Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 868 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 3 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (келісім бойынша) кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2011.14.07. № 795 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәндері қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік қаржылық бақылау қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып белгіленсін.
4. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |