3. Бекітіп қоюға жататын лауазымдар мен мамандықтардың тізбесін Әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссия бекітеді.
4. Мемлекеттік органдарға, ұйымдарға бекітіп қойылған әскери міндеттілер өздеріне берілген кейінге қалдыру мерзімінің қолданыстағы уақытында жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіндегі және соғыс уақытындағы шақырудан босатылады.».
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында азаматтарды әскери қызметке шақыру
Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында азаматтарды әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентi iшiнара немесе жаппай жұмылдыруды жариялау туралы жарлығына сәйкес жүргiзiледi.
6 тарау. Қорытынды ережелер
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа Қазақстан Республикасы мемлекеттердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты жасалған шарттар шеңберiнде, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі өзара мүдделi шараларға әзiрлеп және iске асыра отырып, өзара тиiмдi әскери және экономикалық байланыстарды сақтай отырып қатысады.
21-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және өткізу режимi
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен жұмысты жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
22-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы заңдарын бұзған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының
Президентi | Н.Ә. Назарбаев |