
1. Ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде кинематографияны сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету үшін құқықтық негіздер құру, кинематографиялық қызметті регламенттеу осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) кинематография саласында мемлекеттік қолдау көрсету;
2) елімізде және шет елдерде ұлттық фильмдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, киноиндустрияның инвестициялық тұрғыдан тартымды болуы үшін жағдайлар жасау;
3) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді прокаттау мен көрсетуді реттеу;
4) Мемлекеттік фильмдер қорының сақталуын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау.»;
2) 5-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;»;
3) және 13) тармақшалар алып тасталсын;
14) тармақшадағы «және басқа да іс-шараларда» деген сөздер «және кинематография саласындағы өзге де іс-шараларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) осы Заңның мақсаттарына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кинематография саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;
3) 13-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға фильмдерді қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде отыз пайызы мөлшеріндегі мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінетін қаражатты қоспағанда, ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды ұсыну;».
23. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері
1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, оларды қайта жаңғыртуды, сақтауды және кеңінен танытуды қамтамасыз ету осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
3) тарих және мәдениет ескерткіштерін халықаралық деңгейде кеңінен таныту;
4) тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету.»;
3) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Осы Заңның негізгі қағидаттары
Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану үшін жағдайлар жасау;
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және сақтау;
3) тарихи-мәдени мұра объектілерін ғылыми тұрғыдан сүйемелдеуді қолдау;
4) ғылыми, білім беру, туристік, ақпараттық және тәрбиелік мақсаттар үшін тарихи-мәдени мұра объектілерінің жалпыға бірдей қолжетімді болуы.»;
4) 10-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;»;
9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) осы Заңның мақсаттарына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;
5) 31-бап алып тасталсын;
6) 32-бапта:
тақырып «және оларды жоспарлау» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар уәкілетті орган бекіткен тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың жоспардан тыс жүргізілуіне жол берілмейді.
Уәкілетті орган тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар жоспарын мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып, алдағы күнтізбелік жылға қалыптастырады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
7) 33-бап алып тасталсын;
8) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру және оларды жоспарлау
1. Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия болған кезде, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жол беріледі.
Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне жүргізілетін, бұл жөнінде уәкілетті органға хабар берілетін жұмыстарды қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына археологиялық жұмыстардың басталатыны туралы оларды бастағанға дейін хабар беруге міндетті.
2. Археологиялық жұмыстар уәкілетті орган бекіткен археологиялық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Археологиялық жұмыстардың жоспардан тыс жүргізілуіне жол берілмейді.
Уәкілетті орган археологиялық жұмыстар жоспарын мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып, алдағы күнтізбелік жылға қалыптастырады.
3. Археологиялық жұмыстар аяқталғаннан кейін оларды жүргізген жеке және заңды тұлғалар объектіні консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге, археологиялық жұмыстар жүргізу салдарынан бұзылған жер учаскелері мен басқа да табиғи объектілерді қалпына келтіруге міндетті.
4. Қазақстан аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық материалдар мен олжалар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беріледі.».
24. «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт түрде жиналып, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеуді өткізу құқығын іске асыруға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы;
2) іс-шараларды өткізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау;
3) жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулер мен пикеттеуді ұйымдастыру және өткізу үшін жағдайлар ұсыну.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізудің күш қолданылмайтын сипаты;
2) заңдылық;
3) мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
4) қатысу еріктілігі;
5) бейбіт жиналыстар өткізу пайдасына презумпция;
6) тараптардың жауапкершілігі.».
2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1, 2, 3, 4, 7, 11, 14, 15 және 19-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 10 қаңтар
№ 153-VIII ҚРЗ