Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізіліміне қамтылған мәліметтер осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, сондай-ақ монополияға қарсы органның қатысушыны биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімінің күші жойылған жағдайда аталған тізілімнен алып тасталады.»;
20) 19-бапта:
тақырыптағы «Брокердің және дилердің» деген сөздер «Тауар биржасы мүшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «брокерлік және дилерлік қызмет» деген сөздер «брокердің, дилердің, маркет-мейкердің қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі биржадағы сауда-саттыққа дилер ретінде қатысады.»;
1-1-тармақта:
бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1) тармақшадағы «брокерлік және дилерлік қызмет» деген сөздер «дилердің, маркет-мейкердің қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «тауар биржасында брокерлік және дилерлік қызметті» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар биржасында брокердің, дилердің, маркет-мейкердің қызметін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 20) тармақшасының он екінші және он үшінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) брокердің лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғанда, оны лицензиясынан айырғанда (кері қайтарып алғанда) тауар биржасында аккредиттеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.»;
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Тауар биржасы мүшелерінің өтінімдер ұсыну және мәмілелер жасасу үшін тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне жүгіну жылдамдығы секундына екі және одан да көп жолданымды құрайтын, деректерді автоматты түрде жеделдетіп өңдеу мен беру технологияларын және сыртқы бағдарламалық-техникалық жүйелерді пайдалануына тыйым салынады.
Осындай технологиялар пайдаланылып жасалған мәмілелер маңызсыз деп танылады және тауар биржасы олардың күшін жоюға тиіс.
Өтінімдерді жинаудың, енгізуге дайындаудың және оларды тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне жіберудің, сондай-ақ сауда жүйесі пайдаланылып жасалатын барлық әрекетті тауар биржасының мүшелері тарапынан бақылауды қамтамасыз ететін режимде жұмыс істейтін осындай жүйеден ақпаратты алу мен өңдеудің автоматтандырылған бағдарламалық-техникалық құралдары тауар биржасының шешімімен міндетті түрде сертификатталады.
Сауда-саттыққа қатысушылар тауар биржасы сертификаттамаған осындай бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдаланып жасасқан мәмілелер маңызсыз деп танылады және тауар биржасы олардың күшін жоюға тиіс.
Тауар биржасы күшін жойған мәмілелер бойынша биржалық тауарлар осы Заңның талаптары сақтала отырып, келесі және (немесе) қосымша сауда сессиясы шеңберінде сауда-саттыққа қайта шығарылады.»;
2-тармақтағы «Брокер және дилер» деген сөздер «Брокер, дилер және маркет-мейкер» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Тауар биржасы мен маркет-мейкердің өзара іс-қимылы келісім, сондай-ақ тауар биржасының ішкі құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
Маркет-мейкер биржадағы сауда-саттыққа қатысады және бағаны, сұранысты, ұсынысты немесе биржалық сауда-саттық көлемін қолдауды жүзеге асырады.
Маркет-мейкердің биржадағы сауда-саттықта дилер ретінде кемінде үш жыл үздіксіз қатысу тәжірибесі болуға тиіс.
Маркет-мейкердің қызметі базалық активі биржалық тауарлар болып табылатын мерзімді келісімшарттармен биржадағы сауда-саттықта ғана жүзеге асырылады.
Маркет-мейкерлер қызметінің шарттары мен шектеулері биржа саудасы қағидаларында белгіленеді.»;
21) 19-1-бапта:
3-тармақта:
«Тауар биржалары, брокерлер» деген сөздер «Брокерлер» деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
7-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «, тауар биржасының» деген сөздер алып тасталсын;
22) 21-1-бап алып тасталсын;
23) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Маркет-мейкерлер, брокерлер, дилерлер және тауар биржасының жұмыскерлері табиғи баға белгілеуді бұзуға және тауар нарығының тұрақсыздануына алып келуі мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) жол бермеуге міндетті.»;
24) 25-бапта:
1-тармақ «мемлекеттік бақылау» деген сөздерден кейін «берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Тауар биржаларының, брокерлердің, тауар биржалары клирингтік орталықтарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.».
5. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалар, биржалық брокерлер, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтары;»;
2) 11-баптың 3-2-тармағының төртінші абзацындағы «тауар биржалары» деген сөздер «өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын тауар биржалары, биржалық брокерлер және тауар биржаларының клирингтік орталықтары» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
30-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі «Офицерлік» деген сөз «Қашықтан оқытуды және (немесе) онлайн-оқытуды қолданатын білім алушыларды қоспағанда, офицерлік» деген сөздермен ауыстырылсын.
7-тармақ 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
7. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-қосымшада:
46-жолдың 3-бағанындағы 1 және 2-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 46-1 және 46-2-жолдармен толықтырылсын:
«
| 46-1. | Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия | | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
| 46-2. | Тауар биржалары саласында клирингтік қызметпен айналысу құқығына лицензия | | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
».
8. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
23-бапта:
2-тармақта:
3) тармақшадағы «алу» деген сөз «алу тәсілімен» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) биржалық тауарды сатып алушы ретінде тауар биржаларында жүзеге асырылады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Биржалық тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Табиғи монополия субъектісі сатып алуды Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес электрондық сауда алаңдары арқылы жүзеге асырады.».
9-тармақ 2024 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
9. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «2025» деген цифрлар «2030» деген цифрлармен ауыстырылсын.
10-тармақ 2024 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
10. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 6) тармақшасында:
«, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар» деген сөздер алып тасталсын;
«басқаруға берілген заңды тұлғалар,» деген сөздерден кейін «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар,» деген сөздермен толықтырылсын.
11-тармақ 2024 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
11. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 1-тармағының 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының қырқыншы және қырық бірінші абзацтарын және 24) тармақшасының он жетінші абзацын;
6) 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарын, 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 22) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 24) тармақшасының он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтарын, 6-тармағы 10) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын, 12) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 9-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын және 2) тармақшасын;».
2-бап. Осы Заң:
1) 2024 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9, 10 және 11-тармақтарын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларын, 2-тармағын;
3) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 7) тармақшасын, 18) тармақшасының үшінші абзацын, 20) тармақшасының он екінші және он үшінші абзацтарын және 7-тармағын;
4) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 5) тармақшасын, 6) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 8) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 9) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 30 желтоқсан
№ 149-VIII ҚРЗ