7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) білім беру қызметтері - жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған көрсетілетін қызметтерді білім алушыға ұсыну жөніндегі қызмет;
8) білім беру саласындағы уәкілетті орган - мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
9) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) қатысушы білім беру ұйымы - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан заңды тұлға;»;
17) тармақшадағы «(жарналарды) тартуына және» деген сөздер «(сақтандыру жарналарын) тартуына және бастапқы білім беру капиталын есепке жазуға, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) тармақшадағы «білім беру саласындағы уәкілетті органдардың» деген сөздер «ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган мен білім беру саласындағы уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) тармақшадағы «білім беру ұйымы» деген сөздер «қатысушы білім беру ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«21) сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасы - сақтандыру сыйлықақылары (сақтандыру жарналары), бастапқы білім беру капиталы, инвестициялық кіріс, өткен кезеңдердегі есепке жазылған мемлекет сыйлықақылары ескеріліп, сақтандыру шарты бойынша қалыптасқан сақтандыру резерві негізге алына отырып айқындалатын мемлекет сыйлықақысын есептеу үшін қабылданатын сома;
22) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі (бұдан әрі - сақтандыру төлемі) - сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде не сақтандыру шартында айқындалған мерзім басталған кезде, пайдасына сақтандыру шарты жасалған пайда алушының білім алу қызметтеріне ақы төлеу үшін сақтандыру шартында көзделген, оның ішінде сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын), бастапқы білім беру капиталын, инвестициялық кірісті, мемлекет сыйлықақысын қамтитын және қатысушы-сақтандыру ұйымы төлейтін ақша сомасы;»;
23) тармақшадағы «, қамқоршысы» деген сөз «немесе басқа жақын туысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3 және 4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласын мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) қоғамда білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін ақша жинау мәдениетін дамыту;
2) қоғамда болашақ кәсіпті немесе мамандықты саналы түрде таңдауды қалыптастыру.
3. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласын мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) заңдылық;
2) жариялылық;
3) білім беру жинақтау салымы мен білім беру жинақтау сақтандыруының нысаналы мақсаты;
4) азаматтардың, қатысушы банктердің және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуға қосылуының еріктілігі;
5) халықтың Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуын мемлекеттік тұрғыдан көтермелеу.
4-бап. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган:
1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) жыл сайын білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп білім беру ұйымдарының типтері бойынша оқытудың орташа құнының ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлейді;
3) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп үлгілік салым және сақтандыру шарттарын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп оператор мен қатысушы банк, оператор мен қатысушы-сақтандыру ұйымы, оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімдерді әзірлейді және бекітеді;
6) бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
7) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 5-бапта:
1-тармақта:
«(магистратура)» деген сөз алып тасталсын;
«білім беру бағдарламалары» деген сөздер «білім берудің білім беру бағдарламалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «білім беру ұйымы, білім беру саласындағы уәкілетті органдар» деген сөздер «қатысушы білім беру ұйымы, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган және білім беру саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 6-бапта:
2) тармақшадағы «білім беру» деген сөздер «қатысушы білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«білім беру ұйымынан» деген сөздер «қатысушы білім беру ұйымынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және пайда алушыдан» деген сөздер «және (немесе) пайда алушыдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сыйлықақысын» деген сөз «сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «сыйлықақысы» деген сөз «сыйлықақысының, бастапқы білім беру капиталының» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша «сыйлықақылары» деген сөзден кейін «мен бастапқы білім беру капиталының» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшада:
«сыйлықақысы» деген сөзден кейін «, бастапқы білім беру капиталы» деген сөздермен толықтырылсын;
«білім беру» деген сөздер «қатысушы білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшада:
«білім беру» деген сөздер «қатысушы білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекет сыйлықақысы» деген сөздер «бастапқы білім беру капиталының, мемлекет сыйлықақысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшадағы «білім беру» деген сөздер «қатысушы білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша «ақшасын» деген сөзден кейін «, салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының, бастапқы білім беру капиталының (бар болса) есепке жатқызылған сомасын» деген сөздермен толықтырылсын;
13-1) тармақшадағы «сақтандыру шарты бойынша есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы сомасын» деген сөздер «сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының, бастапқы білім беру капиталының (бар болса) есепке жатқызылған сомасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 7-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салым шарты осы Заңның талаптарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және үлгілік салым шарты негізінде қатысушы банк пен салымшы арасында жазбаша нысанда жасалады.
2. Салым шартының қолданылу мерзімі тараптардың келісімі бойынша айқындалады.»;
6) 8-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қатысушы банк белгілейтін бастапқы жарна мөлшері;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бастапқы білім беру капиталының (бар болса) мөлшері және оны қайтару шарттары;»;
3-тармақ алып тасталсын;
7) 10-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қатысушы банктің тиімді сыйақы мөлшерлемесінің ең төмен мөлшері:
1) қоса алғанда бір жылға дейінгі мерзімге жасалатын салым шарты үшін - салым шартын жасасу немесе ұзарту күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген, екі жүз базистік тармаққа төмендетілген базалық мөлшерлеме деңгейінен төмен;
2) бір жылдан астам уақытқа жасалатын салым шарты үшін - салым шартын жасасу немесе ұзарту күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген, үш жүз базистік тармаққа төмендетілген базалық мөлшерлеме деңгейінен төмен болмауға тиіс.»;
8) 11-бапта:
1-тармақ «қатысушы банкке» деген сөздерден кейін «не қатысушы банктен қатысушы-сақтандыру ұйымына» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Салымшыға білім беру гранты берілген» деген сөздер «Бастапқы білім беру капиталы жоқ салымшыға білім беру гранты берілген немесе салымшының білім туралы тиісті құжатпен расталатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «пайдасына ашылған (ашылатын) білім беру жинақтау салымына» деген сөздер «пайдасы үшін білім беру жинақтау салымына немесе сақтандыру шартына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «білімнің басқа деңгейлерін» деген сөздер «басқа да техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «алуға құқылы.» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру жинақтау салымының қаражатын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалануға құқылы.»;
екінші бөліктің 3) тармақшасындағы «білімнің басқа деңгейлерін меңгеру» деген сөздер «басқа да техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бастапқы білім беру капиталы бар салымшыға білім беру гранты берілген немесе оның білім туралы тиісті құжатпен расталатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі білім туралы құжаттың ұсынылуы шартымен қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысы, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталы ескерілген білім беру жинақтау салымының қаражатын алуға, сондай-ақ осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына және екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес білім беру жинақтау салымына билік етуге құқылы.»;
3-тармақта:
«Білім беру ұйымына шарттық негізде түскен» деген сөздер «Салымшы қатысушы білім беру ұйымына шарттық негізде оқуға түскен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(барлық оқу мерзімі үшін)» деген сөздер «(бүкіл оқу мерзімі үшін) қатысушы білім беру ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
1) тармақшадағы «кез келген үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) білім беру жинақтау салымына жібереді (қайта ресімдеу)» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасы үшін білім беру жинақтау салымына немесе сақтандыру шартына жібереді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша «сыйлықақысы» деген сөзден кейін «, бастапқы білім беру капиталы (бар болса)» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
«сыйлықақысымен» деген сөзден кейін «және бастапқы білім беру капиталымен (бар болса)» деген сөздермен толықтырылсын;
«салымына» деген сөзден кейін «бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларында көзделген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салымшы шетелдік білім беру ұйымына шарттық негізде оқуға түскен кезде салымшының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілінің өтініші бойынша салымшының жинақталған қаражатынан оқуға ақы төлеуді қатысушы банк салымшыны шетелдік білім беру ұйымына қабылдау туралы растайтын құжаттар ұсынылған кезде қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысын, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталын (бар болса) ескере отырып, үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір рет (бүкіл оқу мерзімі үшін) жүзеге асырады. Бұл ретте, кейіннен қаражат шетелдік білім беру ұйымына аударылған кезден бастап мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы тоқтатылады.
Салымшы шетелдік білім беру ұйымына грантқа қабылданған жағдайда салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында танылған шетелдік білім беру ұйымының білім туралы құжатының ұсынылуы шартымен қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысы, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталы (бар болса) ескерілген білім беру жинақтау салымының қаражатын алуға, сондай-ақ осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына және екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес білім беру жинақтау салымына билік етуге құқылы.»;
9) 11-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру шарты осы Заңның талаптарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес және үлгілік сақтандыру шарты негізінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын пайда алушының пайдасына қатысушы-сақтандыру ұйымы мен сақтанушы арасында жазбаша нысанда жасалады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бастапқы білім беру капиталының (бар болса) мөлшері және оны қайтару шарттары;»;
10-тармақта:
«шарт негізінде білім беру ұйымына» деген сөздер «қатысушы білім беру ұйымына шарттық негізде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«төлемі білім беру ұйымына» деген сөздер «төлемі қатысушы білім беру ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Пайда алушы шетелдік білім беру ұйымына шарттық негізде оқуға түскен кезде қатысушы-сақтандыру ұйымдары сақтанушының немесе пайда алушының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілінің өтініші бойынша сақтандыру төлемін пайда алушыны шетелдік білім беру ұйымына қабылдау туралы растайтын құжаттар ұсынылған кезде инвестициялық кірісті, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталын (бар болса) ескере отырып, үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір рет (бүкіл оқу мерзімі үшін) жүзеге асырады.
Пайда алушы шетелдік білім беру ұйымына оқуға түскен кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қатысушы-сақтандыру ұйымы пайда алушының банктік шот бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектей отырып, шетелдік білім беру ұйымына білім беру қызметтеріне ақы төлеу мақсатында ғана осы адамның атына «эскроу-шот» режиміндегі банктік шот ашады және сақтандыру төлемінің сомасын осы шотқа аударады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымы «эскроу-шот» режиміндегі банктік шотқа сақтандыру төлемін аударған кезден бастап мемлекет сыйлықақысын есепке жазу тоқтатылады.
Пайда алушы шетелдік білім беру ұйымына грантқа қабылданған жағдайда сақтанушы немесе пайда алушы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында танылған шетелдік білім беру ұйымының білім туралы құжатының ұсынылуы шартымен инвестициялық кіріс, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталы (бар болса) ескерілген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін алуға, сондай-ақ осы баптың 13-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларына және екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдеріне билік етуге құқылы.»;
12-тармақта:
«Шарт негізінде білім беру ұйымына оқуға түсу кезінде» деген сөздер «Пайда алушы қатысушы білім беру ұйымына шарттық негізде оқуға түскен кезде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жағдайларда білім беру ұйымына» деген сөздер «жағдайларда қатысушы білім беру ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Пайда алушыға білім гранты тағайындалған» деген сөздер «Бастапқы білім беру капиталы жоқ пайда алушыға білім гранты тағайындалған немесе пайда алушының білім туралы тиісті құжатпен расталатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) басқа да техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мақсатында сақтандыру шартының қолданылу мерзімін ұзартуға және (немесе) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жұмсауға;»;
3) тармақшада:
«сатып алу сомасын» деген сөздер «сақтандыру төлемін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«пайдасына жасалған (жасалатын) сақтандыру шартына ақы төлеуге аударуға құқылы.» деген сөздер «пайдасы үшін сақтандыру шартына немесе білім беру жинақтау салымына ақы төлеуге аударуға;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық кіріс пен есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы ескерілген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға аударуға құқылы.»;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «1) және 3) тармақшаларында» деген сөздер «1), 3) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Бастапқы білім беру капиталы бар пайда алушыға білім беру гранты берілген немесе оның білім туралы тиісті құжатпен расталатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда пайда алушы, сақтанушы, сақтанушы қайтыс болған жағдайда - пайда алушы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі білім туралы құжаттың ұсынылуы шартымен инвестициялық кіріс, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталы ескерілген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін алуға, сондай-ақ осы баптың 13-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларына және екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдеріне билік етуге құқылы.»;
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) инвестициялық кіріс, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы және бастапқы білім беру капиталы (бар болса) ескерілген сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасын алуға құқылы.»;
16-тармақта:
«және есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы» деген сөздер «, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы және бастапқы білім беру капиталы (бар болса)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қатысушы-сақтандыру ұйымына» деген сөздерден кейін «не қатысушы-сақтандыру ұйымынан қатысушы банкке» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 12-баптың 5-тармағындағы «білім беру саласындағы уәкілетті органдар бекіткен» деген сөздер алып тасталсын;
11) 13-баптың 4-тармағындағы «Білім беру саласындағы уәкілетті органдар» деген сөздер «Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 14-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «нысаналы» деген сөз «осы Заңның 11 және 11-1-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, нысаналы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «білім беру ұйымына», «білім беру ұйымынан» деген сөздер тиісінше «қатысушы білім беру ұйымына», «қатысушы білім беру ұйымынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы «білім беру ұйымынан», «білім беру ұйымы» деген сөздер тиісінше «қатысушы білім беру ұйымынан», «қатысушы білім беру ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 14-1-бапта:
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен,» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтың 2) тармақшасындағы «білім беру ұйымынан», «білім беру ұйымына» деген сөздер тиісінше «қатысушы білім беру ұйымынан», «қатысушы білім беру ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 2) тармақшасындағы «, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен» деген сөздер алып тасталсын;
14) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
«3-1-тарау. Бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану және қайтару
14-2-бап. Бастапқы білім беру капиталы
1. Бастапқы білім беру капиталы тіркелген салым шарты немесе сақтандыру шарты бойынша есепке жазылады.
2. Ағымдағы күнтізбелік жылы бес жасқа толған салымшыға салым шарты бойынша немесе пайда алушыға сақтандыру шарты бойынша бастапқы білім беру капиталын есепке жазу жүзеге асырылады.
3. Салымшы немесе сақтанушы ең төмен жарнаны бастапқы білім беру капиталы есепке жазылған күннен бастап және салымшы немесе пайда алушы қатысушы білім беру ұйымына немесе шетелдік білім беру ұйымына қабылданғанға дейін не салымшы немесе пайда алушы он сегіз жасқа толғанға дейін жыл сайын енгізіп отырады.
Жыл сайынғы ең төмен жарнаның мөлшерін айқындау және бастапқы білім беру капиталын есепке жазу тәртібі бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
14-3-бап. Бастапқы білім беру капиталын пайдалану және қайтару
Есепке жазылған бастапқы білім беру капиталы мынадай:
1) осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салымшының немесе сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде және мерзімдерде жыл сайынғы ең төмен жарнаны енгізбеу фактісі анықталған;
2) салымшы немесе пайда алушы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
3) осы Заңның 11-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, нысаналы мақсаты сақталмай, салым шарты салымшының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты салым шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған;
4) осы Заңның 11-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, нысаналы мақсаты сақталмай, сақтандыру шарты сақтанушының, сақтанушы қайтыс болған жағдайда - пайда алушының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты сақтандыру шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған жағдайларда қайтарылуға жатады.
Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі немесе сақтанушы төтенше жағдайдың қолданылуы, төтенше жағдайдың жариялануы, шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің енгізілуі кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған не ол қайтыс болған жағдайда жыл сайынғы ең төмен жарнаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда, бастапқы білім беру капиталы қайтарылмайды.
2. Қатысушы банк немесе қатысушы-сақтандыру ұйымы бастапқы білім беру капиталын операторға қайтаруды бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
3. Қайтарылған бастапқы білім беру капиталын пайдалануды оператор бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.»;
15) 15-бапта:
1-тармақтағы «білім беру саласындағы уәкілетті органдар бекіткен» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
«білім беру ұйымымен» деген сөздер «қатысушы білім беру ұйымымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бекітілген» деген сөз алып тасталсын;
16) 16-бапта:
1-тармақ «салым шартының» деген сөздерден кейін «және салымшы мен пайда алушы сол бір адам болып табылатын пайда алушының пайдасына жасалған сақтандыру шартының» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «сыйлықақысының» деген сөзден кейін «, бастапқы білім беру капиталының (бар болса)» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 17-бапта:
1 және 2-тармақтардағы «білім беру саласындағы уәкілетті органдарға» деген сөздер «ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Білім беру саласындағы уәкілетті органдар» деген сөздер «Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;