Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 және 2003 жылғы
30 желтоқсандағы № 1355 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қазандағы № 1044 Қаулысы
(2023.06.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2023.04.10. № 860 Қаулысымен күші жойылды (2023 ж. 6 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысында:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қоғам мыналарды ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті ұйым болып белгiленсiн:
1) ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату аппараттарын және олардың ұшуын жерден басқару кешенiн пайдалану;
2) электр магниттік үйлесімділікті есептеудi жүргiзудi қоса алғанда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электр магниттiк үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету.»;
3-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мыналар қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерi болып белгіленсiн» деген сөздер «Жүктелген өкiлеттiктердi iске асыру үшiн Қоғам мынадай қызметтi жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) халықаралық шарттар негізiнде байланыс мәселелерi бойынша халықаралық қызметтi жүзеге асыруға қатысу»;
8-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» деген сөздерден кейiн», Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы «Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазсат» акционерлік қоғамы мен Жеткiзушi арасындағы Келісім-шарт бойынша мiндеттемелер аяқталғаннан кейiн ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигін, бірге жүретiн ғарыштық аппараттарды жерден басқару кешенiн және байланыс мониторингi жүйесiн иелену және пайдалану құқығын Қоғамға берудi»;
10-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі,»деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі,»деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |