72) тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын үлгілік тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлеу және бекіту;
73) ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
74) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысанын бекіту;
75) электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларын әзірлеу және бекіту;
76) ҚР Үкіметінің 2020.23.06. № 382 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
77) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне республикалық бюджет жобасын бағалау жөніндегі қорытындыда көрсетілген ұсынымдарды орындау бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты ұсыну;
78) салық және бюджеттік саясаттың, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
79) салық және бюджет саясатын, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
80) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен бiрлесiп, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыштың, мемлекеттiң кепiлгерлiктерi бойынша борыштың ахуалын және алдағы жоспарлы кезеңге арналған болжамын жыл сайын бағалауды дайындау;
81) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеу мен бекіту және оны әдіснамалық сүйемелдеу;
82) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
83) гендерлiк саясатты iске асыруға қатысу;
84) республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін әзірлеу;
85) мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін әзірлеу және бекіту;
86) бюджеттік есептiлiктi жасау және ұсыну тәртiбiн айқындау;
87) республикалық немесе жергілікті бюджеттердің есебiнен ұсталатын, сатудан түсетiн ақша өздерiнiң иелiгiнде қалатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, көрсетiлетiн қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптауышын әзірлеу және бекiту;
88) шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыстар түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн әзірлеу және бекiту;
89) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi жасау және оны бекіту бойынша құқықтық актінің жобасын әзірлеу;
90) бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк, аудиторлық және бағалау қызметтері мәселелері бойынша өзге де мемлекеттік органдармен және кәсіби ұйымдармен өзара іс-қимыл;
91) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерді) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілерді және бақылау және қадағалау субъектілердің (объектілердің) біртекті топтары үшін тексеру парақтарын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту;
92) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалардың тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру, оңалтуды және банкроттық басқарушыларды тағайындау және шеттету тәртібін бекіту;
92-1) әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін айқындау;
93) біліктілік емтиханын өткізу тәртібін белгілеу;
94) бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту;
95) бағалау қызметі саласындағы реттеушілік әсерге талдау жүргізу;
96) бағалау қызметі саласындағы оқытудың, кәсіптік қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасын және сағаттар көлемін бекіту;
97) бағалаушылар палаталарының қағидалары мен стандарттарын келісу;
98) бағалаушылардың іскерлік және кәсіби әдебінің үлгілік кодексін және өз мүшелерінің «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптарды бекіту;
99) әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру тәртібін айқындау;
99-1) коэффициенттерді есептеу тәртібін айқындау және қаржылық орнықтылық сыныптарының шекараларын айқындау;
100) ҚР Үкіметінің 2020.16.04. № 216 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
101) уақытша әкімшінің, уақытша басқарушының және оңалтуды басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы, сондай-ақ банкроттықты басқарушының оңалту жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуын ескере отырып, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысының үлгілік нысандарын бекіту;
101-1) оңалту жоспарының үлгілік нысанын бекіту;
102) оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысандарын бекіту;
103) банкроттың мүлкiн сату бойынша электрондық аукционды өткiзу тәртібін және ұйымдастырушыны айқындау;
104) уақытша әкімшінің немесе уақытша басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі шегін белгілеу;
104-1) банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі және ең жоғарғы шегін бегілеу;
105) әкімшінің ағымдағы және сұрау салынған оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты беру нысанын, қағидалары немесе мерзімдерін бекіту;
106) уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу тәртібін, сондай-ақ өзге де әкімшілік шығыстарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау;
106-1) егер өтініш беруші салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға болып табылса, уақытша басқарушыны таңдау тәртібін айқындау;
106-2) бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның және бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған, жою мүмкін емес бұзушылықтар туралы хабарламаның нысандарын бекіту;
106-3) кредиторлар талаптарының тізілімін, нысанын, қағидаларын және мерзімін бекіту;
106-4) кредиторлар талаптарының қалыптастырылған тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін айқындау;
106-5) борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшылары (қатысушылары) мен лауазымды адамдарының орналасқан жерін анықтаудың мүмкін болмауын растайтын құжаттарды жасау қағидалары мен нысанын бекіту;
107) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын (стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын) келісу;
108) бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылық және салааралық үйлестіру;
109) бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
110) тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар жобаларын әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсыну;
111) бюджеттік қаржыландыру көлемімен қамтамасыз етілу бөлігінде мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын келісуді жүзеге асыру;
112) бюджеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
113) өзін-өзі реттеу заңнамасына сәйкес реттеушілік әсерге талдауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
114) тиісті аядағы (саладағы) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу;
115) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келісу;
116) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын, оның жасалу тәртібін, бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын әзірлеу және бекіту;
117) бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
118) Республикалық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
119) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді қарауы және олар бойынша қорытындылар дайындау;
120) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері беретін бюджеттік бағдарламалар жобаларының көрсеткіштерін стратегиялық жоспардың мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан қарау;
121) ҚР Үкіметінің 2020.23.06. № 382 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
122) Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыларының жобаларын әзірлеу;
123) төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу;
124) республикалық бюджетті нақтылау (түзету) және секвестрлеу бойынша ұсыныстар енгізу;
125) бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бюджет түсімдерін бөлу кестесін әзірлеу және бекіту;
126) нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу және Министрліктің құзыреті шегінде олар бойынша қорытынды ұсыну;
127) бюджеттік инвестициялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелердің, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасының, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеудің қажетті сараптамаларын жүргізуге қорытындылар қалыптастыру;
128) Республикалық бюджет комиссиясының қарауына бюджеттен концессиялық жобаны қоса қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізу;
129) қоса қаржыландыру шарттарында концессиялық жобаларды бюджет жобасына іріктеу;
130) Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
131) құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
132) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеу және бекіту;
133) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
134) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін бекіту;
135) уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекіту;
136) нысаналы аударуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру тәртібін бекіту;
137) жалпы сипаттағы трансферттерді аудару тәртібі мен кезеңділігін бекіту;
138) нысаналы трансферттерді аударудың, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау мен ұсыну тәртібін, сондай-ақ бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есептің нысанын бекіту;
139) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді тіркеу және мониторингілеу тәртібін бекіту;
140) бюджеттен субсидиялар төлеу тәртібін келісу;
141) нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру тәртібін бекіту;
142) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің стратегиялық жоспарын бекіту;
143) кәсіби аудиторлық ұйымдарды, кәсiби бухгалтерлер ұйымдарын, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту;
144) бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін бекіту;
145) бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
146) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
147) концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша концеденттен алатын, тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде концессионер топтарының құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидаларын бекіту;
148) есептілікті, оның ішінде сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы, сондай-ақ жасалған кедендік операциялар туралы есептілік мемлекеттік кірістер органының талабы бойынша ғана ұсынылатын жағдайларда ұсыну, тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу қағидалары мен мерзімдерін, есептілікті ұсыну тәсілін, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін бекіту;
149) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған еркін қоймаға қою үшін еркін қойма кедендік рәсімімен міндетті түрде орналастыруға жататын Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының жекелеген санаттарының тізбесін бекіту;
150) Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойма кедендік рәсімі қолданылмайтын шетелдік тауарлардың тізбесін және (немесе) шетелдік тауарлардың санаттарын бекіту;
151) мемлекеттік кірістер органының еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін қойманың аумағынан еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту;
152) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарды дайындау (алу) тауарларды дайындауға (алуға) қатысатын немесе септігін тигізетін өндірістік процестерді қамтамасыз ету, еркін қойма аумағында пайдаланылатын, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілерін салу мақсатында жабдықтарды, машиналар мен агрегаттарды күтіп ұстау мен пайдалану процесінде қайтарымсыз жоғалған тауарлар толық немесе ішінара жұмсалған (тұтынылған) (өндірістік шығындар) жағдайда еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау қағидаларын бекіту;
153) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және пайдалануға енгізілген және еркін қойма иелері қолданатын жабдықтар болып табылатын тауарларға немесе еркін қойма аумағында жылжымайтын объектілерді құру үшін еркін қойма иелері қолданған және осындай жылжымайтын объектілердің құрамдас бөлігі болып табылатын тауарларға қатысты, еркін қойма жұмыс істеуін тоқтатқан кезде кедендік рәсіммен осындай тауарларды орналастырмай, еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау қағидаларын бекіту;
154) еркін қойманың иесінен басқа өзге де тұлғалардың тауарларды сақтау, тауарларды тиеу (түсіру) жөніндегі операциялар және сақтауға байланысты өзге де жүк операциялары, тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар, сондай-ақ партияларды бөлшектеуді, жөнелтілімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды қоса алғанда, тауарларды тасымалдауға (тасуға) және сатуға дайындау жөніндегі әдеттегі операциялар, тауарлық сапаларын жақсарту жөніндегі операцияларды жасау, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды, сондай-ақ еркін қойманы пайдалануға және оның жұмыс істеуіне байланысты өзге де операцияларды жасау мақсатында жабдықтарды, машиналарды және агрегаттарды, олардың қосалқы бөлшектерін қолдану (пайдалану) қағидалары мен шарттарын бекіту;
155) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүзеге асыру;
156) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды апаттар немесе еңсерілмейтін күш әсерінен жою және (немесе) қайтарымсыз жоғалу немесе тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу, сондай-ақ осындай жағдайда еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау фактісін мемлекеттік кірістер органдарының тану қағидаларын бекіту;
157) еркін қойманың иесі таратылған кезде еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау қағидаларын бекіту;
158) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағының периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, осындай аумақты жайластыруға қойылатын талаптарды бекіту;
159) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру және еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан тауарларды әкетуге және порттық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа немесе логистикалық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа тауарларды әкелуге рұқсаттарды беру қағидаларын бекіту;
160) мемлекеттік кірістер органдарының еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағының аумағына әкелінетін тауарларға сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
161) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына осындай тауарлар туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту;
162) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды әкетуге мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру қағидаларын бекіту;
163) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың өзге қатысушысына беруіне жол берілген жағдайларды бекіту;
164) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың өзге қатысушысына берудің қағидалары мен шарттарын бекіту;
165) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
166) еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын, тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай аяқтау қағидаларын бекіту;
167) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа қатысушы болып табылатын тұлға таратылған (қызметі тоқтатылған) кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау қағидаларын бекіту;
168) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен реттелмейтін кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын, сондай-ақ аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу қағидаларын бекіту;
169) төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидаларын бекіту;
170) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын бекіту;
171) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу қағидаларын бекіту;
172) уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру тәртібін, уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін төмендету тәртібін қолдану қағидаларын бекіту;
173) есепке алынуы мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтердің жасалу қағидаларын бекіту;
174) Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасын, сондай-ақ оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
175) кідіртілген тауарларды өткізу, пайдалану және жою, оларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, кідіртілген тауарларды өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден алынған сомаларды қайтару қағидаларын бекіту;
176) Қазақстан Республикасының аумағына кедендік сүйемелдеуді ұйымдастыру тәртібін бекіту;
177) мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарлардың кедендік тазартуын жасау тәртібін бекіту;
178) уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру (оның ішінде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша), олардың жұмыс істеуін тоқтату қағидаларын, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ уақытша кедендік бақылау аймағының құқықтық режимін бекіту;
179) еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды бекіту;
180) бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды, олардың құрылу мен жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
181) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын бекіту;
182) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру қағидаларын бекіту;
183) шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысандарын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту;
184) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 172-бабының 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалау мерзімдерін айқындау;
185) акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту;
186) мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекіту;
187) акциздеу бекетінің қызметін ұйымдастыру тәртібін бекіту;
188) салықтық есептілік нысандары мен оларды жасау қағидаларын бекіту;
189) тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтінішті кері қайтару тәртібін бекіту;
190) ҚР Үкіметінің 2021.26.02. № 98 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
191) кеден және салық заңнамаларында көзделген өтініштердің нысандарын және өзге де құжаттарды бекіту;
192) зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмi нысанын және оны жүргiзу қағидаларын бекiту;
193) көлік саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының көліктік бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
194) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту;
195) кедендік операцияларды жасауға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға (сақтауға) арналған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағының бөліктері болып табылатын шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың кедендік бақылау аймақтарын айқындау қағидаларын бекіту;
196) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағын, мұндай аумақты қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, жайластыру ерекшеліктерін бекіту;