1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге өз еркімен қоныс аударатындар;»;
33) 51-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ішкі көшіп-қонушылар:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуге;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлердің шегінен тыс жерге ерік қалауымен бес жыл ішінде өз бетінше ішкі көшіп-қонған жағдайларда, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген, өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын мерзімінен бұрын толық көлемде қайтаруға міндетті.»;
34) 52 және 53-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«52-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу
1. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін қоныс аударушылар отбасыларының шекті санын айқындайды.
3. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі жергілікті атқарушы органдарға берген өтініштің негізінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
53-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.»;
35) 60-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шығарып жіберу бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін заңсыз көшіп келушілер, заңсыз көшіп келушіні Қазақстан Республикасына шақырған не көшіп келушінің Қазақстан Республикасында заңсыз болу фактісі анықталған кезде оның еңбегін пайдаланған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді. Аталған тұлғалардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды жабуға қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, бұл ретте шығарып жіберуге жұмсалған қаражаттар мүдделі мемлекеттік органдардың жоғарыда аталған тұлғаларға талап арыздары бойынша сот тәртібімен өтелуге жатады.».
14-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
2-қосымшада:
331-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
331. | Шетелдік жұмыскерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беру | Шетелдік жұмыскерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама | |
»;
332-жол алып тасталсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін, 1-баптың 7-тармағы 1) тармақшасының он бірінші абзацын, 14) тармақшасының үшінші абзацын, 13-тармағы 1) тармақшасының он бесінші және он алтыншы абзацтарын, 11) тармақшасының үшінші абзацын, 13) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма алтыншы абзацтарын;
2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, 1-баптың 1, 2-тармақтарын, 7-тармағы 1) тармақшасының сегізінші және он екінші абзацтарын, 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 7) тармақшасының екінші абзацын, 10) тармақшасының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 11) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші және отыз үшінші абзацтарын, 13-тармағы 1) тармақшасының он үшінші және он тоғызыншы абзацтарын, 7) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтарын, 9) тармақшасының он жетінші абзацын, 19), 22), 23), 24), 25), 26) және 27) тармақшаларын және 14-тармағын;
3) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2016 жылғы 1 наурызға дейін:
1) осы Заңның 1-бабы 7-тармағы 14) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Жұмыс іздеп жүрген адамдар тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, халыққа қызмет көрсету орталығына не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтiнiш береді.»;
2) осы Заңның 1-бабы 13-тармағы 11) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін жергілікті атқарушы органдарға немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы бере алады.»;
3) осы Заңның 1-бабы 13-тармағы 13) тармақшасының жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін жергілікті атқарушы органға халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы бере алады.»;
4) осы Заңның 1-бабы 13-тармағы 13) тармақшасының жиырма алтыншы абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін тиісті құжаттарымен қоса жергілікті атқарушы органға халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы бере алады.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 24-і.
№ 421-V