ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 8-15-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-15-тармақ жаңа редакцияда
8-15. Мемлекеттік органдарда Президенттің, Тұңғыш Президент - Елбасының және Премьер-Министрдің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың уақтылы орындалуы мен сапасы үшін жауапкершілік осы Регламенттің 128-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғаларына жүктеледі.
ҚР Үкіметінің 2019.11.04. № 185 Қаулысымен 8-16-тармақпен толықтырылды
8-16. Үкімет басшылығының тапсырмалары бойынша ақпараттың дұрыстығы және мемлекеттік органдардың интранет-порталында (бұдан әрі - МОИП) уақтылы орналастырылуы үшін жауапкершілік мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
ҚР Үкіметінің 2021.22.06. № 429 Қаулысымен 8-17-тармақпен толықтырылды
8-17. Тиісті салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру және артық құжат айналымын қысқарту жөнінде шоғырландырылған ұсыныстар тұжырымдау мақсатында мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі аясында мерзімді есептер мен баяндамалар және жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін мемлекеттік органдардың Мемлекет басшысының атына ақпарат, баяндамалар мен есептер беру кестелері арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің сақталуы үшін жауапкершілік тиісті салада мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Үкіметтің қаулысы оның ұжымдық заңды пікірін білдіруі тиістілігіне байланысты қаулылардың жобалары бойынша, сондай-ақ заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларына Үкімет мүшелерінің дауыс беруі жүргізіледі.
Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына Парламент депутаттарының түзетулеріне Үкімет қорытындылары бойынша да Үкімет мүшелерінің дауыс беруі жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2017.08.06. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.18.03. № 145 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ жаңа редакцияда
10. Министрлiктер аппараттарының қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi Кеңсе Басшысы аппарат басшыларымен (аппарат басшысының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын лауазымды тұлғалармен) кеңестер өткiзу және Кеңсе Басшысының тиiстi тапсырмалары арқылы жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-тарау. Кіріс хат-хабарды қарау
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.13.09. № 931 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1195 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.04.12. № 804 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.11.04. № 185 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді
11. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының (бұдан әрі - Үкімет басшылығы) және Кеңсе Басшысының атына жазылған, электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалана отырып мемлекеттік тілде ресімделген (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі) хат-хабарды (оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырыла отырып түсетін электрондық құжаттарды) Кеңсе алдын ала қарайды.
Кіріс, шығыс (ішкі) хат-хабарды және өзге де қызметтік құжаттарды қарау және олардың өтуі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарына, осы Регламентке, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі - Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының атына ЭҚАБЖ арқылы немесе қағаз жеткізгіштерде жіберілген Кеңсенің қызметтік құжаттарын ашық баспасөзде жариялауға, радио немесе телевизия, Интернет желісі арқылы таратуға жол берілмейді.
12. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1195 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.05.06. № 371 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Кеңсе:
облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне тиісінше аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аудандары әкімдерінің, аудандық маңызы бар қалалардың аудандары әкімдерінің, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің олармен және тиісті мемлекеттік органдармен келісілмеген өтініштерін;
кейіннен авторына хабар бере отырып, тиісті мемлекеттік органға орталық және жергілікті атқарушы немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын және олар бойынша Үкімет немесе Премьер-Министр шешімдерінің қабылдануын талап етпейтін мәселелер бойынша Үкімет басшылығына арналған заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және сұрау салуларын мән-жайы бойынша қарау үшін жібереді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ жаңа редакцияда; 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді
14. Кеңсе Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жазылған, мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысы немесе тиісті бұйрық болған кезде бірінші басшының міндеттерін атқару ресми түрде жүктелген адам қол қойған құжаттарды қабылдайды.
Премьер-Министрдің атына жазылған, оның ішінде кадрлық мәселелер бойынша хаттар бірінші басшының қолымен ғана қабылданады.
Бірінші басшының іссапарға кетуіне, науқастануына, демалыста болуына байланысты мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адам қол қойған, Премьер-Министрдің атына жіберілетін хат-хабарды енгізуге жол беріледі.
Бұл ретте бұдан бұрын мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушының қолтаңбасымен енгізілген хат-хабар мемлекеттік органның бірінші басшысы жұмысқа шыққан күннен бастап бір күн мерзімде қайта қол қойылып, Кеңсеге қайта енгізілуге жатады.
Электрондық құжаттарды сақтау мерзімдері және құжаттардың қағаз түпнұсқаларын ресімдеу міндеттілігі архивтерді және құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы бекітетін сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.23.06. № 385 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді
15. Тиісті шешім қабылдау үшін Үкімет басшылығының атына бастамашылық тәртіппен жіберілетін хат-хабарды мемлекеттік органдар мынадай жағдайларда енгізеді:
1) егер мәселені шешу Қазақстан Республикасының Президентімен келісуді талап етсе;
2) егер мәселені шешу Үкіметтің тікелей құзыретіне кіретін болса, енгізіп отырған мемлекеттік орган оны өзінің өтінішінде көрсетеді;
3) орталық атқарушы органдардың арасында тұжырымдамалық сипаттағы (бірінші басшылар орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамасын, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қол қойған келіспеушіліктерді жою жөніндегі хаттаманы қоса бере отырып) және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша еңсерілмес келіспеушіліктер болған кезде;
4) егер мәселені шешу мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіруді талап етсе.
Мұндай жағдайларда хат-хабар шешім қабылдау үшін мәселенің мазмұнына қарай және Премьер-Министр, оның орынбасары және Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес Премьер-Министрге немесе оның орынбасарына жіберілуі тиіс.
15-1. ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16. Ведомстволар тиісті мемлекеттік орган басшысының келісімі (ЭЦҚ арқылы келісу) болған кезде ғана, сондай-ақ Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының олардың атына берген тікелей тапсырмаларына жауап жіберген кезде өз бетінше Үкіметтің атына өтініш білдіре алады. Мемлекеттік органдардың өзге құрылымдық бөлімшелерінің Үкіметтің атына өз бетінше өтініш білдіруге құқығы жоқ.
17. Орталық атқарушы органдар мен олардың ведомстволары өздеріне келіп түсетін хаттарды, өтініштерді және өзге де құжаттарды қарайды әрі өздерінің ережелеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың құзыретіне енетін барлық мәселелер бойынша өз бетінше шешімдер қабылдайды.
Орталық атқарушы органдар олардың бірлескен құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін қажет болған кезде белгіленген тәртіппен олардың басшылары қол қойған бірлескен бұйрықтар түрінде шешімдер қабылдайды.
Орталық атқарушы органдар өз бетінше шешуі тиіс мәселелер бойынша Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері қабылданбайды.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-тарау. Үкімет отырыстары
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 3.1-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3.1-бөлім. Үкімет отырыстарын жоспарлау
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 18-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады, орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі
18. Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелер заңнамада белгіленген Үкімет өкілеттіктерін ескере отырып анықталады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.29.12. № 943 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.05.06. № 371 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 19-тармақ өзгертілді
19. Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін жоспарланатын тоқсанның алдындағы айдың 20-күнінен кешіктірмей Кеңсеге енгізілетін Үкімет мүшелерінің ұсыныстары негізінде Премьер-Министрмен және оның орынбасарларымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы бекітеді.
Жоспарланған мәселелердің бекітілген тізбесі Үкімет мүшелеріне, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне және қажет болған кезде басқа да мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың басшыларына жөнелтіледі.
Жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік органның бірінші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде ресімделген және отырыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей енгізілген, Премьер-Министрдің атына жазылған өтініш негізінде Премьер-Министр не онымен келісу бойынша Кеңсе Басшысы қабылдайды. Көрсетілген шешім туралы өзінің құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етіледі.
Осы тармақта белгіленген тәртіп кезектен тыс тәртіппен жоспарланған Үкімет мәжілістеріне қолданылмайды.
20. Кезектен тыс Үкімет мәжілістері Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі - Президент) не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша шақырылады.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 3.2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3.2-бөлім. Үкімет отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21. Үкімет мәжілістері Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесіне сәйкес немесе қажет болған кезде, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі және оны Премьер-Министр не Президент шақырады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
22. Үкімет мәжілістеріне Премьер-Министр, ал ол болмаған кезде Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық етеді.
Мәжілістерге Қазақстан Республикасының Президенті қатысқан кезде Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етеді.
Үкімет мәжілістері ашық болып табылады әрі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша Үкіметтің жабық мәжілістері өткізілуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.18.03. № 145 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 23-тармақ өзгертілді
23. Мәжіліс, егер оған Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. Үкімет мүшелері мәжілістерге алмастыру құқығынсыз қатысады.
Үкімет мүшесінің отырысқа қатысуы мүмкін болмаған жағдайда тиісті орынбасарларының қатысуы отырыс басталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын Премьер-Министрмен не Кеңсе Басшысымен алдын ала келісіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.05.06. № 371 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 24-тармақ өзгертілді
24. Үкімет мәжілістеріне, әдетте, Премьер-Министрмен не Кеңсе Басшысымен келісілген тізім бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысады.
Үкімет мәжілістеріне Мемлекет басшысының актілерімен осындай құқық берілген лауазымды тұлғалар да қатыса алады.
Үкімет отырыстарына Кеңсенің шақыртуы бойынша Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, Кеңсе қызметкерлері мен өзге де адамдар қатыса алады.
Үкімет мәжілістеріне шақырылғандардың тізімін анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсынысты мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган талқыланатын мәселелерге қарай мәжіліске дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізеді.
Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың тізіміне Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы қол қояды. Шақырылғандардың Үкімет мәжілісіне қатысуын Кеңсе қамтамасыз етеді.
Үкіметтің мәжілістеріне қатысатын шақырылған адамдарды Кеңсе қызметкерлері тіркейді.
Жабық мәжілістерді өткізу және құпия мәселелерді талқылау құпиялылық режимінің талаптарын сақтай отырып және мәжіліске кіруді шектеумен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 25-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 25-тармақтың төртінші бөлігінің мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады, орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі; ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.29.12. № 943 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25-тармақ өзгертілді
25. Үкімет отырысында қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдар Кеңсеге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде отырысқа дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей енгізіледі.
Кеңсе Басшысымен келісілген жағдайларды қоспағанда, Үкімет отырысы өткізілетін күнге дейін бір күн бұрын және тікелей сол күні таныстырылатын материалды ауыстыруға тыйым салынады.
Кеңсе Премьер-Министрмен не Премьер-Министрдің міндетін атқаратын адаммен келісу бойынша Кеңсе Басшысы бекітетін отырыстың күн тәртібінің жобасын жасайды және мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, күн тәртібі мен Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы мобильдік құрылғыларға ашық байланыс арналары арқылы жіберуге тыйым салынбаған тиісті материалдарды Үкімет мүшелеріне және Кеңсесінің Басшысы қол қойған отырысқа шақырылғандардың тізіміне сәйкес басқа да лауазымды адамдарға дереу таратады.
Үкімет мәжілісіне материалдар уақтылы және толық берілмеген, сондай-ақ сапасыз болған жағдайда, Премьер-Министр не онымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы жоспарланған мәселені қараудан алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
Үкімет мәжілісіне материалдардың уақтылы ұсынылмағаны үшін жауапкершілік мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Үкімет мәжілістері Премьер-Министрдің не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы адамның тапсырмасы бойынша шұғыл тәртіппен өткізілетін ерекше жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткізілетін күні енгізіліп, Үкімет мәжілісіне қатысушылардың назарына тікелей мәжілісте жеткізіле алады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдардың тізбесі мен ресімделуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Үкімет мәжілісін өткізуге және оларға материалдарды дайындауға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі ол өткізілетін күні ЭҚАБЖ дерекқоры әкімшілік жұмыс орнының (ӘЖО) «Инфопанель» қосымша парағында міндетті түрде материалдар топтамасын (хаттамалық шешімнің жобасы, анықтамалар, салыстырма кестелер, слайдтар, ақпараттық (талдамалық) және отырыста қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдар, қатысушылардың тізімі) орналастырады.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 27-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27. Үкімет мәжілісіне құпия материалдар Кеңсеге Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын орындай отырып, (Кеңсе Басшысымен келісілген тарату (таныстыру) есептері бойынша) енгізіледі, тіркеледі, баяндалады, қаралады, Үкімет мәжілісіне шығару үшін дайындалады, сондай-ақ жабық мәжілістерде, кеңестерде пайдаланылады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 28-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
28. Мәжіліске қатысып отырғандар өздерінің атына немесе өздері білдіріп отырған органдардың (ұйымдардың) атына тапсырмалар мен олардың орындалу мерзімінің деректер жазбасын жүргізуі тиіс.
Атына тапсырма берілген, өкілдері мәжіліске қатысқан тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдар өздеріне мәжілістің қол қойылған хаттамасының келіп түсуін күтпей, тапсырмаларды орындауға мәжілістен кейін бірден кірісуге міндетті.
ҚР Үкіметінің 2010.13.09. № 931 Қаулысымен 29-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 29-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29. Үкімет отырысында қабылданған шешімдер Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес нысан бойынша Үкімет пен Кеңсенің ресми бланкілеріне сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалана отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде хаттамамен ресімделеді. Хаттамалар Үкімет отырысының стенограммасы негізінде және оған сәйкес дайындалады. Премьер-Министрде өтетін кеңес хаттамаларын дайындау кезінде осындай тәртіп қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.29.12. № 943 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 30-тармақ жаңа редакцияда
30. Орындаушы дайындаған хаттаманы Үкімет отырысынан кейін бес күн мерзімде Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері (өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасары (міндеттерді бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы ЭЦҚ арқылы келіседі және ол Премьер-Министрге қол қоюға жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-тарау. Үкімет қаулылары (Премьер-Министр өкімдері)
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4.1-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4.1-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын дайындау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 31-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
31. Мемлекеттік органдар Үкімет қаулыларының жобаларын (бұдан әрі - қаулылардың жобалары) дайындауды Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңнамалық актілердің, Президент актілерінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің негізінде және оларды орындау үшін жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдар қаулы жобаларының мемлекеттік тілде дайындалу сапасы, мемлекеттік және орыс тілдері қағидаларының сақталуы, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігі үшін жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2012.22.10. № 1335 Қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
32. Қаулылардың жобаларын уәкілетті мемлекеттік органдар өз бастамалары бойынша немесе егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді. Қаулылардың, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі - өкімдердің жобаларын), сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Кеңсе әзірлеуі мүмкін.
Өкімдерінің жобаларын дайындау әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу үшін жүзеге асырылады.
Қаулы (өкім) жобасында тапсырмалық сипаттағы ережелер бар болған жағдайда, мемлекеттік органдар осы Регламенттің 8-тармағының екінші абзацын басшылыққа алады.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4.2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4.2-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын мемлекеттік органдарда келісу
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.11.04. № 185 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 33-тармақ жаңа редакцияда
33. Қаулылар мен өкімдердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне орай МОИП-та электрондық құжаттар нысанында міндетті түрде келісіледі, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік жобада қаралатын мәселелердің мәні негізге алына отырып, сондай-ақ жобада мемлекеттік органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді.