Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қаулысы
(2021.08.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 6 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже;
2) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 230 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органы - Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі департаменті - мемлекеттік мекемесі құрылсын.
4. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын;
5. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті болып;
2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің аумақтық басқармалары - мемлекеттік мекемелері;
4) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері болып қайта аталсын.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03 № 374 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.29.04. № 461 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.08. № 965 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.08.12. № 1487 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-1-тармақ өзгертілді
5-1. ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 230 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің № 1 аймақаралық салық комитеті» аумақтық органы - мемлекеттік мекемесі таратылсын.
7. Осы қаулының 6-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені таратқаннан кейін қалған мүлікті басқару жөніндегі өкілеттіктер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне беріледі деп айқындалсын.
8. Осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 2018.12.07. № 422 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереженің (бұдан әрі - Ереже) 16-тармағының орталық аппарат функцияларының 42), 310), 320), 336), 337), 338), 339), 340) және 341) тармақшалары 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ереженің 16-тармағының орталық аппарат функцияларының 281) тармақшасы 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Ереженің 16-тармағының орталық аппарат функцияларының 239), 240), 309) және 313) тармақшалары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ереженің 16-тармағының орталық аппарат функцияларының 241) тармақшасы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ереженің 16-тармағының ведомстволар функцияларының 286), 287), 288), 289), 290), 291), 297) және 305) тармақшалары 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ереженің 16-тармағының ведомстволар функцияларының 67) тармақшасы 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Ереженің 16-тармағының ведомстволар функцияларының 38) және 39) тармақшалары 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Ереженің 16-тармағының ведомстволар функцияларының 296) тармақшасы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 356-1), 356-2), 356-3), 356-4), 356-5), 356-6) және 356-7) тармақшалары 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2018.12.07. № 422 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Қазынашылық комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Ішкі мемлекеттік аудит комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi;
4) ҚР Үкіметінің 2021.26.02. № 98 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) ҚР Үкіметінің 2019.26.11. № 879 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеге (бұдан әрi - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі республикалық мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң қазынашылық органдарында шоттары және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде (бұдан әрі - Бюджет кодексі), Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
ҚР Үкіметінің 2019.20.06. № 422 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс.
10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң толық атауы - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi» республикалық мемлекеттiк мекемесi.
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгіне заңнамалық актiлермен кірістер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осы қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жіберіледі.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң миссиясы, негізгі мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен міндеттері
ҚР Үкіметінің 2019.18.04. № 208 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.06. № 422 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ жаңа редакцияда
14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің миссиясы:
мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2021.22.06. № 427 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15. Міндеттері:
1) бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті, мемлекеттік қаржы статистикасын жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалу мен аударудың толықтығы және уақтылы болуын қамтамасыз ету;
4) мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі өкілеттіктері шегінде кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
6) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң, темекi бұйымдарының өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң және биоотынның өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу;
7) кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу, бюджеттік кредит беру, республикалық мүлікті басқару, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу, ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік реттеу, оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеу;
8) ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлiк есебі мен қаржылық есептiлiгі саласындағы, аудиторлық қызмет саласындағы және аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру, бағалау қызметі саласындағы қызметтерді реттеу және бағалау қызметі саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
9) ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлiк есебі мен қаржылық есептiлiгі, аудиторлық қызмет, бағалау қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз ету;
10) «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру;
11) - 13) ҚР Үкіметінің 2021.26.02. № 98 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалап отыру тетігін іске асыруды үйлестіру.
ҚР Үкіметінің 2018.17.07. № 437 Қаулысымен 16-тармаққа енгізілетін өзгерістерді қараңыз
ҚР Үкіметінің 2018.29.12. № 931 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.03. № 131 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.18.04. № 208 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.06. № 422 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 877 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.03.04. № 166 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.16.04. № 216 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.23.06. № 382 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.03.11. № 733 Қаулысымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 935 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.26.02. № 98 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.22.06. № 427 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді
16. Функциялары:
орталық аппараттың функциялары:
1) бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік, ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау, аудиторлық қызмет, бағалау қызметі, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік-жекеше әріптестік, мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде іске асыру, оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеу, сондай-ақ қаржы активтерін, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлікті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында жинақтау жөніндегі саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқығын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті және стратегиялық объектілерді жекешелендіру мен мемлекеттік мониторинг жүргізу саласындағы басшылық;
3) бюджет заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру кезінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын есепке ала отырып, Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттерге, Ұлттық қорға түсетін түсімдерді болжамдауға қатысу;
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық;
6) мемлекеттiк сатып алу, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бухгалтерлiк және бюджеттiк есепке алу, аудиторлық қызмет, iшкi мемлекеттiк аудит пен қаржылық бақылау, қаржылық және бюджеттiк есептiлiк саласында салааралық үйлестiру және әдiснамалық басшылық ету;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыреті шегінде құқықтық актілер әзірлеу және қабылдау;
8) республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің республикалық бюджетті атқару жөніндегі қызметін үйлестіру;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті жасау;
10) бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы ақпаратты даярлау;
11) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитін жүргізуді ұйымдастыру;
12) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы өтінішхаттарға қорытындылар дайындау;
13) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiмен бiрлесiп, мемлекеттiк аудит пен қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзiрлеу және бекіту;
14) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiмен келісу бойынша ішкі мемлекеттiк аудит пен қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзiрлеу және бекіту;
15) бағалау стандарттары мен бағалау қызметі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзiрлеу және бекіту;
16) бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзiрлеу және бекіту;
17) бағалау туралы есептің сараптамасын жүргізу тәртібін, сараптамалық қорытындыға қойылатын талаптар мен оны бекіту тәртібін әзiрлеу және бекіту;
18) республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджеттiк кредиттердi беру, қызмет көрсету, олардың мониторингі мен қайтарылуын қамтамасыз ету;
19) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекiтiлетiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алу көлемдерiн, нысандары мен шарттарын, үкiметтiк борышты өтеу және оған қызмет көрсету көлемiн айқындау;
20) мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді - Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ай сайын ұсыну және жасау;
21) ҚР Үкіметінің 2018.29.12. № 931 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22) мемлекеттік қаржы статистикасын жүргізу;
23) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) өткiзуден түсетін ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарларының орындалуы, филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушiлiк қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі түсетін ақша түсімдері мен жұмсалуы туралы есептер жасау;
24) мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептер жасау;
25) мемлекет кепiлгерлiгi шартын жазбаша нысанда жасасу арқылы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша мемлекет кепiлгерлiктерiн беру;
26) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік кепілдіктер, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру;
27) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің шарттарын жасасу;
28) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізу;
29) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттің қаржылық міндеттемелерінің қабылдануын және орындалуын есепке алуды жүзеге асыру;
30) мемлекеттiк емес қарыздардың мемлекеттiк кепiлдiктерi жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету;
31) Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалар үшін арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді, несие капиталдың сыртқы нарығында мемлекеттік бағалы қағаздарды, сондай-ақ мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару;
32) бюджеттiк мониторингтi жүзеге асыру;
33) мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша мемлекеттік міндеттемелерін орындауына байланысты туындаған мемлекет талаптарының мониторингі;
34) экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемелер, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш мониторингі және оларды басқару;
34-1) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды келісу;
34-2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
34-3) капиталдың сыртқы нарығында мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
35) экономика саласында теріс үрдістерді болдырмау және оның алдын алу бойынша ұсыныстарды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну;
36) қаржылық есептiлiктi депозитарийге беру тәртiбiн әзірлеу;
37) есепке алу саясатын әзірлеу және бекіту;
38) мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын әзірлеу және бекіту;
39) мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
40) республикалық бюджеттің, облыс бюджетінің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте түсімдерді көрсету тәртiбін әзірлеу және бекіту;
41) қызмет ерекшелігін ескере отырып, өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есепке алу бойынша жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу;
42) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
42) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
43) мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
44) мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын әзірлеу және бекіту;
45) қаржылық есептілікті жасау және ұсыну нысаны мен тәртібін әзірлеу және бекіту;
46) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау тәртібін әзірлеу және бекіту;
47) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін республикалық меншікке жататын, орта мерзімді кезеңге арналған концессияға беру ұсынылатын объектілер тізбесін келісу;
48) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты конкурстық құжаттаманы және концессия шартының жобасын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде келісу;
49) мемлекеттiк меншiктегi концессия объектiлерiн концессионерге иеленуге және пайдалануға беру тәртiбiн айқындау;
50) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыреті шеңберінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
51) қажет болған жағдайда орталық атқарушы органдармен және меншiгiнде не басқаруында мониторинг объектiлерi бар тұлғалармен бiрлесiп, кәсiпорындардың экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған шараларды әзiрлеу;
52) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындау;
53) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды жеткізушілердің деректер базасына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептiлiктi жинау, жинақтау және талдау қағидаларын бекіту;
54) мемлекеттік сатып алудың веб-порталы жұмысының техникалық істен шығуы туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысының қағидаларын бекіту;
55) мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын бекіту;
56) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлеу;
57) ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
58) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын әзірлеу;
59) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың үлгілік шарттарын бекіту;
60) мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту;
61) мемлекеттік сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге арналған күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
62) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін айқындау;
63) мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай операторды айқындау;
64) мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларын бекіту;
65) мемлекеттік сатып алу біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
66) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу тәртібін бекіту;
67) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысанын әзiрлеу және бекіту;
68) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi әзiрлейтін және бекiтетін бұзушылықтар сыныптауышын келісу;
69) мемлекет кепiлдiк берген қарыздарға қызмет көрсету және қайтару, сондай-ақ берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi уақтылы орындау мәселелерi бойынша мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша сенiм бiлдiрiлген адамдармен (агенттермен) өзара iс-қимыл жасау;
70) өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстары республикалық бюджет туралы заңда көзделген мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша қарыз алушыларды есепке алуды жүргізу;
71) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын мемлекеттік аудиторлар лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;