9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік немесе әскери қызметінен, арнаулы мемлекеттік органдарынан, құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған, сондай-ақ теріс себептер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан адам қабылданбайды.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің күші:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмеуі туралы шешімінің негізінде судья өкілеттігін тоқтатқан;
қатарынан үш және одан көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауына байланысты қызметтен шығарылған адамға қолданылмайды, ол осындай қызметтен шығарылғаннан кейін екі жыл өткен соң резервтегі әскери қызметке кіруге құқылы.
13-тармағы 19) тармақшасының отыз үшінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Адам «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оның шығыстарының өз кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты жұмыстан шығарылғаннан немесе атқарып жүрген лауазымынан босатылғаннан, сол сияқты өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін екі жыл ішінде резервтегі әскери қызметке қабылданбайды.
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына резервтегі әскери қызметке «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып кіреді;
10) арнаулы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) немесе жұбайы және оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;
11) резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған;
12) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында және құқық қорғау органдарында қызмет өткеріп жүрген;
13) вахталық әдіспен не ауысымдық жұмыста жұмыс істеп жүрген адам;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де адамдар қабылданбайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайлардың кез келгенінің болуы резервтегі әскери қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
3. Резервтегі әскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізіледі.
Резервтегі әскери қызметке кіретін адамдарға қатысты резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген мемлекеттік органның басшысы айқындаған тәртіппен психофизиологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.
4. Денсаулық жағдайы бойынша резервтегі әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландыру жүргізіледі.
5. Сондай-ақ мыналар:
1) осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;
2) кандидаттың әскери-есептік мамандығы бойынша бос лауазымдардың болмауы;
3) психофизиологиялық зерттеулердің теріс нәтижелері;
4) осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2), 5) және 9) тармақшаларында көрсетілген босату резервтегі әскери қызметке кіретін адамға бас тарту үшін негіздер болып табылады.
6. Осы Заңның 8-бабының 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптары резервтегі әскери адамға қолданылмайды.
40-3-бап. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттың мерзімі және оны жасасу тәртібі
1. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт үш жылға жасалады.
2. Кандидаттарды іріктеу және олардың резервтегі әскери қызметке кіру тәртібі Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.
40-4-бап. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту
1. Резервтегі әскери адамдар резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өтеді.
Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар айына күнтізбелік үш күнге дейінгі, бірақ жылына күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде өткізіледі.
Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды өткізіп алған кезде резервтегі әскери адам көрсетілген сабақтарға әскери бөлімнің (мекеменің) командирімен (бастығымен) келісу бойынша басқа бос уақытта баруға міндетті.
Ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын жауынгерлік даярлық бойынша жиындар осы жиындардың соңғы күндерінде екі демалыс күні беріле отырып, жылына бір рет өткізіледі.
2. Резервтегі әскери адамдар дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындар жарияланған жағдайда, резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған мерзімдерде және тәртіппен әскери бөлімге (мекемеге) келуге міндетті.
3. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адамның жұмыс орны (лауазымы) сақталады.»;
20) 43-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі «мемлекет есебінен» деген сөздер «бюджет қаражаты есебінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 44-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік «міндеттілерді» деген сөзден кейін «және резервтегі әскери адамдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөлік «Келісімшарт бойынша» деген сөздерден кейін «әскери қызмет өткеретін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Резервтегі әскери адамдар жауынгерлік даярлық бойынша жиындардан немесе дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту кезеңін қоспағанда, ай сайын бюджет қаражаты есебінен ең төмен жалақы мөлшерінде ақшалай төлем алады.
Резервтегі әскери адамдарға жауынгерлік даярлық бойынша жиындарды немесе дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарды өткізу кезеңінде бюджет қаражаты есебінен:
жұмыс істейтін адамдарға - жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақы;
жұмыссыз адамдарға - ең төмен жалақы төленеді.
Резервтегі әскери адамдарға өзге төлемдер, үстемеақылар, қосымша ақылар көзделмейді.»;
4-тармақ «бойынша» деген сөзден кейін «әскери қызмет өткеретін» деген сөздермен толықтырылсын;
5-1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Резервтегі әскери адамдар жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан не дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындардан өту кезеңінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін көзделген бюджет қаражаты есебінен медициналық қамтамасыз етуді толық көлемде алады.»;
6-тармақтағы «мемлекет есебінен» деген сөздер «бюджет қаражаты есебінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
төртінші бөлік «келісімшарт бойынша» деген сөздерден кейін «әскери қызмет өткеретін» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөліктегі «мемлекет есебінен» деген сөздер «бюджет қаражаты есебінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөлікте:
«мемлекет есебінен» деген сөздер «бюджет қаражаты есебінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Әскери бөлімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.»;
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Резервтегі әскери адамдар:
1) жауынгерлік даярлық бойынша жиындардан немесе дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту кезінде тамақтандырумен;
2) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда болған кезеңде түскі аспен қамтамасыз етіледі.»;
8-тармақта:
мәтіндегі «мемлекет есебінен» деген сөздер «бюджет қаражаты есебінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің 2) тармақшасы «бөлімнің» деген сөзден кейін «(мекеменің)» деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді» деген сөздер «, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «және әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерді» деген сөздер «, әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерді және резервтегі әскери адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 45-баптың 1-тармағындағы «мемлекет есебінен» деген сөздер «бюджет қаражаты есебінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 46-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы «бойынша» деген сөзден кейін «әскери қызмет өткеретін» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік «бойынша» деген сөзден кейін «әскери қызмет өткеретін» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөлік «бойынша» деген сөзден кейін «әскери қызмет өткеретін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Резервтегі әскери адамдарға жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыс орны бойынша беріледі.
Жыл сайынғы еңбек демалысы жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар немесе жиындар өткізу кезеңімен сәйкес келмеуге тиіс.»;
2-тармақтың төртінші бөлігі «бойынша» деген сөзден кейін «әскери қызмет өткеретін» деген сөздермен толықтырылсын;
24) 47-баптың тақырыбы «бойынша» деген сөзден кейін «әскери қызмет өткеретін» деген сөздермен толықтырылсын;
25) 48-баптың үшінші бөлігіндегі «мемлекет есебінен» деген сөздер «бюджет қаражаты есебінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 50-бапта:
1-тармақтағы «мемлекет есебінен» деген сөздер «бюджет қаражаты есебінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші және екінші бөліктердегі «мемлекет есебінен» деген сөздер «бюджет қаражаты есебінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік «күші» деген сөзден кейін «, резервтегі әскери адамдарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
27) 51-бапта:
1-тармақ «қызметші» деген сөзден кейін «, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адам» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі «кадеттің» деген сөзден кейін «, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адамның» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың үшінші бөлігінің бірінші абзацы «кадеттерге,» деген сөзден кейін «жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адамдарға және» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ 5) тармақшасындағы «нәтижесінде туындағаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.» деген сөздер «нәтижесінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт талабын бұзған резервтегі әскери адамның әрекеттері нәтижесінде туындағаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.»;
5-тармақтың бірінші бөлігінде:
«, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді» деген сөздер алып тасталсын;
«, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер» деген сөздер алып тасталсын;
28) 52-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі «бойынша» деген сөзден кейін «әскери қызмет өткеретін» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацта:
«бойынша әскери қызметшілердің» деген сөздерден кейін «, резервтегі әскери адамдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
екінші және үшінші абзацтардағы «бөлімнің», «бөлім» деген сөздер тиісінше «бөлімнің (мекеменің)», «бөлім (мекеме)» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «мемлекет есебінен» деген сөздер «бюджет қаражаты есебінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «мектеп-интернаттарына» деген сөздер «колледждерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі «әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті» деген сөздерден кейін «, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда және дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда жүрген резервтегі әскери адам» деген сөздермен толықтырылсын;
29) 53-1-баптың 2-тармағында:
1) тармақша «міндеттілерді» деген сөзден кейін «, резервтегі әскери адамдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «міндеттілер» деген сөзден кейін «, резервтегі әскери адамдар» деген сөздермен толықтырылсын.
14. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
68-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «(шақыру бойынша келген әскери қызметшілер, келісімшарт бойынша келген әскери қызметшілер)» деген сөздер алып тасталсын.
15. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 13) тармақшасындағы «мерзімді қызметтегі, келісімшарт бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
2) 8-баптың 2-тармағында:
3) тармақшадағы «мерзімді қызметтегі, келісімшарт бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
17) тармақшадағы «келісімшарт бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
3) 9-баптың 6) тармақшасындағы «келісімшарт бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
4) 19-баптың 3-тармағы «бойынша» деген сөзден кейін «әскери» деген сөзбен толықтырылсын.
16. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер;»;
2) 28-баптың 7-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер;».
17. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
13-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы «қызметті» деген сөзден кейін «, резервтегі әскери қызмет өткеруді» деген сөздермен толықтырылсын.
18. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «қызметті» деген сөзден кейін «, резервтегі әскери қызмет өткеруді» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 40-бап «, ал резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт жасалған жағдайда жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады» деген сөздермен толықтырылсын.
19. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 5-тармағы 5) тармақшасының он бірінші абзацындағы «құқық қорғау қызметіне» деген сөздер «келісімшарт бойынша әскери қызметке» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң:
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1 және 12-тармақтарын;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 13-тармағы 19) тармақшасының отыз үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 18 наурыз
№ 175-VІІІ ҚРЗ